Белое селолық округінің әкімінің 2014 жылдағы атқарылған жұмыстары бойынша есебі



жүктеу 50.5 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі50.5 Kb.

Белое селолық округінің әкімінің 2014 жылдағы

атқарылған жұмыстары бойынша есебі

Округті 4 елді-мекен: Белое, Жаңа-Жол, Қойтас, Қараөткел ауылдары құрайды.Тұратын халықтың саны жыл басында 1411 адам болса, жыл соңына 1389 (Белое -874, Жаңа-Жол-215, Қараөткел-173, Қойтас-127) адаммен шектелді. Соның ішінде 1111 қазақ, 143 орыс, 135 адам басқа ұлт өкілдерін құрайды. Барлығы округте 158 зейнеткер, 36 мүгедек жандар, 29 тылдағы еңбек еткендер, 12 көп балалы отбасы, 10»Алтын алқа», 14«Күміс алқа» иегерлері, 8 атаулы әлеуметтік көмек алушы, балаларға арналған жәрдемақы тағайындалған 28 отбасы тіркелген.

Өндіріс саласында негізгі кәсіпорын –«Сатпаев кен-байыту кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Кәсіпорын ильмениттік кен қазбаларды өңдеумен айналысады. Округ бойынша 40-қа жуық адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын инвестиция тарту, бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру бойынша алдыңғы қатардағы жұмыс орны.

Округтің экономикалық басты саласы –ауыл шаруашылығы. Бұл сала негізінен шаруа қожалықтарынан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден және тұрғындардың жеке меншік шаруашылықтарынан құралған. Округ бойынша 41 шаруа қожалығы, 3 серіктестік бар. Ауыл шаруашылығын жүргізуге жарамды жердің көлемі -50276 га, соның ішінде шабындық -4661 га, жайылым -35368 га, егістік – 12500 га.2014 жылы округ бойынша 6845 га жерге дәнді дақылдар, 3219 га жерге күнбағыс , 2160 га жерге азық дақылдары егілді. Мал шаруашылығын дамытумен 13 шаруа қожалығы айналысады, солардың ішіндегі ірілері«Қараөткел» ШҚ – Қ.Закарьянов, «АДАЛ» ШҚ - З.Құмарова. Сондай-ақ округте мал сою алаңы, мал қорымы бар.Тұрғындардың үй маңындағы қосалқы шаруашылықтарындағы және шаруақожалықтарындағы мал басын қосқанда , округте барлығы 3214 ірі қара, 8078 ұсақ мал, 891 жылқы, 108 шошқа мал, 8732 үй құстары тіркелген.

2014 жылы топалаң ауруына қарсы 3000 ірі қара, 5600 бас ұсақ мал , 700 бас жылқы, 60 бас шошқа , ауызсу ауруына 5400 ірі қара, 9400 бас ұсақ мал екі қайтара егілді. Сарып ауруына 4350 ірі қара, 4500 ұсақ мал, 5 бас жылқы, 15 бас шошқа, 30 бас ит тексеруден өтіп, оң нәтиже ірі қараның ішінде -29 бас, ұсақ малдан 14 бас анықталып, талаптарға сай ауру малдардың көзі жойылды. 2014 жылы 40 мың теңге бөлініп, 25 қаңғыбас ит жойылды.

Белое селолық округінде халыққа қажетті күнделікті тұтыну тауарларымен, дәрі- дәрмекпен қамтамасыз етуде 6 сауда орыны, 1 дәріхана, май сығу цехі қызмет етеді. Жеке кәсіпкерлермен күнделікті тұтынатын азық –түлік тауарларына 10 пайыздан аспайтын үстеме ақы қосу жөнінде 6 меморандумға қол қойылды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі арқылы 2014 жылға 37 шаруа қожалығы, жеке кәсіпкерлермен барлығы 15млн. теңгеден аса көлемде меморандум жасалып,100 пайыз орындалды. Осы келісімдер арқылы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі де оңды шешімін тапты.

Сонымен бірге округ облысымызда және ауданымызда өткізілген ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне көппен бірге ат салысып, округте өндірілетін тауарларды халыққа арзандатылған бағамен ұсынды. Жас кәсіпкер А.Рапеков бал арасын өсіру үшін өз ісін ашып, алғашқы өнімін тұрғындарға ұсынып, жәрмеңкелердің белсенді қатысушыларының қатарынан орын алды. «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 1 адамға 1,5 млн.теңге несие берілді.

Округ бойынша жиналған салықтың мөлшері - 1 114 033теңге, соның ішінде мүлік салығы – 16 408 т , жер салығы - 74 995 т , көлік салығы – 682 750 т,қосымша түсім –339880 теңгені құрады , соның ішінде жер сатудан 188 999т (Хасенов М-141 999т, Даутова М -48 000т), көлік салығы -150 881т.

2014 жыл ішінде барлығы 40 713 288 теңге инвестиция тартылып, статистика басқармасына тиісті есептер тапсырылды. Бұлар: асыл тұқымды бұқа, ауылшаруашылық техникаларын алу.Берілген жоспар 32 000 000 т (орындалуы -127%)

Көктемгі су тасқыны қаупін алдын-алу мақсатымен Қараөткел-Бастаушы бағытындағы автотрассаға 15-17 рейс КАМАЗ көлігімен тас құм төгілді.Шілде айында осы жолды грейдермен тегістеу жұмысы жүргізілді. Азамат Қ.Закирьянов ауылдағы қабірді өз қаражатына қоршады. Жұмсалған қаражат -500 000теңге. 2014 жылы Қараөткел ауылында мал қамайтын қоршау салынды.Қойтас ауылындағы көктемгі су тасқыны кезінде ауылдағы су өтетін көпірдің жанын бекіту жұмыстарын жүргізу үшін, «Сатпаев кен-байыту кәсіпорны» ЖШС-і 50 тонна тас құм жеткізді.

«Бектемір» су қоймасын «Шығыс су қоймалары» КММ-нің теңгеріміне беру жұмыстары аяқталды. Белое ауылындағы Новая көшесіне тасқұм төгіліп, тегістеу жұмыстары жүрді. Белое ауылының орталық көшесін жарықтандыруға республикалық бюджеттің 2013 жылында қаражаттандыру қарастырылып, ауылдардың инфрақұрылымын дамыту аясында жарықтандыру жұмыстарына, округке 1 млн. 113 мың теңге бөлінді, бұл қаражат 9 шам бағандарын қоюға жетті. Ағымдағы жылы 1 308 000 теңге бюджеттен қарастырылып, қосымша 10 баған орнатылады.

2014 жылды жұмыспен қамту орталығына 13 адам өтініш берді, соның ішінде 9-ы жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмыстарға 11 адам тартылды. Кәсіптік оқудан 3 адам өтті. Округ бойынша барлығы 32 жұмыс орны құрылды.894 жұмысқа жарамды адамдар, соның ішінде ауыл шаруашылығында 236, бюджеттік салада 110, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарда 548 адам есепте тұр. Көктемгі –күздік жұмыс кезінде шаруа қожалықтары мен серіктестіктерге 75адам тартылды. Барлық ауылдарда адамдардың жеке меншік малдарын жаю жұмыстары ұйымдастырылды.

Округте 1 орта ,1 негізгі, 1 бастауыш мектеп, 1 ФАП, 3 медициналық пункт, 2 кітапхана, 3 ауылдық клуб үйі, пошта бөлімшесі, учаскелік полиция пункті тіркелген.Округтегі«Октябрь мектеп-балабақша кешені»КММ, «Қараөткел негізгі мектебі»КММ, «Жаңа-Жол шағын компектілі бастауыш мектебі» КММ білім орындарында 173 оқушы, бала-бақшамен 47 сәби қамтылған. Октябрь мектебі жанында 47 баланы қабылдауға арналған бала –бақша ашылған, онда мектепке дейінгі дайындықтан өткізу топтары жұмыс істейді. Сондай-ақ «Октябрь мектеп-балабақша кешені»КММ-де 11 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. ҰБТ көрсеткіші 2014 жыл -86 баллды көрсетіп, 1 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды.

Денсаулықты сақтау саласында 1 фельдшерлік –акушерлік пункті, 3 медициналық пунктері қызмет етеді. 2014 жылы барлығы 272 адам флюорографиялық тексеруден, 227 адам профилактикалық тексеруден (скрининг) өтті.Туберкулез, бруцеллез ауруына анықталғандар жоқ. Демографиялық жағдай: өлу -18 адам, туу -6 адам, көшу -12 адам, көшіп келу -15 адамды құрады.

Мәдени салада 3 ауылдық клуб, 2 кітапхана жұмыс істейді. Бұл кітапханаларда 540 кітап- оқушы тіркелген.Барлық мәдени шаралар шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен өткізіледі. «Мектепке-жол» акциясы аясында округтегі қалталы азаматтардың демеушілігімен 155 мың теңге көлемінде, 31 жуық оқушыға тегін мектеп құралдары, киімдер үлестірілді.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында округімізде волейбол, футбол, күрес секциялары жұмыс істейді. Оларға қатысушылар аудандық, облыстық жарыстардан жүлделі орындармен оралып жүр.

Құқық бұзушылықтың алдын алудың және қылмысқа қарсы күрес бағдарламасын іске асыруда учаскелік инспектордың (Р.У Қалелов) берген мәліметі бойынша 2014 жылы барлығы 14 тәртіп бұзушылық, соның ішінде, 8 ұрлық, 5 ұсақ тәртіп бұзушылық, 1 тонау тіркелді. Төлқұжат режимін бұзғаны үшін 4 факті анықталды. Жолдағы тәртіп бұзушылық бойынша 16 хаттама толтырылды.



Округ аппаратының жанынан құрылған әйелдер кеңесі, ақсақалдар алқасы, учаскелік комиссия, қоғамдағы келеңсіз жағдайлардың алдын-алу, тұрмысы нашар отбасыларына көмек беру сияқты мәселелерді шешуге белсенді араласып отыр.

  1. ға қойған мақсаттар мен орындалуға тиісті іс-шаралар

-Ұлы жеңістің 70 жылдығын мерекелеуді ұйымдастыру,ҰОС арналған ескерткіштің жанына кертпе тас төсеу, көріктендіру жұмыстарын жүргізу

  • жұмыссыздық мәселесі және күн көрісі төмен отбасыларының жағдайын жақсарту:

  • округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштерін жақсарту

  • ауылдарды көркейту мен санитарлық тазалау

  • жарықтандыру жұмыстарын ары қарай жандандыру

  • Қысқы мерзімде ауылдардың жолдарын қардан тазарту



Белое селолық округі әкімі М. Жанкебаев


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет