Бекітілд І астана қаласы



жүктеу 75.29 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі75.29 Kb.



Б Е К І Т І Л Д І

Астана қаласы

Әділет Департаментінің

бастығының

2014 жылдың «___» _____№______

бұйрығымен



Астана қаласы Әділет департаментінің

қаржы және материалдық-техникалық бөлімі туралы ережесі



  1. Жалпы ережелер




    1. Астана қаласы Әділет департаментінің Қаржы және материалды-техникалық бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) құрылымдық бөлімі болып табылады.

    2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің және Үкіметтің актілерін, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді, сонымен қатар, осы Ережені басшылыққа алады.

    3. Бөлімнің штаттық саны Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленген тәртіп бойынша штат кестесіне сәйкес бекітіледі.



  1. Бөлімнің негізгі міндеттері.




    1. Әділет департаментінің басшысы есеп жүйесін жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

    2. Әділет департаментінің бухгалтерлік есебі бухгалтерлік қызметпен жүзеге асырылады;

    3. Басшы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу, есепке қатысты бар ұйымның барлық мүшелері мен қызметкерлерінің құжаттар мен мәліметтерді рәсімдеудің және есеп үшін тапсырудың тәртібі бойынша бас маман бөлім басшысы-бас бухгалтердің талаптарын мүлтіксіз орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларды жасауға міндетті;

    4. Департаменттің басшысы-бас бухгалтері бухгалтерлік есептің шоттарында барлық іске асырылатын шаруашылық операцияларының бақылауын және көрсетілуін, жедел операцияларды тапсыруды, бухгалтерлік есептерді белгіленген мерзімде жасауды қамтамасыз етеді;

    5. Бөлім басшысы-бас бухгалтердің тексеруінен кейн ұйымның басшысымен бірге тауарлы-материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражаттарды қабылдауға және беруге негіз болатын құжаттарға, сондай-ақ қаржылық міндеттемелер мен шаруашылық шарттарына қол қояды;

    6. Департаменттің басшысы қаржы және материалды-техникалық бөлімнің басшысы-бас бухгалтердің ұсынуы бойынша жекелеген учаскелер жөнінде құжаттарға қол қою құқығын осыған өкілеттілік берілген тұлғаларға тапсыра алады, бөлімнің басшысы-бас бухгалтерінің қолынсыз құжаттар жарамсыз деп саналады және орындауға қабылданбайды;

    7. Материалдық жауапты тұлғаларды тағайындау, босату және орын ауыстыру бөлім басшысы-бас бухгалтері жүзеге асырады;

    8. Бухгалтерлік есепті және шаруашылық жұмыстарды жүргізген кезде әрбір қызметкер өзінің міндетін білуі және олардың орындалуына жауап беру үшін қаржы және материалды-техникалық бөлім қызметкерлерінің жұмыстағы міндеттерін белгілейді;

    9. Бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде жазбаларды көрсету үшін негіз болуға операциялар мен оқиғалардың жасалу фактісін тіркейтін тиісінше рәсімделген бастапқы құжаттар қызмет етеді;

    10. Құжаттардың уақытында және тиісті сапада жасалуы, олардың бухгалтерлік есепте көрсету үшін белгіленген қажетті мерзімде тапсырылуы, құжаттарға қамтылған деректердің шынайылығы үшін осы құжаттарды жасаған және оған қол қойған тұлғалар жауап береді. Бастапқы құжаттардағы жазбалар ұзақ уақыт бойында олардағы жазулардың сақталуын қамтамасыз ететін құралдармен ғана жүргізілуге тиіс;

    11. Бастапқы құжаттар мынадай міндетті деректемелерді қамтуы тиіс: құжаттың (нысанның) атауы, жасалу күні, ұйымның атауы немесе атынан құжат жасалғанның тегі және әкесінің аты, операцияның немесе оқиғаның мазмұны, операцияның немесе оқиғаның өлшем бірліктері (сандық және құндық мәнде), операцияны жасауға жауапты тұлғалардың лауазымдарының атауы, тегі әкесінің аты және қолдары (оқиғаны растау) және оның рәсімделу дұрыстығы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

    12. Бастапқы құжатарды және бухгалтерлік есеп тіркелімдерін электрондық тасығыштарда жасау кезінде мемлекеттік мекемелер операциялардың басқа қатысушылары үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай талап ету құқығы берілген мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша мұндай құжаттардың қағаз тасығыштардағы көшірмелерін әзірлеуі тиіс;

    13. Қажетті жағдайларда бастапқы құжатқа қосымша реквизиттер: құжаттың нөмірі, ұйымның атауы, құжатта расталған операцияны жасауға қажетті негіз, қосымша операциялардың сипатымен анықталатын басқа да қосымша реквизиттер енгізілуі мүмкін;

    14. Есеп тіркемелеріндегі жазбалар үшін негіз болатын құжаттар Департаменттің басшысымен бекіткен және бөлімнің басшысы-бас бухгалтер белгіленген мерзімдерде бухгалтерлік қызметке тапсырылуы тиіс;

    15. Материалды жауапты тұлғалар кіріс және шығыс құжаттарын тапсыруды тіркеген кезде, екі данадан жасалған, тауарлы-материалды құндылықтардың кірісі мен шығысы бойынша бастапқы құжаттарды (кіріс және шығыс құжаттары бойынша жеке толтырылған) тапсырады. Материалдық жауап беретін тұлғаның қатысуымен жүргізілген, тапсырылған бастапқы құжаттардың дұрыс рәсімделуі тексерілген соң бухгалтер қызметкердің қолы қойылған тізімдеменің бір данасы материалдық жауапты тұлғаға қайтарылады, екінші данасы бухгалтерлік қызметтің іс-қағазында қалады;

    16. Ақшалар мен материалдық құндылықтардың сақталуы үшін жауапты тұлғалармен толық материалды жауапкершілік туралы белгіленген тәртіппен жазбаша шарт жасалады;

    17. Әділет департаментінің қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету;

    18. Қазақстан Республикасының заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу;

    19. Бухгалтерлік (кезеңдік және жылдық) есеп-қисап жасау, бухгалтерлік есеп және есеп-қисап деректерінен шығатын басқа да ақпаратты мерзімінде мекенжайларға ұсыну;

    20. Жедел басшылық ету, басқару және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау жасау үшін мемлекеттік органға қажетті толық және шүбәсіз ақпаратпен қамтамасыз ету;

    21. Мемлекеттік мекемелер және жеке тұлғалармен қаржыландыру жоспарын орындау кезінде туындайтын есептеулерді уақытылы жүзеге асыру;

    22. Бюджет қаражатын пайдалануға жүйелі түрде алдын – ала, ағымдағы және кейінгі бақылау, бюджетті атқару бойынша бухгалтерлік есептің және мемлекеттік мекеменің қаржы жоспарларының жағдайына, қаражаттың тиімді жұмсалуына бақылау жасау;

    23. Астана қаласы Әділет департаменті және оның құрылымдық бөлімшелерінің қаржылық жағдайының талдау;

    24. Ақша қаражаттар, есептеулер мен материалдық құндылықтарды түгендеу, түгендеу нәтижелерін уақытылы және дұрыс анықтау, оларды есепте көрсету. Активтерді, аз құнды және тез тозатын заттар мен материалдық құндылықтарды сақтау орынында және қолдану барысында сақталуына бақылау жасау;

    25. Астана қаласы Әділет департаменті және оның құрылымдық бөлімшелерінің ақшалай мен әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

    26. Мемлекеттік сатып алу құқықтық реттеу принциптер негізінде мемлекеттік сатып алу процесстер жүзеге асыру;

    27. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ретке келтіріп және тиімді жүргізуді қамтамасыз ету, тиісті есеп-қисапты жасау мен ұсыну;

    28. Бухгалтерлік мұрағатты сақтау бұзылудан, жоғалудан сақталуын, сондай-ақ оларды тиісті ережеге сәйкес жойылуын қамтамасыз ету;

    29. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес құжаттарды мұрағатқа өткізу.



  1. Бөлімнің негізгі функциялары.




    1. Басшының келісімімен шығыс сметасын және есебін құру;

    2. Қызметкерлер мен қызметшіліерге уақытында айлық төлемақыларын төлеу;

    3. Төмен бағаланатын және тез істен шығатын құралдар мен матаериалдар есебін, сонымен қатар негізгі құралдар есебін жүргізу;

    4. Бөлімнің құрылымы мен шаттық кестесі бойынша ұсыныстарды ұсыну немесе енгізу;

    5. Материалды құндылықтарға инвентарлық тексеріс жүргізу және оларды қайта бағалау, негізгі құралдардың істен шығуын есептеу;

    6. Заңнамаға сәйкес орындалатын операциялар мен құжаттарды дұрыс және уақытында рәсімдеуді бақылауды жүзеге асыру;

    7. Материалды-жауапты тұлғаға нұсқаулық жүргізу және олардың жауапкершілігіндегі құндылықтардың есебі мен сақталуын қадағалау;

    8. Есеп берудің құрылуын және белгіленген мерзімінде тапсыру;

    9. Департамент және сот орындаушылары бөлімінің материалды-техникалық аумақтық қамсыздандыруды жүзеге асыру;

    10. Материалды-техникалық сот орындаушыларының сұрақтары бойынша ұсыныстарын енгізу;

    11. Департаменттің өткізу-сату жұмыс жоспарынан туындаған сұрақтар мен ұсыныстарды енгізі және қарастыру;

    12. Депратамент және сот орындаушыларының материалды-техникалық қамсыздандыру аумақтық бөлімінің мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара туындаған сұрақтарды бекітілген заңнамалық тәртіппен ақпараттарды және материалдарды сұрату және қабылдау.



  1. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері.




    1. Бухгалтерлік есеп және құжаттарды бақылау жасауға қажетті барлық құжаттардың уақытылы тапсырылуын талап етуге міндетті;

    2. Ережеге сәйкес өзіне жүктелген бухгалтерлік есеп жүргізу және есеп-қисап жасау бойынша міндеттерді, функцияларды, толық түрде орындауға міндетті;

    3. Есеп саясаты жөніндегі құжаттарды, есеп деректерін машиналық өңдеу бағдарламасын, оларға қатысты есептеулерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ белгіленген тәртіпте оларды архивке тапсыруға міндетті;

    4. Белгіленген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді жасау және табыс етуге міндетті;

    5. Заңнамаға қайшы келетін және қаржылық тәртіпті бұзатын операциялар бойынша құжаттарды орындауға және рәсімдеуге қабылдамауға құқығы бар.



  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру.




    1. Өзіне керекті негізгі қызмет міндетін жүзеге асыру үшін бөлім Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, заңнамалық актілерге және өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, өкілеттілікпен иеленген.

    2. Бөлімнің қызметі Әділет департаменті басшысымен бекітілген Әділет департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес іске асырылады;

    3. Қазақстан Республикасы заңнамасында көрсетілген тәртіп бойынша бөлім басшысы қызметке тағайындалады және босатылады, бөлімді басшы басқарады.

    4. Бөлімінің жалпы жұмысы мен бөлімге жүктелген міндеттерді бөлім басшысы жалпы басшылық мен орындауға дербес жауапты болады.

    5. Осының мақсатында бөлім басшысы:

  1. Әділет департаменті басшысымен бекітілген қызметтік міндеттерді және өз қызметкерлердің құзыреттерін белгілейді.

  2. Заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес, өзге де құзыреттерді жүзеге асырады.

    1. Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшелеріне бөлім атынан жолданатын құжаттарды, бөлім басшысы бөлімнің өкілеттілігіне қатысты құжаттарға ғана қол қояды, бөлім басшысы болмаған жағдайда оның орынбасары қол қояды.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет