Бекітемін Ұто директоры Қ. C.Әбдиев 2014 ж



жүктеу 44.86 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі44.86 Kb.

Бекітемін

ҰТО директоры

___________ Қ.C.Әбдиев



2014 ж. «____»____________

5В020500 – Филология: қазақ филологиясы мамандығы үшін

«Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі» пәні бойынша

Тест спецификациясы

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тестіге «Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.








Мазмұны

Тест тапсырмалар саны

1

Синтаксис пәні, ол туралы түсінік

1

2

Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің номинативті немесе грамматикалық мәні туралы.

1

3

Сөз тіркестерінің грамматикалық ұйымдасу түрлері. Сөз тіркесінің сыңарлары, байланысу формалары. Әрбір байланысу формаларының қалыптасуы. Сөз тіркесінің сыңарлары. Зат есімді сөз тіркестері, олардың құрылуындағы ерекшеліктер

1

4

Етістікті сөз тіркесінің құрылу ерекшелігі. Қазақ тіліне тән сөз тіркесінің қалыптасуы.

1

5

Тұрлаулы сөйлем мүшелері. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы қатынас – предикативтілік туралы, олардың сөйлем құрылымындағы белсенділігі.

1

6

Сөйлем мүшелерінің табиғи түрі, оның көрінісі, оның жасалуындағы сөз таптарының лексикалық, грамматикалық өзгерістерінің сөйлем мүшелерінің жасалуына қатысы. Тұрлаусыз мүшелер.

2

7

Айқындауыш мүше, оның формасы, жасалуы, түрлері.

Сөйлем мүшелерінің коммуникативті мақсаттары.

Бірыңғай мүшелер, бірыңғай мүшелерді байланыстыратын амалдар


2

8

Жай сөйлем, жай сөйлемнің грамматикалық сипаты, анықтамасы, жай сөйлемге тән семантика. Сөйлемнің логика-грамматикалық түрлері.

2

9

Сөйлемнің мағыналық түрлері. Екі негізді сөйлемдер. Сөйлемдер жүйесінде олардың алатын орны, түрлері.

2

10

Бір негізді сөйлемдер. Сөйлем жүйесінде олардың алатын орны, түрлері.

2

11

Хабарлы сөйлем, есімді, етістікті түрлері. Сөйлемдердің айтылу мақсатына сай түрлері: хабарлы сөйлем, оның грамматикалық сипаты. Сұраулы сөйлемдердің грамматикалық сипаты, сұраулы сөйлем жасаудағы интонацияның ролі.

2

12

Бұйрықты сөйлемдер, олардың құрылу ерекшеліктері.

Лепті сөйлемдер, олардың құрылу ерекшеліктері. Бұйрықты сөйлемдерден айырмашылығы, жасалу жолдары.



2

13

Қазақ тілінің синтаксисіндегі үндеу амалдары, орны жұмсалуы.

2

14

Қазақ тілі синтаксисіндегі үстеме тәсілдер, олардың негізгі грамматикалық жүйеге қатысы.

2

15

Қазақ тілі синтаксисінің лингвомәдени аспектілері, сөйлемдердің құрылымы мен семантикасындағы ұлттық таным.

2




Барлығы:

25

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

«Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі» курсы тіл, әдебиет мамандарын дайындау үшін оқытылатын лингвистикалық пәндердің негізгісі болып есептеледі. Курс бүгінгі күні жалпы халық қолданып жүрген қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесін ғылыми-теориялық негізде танытуды міндет етеді. Бұл ғылыми-теориялық негіз маманға тілдегі барлық фактілерді, құбылыс, процестерді дұрыс танып, еркін түсіндіруге мүмкіндік береді, сондықтан «Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі» курсы фундаменталды, теориялық сипатта оқытылады



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет