Бекітілген: «Qazaq Banki» АҚ Басқарма отырысымен 21. 07. 2017 ж. №38



жүктеу 368.86 Kb.
Дата14.03.2018
өлшемі368.86 Kb.

Бекітілген:

«Qazaq Banki» АҚ Басқарма отырысымен 21.07.2017 ж. №38 


«qazaqbanki» АҚ жеке тұлғаның ағымдағы және жинақ ақша шотына банктік қызмет көрсету шарты

(стандартты талаптар)

Алматы қ., 2017 ж.

1 тарау. Кіріспе 3

1.1. Терминдер және анықтамалар 3

1.2. Негізгі ережелер 4

2 тарау. Шотты ашу, қызмет көрсету және жабу талаптары 5

2.1. Шотты ашу және қызмет көрсету 5

2.2. Сенімхат негізінде Шот/Арнайы шот бойынша операцияларды жүзеге

асыру 8

2.3. Клиенттің шотына түскен төлемдерді аудару 9

2.4. Клиенттің Шоттары бойынша қолма-қол ақшасыз айырбастау 10

2.5. Шотты/Арнайы шотты жабу 10

3 тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 11

3.1. Банктің құқықтары мен міндеттері 11

3.1.1. Банк міндеттенеді: 11

3.1.2. Банк құқылы: 12

3.2. Клиенттің құқықтары мен міндеттері 14

3.2.1. Клиент міндеттенеді: 14

3.2.2. Клиент құқылы: 16

4 тарау. Тараптардың жауапкершілігі 17

5 тарау. Қорытынды ережелер 18


1 тарау. Кіріспе

1.1. Терминдер және анықтамалар


Банк – «Qazaq Banki» Акционерлік Қоғамы (қысқаша – «QazaqBanki» АҚ);

Банк көрсететін қызметтер/Банк қызметтері–қолданыстағы лицензия негізінде және ҚР заңнамасына сәйкес Банкпен жүзеге асырылатын жеке тұлғаларға банктік шоттарды ашу, жүргізу және жабу бойынша (төлем карточкасын қолданумен ағымдағы шоттарды қоспағанда), сондай-ақ олардан депозиттерді қабылдау бойынша банктік операциялар;

Банк құпиясы – «ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 50 бабында көрсетілген мәліметтер;

Веб – сайтwww.qazaqbanki.kz,www.7770.kzмекенжайындағы Банктің Интернеттегі ұжымдық сайты;

Салым – банктік өнім, оның талаптары бойынша Салымшы Салым бойынша сыйақының алдын ала ескертілген мөлшерімен немесе ондайсыз Салымшыға не оның тапсырмасы бойынша үшінші жақтарға белгілі мерзімнен кейін атаулы түрде толық немесе бөліп қайтару шарттарымен ғана Банкке ақша тапсырады;

Салымшы–өз бетінше Салым ашқан немесе атына Салым ашылатын жеке тұлға;

Салушы - Шотқа қосымша жарналарды төлейтін тұлға ;

Сыйақы– жасалған Өтініш талаптарына сәйкес Жинақ ақша шотына салынған ақшаларды қолданғаны үшін Банктің Салымшыға төлейтін, Салымның негізгі (атаулы) сомасына пайыздық түрде есептелген ақшалай сома;

Өтініш – ағымдағы шотты ашу үшін өтініш-оферта және«QazaqBanki» АҚ-да жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ ақша шотына банктік қызмет көрсету Шартына (стандартты талаптар) қосылу / Жинақ ақша шотын ашу және банктік Салымды «(Салымның атауы)» салу үшін өтініш-оферта және «QazaqBanki» АҚ-да жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ ақша шотына банктік қызмет көрсету Шартына (стандартты талаптар) қосылу;

Заңды өкіләрекетке қабілеттілігі жоқ, әрекетке қабілеттілігі шектеулі немесе әрекетке қабілетті бола тұра, тән жағдайының салдарынан өзінің құқықтарын жүзеге асыра алмайтын және өзінің міндеттерін орындай алмайтын азаматтардың атынан заңды мүдделерінің жеке және мүліктік құқықтарын заңның күшімен барлық мекемелерде қорғауға қатысатын ата-ана, асырап алушы, қамқоршы, жанашыр;

ИИН - Жеке сәйкестендіру нөмірі;

Клиент – Шоттың иесі–Банктік қызметтерді тұтынушы болып табылатын немесе Банктік қызметтерді пайдалануға ниеттенген жеке тұлға;

Операциялық күн – ағымдағы банктік күнде операцияларды жүргізумен байланысты Банктің Клиентке қызмет көрсететін уақыт кезеңі;

Операция – Клиенттің Шоттарында көрінетін кез келген операция (транзакция), соның ішінде шығыс операциясы, Шоттарға қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз ақша салу, қайтарылатын төлемдер, Шоттан төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру, соның ішінде тікелей дебеттеу арқылы және өзге операциялар;

БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы;

Жеке деректер – Клиентке қатысты, электронды, қағаз және/немесе өзге материалды тасымалдаушыда белгіленген мәліметтер;

Сенімгер адам–Клиенттің Шоты бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте рәсімделген нотариалды куәландырылған Шотты ашу/жабу және иелену үшін Клиенттің сенімхаты негізінде операцияларды жүргізгенде Клиенттің мүддесін білдіруге уәкілетті тұлға;

ҚР – Қазақстан Республикасы;

Жинақ ақша шоты–Өтініш негізінде Банктің Клиентке ашатын банктік шоттың түрі;

Арнайы шот–«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» (одан әрі – ӘТВЕО Қоғамы) коммерциялық емес акционерлік қоғамының Дирекциясынан түсетін зейнетақыны есептеу үшін арналған ағымдағы банктік шот, мемлекеттік бюджеттен және Әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қоры АҚ-нан (одан әрі - ӘСМҚ) төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін арналған ағымдағы банктік шот;

Шот (шоттар) – Банкте Клиент ақшасының бар болуын қамтамасыз етумен және қолданумен, Клиенттің пайдасына ақшаны қабылдаумен (есептеумен), Шартпен қарастырылған тәртіпте үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аударымы туралы Клиенттің өкімін орындаумен, ҚР заңнамалық актілерімен және/немесе Шартпен қарастырылған негіздер бойынша Клиенттің ақшасын алу туралы үшінші жақтардың өкімін орындаумен, Шартпен белгіленген тәртіпте Клиенттен қабылдаумен және оған қолма-қол ақшаны берумен, Шартпен қарастырылған тәртіпте Банктегі Клиенттің ақша сомасы және жүргізілген операциялар туралы Клиенттің талап етуі бойынша ақпаратты берумен, Шартпен және ҚР заңнамасымен қарастырылған Клиентке өзге де банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен және банктік тәжірибеде қолданылатын іскерлік айналым әдеттерімен байланысты операциялар орындалатын Өтініш негізінде Банктің Клиентке ашатын ағымдағы/жинақ ақша шоты;

Банктің тарифтері – веб-сайтта жазылған «QazaqBanki» АҚ операцияларды жүргізудің жалпы тараптары туралы Ережелерге сәйкес бекітілген, Клиенттерге ұсынылатын Банктің қызметтеріне арналған комиссиялар тізімі;

уәкілетті орган–ҚР Ұлттық Банкі (одан әрі – ҚР ҰБ), немесе оның құқық мирасқоры – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

филиал –Банктің тұрған жерінен тыс орналасқан және оның атынан банктік операцияларды жүзеге асыру үшін лицензиямен қарастырылған банктік операциялардың барлығын немесе жартысын іске асыратын Банктің оқшауландырылған бөлімшесі;

ФАТФ–қылмыстық табыстарды жылыстауға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет саласындағы дүниежүзілік стандарттарды шығарумен айналысатын үкіметаралық ұйым;

FATCA - шетелдік қаржы институттарында (Америка Құрама Штаттарының қаржы институттарынан басқа) банк шоттары бар американдық салық төлеушілердің салық төлеуден жалтаруға қарсы әрекет етуге бағытталған шетелдік шоттарға салықтық бақылау жасау туралы Америка Құрама Штаттарының заңы;

OFAC–бағдарлама банктер үшін арналған және АҚШ Қазынашылық Шетелдік Активтерге Бақылау жасау басқармасымен (OFFICE OF FOREIGN ASSETS CONTROL U.S. TREASURE DEPARTMENT, OFAC) жүргізуге тыйым салынған шетелдік валютада банк Клиенттернің жасалған төлемдерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұндай төлемдерге, ішінара, лаңкестік ұйымдардың пайдасына жасалған төлемдер, БҰҰ тыйым салған келісімдер бойынша төлемдер, БҰҰ және АҚШ санкциялары салынған контрагенттердің пайдасына жүргізілген төлемдер жатады.

1.2. Негізгі ережелер


    1. Осы «QazaqBanki» АҚ жеке тұлғаның ағымдағы және жинақ ақша шотына банктік қызмет көрсету шарты (стандартты талаптар) (одан әрі - Шарт) ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын, жеке тұлғаға берілетін Банктік қызметтердің шарты мен тәртібін анықтайды.

    2. Банк Клиенттен Шартқа қосылу туралы жазбаша Өтінішін алған күннен бастап Шарт жасалды деп есептеледі, ол Клиенттің қол қойған Өтінішіндегі Банктің белгісімен расталады.

    3. Шарт Банктің Веб-сайтында, сонымен қатар барлық бөлімшелері мен Банк филиалдарында жарияланған.

    4. Осы Шартқа сәйкес Банк Клиентке келесі Банктік қызметтерді ұсынады:

1) Шоттарды ашу және қызмет көрсету;

2) Клиенттің Шотына қолма-қол ақша мен қолма-қол жасалмайтын төлемдерді және аударымдарды есептеу;

3) Клиенттің Шоттары бойынша қолма-қол ақшасыз айырбастау.

1.2.5. Осы немесе өзге Банктік қызметтерді ұсыну үшін Шартпен қарастырылған талап «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстауға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет ету туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес Клиентті оң сәйкестендіру болып табылады.



      1. Егер осы Шартпен басқасы көзделмесе, Клиентке Банктік қызметті ұсыну үшін Банкпен белгіленген нысанда рәсімделген, сұратылған қызметті беру үшін арналған Өтініш негіз болып табылады.

      2. Шартпен қарастырылған, Клиенттің ынтасы бойынша оған Банктік қызмет көрсетуді тоқтату үшін Банкпен белгіленген нысандағы Банктік қызметті ұсынуды тоқтату туралы өтініш немесе өзге тиісті түрде рәсімделген құжат негіз болып табылады.

      3. Операция жүргізілетін/қызмет көрсетілетін Клиенттің шотынан Банктің комиссия шығару жолымен, Клиенттің Шотын тікелей дебеттеу жолымен немесе Клиенттің Банк кассасына қажетті соманы төлеу жолымен немесе ҚР заңнамасымен қарастырылған өзге әдістермен операция жасалған (Банктік қызметті көрсету) күнге әсер ететін, Банк Тарифтерінде белгіленген мөлшерде және мерзімде Банктің пайдасына Клиентпен жүзеге асырылатын Банктік қызмет көрсеткені үшін төлем. Операция жүргізілетін Клиенттің Шотында ақша болмаған жағдайда комиссия Клиенттің кез келген өзге Шотын Банктің тікелей дебеттеуі жолымен шешілуі мүмкін, сонымен қатар шетел валютасында Клиенттің Шотынан комиссияны шешкен кезде төлемді жасау күні Банкпен қолданылатын, ҚР Ұлттық банкі нарықтық бағамы бойынша комиссия сомасының айырбасы жүргізіледі.

      4. Осымен бірге Тараптар деп аталатын Банк және Клиент Шарт бұзылған жағдайда клиентпен төленген комиссия қайтарылмайды деп келісімге келеді.

      5. Банкпен айрықша қатынастағы тұлғалар болып табылатын Клиенттермен Шарт жасасу «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Заңының 40 бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Банк «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстауға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет ету туралы» ҚР Заңының, сонымен қатар ҚР ҰБ нормативті құқықтық актілерінің талаптары ескерілген, Шартта көзделген банктік және өзге операцияларды жасайды.

      7. Шарт:

- төлем карточкаларын қолданумен ағымдағы шоттар бойынша операцияларға»;

- «эскроу» тәртібінде ашылатын банктік шоттарға таралмайды..



      1. Банк 20.06.2013 №24 «ҚР екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» ҚР Заңына сәйкес жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады.


2 тарау. Шотты ашу, қызмет көрсету және жабу талаптары
    1. Шотты ашу және қызмет көрсету


      1. Банк ҚР заңнамасына сәйкес Банкпен белгіленген тәртіпте Клиент барлық қажетті құжаттарды беру шартымен Өтініш негізінде Шотты ашады және жүргізеді.

Осы Шартпен және ҚР заңнамасымен белгіленген жағдайларды қоспағанда бір клиентке бірнеше Шоттарды ашуға рұқсат беріледі.

      1. Банк Шотты ашу үшін Өтініште көрсетілген валютада Клиентке Шотты ашады және Банктің ішкі нормативтік құжаттарында, ҚР заңнамасында, ҚР ҰБ нормативті құқықтық актілерінде және нақты келесілермен байланысты іскерлік айналымның әдеттерінде көзделген Шот бойынша операцияларды жасайды:

  1. Клиенттің Шотына ақша қабылдау (есептеу);

  2. ҚР заңнамалық актілерімен және/немесе Шартпен қарастырылған негіздерде Клиенттің Шотынан ақша алу туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындау;

  3. Осы Шартпен белгіленген тәртіпте Клиенттен қабылдауды және оған қолма-қол ақшаны беруді жүзеге асыру;

  4. Клиенттің талап етуі бойынша Шоттағы Клиенттің ақша сомасы және ол бойынша жүргізілген операциялар туралы ақпаратты беру;

  5. ҚР заңнамасымен және/немесе Шартпен көзделген өзге операциялар.

      1. Егер Клиеттің ЖСН болмаса, ағымдағы шот ашылмайды.

      2. Клиентке 14 (он төрт) жасқа жеткенде өз бетімен Шот («Депозит-Кепілдік» салымын есептемегенде) ашуға болады. Сонымен қатар, егер Клиент 18 (он сегіз) жасқа толмаған болса, Клиенттің ағымдағы шотты ашу, иелік ету және жабу оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылады.

«Bolashaq» салымы 14 (он төрт) жасқа толмаған тұлғаға оның бір заңды өкілімен ашылуы мүмкін, сонымен қатар заңды өкілді растайтын құжат талап етіледі. Салымшы 14 (он төрт) жасқа жеткенше салымға оның заңды өкілі иелік етеді. 14 (он төрт) жасқа жеткеннен кейін Салымды Салымшының өзі жеке басын куәландыратын құжатты көрсету жағдайында өздігімен қолданады, атап айтқанда:

-  Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

-  шетелдік төлқұжат;

-  он алты жастан бастап Қазақстан Республикасында шетелдіктің ықтияр хаты;

-  он алты жасқа жеткен азаматтықсыз тұлғаның куәлігі;

- он алты жастан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі.

      1. Жинақ ақша қоры Өтініште белгіленген мерзімге және талаптар бойынша ашылады. Салым мерзімін санау Салымның барлық сомасы Жинақ ақша шотына түскен күннен бастап басталады. Бірінші жарнаны төлеу валюта түріне және Салым мерзіміне сәйкес Салымның ең төменгі мөлшерін міндетті сақтау шартымен жүргізіледі. Ағымдағы шот мерзімсіз ашылады.

      2. Банк Шот бойынша барлық операцияларды ҚР заңнамасына және Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес тиісті түрде рәсімделген, Клиенттің нұсқаулары негізінде (ҚР заңнамасымен және осы Шартпен қарастырылған жағдайларды есептемегенде) жүргізеді.

      3. Банк Клиенттің Шоты бойынша барлық шығыс операцияларын Банктің операциялық күнінің ішінде Банктің комисссиялық сыйақысын есепке алып Шотта бар соманың шегінде жүзеге асырады.

      4. Осы Шартқа қол қоюмен Клиент валюталық бақылауды немесе валюталық шектеулерді, сонымен қатар Шотта бар ақшаларға таралуы мүмкін салықтарды не өзге міндетті төлемдерді немесе оларды қолданумен операцияларды қоса алғанда (алайда шектелмей), шетел валютасына қатысты ҚР заңнамасымен немесе шет мемлекеттің заңнамасымен белгіленген шектеулерге байланысты пайда болатын, шетелдік валютада Шотты ашумен және жүргізумен байланысты тәуекелдерді өз мойнына алады.

      5. Клиент ҚР қолданыстағы заңнамасымен рұқсат етілмейтін тауарлар, жұмыстар және/немесе қызметтер құнын төлеуді қоса алғанда, кез келген заңды емес мақсатта үшін Шотты қолданбайтына кепілдік береді.

      6. Банк Клиенттің кез келген операциясын жүргізуден бас тартуға немесе жүргізуді тоқтатуға құқылы екендігі, егер ондай бас тарту немесе тоқтату әрекеті Банк пен клиентке таралатын кез келген елдің немесе халықаралық ұйымның (ФАТФ, БҰҰ, OFAC қоса алғанда, алайда шектелмей) құзыретімен сәйкес салынған санкцияға тиісті Банкпен жүзеге асырылған жағдайда, Клиентке ескертілді және клиент келісімін берді.Сонымен қатар Банк жоғарыда көрсетілген санкцияларға байланысты Клиенттің нұсқауларын орындаудан Банктің бас тартқан немесе орындауды тоқтату салдарынан келтірілген Клиенттің шығындары үшін ешқандай жауап бермейді.

      7. Клиенттің зейнетақыны есептеу үшін ағымдағы шотты ашуға Өтініші және/немесе Клиенттің жәрдемақы/әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ағымдағы шотты ашуға Өтініші негізінде Банк жеке тұлғаларға ҚР заңнамасымен, ҚР ҰБ нормативті-құқықтық актілерімен және іскерлік айналымның әдеттерімен қарастырылған операциялар, соның ішінде ӘТВЕО Қоғамынан және/немесе ӘСМҚ-нан түсетін зейнетақы және/немесе жәрдемақымен әлеуметтік төлемдерді есептеу бойынша операциялар жүргізілетін зейнетақыны есептеу үшін Арнайы шот және/немесе жәрдемақы/әлеуметтік төлемді есептеу үшін Арнайы шот ашады.

      8. Арнайы шот Банкпен Клиентке тек қана теңгеде ашылады.

      9. Клиент Арнайы шот бойынша:

- Банктің ӘТВЕО Қоғамына және ӘСМҚ-на Арнайы шот нөмірі, Арнайы шот бойынша ақшалардың қозғалысы, Арнайы шоттың жабылуы және өзге мәліметтер туралы ақпаратты беруге;

- ӘТВЕО Қоғамы және/немесе ӘСМҚ ақшаны қайтару туралы тиісті талап қойған кезде ӘТВЕО Қоғамы және ӘСМҚ артық аударған ақшаны Клиенттің қосымша келісімісіз (құптауысыз) Арнайы шоттан шешуге өз келісімін береді.



      1. Салым бойынша Сыйақыны санау Өтініште көрсетілген Салымның барлық сомасы Клиенттің Шотына түскен күннен кейінгі келесі күннен басталады және қоса алғанда Салымның сомасы Клиентке қайтарылған күнге дейін саналады.

      2. Сыйақы Шоттағы ақшаның күн сайынғы кіріс қалдығына саналады және капиталдандыру (Салым сомасына қосылады) жолымен жасалған Өтініште көрсетілген мерзімділікпен төленеді немесе Өтініш талаптарына сәйкес ағымдағы шотқа не төлем карточкасын қолданумен шотқа төленеді.

      3. Қосымша жарналарға Сыйақыны санау Өтініште белгіленген мөлшерлеме бойынша ақша салған күннен кейінгі күннен бастап жүргізіледі.

      4. Жартылай алынғаннан кейінгі қалған Салым сомасына Сыйақыны санау Өтініште белгіленген мөлшерлеме бойынша ақша алынған (атап айтқанда егер Салым сомасы Өтінішпен белгіленген төмендетілмейтін қалдықтан аз болса) күннен кейінгі келесі күннен бастап жүргізіледі.

      5. Сыйақы мөлшерлемесін тиянақтау кезеңі Өтінішпен белгіленеді.

      6. Салым бойынша Сыйақыны алу әдісі егер басқасы Салым талаптарымен және Өтінішпен қарастырылмаса, Клиентпен таңдалған Салымға байланысты болады.

      7. Егер басқасы Өтінішпен қарастырылмаса, онда Салымның әрекет ету мерзімінің соңында Сыйақыны және Салымның негізгі сомасын талап етпеген жағдайда (Өтініш талаптарына сәйкес):

1) Салым автоматты түрде Өтініште көрсетілген мерзімге, Сыйақы мөлшерлемесі бойынша және валютаға сәйкес Салымның осы түрі бойынша мерзімін ұзарту кезінде Банкте әрекет ететін Салым талаптары негізінде мерзімі ұзартылады. Салымның мерзімі ұзартылған күннен бастап белгіленген сыйақы мөлшерлемесі Өтініште көрсетілген әрекет ету мерзімінің соңына дейін сақталады.Егер басқасы жасалған Өтініштің талаптарымен белгіленбесе, мерзімін ұзарту саны шектелмеген;

2) Егер Банкпен Салымды орналастыру мерзімі өткен күні банктік Салымның осы түрін қабылдау тоқтатылса, онда ақшаның қалдығы өтініш-офертада көрсетілген Салымшының ағымдағы шотына аударылады. «Bolashaq» салым бойынша мерзімін ұзарту өтініш-офертада белгіленген мерзімге және талаптар негізінде жүзеге асырылады, бұл ретте сыйақы жылдық 0,1% мөлшерлемесі бойынша саналады.



      1. Жартылай алу сияқтыға тең «Депозит-кепілдік» салымын толтыру қамтамасыз етуге берілетін ақша сомасының өзгеруіне қатысты ақша кепілі шартына қосымша келесімге тараптар қол қойған кезде ғана жүзеге асырылады.

      2. «Депозит-кепілдік» салымында кепіл Шартымен белгіленгеннен аз сома пайда болса, «Депозит-кепілдік» салымы Банкте ашылған өзге банктік шоттарды Банктің тікелей дебеттеуі және Шотқа дебеттелген соманы есептеу арқылы, ал мұндай шоттарда ақша болмаған кезде Банкпен хабарландырылған күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде бастапқы сомаға дейін толтырылады.

      3. Егер басқасы Банктің уәкілетті органының шешімімен қарастырылмаса, «Депозит-кепілдік» салымындағы барлық соманы немесе оның жартысын Кепіл Шартының әрекет ету кезеңінде мерзімінен бұрын сұратып алу қарастырылмаған.

      4. «Депозит-кепілдік» Салымы Ақша кепілі Шарты бойынша Клиенттің банк алдында барлық міндеттерін толық көлемде орындағаннан кейін Банкпен жабылады.

2.1.26. Кепіл Шарты мерзімі өзгертілген жағдайда (азайған/артқан) «Депозит-кепілдік» салымының мерзімі сондай мерзімге қысқартылады/ұзартылады. Кепіл Шарты мерзімі артқан жағдайда «Депозит-кепілдік» салымы бойынша сыйақы мөлшерлемесі «Депозит-кепілдік» салымының мерзімі артқан кезде әрекет ететін талаптар негізінде немесе осы Шартқа/Өтінішке қосымша келісімді рәсімдейтін Банктің уәкілетті органымен бекітілген талаптар негізінде белгіленеді.

2.1.27. Клиентпен Есеп-шоттан Клиентпен бастамаланған төлемдер мен аударымдар «Qazaq Banki» АҚ жеке тұлғаның нұсқауы бойынша аударма операциясын жүргізуге Шартқа сәйкес жүзеге асырылады (стандартты талаптар).



    1. Сенімхат негізінде Шот/Арнайы шот бойынша операцияларды жүзеге асыру


2.2.1. Банк Өтініш пен құжатты, Сенімгер адамның жеке куәлігін және Клиенттің жекелігін куәландыратын құжатты, сонымен қатар ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес уәкілетті тұлғаға сенімхат ұсыну талап етілмеген жағдайларды қоспағанда Шотты ашу құқығына Сенімгер адамның атына Клиентпен берілген нотариалдық куәландырылған сенімхатты беру шарттарында Сенімгер адаммен Шот ашу жүзеге асырылады (ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен).

2.2.2. Сенімхат 3 (үш) жылдан көп емес мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта аса ұзақ мерзім көрсетілсе, ол 3 (үш) жыл ағымында жарамды. Егер сенімхатта әрекет ету мерзімі көрсетілмесе, ол берілген күннен бастап 1 (бір) жыл ағымында жарамды. Сенімхатты беру күні көрсетілмеген сенімхат жарамсыз.

2.2.3. Сенімгер адамға Клиентпен берілген сенімхатта көрсетілген өкілеттік шегінде ғана Сенімгер адам Клиент атынан әрекет етеді.

2.2.4. Шетел мемлекеттерінде рәсімделген барлық сенімхаттар ресмилендірілуі немесе апостилдеуі (егер сенімхат рәсімдеген мемлекет 1961 жылдың 5 қазанында Гаага қаласында жасалған шетел ресми құжаттарын ресмилендіру талаптарының күшін жоятын Конвенция қатысушысы болып табылса) және орыс немесе қазақ тілдерінде нотариалды куәландырылған аударма болуы тиіс.

2.2.5. Осы Шартқа қол қою арқылы Клиент Банкке келесі құқықтарды ұсынады:

- 10 жұмыс күнінен көп емес мерзімде Клиентпен сенімхат беру фактісін анықтау жөнінде іс-шаралар жүргізуге;

- егер сенімхат ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес рәсімделмеген немесе сенімхаттың әрекет ету мерзімі өтіп кеткен жағдайда Сенімгер адаммен Шот/Арнайы шот бойынша операциялар жүргізуден бас тартуға.

2.2.6. Келесі жағдайда Сенімгер адамға Шоттан/Арнайы шоттан сенімхат бойынша сома бергені үшін Банк жауап бермейді:

1) клиенттің қаза болуы, егер Банкке бұл оқиға туралы белгілі болмаса;

2) сенімхатты мерзімінен бұрын тоқтату, егер Шот/Арнайы шот иегері Банкті тоқтату сәтінен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде шұғыл жазбаша түрде хабарламаса.

2.2.7. Сенімхат бойынша Банкпен операциялар жүргізу ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    1. Клиент Шотына түскен төлемдерді аудару


      1. Банк оның түскен күнінен операциялық күн ішінде Клиенттың Шотына түскен аударымдарды қабылдауды (есептеуді) және ҚР заңнама талаптарына және Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес тиісті үлгіде рәсімделген құжаттарды алуды жүзеге асырады.

      2. Клиенттың Шотына түскен аудармаларды қабылдау (есептеу) келесі жағдайларда жүзеге асырылмайды:

1) Төлем құжатында көрсетілген Клиент Шоты (ақша алушы) жабық болса;

2) ЖСН, ЖСК Клиенттың деректемелеріне сәйкес келмейді. Бұл ретте көрсетілген төлем құжатта Клиенттың АӘТ сәйкес келмеген жағдайда төлем құжатында көрсетілген Клиенттың басқа деректемелері (ЖСК, ЖСН) оны теңдестіргенде Шотқа ақша аудару жүзеге асырылады;

3) Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты тұлғалар мен ұйымдар Тізімінде Жіберушінің АӘТ/атауы және/немесе Клиенттың/Клиенттың Сенімгер адамының АӘТ бар болуы анықталса;

4) егер мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақылар/әлеуметтік төлемдер және/немесе арнайы сақтандыру Мемлекеттік қорынан әлеуметтік төлемдер үшін Арнайы Шотқа түсетін төлем көрсетілген жәрдемақылар мен төлемдерге байланысты болмаса;

5) егер төлем құжаттары лайықсыз үлгіде рәсімделсе;

6) егер төлем құжатында жасандылық белгілері болса, соның ішінде төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңның белгіленген 56 бабында, ҚР аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібімен, ақша жіберушімен жіберуші банк арасындағы келісім-шартпен рұқсат етілмеген төлемдерді қорғаудың әрекет ету тәртібін бұзумен төлем құжаты берілсе;

7) Банк және банк қызметтері туралы Заңның 60-1 және 61-2 баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда төлем құжатында түзетулер, толықтырулар мен қолмен жөнделген жерлер болса;

8) егер Банкте қылмыстық жолмен және терроризмді қаржыландырумен алынған табыстарды ресмилендіруге (жасыруға) қарсы әрекет туралы ҚР заңнамасына сәйкес танылатын, клиенттің ақша және (немесе) өзге мүлік операциялары қылмыстық жолмен және (немесе) терроризмді қаржыландырумен алынған табыстарлы ресмилендіруге (жасрыуға) байланысты екеніне болжамды негіздер болса;

9) Келісім-шартпен және/немесе ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда. Бұл ретте Банк төлем құжаттары лайықсыз үлгіде рәсімделген жағдайда, сонымен қатар ҚР заңнама талаптарына сәйкес өзге жағдайлардың бар болуы кезінде Шотқа ақшаны қабылдауды (есептеуді) кідіргені үшін жауап бермейді.

Сонымен бірге ақша жіберуші банкке аударымды қайтару жүзеге асырылады.



      1. Клиент және/немесе жіберуші бейрезидент болып табылатын аудармалар бойынша, сонымен қатар шетел валютасындағы аудармалар бойынша Банк валюта заңнамасының талаптарына сәйкес Клиентпен қосымша құжаттар (қажеттілігіне қарай) тапсырылғаннан кейін Шотқа ақша аударуды жүзеге асырады.

      2. 180 (жүз сексен) күнтізбелік күннің өтуі бойынша Клиентпен қажетті құжаттар тапсырылмаған жағдайда банк аударманы орындаусыз ақша жіберуші банкке аударымды қайтаруды жасайды.

      3. Клиент Шотының валютасынан басқа валютасына аударма түскен жағдайда Клиент Шотына аудару банкпен белгіленген нысан бойынша жасалған, банкпен орнатылған төлемді жасау күніне валютаны айырбастау курсын айырбастау арқылы Клиент Шотының валютасына түскен аударма соммасын есептеуге Клиенттен Өтініш алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

      4. Клиент Шотының валютасынан басқа валютаға аударма сомасын есептеу кезінде Банк Тарифтеріне сәйкес айырбасталымдық операцияларды жүзеге асырғаны үшін комиссия алынады.

      5. Шотқа ақша есептеу ҚР қолданыстағы заңнамасы мен Келісім-шарт тәртібінде өндіріледі.

      6. Шотқа ақшаны қабылдау (есептеу) кезінде Банкке Клиенттың жүгінуі кезінде оның Шотынан оған көшірме ұсыну арқылы ақша қабылдау туралы Банк Клиентке хабарлайды.



    1. Клиенттің Шоттары бойынша қолма-қол ақшасыз айырбастау


      1. Банк келесі айырбастамалық қызметтерді ұсынады:

1) қолма-қол ақшасыз шетел валюталарын сатып алуды;

2) қолма-қол ақшасыз шетел валюталарын сатуды.



      1. Қолма-қол ақшасыз шетел валюталарын сатып алу және сату Банкпен орнатылған нысан бойынша жасалған шетел валюталарын айырбастауға Өтініш негізінде жүзеге асырылады.

      2. Бір шетел валютасынан басқаға айырбастау ұлттық валюта теңге арқылы жасалады.

      3. Айырбастау Банкпен орнатылған және операцияларды жүргізу сәтінде әрекет ету курсы бойынша жүргізіледі.

      4. 1 000 000 (бір миллион) жоғары сомада айырбастау 3 (үш) жұмыс күннен кем емес Банкке Клиентпен берілетін Банкпен орнатылған нысан бойынша айырбастауға алдын ала өтініммен жүзеге асырылады.

      5. Клиенттың Шотынан үшінші тұлғаның Шотына қолма-қол ақшасыз айырбастау жүзеге асырылмайды.



    1. Шотты/Арнайы шотты жабу


      1. Шотты жабу кез-келген уақытта Банкпен орнатылған нысан бойынша ағымдағы/жинақ ақша шотын жабуға арналған өтініш негізінде жасалады, бірақ ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда Клиенттың өтінішін алғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей, бұл ретте ағымдағы шот өтінішінде Шотты жабу негізі көрсетілуі тиіс.

      2. Шотты Шот иегері, нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде Сенімгер адам, сонымен қатар Шот иегері қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәлігі және қаза болғанның Шотындағы ақша үлестерін бөлумен бірге мұрагерлік құқығы туралы куәлік негізінде мұрагерлер жаба алады, Банк Шоттан ақшаның әрбір мұрагерлеріне (мұрагерлердің ағымдағы шоттарына ақшаны қолма-қол ақшасыз аудару немесе қолма қол аудару арқылы) ақшаны береді және шотты жабады.

«Bolashaq» салымы бойынша, егер Салым иесі 14 (он төрт) жасқа жетпеген жағдайда салым заңды өкілдерімен жабылады. Бұл ретте Салымшының барлық заңды өкілдері қатысуы тиіс, олардың біреуі болмаған жағдайда оның жоқтығын растайтын құжат немесе сенімхат керек.

      1. Шоттың орындалмаған талаптары бар болуы кезінде Шотты жабуға тыйым салынады, соның ішінде Шот бойынша шығын операцияларын тоқтату туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың шешімдері және (немесе) өкімдері, сонымен қатар Шотты жабу жағдайларын қоспағанда Клиенттың Шотындағы ақшаларға тыйым салу туралы актілер:

- жеке тұлғаның Шотында – 1 (бір) жылдан астам болмағанда;

- Банктың жойылуы;

- Банктың қайта ұйымдастырылуы, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиясынан айырылған жағдайда;

- Банк және банк қызметтері туралы Заңымен көзделген тәртібінде ислам банкінде айырбастау нысанында Банкты өзі еркімен қайта ұйымдастыру.

2.5.4. Салым сомасын қайтару банк шотын жабуға өтініш түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей Салымның әрекет етуінің мерзімі бойынша жасалады.

2.5.5. Салымның белгілі түрінің әрекет етуін тоқтату туралы шешімді Банктің Уәкілетті органы қабылдайды.

2.5.6. Салым иесінің бастамасы бойынша Салымды мерзімінен бұрын бұзу бойынша:

1) Салымшы бұзудың болжамды күніне дейін 5 (бес) жұмыс күні үшін өзінің ниеті туралы кез-келген қолжетімді тәртіппен Банкті ескертеді. Банкте Салымшыға төлеу үшін жеткілікті ақша қаражаттарының сомасы бар болуы кезінде Салым Салымшының жүгінген күнінде мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін;

2) Салым бойынша сыйақы Өтініште көзделген тәртіпте төленеді.

2.5.7. Салымшының бастамасы бойынша Салымды мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, соның ішінде Салым мерзімін ұзартқаннан, салым бойынша сыйақыдан кейін Өтініште көзделген тәртіпте төленеді. Артық төленген сыйақы сомасы аударылған сыйақы сомасынан және (немесе) Салымның негізгі сомасынан шегеруге жатады.

2.5.8 «Депозит-кепілдеме» қайтару және есептелген сыйақыны төлеу (оның бар болуы кезінде), соның ішінде оны мерзімінен бұрын бұзу кезінде, кепіл Келісім-шартының әрекет етуін тоқтату жағдайында Өтініште көрсетілген Салымшының банк шотына кепіл Келісім-шартының әрекет етуін тоқтатқан күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірілмей өндіріледі.


3 тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

    1. Банктің құқықтары мен міндеттері

      1. Банк:

        1. ҚР заңнамасына және Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес қажетті құжаттар Клиентпен тапсырылған кезінде Клиентке Шот ашуға;

        2. ҚР заңнамасымен және Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен орнатылған тәртіпте және мерзімінде Клиентпен және/немесе үшінші тұлғамен қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз аудармамен енгізілген ақшаларды Шотқа есептеуге;

        3. ҚР заңнамасымен және Келісім-шартпен орнатылған тәртіпте және мерзімдерде Клиенттың Шотынан ақшаны шығару бойынша операцияларды жүзеге асыруға;

        4. Шоттарда Клиенттың ақшаларын сақтауды қамтамасыз етуге;

        5. осы Келісім-шартқа және ҚР заңнамасына сәйкес Клиенттің есептеу-кассалық және өзге де банк қызметтерін жүзеге асыруға;

        6. ҚР заңнамасымен және банктың ішкі нормативтік құжаттарымен орнатылған тәртіпте Клиенттың немесе нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде әрекет ететін оның өкілдерінің тапсырмаларын орындауға;

        7. ҚР заңнамасымен және Банктың ішкі нормативтік құжаттарымен орнатылған тәртіпте Клиенттың немесе оның өкілдерінің талабы бойынша қолма-қол ақшаларды қабылдауды және беруді жүзеге асыруға;

        8. Арнайы шот бойынша: егер есептелетін ақша сомасы жәрдемақылармен және әлеуметтік төлемдермен байланысты болмаған жағдайда Арнайы шотқа ақша есептеуден бас тартуға.

        9. уәкілетті органдардың Клиент ақшасына тыйым салу және Шот бойынша операцияларды тоқтату туралы нұсқауларын орындауға;

        10. Клиенттың және/немесе оның уәкілетті тұлғаларының талабы бойынша Шоттағы Клиенттың ақша сомасы және жасалған операциялары туралы ақпаратты ұсынуға. Банкпен Клиенттен 3 (үш) жұмыс күн ішінде осы Келісім-шартқа сәйкес алынған Шот бойынша көшірме жөніндегі жазбаша наразылық онда көрсетілген ақпараттың дұрыстығымен расталады деп саналады;

        11. Орнатылған жұмыс тәртібіне сәйкес Банктың операциялық күн ішінде Клиентке қызмет көрсетуді өндіруге;

        12. Шот бойынша жүргізілетін операциялар бойынша ақпараттың құпиялылығын және Банк құпияларын жарияламауды қамтамасыз етуге. Шот бойынша мәліметтерді ұсыну ҚР қолданыстағы заңнамада және осы Келісім-шартта көзделген тәртіпте және шартта ғана жүзеге асырылады;

        13. Банк филиалдарында банк мөлшерлемелері мен тарифтері, олардың әрбір өзгерісі туралы ақпаратты орналастыруға және Клиенттер танысу үшін олардың сұранысы бойынша Банкке жүгінген кезінде ұсынуға.

        14. Клиенттің өтініші бойынша немесе ҚР заңнамасымен орнатылған тәртіпте Шотты жабуға.

        15. ҚР заңнамасымен көзделген тәртіпте және жағдайда Клиенттың Шотынан ақша алу туралы үшінші тұлғаның өкімін орындауға.

        16. Банктің барлық бөлімшелерінде және филиалдарында хабарландыруды орналастыру және Банктың Веб-сайтында ақпаратты жариялау арқылы Банк Тарифтерінің өзгерісі туралы 14 (он төрт) күнтізбелік күннен осындай өзгерістердің енгізілген күніне дейін Клиентке хабарлауға;

        17. осы Келісім-шартпен және Өтінішпен көзделген шарттарда, мерзімдерде және тәртіпте сыйақыны есептеуді және төлеуді жүзеге асыруға;

        18. осы Келісім-шартта және Өтініште көзделген мерзімде және тәртіпте Салымды қайтаруға;

        19. Көрсетілген жағдай туындаған сәттен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күннен соң Өтінішпен орнатылған кемімейтін қалдықтан кем емес соманы Салымға беру туралы Өтініште көрсетілген деректемелер бойынша Салымшыға жазбаша хабарлауға міндетті.




      1. Банк:

        1. Клиенттың қаңдай да бір қосымша келісімінсіз Клиенттен Шотты ашу/жүргізу/жабу үшін қажетті қосымша құжаттарды сұратуға, егер ҚР заңнамасымен талап етілген жағдайда;

        2. осы Келісім-шартқа, уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілеріне және ҚР заңнамасына сәйкес Шотты ашудан бас тартуға;

        3. Клиенттен Шотты ашу және сол бойынша операциялар жүргізу үшін қажетті құжаттарды және ақпараттарды, сонымен қатар халықаралық/үкіметаралық келісімдерге, шетел заңнамалық талаптарға, соның ішінде FATCA талаптарына сәйкес кез-келген құжаттарды және/немесе ақпаратты сұратуға;

        4. Осы нұсқауды орындау үшін және ҚР заңнамасымен көзделген өзге де жағдайларда оның Шотында жеткілікті соманың болмауы кезінде Клиенттің нұсқауын орындаудан бас тартуға;

        5. Оның шотында орындалмаған талаптардың бар болуы кезінде, сонымен қатар ҚР заңнамасымен көзделген өзге де жағдайларда Клиенттың Шотын жабуға бас тартуға;

        6. Клиенттың шотында 1 (бір) жылдан астам ақшаның болмауы кезінде, сонымен қатар ҚР заңнамасымен көзделген өзге де жағдайларда Шотты жабуға;

        7. Банк тарифтеріне сәйкес мөлшерде және мөлшерлемеде Шот бойынша операциялар жасау бойынша Банк қызметі үшін сыйақы сомасын Шоттан тікелей дебеттеу, сонымен қатар Банкпен Клиенттың Шотына ақша сомасын қате есептеу, сондай-ақ Банкпен сыйақы сомасын артық төлеу арқылы Банкте ашылған, соның ішінде шетел валютасындағы Клиенттың кез-келген Шоттарынан шығару;

        8. осы Келісім-шартта көзделген тәртіпте осы Келісім-шартқа және/немесе Тарифтерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді бастамашылық етуге;

        9. Банк тарапынан Сенімхатты жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылатын ҚР заңнамасымен көзделген өзге де жағдайларда немесе Сенімгер адамның өкілеттігін растайтын құжат қатынасына не болмаса Сенімгер адамның әрекет ету заңдылық қатынасына күдік туындаған жағдайда Сенімгер адаммен Шот бойынша операциялар жүргізуден бас тартуға;

        10. Клиенттың және/немесе Сенімгердің сұралатын қызметті ұсынуға дейін бастапқы жүгіну кезінде 10 (он) жұмыс күн ішінде ұсынылған сенімхаттың түпнұсқалығына сараптама жүргізуге, сонымен қатар Клиентпен сенімхат беру түпнұсқалығын және нақтылығын анықтау мақсатында Клиентпен және/немесе Сенімгер адаммен Банкке ұсыну сәтінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде ұсынылған сенімхат негізінде Шот бойынша операцияларды жүзеге асырмауға;

        11. ҚР заңнамасына сәйкес келмеген немесе қарама-қайшылық жағдайында Шот бойынша операциялар жасаудан бас тартуға;

        12. ҚР заңнама талаптарын қадағалауды тексеру мақсатында Шот бойынша жүргізілетін операциялар қатынасына Клиенттен қосымша ақпаратты және құжаттарды талап етуге;

        13. ҚР заңнама талаптарына сәйкес нысан мен мазмұны бойынша уәкілетті органдардың/тұлғалардың тиісті рәсімделген шешімдері (қаулылары) негізінде Шоттағы бар ақшаларға тыйым салуға. Шот бойынша шығын операцияларын тоқтатуға. Шоттағы ақшаларға тыйым салу немесе Шотты қолдануды шектеу туралы шешімді/қаулыны жою туралы уәкілетті органның тиісті құжаты Банкпен алынғаннан кейін Шот бойынша операцияны қайта бастауға;

        14. операцияларды тоқтатуға, егер клиенттің ақшалары және (немесе) мүліктері қылмыстық жолмен және терроризмді қаржыландырумен алынған табыстарды ресмилендіруге (жасыруға) қарсы әрекеттер туралы ҚР заңнамасына сәйкес танылатын қылмыстық жолмен және (немесе) терроризмді қаржыландырумен алынған табыстарды ресмилендіруге (жасыруға) байланысты болжауға негіздер бар болса;

        15. ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес және аясында ғана Клиенттің дербес деректерін жинауды және өңдеуді жүзеге асыруға;

        16. ҚР «Қылмыстық жолмен және терроризмді қаржыландырумен алынған табыстарды ресмилендіруге (жасыруға) қарсы әрекеттер туралы» Заң талаптарын Банкпен орындау мақсатында Клиентті сәйкестендіру үшін қажетті ақпараттар немесе құжаттар Клиентпен ұсынбаған жағдайда не болмаса ҚР «Қылмыстық жолмен және терроризмді қаржыландырумен алынған табыстарды ресмилендіруге (жасыруға) қарсы әрекеттер туралы» Заңына сәйкес танылатын, қылмыстық жолмен және (немесе) терроризмді қаржыландырумен алынған табыстарды ресмилендіруге (жасыруға) Клиенттің қатысы барлығы туралы Банкте негіз болған кезінде біржақты тәртіпте осы Келісім-шартты орындаудан бас тартуға;

        17. Клиенттың қосымша келісімінсіз Банк қызметтерін көрсету үшін қажетті құжаттар тізіміне өзгерістер енгізуге, егер бұл ҚР заңнамасына немесе Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес талап етілсе;

        18. Салымның орнатылған минималды мөлшерінен кем сомасы Шотта пайда болған жағдайда біржақты тәртіпте Салымды жабуға, Салымдағы қалдық ақшаны қолма-қол немесе қолма қол ақшасыз Клиентке қайтаруға, Шотты жабуға;

        19. Салымның жарамдылық мерзімін ұзарту және сыйақы мөлшерін көбейту жағдайында Салым бойынша Сыйақы мөлшерлемесін біржақты тәртіпте өзгертуге. Бұл ретте, Салымның осы түрі бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгерту туралы Банк таңдауы бойынша хабарландыру арқылы сыйақы мөлшерлемесінің жаңа мөлшерін қолдану күніне дейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен кешіктірмей Банк Салымшыға хабарлайды: Банктің Веб-сайты арқылы, көрсетілген http://www.qazaqbanki.kz/ электрондық мекен жайға электрондық хат, sms-хабарлама жіберіп немесе Банктің операциялық залдарында тиісті хабарландыру орналастыру арқылы;

        20. Банкпен ұтыс ойындар (акциялар) өткізу жағдайында ұтыс ойындарын (акцияларды) өткізу тәртібі мен процедураларын, жүлде қорларының сапалы және мөлшерлі құрамын, ұтыс ойындарында қатысу шарттарын, ұтыс ойындарының жеңімпаздарын жариялау тәртібі мен мерзімін, жүлделерді алу шарттарын және негіздерін, ұтыс ойындарын (акцияларды) өткізудің қажетті өзге де шарттарын, олардың кез-келген өзгерістері мен толықтыруларын өздігінен орнатады;

        21. «Депозит-кепілдеме» салым сомасы азайған жағдайда Банкте ашылған оның басқа Банк шоттарын тікелей дебеттеу арқылы бастапқы сомаға дейін шотты өздігінен толтыруға. Басқа шоттарда ақша болмаған кезінде Салымшыдан бастапқы сомаға дейін шотты толтыруды талап етуге;

        22. Салымшыға «Депозит-кепілдеме» салымының немесе кепіл Келім-шартының әрекет ету кезеңі бөлігінде барлық соманы мерзімінен бұрын талап етуден бас тартуға;

        23. Салымшыға «Депозит-кепілдеме» салымына қосымша жарналарды аударуға бас тартуға, егер салым сомасын өзгерту кепіл Келісім-шартында көзделмесе;

        24. ҚР заңнамасының ережелеріне және осы Келісім-шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

    1. Клиенттің құқықтары мен міндеттері

      1. Осы Шартқа қосыла отырып, Клиент:

        1. Шотты ашу, жүргізу және жабу, Шартпен қарастырылған операцияларды, оның ішінде ҚР заңнамасымен қарастырылған негізде және тәртіпте үшінші тұлғаларға барлық қажетті ақпаратты ұсынуға;

        2. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының, сондай-ақ валюталық реттеу туралы ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес Шот бойынша Клиентпен жүргізілетін операциялардың заңдылығы мен ресмилігін растайтын құжаттарды оның талабы бойынша Банкке ұсынуға;

        3. ҚР заңнамасына, Банктің ішкі нормативтік құжаттары және осы Шартқа сәйкес тиісті түрдегідей рәсімделген құжаттарды ұсына отырып, ҚР заңнамасына қайшы келмейтін Шот бойынша операциялардың жүзеге асырылуы туралы жазбаша нұсқауларды Банкке беруге;

        4. сенімхат негізінде Шотқа иелік етуге уәкілетті тұлғалардың ауыстырылуы немесе сенімхаттың мерзімінен бұрын күшін жою жағдайында 1 (бір) жұмыс күні ішінде аталмыш тұлғаның Банкке келіп, жеке хабарландыруға. Кері жағдайда Банк сенімхат негізінде Шотқа иелік етуге уәкілетті тұлғалардың әрекеттері үшін жауапкершілікке ие болмайды;

        5. осы Шартпен қарастырылған тәртіпте, сондай-ақ Банктен сәйкес талапты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Шоттар бойынша операцияларды іске асыру/Банктік қызметтерді алу сәтінен бастап қолданыстағы Банк Тарифтеріне сәйкес Банктік қызметтердің төлемін жасауға;

        6. келесілер орын алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қажетті растаушы құжаттарды қосымшалай отырып, өз деректемелеріндегі, сондай-ақ Банкке ұсынылған құжаттардағы барлық өзгерістер туралы анық және толық ақпаратты жазбаша түрде Банкке ұсынуға:

1) тұрақты мекенжайының, байланыс телефонының өзгеруі, осы Шарттың жеке данасының түпнұсқасының жоғалуы;

2) мұндай өзгерістерді растайтын құжаттардың түпнұсқаларын ұсына отырып, жеке басты куәландыратын құжаттардың, тегінің (есімінің) өзгеруі;

3) жеке басты куәландыратын құжаттардың жоғалуы, ұрлануы.

Жеке басты куәландыратын құжаттардың жоғалуы/ұрлануы туралы хабарландырмау жағдайында Банк Клиент Шоты бойынша операцияларды жүзеге асыруға бағытталған үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілікке ие болмайды.



        1. хабарламада өзінің төлемдік тапсырмасының деректемелерін және анықталған қате деректемелерін көрсете отырып 1 (бір) жұмыс күні ішінде Шот (оның ішінде орындалған төлем тапсырмалары) бойынша қате іске асырылған операциялар туралы, Шоттан жасалынған заңсыз төлемдер туралы Банкті жазбаша хабарландыруға;

        2. Шотқа ақшалардың қате қабылдануы (аударылуы) жағдайында Шот бойынша көшірменің немесе Банктің сәйкес жазбаша талабын алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Банкке Шотқа қате аударылған ақшаны қайтаруға;

        3. Төлем құжаттарының деректемелерінің дұрыс емес көрсетілгендігі үшін өзіне тәуекелдер мен жауапкершілікті қабылдауға;

        4. Банктен барлық алынған хат алмасуларды (Шоттар бойынша көшірмелерді және/немесе кез-келген өзге ақпаратты), Банктің Клиент тапсырмаларын орындау дұрыстығын тексеруге және хат алмасуды алу сәтінен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде тапсырмалардың қандай да бір қателерінің және/немесе тиісті түрдегідей емес орындалуының анықталуы, сондай-ақ үшінші тұлғалар Шоттарына қате аударылған сомаларды және/немесе оның Шотына қате аударылған сомалар туралы ақпараттандыруға.

        5. Банктің филиалдары/бөлімшелерінен, сондай-ақ Банктің Веб-сайтынан сыйақы мөлшерлемелерінің, осы Шарт талаптарының және Банк Тарифтерінің өзгеруі туралы өздігімен білуге;

        6. Арнайы шот бойынша: Арнайы шотты мемлекеттік бюджеттен және/немесе МӘСҚ төленетін жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді аудару мақсаттарында ғана жәрдемақылар/әлеуметтік төлемдер үшін Арнайы шотты қолдануға;

        7. осы Шарттың есептік-кассалық операцияларын іске асыру тәртібін реттейтін ҚР ҰБ нормативтік құқықтық актілерін, ҚР заңнама талаптарын орындауға;

        8. ҚР заңнамасына сәйкес Шот бойынша операцияларды жүргізуге;

        9. Шоттан 3 000 000 (үш миллионнан) астам сомада ақшаларды алу немесе Шотты мерзімінен бұрын бұзу жағдайында Банкті операциялардың жасалынуының болжанған күніне дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын хабарландыруға;

        10. Өтінішке қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде Өтініште көрсетілгеннен кем емес көлемде қолма-қол немесе ақшасыз тәсілмен ақшаларды жинақ шотына салуға;

        11. Салымның әрекет етуінің барлық мерзімі ішінде Өтінішпен қарастырылған Салымның төмендетілмеген сомасы туралы шартты қадағалауға;

        12. Шоттың бұзылуы жағдайында, егер Шоттағы ақшалар Банкке комиссияны төлеу үшін жеткіліксіз жағдайда Шотқа қолма-қол немесе ақшалай емес аударым көмегімен жеткіліксіз соманы төлеуге;

        13. Шотқа, үшінші тұлғалардың Шот деректемелеріне өтпелі қызмет көрсету қолжетімділік кодын жариялау жағдайында үшінші тұлғалар тарапынан өз Шотындағы ақша қаражаттарымен заңсыз әрекеттердің жасалыну тәуекелін өзіне қабылдауға;

        14. өзінің кәсіпкерлік қызметімен, нотариалдық қызметпен, адвокаттық қызметпен, атқарушылық құжаттарды орындау қызметімен, медиация тәртібінде дауларды реттеу қызметімен байланысты шығыс/кіріс операцияларын жасамауға, сондай-ақ, егер келесідегідей аударым өзінің кәсіпкерлік қызметімен, нотариалдық қызметпен, адвокаттық қызметпен, атқарушылық құжаттарды орындау қызметімен, медиация тәртібінде дауларды реттеу қызметімен байланысты болатын болса, Шотқа ақшалардың үшінші тұлғалармен аударылу жағдайларына шектеу жасауға. Заңды тұлғаны құрмастан кәсіпкерлік қызметпен, нотариалдық қызметпен, адвокаттық қызметпен, атқарушылық құжаттарды орындау қызметі, медиация тәртібінде дауларды реттеу қызметімен айналысатын жеке тұлғаларды салықтық есепке алу, тіркеу сұрақтарын реттейтін ҚР заңнамасының талаптарын бұзу және осы міндетті орындамағандығы үшін Клиен ҚР заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке ие;

        15. ҚР заңнамасына және осы Шартқа сәйкес өзге міндеттерді орындауға міндетті.




      1. Клиент:

        1. Клиенттің Шотын жүргізу кезінде Банкпен көрсетілетін қызметтердің толық кешенін алуға;

        2. Шоттың жағдайы туралы ақпаратты Банктен алуға;

        3. Банктің бекітілген операциялық күні ішінде Шот бойынша операцияларды іске асыруға;

        4. Ақшасыз конвертациялауды жүргізу күнінен Банкпен бекітілген сәйкес валютаны сатып алу/сату ақшасыз бағамы бойынша өз валюталарға Шоттағы ақшасыз конвертациялауды іске асыруға;

        5. Болжанған бұзу күніне дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде міндетті тәртіпте бұл туралы Банкті ескерте отырып, Салымды мерзімінен бұрын бұзуға;

        6. Салым шарттарына сәйкес Салымды және есептелген Сыйлықақыны алуға;

        7. Ақшалай секілді, ақшалай емес тәртіпте қосымша жарналарды Шотқа салуға;

        8. Егер өзгесі Өтініш шарттарымен қарастырылмаса, Өтініште көрсетілген Салымның минималды сомасы құрылғанға дейін Шоттан ішінара бөлуді іске асырады;

        9. ҚР заңнамасымен бекітілген мүмкіндіктер шектеулерде 14 (он төрт) жасқа жетуіне қарай Салымды жұмсауға. 14 (он төрт) жасқа жетпеген Салымшының атына заңды өкілмен салынған салымды Салымшының заңды өкілдері (ата-аналары, асырап алушылары, асыраушылары), 14 (он төрт) жасқа жеткеннен кейін – Салымшы жұмсайды;

        10. ҚР заңнамасының және осы Шарттың ережелеріне сәйкес өзге құқықтарды іске асыруға құқылы.


4 тарау. Тараптардың жауапкершілігі


    1. Осы Шарттың талаптарының бұзылуы жағдайында Тараптар ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке ие. Осыған қоса Банк жауапкершілігі келтірілген тікелей залал сомасымен шектеледі.

    2. Банк ҚР Заңнамасымен және осы Шартпен қарастырылған тәртіпте оның келісімінсіз Клиенттің Шотынан ақшаларды алу жағдайында осы Шарт бойынша өзіне қабылданған міндеттемелерді орындамағандығы үшін жауапкершілікке ие болмайды.

    3. Клиент Шотқа қате есептелген ақшаларды қайтармағандығы/уақыттылы емес қайтарғандығы үшін, сондай-ақ ҚР Заңнамасына сәйкес осы Шартпен анықталған өзге өзінің міндеттерін орындамағандығы және/немесе тиісті түрдегідей емес орындағандығы үшін жауапкершілікке ие.

    4. Банк электр қуатының ажыратылуы, байланыс желілерінің бүлінуі нәтижесінде туындаған Шот бойынша төлемдерді орындамағандығы немесе орындау кідірісі үшін, сондай-ақ Клиенттің анық емес, толық емес немесе дәл емес нұсқаулықтарының салдарынан туындаған қателер, дұрыс емес түсіндірулер және т.б. үшін, осы Шарттың талаптарын және ҚР нормативтік құқықтық актілер талаптарын Клиенттің бұзғандығы және Банкке тәуелді емес өзге себептер бойынша бұзғандығы үшін жауапкершілікке ие емес.

    5. Банк, егер Банкке келесі факті туралы белгісіз болса, Клиенттің сенімхатының жедел қайтарып алу/өлімі жағдайында Сенімді тұлғаға Шоттан ақшалар сомасын сенімхат бойынша беру үшін жауапкершілікке ие емес.

    6. Банк, егер Клиент Шоты бойынша операциялар ҚР ҰБ Қазақстандық банкаралық есептер орталығының және есептесу операцияларға қатысатын банк-коррреспонденттерінің кінәсінен кідірсе, Клиент алдында жауапкершілікке ие болмайды.

    7. Тараптар, егер келесілер өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, электр қуатын беру бұзушылықтарының, Тараптардың кез-келгенінің орындауы үшін міндетті мемлекеттік органдардың және ҚР ҰБ шешімдерінің, Тараптардың бақылауынан тыс орналасқан өзге міндеттемелерді және заңнама өзгерістерінің, еңсерілмес күш жағдайларының (форс-мажор) ішінара немесе толық орындамауы үшін жауапкершіліктен босатылады.

    8. Хабарламалары бұқаралық ақпарат құралдарынан анықталатын, жалпыға белгілі сипатқа ие еңсерілмес күш жағдайлары қосымша дәлелдемелерді немесе хабарламаларды талап етпейді. Еңсерілмес күштің барлық өзге міндеттемелері қатынасында дәлелдемелер мүдделі Тараппен ұсынылады. Осыған қоса, құзыретті мемлекеттік органмен берілген куәлік еңсерілмес күш жағдайларының бар екендігін және ұзақтығын жеткілікті растауы болып табылады. Еңсерілмес күш жағдайларының әрекет етуінің тоқтатылуынан кейін сәйкес Тарап Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жаңартуы тиіс. Егер еңсерілмес күш жағдайы басталғаннан кейін бір айдан астам уақытқа созылатын болса, Тараптар өзара келісім бойынша Шарттың әрекет етуінің тоқтатуға құқылы. Осыған қоса мүдделі Тарап бұл туралы екінші Тарапты осы тоқтатылу күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын мерзімнен кеш емес жазбаша хабарландырады.

    9. Банк құпиялық Клиенттің кінәсінен бұзылса немесе құпия ақпарат болса, немесе өзге қайнарлардан үшінші тұлғаларға белгілі болса, жауапкершілікке ие болмайды.

    10. Тараптар ҚР заңнамасының және осы Шарттың ережелеріне сәйкес осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағандығы және/немесе тиісті түрдегідей емес орындалуы үшін жауапкершілікке ие.


5 тарау. Қорытынды ережелер


    1. Осы Шарттан туындайтын барлық дауларды Тараптар келіссөздер арқылы біріккен келісім бойынша реттеуге тырысатын болады.

    2. Келіссөздер арқылы Тараптардың ортақ келісімі бойынша дауларды реттеу мүмкінсіздігі жағдайында тараптар осы Шартты бекіту орны бойынша соттың қарастырылуына тапсырылады және ҚР заңнамасына сәйкес қарастырылуы тиіс.

    3. Бұл Шарт Тараптармен Өтінішке қол қойылу күнінен бастап күшіне енеді және барлық Шоттардың жабылуына дейін әрекет етеді.

    4. Осы Шартқа және/немесе Тарифтерге өзгерістер және/немесе толықтырулар Клиент өздігімен танысуы тиіс жаңа Шартты және Тарифтерді Банктің ресми www.qazaqbanki.kz Интернет-сайтында және Банктің барлық Филиалдары/СПФ орналастыру арқылы аталмыш өзгерістер және/немесе толықтырулардың енгізу күніне дейін 14 (он төрт) күнтізбелік күн бұрын бұл туралы Клиентті ақпараттандыра отырып, енгізіледі. Енгізілетін өзгерістермен келіспеушілік жағдайында Клиент өзгерістер күшіне енгізілгенге дейін Шарттың бұзылуы туралы өтінішті беру арқылы Банкті бұл туралы жазбаша ақпараттандыра отырып, осы Шартты бұзу құқығына ие. Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны Банктің алмауы немесе Клиенттің жазбаша хабарламаны алуы, алайда ҚР заңнамасымен қарастырылған жағдайларда шотты жабу мүмкінсіздігі жағдайында Тараптар Шарт пен Тарифтерге енгізілген өзгерістердің Клиентпен акцепттелген ретінде мойындалатындығына және күшіне енетіндігіне келіседі.

    5. Клиент және кез-келген өзге қосылған Тарап Шартқа енгізілген өзгерістермен танысуға міндетті; Шартқа енгізілген жаңа өзгерістер туралы білмеу Клиентті немесе өзге қосылған Тарапты Шартты орындау міндеттемесімен және жауапкершіліктен босатпайды.

    6. Клиент осы Шартқа қол қою сәтінде Банктің қолданыстағы Тарифтерімен танысқандығын және келісетіндігін растайды.

    7. Шарт өзгерістер мен толықтыруларды енгізу осы Шартқа/Өтінішке қосымша келісіммен рәсімделетін, Шот бойынша дербес шарттарды анықтау жағдайларынан өзге, Шарттың 5.4-т. сәйкес Банкпен жүзеге асырылады.

    8. Осы Шартқа қол қоя отырып, Клиент Банкке келесілерге келісімін береді:

5.8.1. Банктің қарауына қарай Клиентпен көрсетілген ұялы телефон нөміріне және/немесе электронды пошта мекенжайына СМС-хабарламаларды жөнелту арқылы банк қызметтері және өнімдері туралы Клиентті ақпараттандыруға.

5.8.2. Шарт бойынша құпия, оның ішінде банктік құпиядан тұратын ақпараттың Банкпен жариялануы:

- ҚР заңнамасы негіздерінде және сәйкестілікте Банк қызметін тексеруді жүзеге асыратын тұлғаларға;

осы Шарттың талаптарымен қарастырылған шотты тікелей дебеттеуге өз құқығын Банктің іске асыруы кезінде банкке (банктерге) (банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын мекемеге (мекемелерге);



  • осы Шарт бойынша өз құқықтарын және/немесе міндеттемелерден Банктің толық немесе ішінара шегінуі жағдайында;

- мәні Банктен алынған/алынатын ақпараттарды үшінші тұлғаларға жарияламау туралы міндеттемерді контрагентпен (-термен) қабылдау болып табылатын Банктың мұндай тұлғамен (-лармен) келісімді (-дерді) беуіту шарттарында контрагентке (-терге).

    1. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР 2013 жылдың 21 мамырдағы № № 94-V Заңына және ҚР өзге заңнамалық актілеріне сәйкес Клиент/Тексерілген тұлға/заңды өкіл осы арқылы Банкке шартсыз келісімді ұсынады:

1) Тараптар арасындағы азаматтық-құқықтық және/немесе өзге қатынастар аясында және/немесе оның қызметі барысында Банкке белгілі болатын немесе белгілі болған электронды, қағаз және (немесе) өзге материалдық тасымалдағыштағы бекітілген ақпарттар және барлық мәліметтер, деректер секілді өзінің дербес деректерін ҚР кез-келген заңнамасымен рұқсат етілгендей жинауға, өңдеуге, сақтауға (оның ішінде трансшекаралық табыстауға) және қолдануға. Банк дербес деректер және оларды қорғау туралы Заңға және/немесе Тараптар арасында бекітілген/бекітілетін шарттарға сәйкес және аясында ғана Клиенттің дербес деректерін жинауды және өңдеуді іске асыруға құқылы;

2) шартты бекіту және орындау, оның ішінде Клиентті сәйкестендіру мақсаттарында алынған Клиенттің суретін (фотосуретін және видеожазбаларды) қолдануға.



    1. Клиент Банктің дербес деректер және оларды қорғау туралы Заңның талаптарын және/немесе Тараптармен қол жеткізілген келісімділікті қадағалау шарттарында дербес деректерді жинау және өңдеуге қатысты Банкке қандай да бір шағымдарға ие еместігін және бұдан әрі ие болмайтындығын растайды. Осыған қоса, Клиентке Заңға сәйкес Клиент немесе оның заңды өкілі, егер бұл кері қайтару Заңға қайшы болу немесе Банк алдында Клиентпен орындалмаған міндеттердің болуы жағдайларында осы келісімді кері қайтарып алу құқығына ие еместігі туралы белгілі.

    2. Осы арқылы Клиент, қажеттілігіне қарай дербес деректер немесе дербес деректерден тұратын құжаттар қосымша келісімді алмастан Банкпен келесілердің негізінде берілу мүмкіндігіне ие екендігін мойындайды және растайды: осы Шарт бойынша талап ету құқықтарын ақылы/ақысыз кері қайтару нәтижесінде осы Шарт және Банк және Клиент арасында бекітілген өзге шарттар; дербес деректер және оларды қорғау туралы Заң; Банк қатынасында жүргізілетін аудит аясында аудиторларға, Банктің кеңесшілеріне, коллекторлық компанияларға.

    3. Егер осы Шарттың бөлімдерінің бірінің ҚР заңнамасымен бекітілген тәртіпте жарамсыз болып мойындалса, онда бұл факті тұтасымен алғанда және/немесе оны жеке бөлімдерінің жарамсыз деп автоматты түрде мойындалуына алып келмейді.

    4. Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде құрылған.

    5. Шарттың ережелерімен реттелмеген өзге сұрақтар ҚР заңнамасының нормаларына сәйкес шешіледі.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет