«Бекітемін» Тжкббф деканы Отыншиев М. А



жүктеу 0.84 Mb.
бет2/5
Дата19.09.2017
өлшемі0.84 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5

Тақырып 1.4.

Жүрек қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер. Мидың қан айналымы бұзылған кезде қолданылатын дәрілер.

Мидың қан айналымы бұзылған кезде қолданылатын дәрілер- ми тіндеріндегі қан ағымын және метаболизмдік процесстерді арттыратын дәрілер. Мидың қан тамырларына әсер ететін кальций каналының блокаторлары. Ми ағымына барвинок алкалоидының және ксантин туындылары, альфа- адреноблокаторлар және никотин қышқылының препараттары. Мидың қан айналымы бұзылған кезде ноотроптарды қолдану, олардың мидағы метаболизм процесстеріне тигізетін әсері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы. Жағымсыз әсерлері. Құрама препараттар.


Тақырып 1.5.

Жүрек қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер. Атеросклерозға қарсы дәрілер.

Атеросклерозға қарсы дәрілер. Жіктелуі. Холестерин және триглицеридтердің биосинтезі мен тасымалдауын тежейтін, холестериннің метаболизмі мен бөлінуін күшейтетін гиполипидемиялық дәрілер. Гиперлипопротеинемия кезіндегі салыстырмалы белсенділігі. Эндотелиотропты дәрілер. Антиагреганттар және антиоксиданттар әсерінің ерекшеліктері. Қолдану көрсеткіштері. Жағымсыз әсерлері.




Тарау ІІ.

Тақырып 1.

Зәр айдайтын дәрілер.

Зәр айдайтын дәрілер. Жіктелуі. Бүйрек түтікшелері эпителийнің қызметіне әсер ететін зәр айдайтын дәрілердің әсер ету механизмі. Жылдамдығы, ұзақтығы және әсер ету белсенділігі бойынша препараттарды салыстырмалы түрде бағалау. Альдостерон антагонистері, иондық балансқа тигізетін әсері. Карбоангидраза ингибиторлары. Диуретиктердің қолданылуы. Жағымсыз әсерлері.


Тарау ІІІ.

Тақырып 1.

Миометрияның тонусы мен жиырылу белсенділігіне әсер ететін дәрілер.

Миометрияның тонусы мен жиырылу белсенділігіне әсер ететін дәрілер. Жіктелуі. Босану қызметін күшейту үшін қолданылатын дәрі- дәрмектер. Окситоцинның миометрияға тигізетін әсері. Простагландиндердің фармакологиясы. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы.


Тарау ІV.

Тақырып 1.

Қанның түзілуіне әсер ететін дәрілер.

Гемопоэзге әсер ететін дәрілер. Эритропоэзге әсер ететін дәрілер. Гипохромды анемияда қолданылатын препараттар. Темірдің ағзаға сіңірілуіне әсер ететін препараттар. Темір мен кобальттың салыстырмалы сипаттамасы. Қолдану ерекшеліктері, жанама әсерлері. Гиперхромды анемияда қолданылатын препараттар. Цианокобаламин мен фолий қышқылының фармакодинамикасы. Қолданылуы. Эритропоэзды басатын дәрілік заттар. Әсер ету механизмі және қолданылуы. Лейкопоэзге әсер етуі. Лейкопоэзді қуаттандыратын дәрілер. Қолданылуы.


Тақырып 1.1.

Қанның реологиялық қасиеттеріне әсер ететін дәрілер.

Гемопоэзге әсер ететін дәрілер. Эритропоэзге әсер ететін дәрілер. Гипохромды анемияда қолданылатын препараттар. Темірдің ағзаға сіңірілуіне әсер ететін препараттар. Темір мен кобальттың салыстырмалы сипаттамасы. Қолдану ерекшеліктері, жанама әсерлері. Гиперхромды анемияда қолданылатын препараттар. Цианокобаламин мен фолий қышқылының фармакодинамикасы. Қолданылуы. Эритропоэзды басатын дәрілік заттар. Әсер ету механизмі және қолданылуы. Лейкопоэзге әсер етуі. Лейкопоэзді қуаттандыратын дәрілер. Қолданылуы.


Тарау V.

Тақырып 1.

Гормондық препараттар (стероидты гормондарының рецепторларына әсер ететін дәрілер)

Гормональды дәрілер. Минералкортикостероидтардың әсер ету ерекшеліктері және қолданудағы негізгі көрсеткіштері. Минералкортикостероидтардың антагонситері. Глюкостероидтар, көмірсулардың, ақуыздың, майлардың, тұздардың сулардың алмасуына әсер етуі. Негізгі фармакологиялық әсері. Глюкокортикостероидтардың қабынуға қарсы, гипосенсибилизарлық, иммунодепрессивті, аллергияға қарсы, шокқа қарсы және антитоксикалық әсері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Синтетикалық глюкокортикоидтарды ингаляциялық және жергілікті қолдану. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсері.


Тақырып 1.1.

Гормондық препараттар (белок- пептидтік гормондарының рецепторларына әсер ететін дәрілер)

Гипофиз гормондарының препараттары. Гипофиздің алдыңғы бөлігі гормондарының ішкі секреция бездерінің қызметіне тигізетін әсерлері. Гонадотропты және лактогенді гормондардың препараттары. Қолдану көрсеткіштері. Гипофиздің алдыңғы бөлігі гормондарының антагонистері. Бромокриптин, оның пролактин және соматотропин өнімдеріне тигізетін әсері.

Интермедии, оның көздің торқабығының сезімтал жасушаларына тигізетін әсері. Қолданылуы. Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары. Окситоцинның миометрия тонусына тигізетін әсері. Вазопрессиннің антидуретикалық қасиеттері, ішек пен қан тамырларының тонусына әсері. Питуитрин мен адиурекриннің әсер ету ерекшеліктері.
Тақырып 1.2.

Гормондық препараттар. Эстрогенді және андрогенді препараттар.

Әйел жыныс гормондарының препараттары. Эстрогенді және гестагенді препараттар. Эстрогендер мен гестагендердің маңызы. Энтеральды және парентеральды қолдануға арналған препараттар. Ұзақ әсері бар гестагендер. Эстрогендер мен гестагендердің терапиялық қолданылуы. Жағымсыз әсерлері. Ұрықтануға қарсы дәрі ретінде ішуге эстрогенді және гестагенді препараттарды қолдану. Антиэстрогенді және антигестагенді дәрілер. Қолданылуы.

Ер жыныс гормондарының препараттары.

Андрогенді препараттар. Андрогендің организмге тигізетін әсері. Энтеральды және парентеральды қолдануға арналған препараттар. Ұзақ әсер ететін препараттар. Қолдану көрсеткіштері. Жағымсыз әсерлері. Антиандрогенді дәрілер. Анаболикалық стероидтар. Нәруыздар алмасуына әсері. Қолдануға болатын және болмайтын жағдайлар. Жағымсыз әсерлері. Допингтік препараттар.



Тарау VІ.

Тақырып 1.

Ферменттік және антиферменттік препараттар.

Ферменттік және антиферменттік препараттар. Алу көздері. Қолданылуы бойынша жіктелуі. Орын басу терапиясының дәрілері. Ферменттер, резорбтивті және жергілікті әсердегі препараттар. Ферменттік терапияның асқынулары. Әсер ету принциптері. Қолдану көрсеткіштері.


Тарау VІІ.

Тақырып 1.

Витаминдік препараттар.

Витаминдердің ашылу тарихы және қолданылуы. Витаминдердің жіктелуі. Витаминдер мен коферменттер метаболикалық терапияның дәрілік құралдары. Витаминдердің ағзаға спецификалық және спецификалық емес әсері. Поливитаминдік препараттар. Антивитаминдер, жіктелуі, қолданылуы. Витаминнің жеткіліксіздігі, оның пайда болу себебі. Гипервитаминоз, витаминдік препараттармен улану. Суда еритін витаминдер мен коферменттер. Зат алмасу кезіндегі В витаминінің ролі. Әсер ету механизмі. Фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Аскорбин қышқылы, негізгі фармакологиялық әсері. Антиоксидантты әсер. Биофлавоноидтар, алудың қайнар көзі, негізгі фармакологиялық әсері. Суда еритін витаминдер мен коферменттердің қолданылуы. Болуы мүмкін жанама әсерлері.

Майда еритін витаминдер. Ретинол. Фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктері. Гипервитаминоздың даму мүмкіндігі. Кальций мен фосфордың алмасуына әсер ететін Д витаминінің препараттары. Токоферолдар, олардың биологиялық маңызы. Препараттың фармакодинамикасы. Антиоксиданттық қасиеті. К витаминінің препараттары. Фармакодинамикасы. Әсер ету ерекшеліктері. Майда еритін витаминдердің қолданылуы. Болуы мүмкін жанама әсерлері.
Тақырып 1.1.

Поливитаминдік препараттар

Поливитаминдік препараттар. Антивитаминдер, жіктелуі, қолданылуы. Витаминнің жеткіліксіздігі, оның пайда болу себебі. Гипервитаминоз, витаминдік препараттармен улану. Суда еритін витаминдер мен коферменттер. Зат алмасу кезіндегі В витаминінің ролі. Әсер ету механизмі. Фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Аскорбин қышқылы, негізгі фармакологиялық әсері. Антиоксидантты әсер. Биофлавоноидтар, алудың қайнар көзі, негізгі фармакологиялық әсері. Суда еритін витаминдер мен коферменттердің қолданылуы. Болуы мүмкін жанама әсерлері.

Майда еритін витаминдер. Ретинол. Фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктері. Гипервитаминоздың даму мүмкіндігі. Кальций мен фосфордың алмасуына әсер ететін Д витаминінің препараттары. Токоферолдар, олардың биологиялық маңызы. Препараттың фармакодинамикасы. Антиоксиданттық қасиеті. К витаминінің препараттары. Фармакодина

Тәжірибелік сабақ

Тарау І.

Тақырып 1.

Жүрек қан- тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер. Кардиотонустық дәрілер.

Жүрек гликозидтері (строфантин К, корглюкон, жанаргүл шөптерінің тұндырмасы, дигоксин, дигитоксин).

Жүрек гликозидтерінің ашылу тарихы. Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктер. Өсімдіктерден бөлінген дербес глюкозидтер, олардың фармакодинамикасы.

Жүрек гликозидтерінің фармакодинамикасы: жиырылу күшіне, ырғағына, өткізгіштігіне, миокардтағы заттар алмасуына, гемодинамикаға әсері. Кардиотонустық әсерінің механизмі. Жүрек функциясының жеткіліксіздігі кезінде қолданылатын жүрек гликозидтерінің терапиялық әсерлерінің мәні, салыстырмалы сипаттамасы. Жүрек гликозидтерін қолдану және тағайындау тәсілі. Жүрек гликозидтерінің қолдану қаупін арттыратын факторлар. Жүрек гликозидтерімен уланудың клиникалық белгілері, оларды емдеу және алдын- алу принциптері.


Тақырып 1.

Жүрек қан- тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер. Аритмияға қарсы дәрі- дәрмектер.

Аритмияға қарсы дәрі- дәрмектер (хинидин сульфат, новокаинамид, лидокаин, пропраноло, амиодарон, этмозин, верапамил). Тахиаритмияда және экстрасистолияда қолданылатын дәрілер. Жіктелуі. Мембраностабилизациялаушы дәрілердің А, В және С топшаларының негізгі қасиеттері. Бета- адреноблокаторлардың аритмияға қарсы әсерлерінің ерекшеліктері; кальций каналдары блокаторларының реполяризациясын баяулататын дәрілер: фенилалкиламиндер және бензодиазепиндер топтары. Қолдану көрсеткіштері. Тахиаритмия кезінде кезбе жүйкелерінің әсерін күшейтетін жүрек глюкозидтерін және дәрілерді қолдану. Калий препараттарын тағайындау көрсетімдері. Брадиаритмияда қолданылатын дәрілер. Аритмияға қарсы қолданылатын дәрілердің мүмкін болатын жағымсыз әсерлері.


Тақырып 1.1.

Жүрек қан- тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер. Жүректің ишемиялық ауруы кезінде қолданылатын дәрілер.

Жүректің ишемиялық ауруы кезінде қолданылатын дәрілер (нитроглицерин, нитронг, изосорбид мононитрат, пропранолол, дилтиазем, валидол, триметазидин).

Стенокардия кезінде оттегі жетіспеушілігін жою принциптері. Стенокардия ұстамасын басуға және алдын- алуға арналған дәрілер. Органикалық нитраттар, олардың әсер ету механизмдері. Нитроглицерин және изосорбид динитратының қысқа және ұзақ әсер ететін дәрілік түрлері. Енгізу жолы мен әдістеріне дәрілер әсерінің тәуелділігі. Жүрек функциясының жеткіліксіздігі кезінде қолданылатын нитраттарды перифериялық вазодилататорлар ретінде қолдану. Жағымсыз әсерлері.

Бета- адреноблокаторлардың антиангиналды әсерінің механизмі. Қолдану көрсеткіштері. Кальций каналдарының блокаторлары: фенилалкиламиндер, бензодиазепиндер, дигидропиридиндер, олардың стенокардия кезіндегі әсер ету механизмдері, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, жағымсыз әсерлері. Миокард инфарктын дәрі- дәрмектермен емдеудің негізгі принциптері. Наркотикалық анальгетиктердің, наркозға арналған дәрілердің, аритмияға қарсы дәрілердің, гемодинамиканы қалыпқа келтіретіндәрілердің, антикоагулянттардың , фибринолитиктердің қолданылуы. Миокард инфарктының алдын- алу үшін антиагреганттардың қолданылуы.


Тақырып 1.3.

Жүрек қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер. Мидың қан айналымы бұзылған кезде қолданылатын дәрілер. Атеросклерозға қарсы дәрілер.

Мидың қан айналымы бұзылған кезде қолданылатын дәрілер- ми тіндеріндегі қан ағымын және метаболизмдік процесстерді арттыратын дәрілер. Мидың қан тамырларына әсер ететін кальций каналының блокаторлары. Ми ағымына барвинок алкалоидының және ксантин туындылары, альфа- адреноблокаторлар және никотин қышқылының препараттары. Мидың қан айналымы бұзылған кезде ноотроптарды қолдану, олардың мидағы метаболизм процесстеріне тигізетін әсері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы. Жағымсыз әсерлері. Құрама препараттар.


Тарау ІІ.

Тақырып 1.

Зәр айдайтын дәрілер.

Зәр айдайтын дәрілер. Жіктелуі. Бүйрек түтікшелері эпителилік қызметіне әсер ететін несеп айдайтын дәрілердің әсер ету механизмі. Жылдамдығына, ұзақтығына, локализациясы мен белсенділігіне әсер ететін препараттардың салыстырмалы бағасы. Иондық балансқа әсер ететін альдостерон антагонистері. Карбоангидразаның ингибиторлары. Диуретиктерді қолдану. Жағымсыз әсерлері.


Тарау ІІІ.

Тақырып 1.

Миометрияның тонусы мен жиырылу белсенділігіне әсер ететін дәрілер.

Миометрияның тонусы мен жиырылу белсенділігіне әсер ететін дәрілер. Жіктелуі. Тууды қуаттандыратын дәрілер. Окситоциннің миометриге әсері. Простагландиндердің фармакологиясы. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы.


Тарау ІV.

Тақырып 1.

Қанның түзілуіне әсер ететін дәрілер.

Гемопоэзге әсер ететін дәрілер. Эритропоэзге әсер ететін дәрілер. Гипохромды анемияда қолданылатын препараттар. Темірдің ағзаға сіңірілуіне әсер ететін препараттар. Темір мен кобальттың салыстырмалы сипаттамасы. Қолдану ерекшеліктері, жанама әсерлері. Гиперхромды анемияда қолданылатын препараттар. Цианокобаламин мен фолий қышқылының фармакодинамикасы. Қолданылуы. Эритропоэзды басатын дәрілік заттар. Әсер ету механизмі және қолданылуы. Лейкопоэзге әсер етуі. Лейкопоэзді қуаттандыратын дәрілер. Қолданылуы.


Тақырып 1.1.

Қанның реологиялық қасиеттеріне әсер ететін дәрілер.

Гемопоэзге әсер ететін дәрілер. Эритропоэзге әсер ететін дәрілер. Гипохромды анемияда қолданылатын препараттар. Темірдің ағзаға сіңірілуіне әсер ететін препараттар. Темір мен кобальттың салыстырмалы сипаттамасы. Қолдану ерекшеліктері, жанама әсерлері. Гиперхромды анемияда қолданылатын препараттар. Цианокобаламин мен фолий қышқылының фармакодинамикасы. Қолданылуы. Эритропоэзды басатын дәрілік заттар. Әсер ету механизмі және қолданылуы. Лейкопоэзге әсер етуі. Лейкопоэзді қуаттандыратын дәрілер. Қолданылуы.


Тарау V.

Тақырып 1.

Гормондық препараттар (стероидты гормондарының рецепторларына әсер ететін дәрілер)

Стероидты гормондардың рецепторларына әсер ететін дәрілер. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабаты гормондарының препараттары. Жіктелуі. Минералкортикостероидтардың әсер ету ерекшеліктері және қолданудағы негізгі көрсеткіштері. Минералкортикостероидтардың антагонситері. Глюкостероидтар, көмірсулардың, ақуыздың, майлардың, тұздардың сулардың алмасуына әсер етуі. Негізгі фармакологиялық әсері. Глюкокортикостероидтардың қабынуға қарсы, гипосенсибилизарлық, иммунодепрессивті, аллергияға қарсы, шокқа қарсы және антитоксикалық әсері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Синтетикалық глюкокортикоидтарды ингаляциялық және жергілікті қолдану. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсері.


Тақырып 1.1.

Гормондық препараттар (белок- пептидтік гормондарының рецепторларына әсер ететін дәрілер)

Белок- пептидтік гормондарының рецепторларына әсер ететін дәрілер. Гипофиз гормондарының препараттары. Гипофиздің алдыңғы бөлігі гормондарының ішкі секреция бещдерінің қызметіне тигізетін әсерлері. Гонадотропты және лактогенді гормондардың препараттары. Қолдану көрсеткіштері. Гипофиздің алдыңғы бөлігі гормондарының антагонистері. Бромокриптин, оның пролактин және соматотропин өнімдеріне тигізетін әсері.

Интермедии, оның көздің торқабығының сезімтал жасушаларына тигізетін әсері. Қолданылуы. Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары. Окситоцинның миометрия тонусына тигізетін әсері. Вазопрессиннің антидиуретикалық қасиеттері, ішек пен қан тамырлардың тонусына әсері. Питуитрин мен адиурекриннің әсер ету ерекшеліктері.
Тақырып 1.2.

Гормондық препараттар. Эстрогенді және андрогенді препараттар.

Әйел жыныс гормондарының препараттары. Эстрогенді және гестагенді препараттар. Эстрогендер мен гестагендердің маңызы. Энтеральды және парентеральды қолдануға арналған препараттар. Ұзақ әсері бар гестагендер. Эстрогендер мен гестагендердің терапиялық қолданылуы. Жағымсыз әсерлері. Ұрықтануға қарсы дәрі ретінде ішуге эстроегнді және гестагенді препараттарды қолдану. Антиэстроегнді және антигестагенді дәрілер. Қолданылуы.

Ер жыныс гормондарының препараттары.

Андрогенді препараттар. Андрогенді препараттардың организмге тигізетін әсері. Энтеральды және парентеральды қолдануға арналған препараттар. Ұзақ әсер ететін препараттар. Қолдану көрсеткіштері. Жағымсыз әсерлері. Антиандрогенді дәрілер. Анаболикалық стероидтар. Нәруыздар алмасуына әсері. Қолдануға болатын және болмайтын жағдайлар. Жағымсыз әсерлері. Допингтік препараттар туралы түсінік.


Тарау VІ.

Ферменттік және антиферменттік препараттар.

Ферменттік және антиферменттік препараттар (пепсин, панкреатин, кристалдық трипсин, лидаза, рибунуклеиназа, контрикал, аминокапрон қышқылы).

Алу көздері. Қолданылуы бойынша жіктелуі. Орын басу терапиясының дәрілері. Ферменттер, резорбтивті және жергілікті әсердегі препараттар. Ферменттік терапияның асқынулары. Әсер ету принциптері. Қолдану көрсеткіштері.
Тарау VІІ.

Витаминдік препараттар.

Витаминдердің ашылу тарихы және қолданылуы. Витаминдердің жіктелуі. Витаминдер мен коферменттер метаболикалық терапияның дәрілік құралдары. Витаминдердің ағзаға спецификалық және спецификалық емес әсері. Поливитаминдік препараттар. Антивитаминдер, жіктелуі, қолданылуы. Витаминнің жеткіліксіздігі, оның пайда болу себебі. Гипервитаминоз, витаминдік препараттармен улану.

Суда еритін витаминдер мен коферменттер. Зат алмасу кезіндегі В витаминінің ролі. Әсер ету механизмі. Фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Аскорбин қышқылы, негізгі фармакологиялық әсері. Антиоксидантты әсер. Биофлавоноидтар, алудың қайнар көзі, негізгі фармакологиялық әсері. Суда еритін витаминдер мен коферменттердің қолданылуы. Болуы мүмкін жанама әсерлері.

Майда еритін витаминдер. Ретинол. Фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктері. Гипервитаминоздың даму мүмкіндігі. Кальций мен фосфордың алмасуына әсер ететін Д витаминінің препараттары. Токоферолдар, олардың биологиялық маңызы. Препараттың фармакодинамикасы. Антиоксиданттық қасиеті. К витаминінің препараттары. Фармакодинамикасы. Әсер ету ерекшеліктері. Майда еритін витаминдердің қолданылуы. Болуы мүмкін жанама әсерлері. Карнитиннің, орот, липой қышқылдарының фармакодинамикасы. Қолдану көрсеткіштері.


Тарау VІІІ.

Антигипоксанттар және антиоксиданттар.

Антигипоксанттар. Жіктелуі. Спецификалық әсердегі дәрілер. Энергия түзу процесстеріне және тіндердегі метаболиттік процесстерге әсер ететін препараттар: ГАМҚ, тиомочевина және бензимидазол туындылаы тобының витаминдік препараттары және басқалар. Тіндерге оттегі жеткізу бойынша қанның тасымалдану қызметін арттыратын дәрілер. Бейспецификалық әсері бар антигипоксанттар: ми қан айналымын жақсартатын дәрілер, бета- адреноблокаторлар және басқалар. Антигипоксанттарды қолдану көрсеткіштері. Антиоксиданттар. Липидтер асқын тотығының белсенділігімен байланысты болатын ауруларда, токоферол, аскорбин қышқылы, дибунол, құрамында фосфолипидтер бар препараттардың қолданылуы.


Тарау ІХ.

Организмдегі қышқыл- сілтілік және иондық тепе- теңдікті түзету үшін қолданылатын препараттар. Подаграға қарсы қолданылатын дәрілер.

Ацидозға қарсы қолданылатын дәрілер. Метаболиттік алкалозды жоюға арналған препараттар. Натрий тұздары. Натрий хлоридының изотониялық, гипертониялық және гипотониялық ерітінділері. Қолданылуы. Калий тұздары. Жүйке және бұлшықет жүйелерінің қызметтері үшін калий иондарының маңызы. Жүйке қозуын беруге қатысуы. Калий алмасуының реттелуі. Калий препараттарының қолданылуы. Кальций тұздары. ОЖЖ- не, жүрек- қантамыр жүйесіне, тіннің өткізгіштігіне тигізетін әсері. Кальций алмасуының реттелуі. Кальций препараттарының қолданылуы. Магний тұздары. Магний сульфатының резорбтивті әсері. Гипертензияға қарсы әсерінің механизмі. Наркоздық әсері. Терапиялық мақсатта қолданылуы.



6-семестр

Теориялық сабақ

Тарау І.

Тақырып 1.

Қабыну үрдістерін әлсірететін және иммундық үрдістерге әсер ететін дәрілер.

Қабынуға қарсы дәрілердің жіктелуі. Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер. Қабынуға қарсы дәрілердің әсер ету механизмі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Стероидты қабынуға қарсы дәрілер.

Қабынуға қарсы стероидты дәрілер. Препараттардың қабынуға қарсы әсерлерінің механизмі. Қолдану көрсеткіштері. Жағымсыз әсерлері.

Иммундық үрдістерге әсер ететін дәрілер. Иммунды стимуляторлар, иммунды модуляторлар және иммунды депрессантар. Иммуностимуляторлар. Жіктелуі. Препараттардың әсер ету механизмі және салыстырмалы сипаттамсы. Организмнің бейспецификалық төзімділігін арттыратын әртүрлі фармакологиялық топтағы препараттар. Иммунды стимуляторлардың қолданылуы. Жағымсыз әсерлері. Иммунды депрессанттар. Жіктелуі. Препараттардың әсер ету механизмі және салыстырмалы сипаттамасы. Жалпы иммунды депрессанттар- цитостатиктер. Азатиоприн, циклоспорин және глюкокортикоидтар әсерлерінің ерекшеліктері. Қолдану көрсеткіштері. Иммунды депрессивті терапияның асқынулары. Иммунды модуляциялаушы дәрілер.


Тақырып 1.1.

Қабыну үрдістерін әлсірететін және иммундық үрдістерге әсер ететін дәрілер (СҚҚД).

Қабынуға қарсы дәрілердің жіктелуі. Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер. Қабынуға қарсы дәрілердің әсер ету механизмі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Стероидты қабынуға қарсы дәрілер.

Қабынуға қарсы стероидты дәрілер. Препараттардың қабынуға қарсы әсерлерінің механизмі. Қолдану көрсеткіштері. Жағымсыз әсерлері.
Тарау ІІ.

Тақырып 1.

Микробтарға қарсы қолданылатын дәрілер. Антисептикалық және дезинфекциялаушы дәрілер.

Микробқа қарсы дәрілер. Антисептикалық және дезинфекциялық дәрілік құралдар. Антисептика және дезинфекция туралы түсінік. Антисептикалық және дезинфекциялық дәрілердің қолдану тарихы. Микробқа қарсы дәрілердің белсенділігін айқындайтын шарттар. Антисептикалық және дезинфекциялық дәрілерге қойылатын талаптар. Жіктелуі. Тотығуы (сутегінің асқын тотығуы, калий перманганаты). Әсер ету ерекшеліктері және механизмі. Қышқылдар мен сілтілер (бор қышқылы, аммиак ерітіндісі. Әсер ету ерекшеліктері және механизмі. Болуы мүмкін жанама әсерлері. Металдардың бірігуі, Механизмі. Жергілікті әсері. Микробқа қарсы қасиеті. Микробқа қарсы белсенділікке әсер ететін жағдайлар. Әсер ету механизмі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Резорбтивті әсердің жалпы сипаттамасы. Ауыр металдардың тұздармен улануы. Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек. Антидотты терапияның ұстанымдары.


Тарау ІІ.

Тақырып 1.1.

Микробқа қарсы қолданылатын дәрілер. Синтетикалық микробқа қарсы дәрілер (сульфаниламидті препараттар).

Сульфаниламидті препараттардың ашылу тарихы. Сульфаниламидтер құрылымына және оның антимикробты белсенділігінің арасында тәуелділік. Антимикробты әсердің механизмі және спектрі. Жіктелуі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы. Болуы мүмкін асқынулар және алдын- алу. Триметопримоммен қиыстырылған препараттар. Әсер ету ерекшеліктері және қолданылуы. Жанама әсері.

Синтетикалық антибактериальды құралдыр. 8- оксихинолиндар, нитрофуран туындылары, хиноксалина. Фторхинолондар. Жалпы сипаттамасы. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсері.
Тарау ІІІ.

Тақырып 1.

Антибактериалды химиотерапиялық дәрі- дәрмектер. Антибиотиктер.

Антибактериальды антибиотиктер. Антибиоздың биологиялық маңызы. Антибиотиктерді қолдану. Антибиотикотерапия туралы түсінік. Оған қойылатын талаптар. Антибиотиктердің негізгі әсер ету механизмі, жіктелу принциптері.

Бета- лактамды антибиотиктер. Пенициллин тобындағы антибиотиткре: жіктелуі, әсер ету механизмі және спекті, препараттардың фармакокинетикасы. Жартылай синтетикалық пенициллиндердің әсер ету ерекшеліктері және қолданылуы. Бета- лактамның ингибиторларымен қиыстырлған препараттар. Жанама әсері.

Цефалоспориндер. Жалпы сипаттама. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Әсер ету спектрінің ерекшеліктері және фармакокинетикасы, Цефалоспориндердің әр түрлі буынында қолданылуы. Жанама әсері.

Макролидтер. Әсер ету механизмі. Микробқа қарсы спектрінің ерекшеліктері және фармакокинетикасы, қолданылуы. Жанама әсері. Жаңа макролидтер, олардың ерекшеліктері.

Тетрациклиндер. Жалпы сипаттама. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Жартылай синтетикалық тетрациклиндердің әсер ету ерекшеліктері. Әсер ету спектрі және фармакокинетикасы. Қолданылуы. Жанама әсері.

Хлорамфеникол тобы. Жалпы сипаттама. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Әсер ету спектрі және фармакокинетикасы. Қолданылуы. Жанама әсері.

Аминогликозидтер. Жалпы сипаттама. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Әсер ету спектрі және әр түрлі буынының фармакокинетикасы. Қолданылуы. Жанама әсері.

Стафилококковые антибиотиктер. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Әсер ету спектрі және фармакокинетикасы. Қолданылуы. Жанама әсері.

Полмиксиндер. Линкозамидтер. Гликопептидтер. Рифампициндер. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Әсер ету спектрі. Жанама әсері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет