Берда3 атында2ы №ара3алпа3 мемлекеттёк



жүктеу 1.52 Mb.
бет11/13
Дата01.09.2018
өлшемі1.52 Mb.
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. А. Ысқақов. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология Алматы, 1oo2ж

2. Ә. Төлеуов. Сөз таптары. Алматы 1oo0ж.

3. Хасенов А. Етiстiктiң лексика-грамматикалық сипаты. Алматы

4. Иcаев С. Қазiргi қазақ тiлiндегi негiзгi грамматикалық ұғымдар. Алматы.1oo2ж.

69

тер деген екi салаға бөлiнедi.



Есiм негiзгi етiстiктерге етiстiктерден өзге сөз таптарынан жасалатын етiстiктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбiнесе зат есмнен, сын есiмнен, :стеуден, елiктеуiш сөзден, әредiк одағайдан жасалады.

Есiмдерден етiстiк тудыратын жұрнақтар мыналар:

1. -ла, -ле, -да, -де, -та, -те жұрнағы арқылы дене м:шелерi атауларынан көп етiстiк жасалады: төбеле, өкпеле.

2. -лан, -дан, -тан жұрнағы -ла және -н қосымшаларынан пайда болған құранды қосымша. Осы себептен бұл жұрнақ алды-алдына жұмсалып, жеке-жеке қосымша ретiнде қызмет етiп, сараланатын бастапқы-ла жұрнағы және өздiк я ырықсыз етiс тұлғасын жасайтын-н жұрнағы тiркесiмен т:рлес те, азды көптi мағыналас та келедi.

3. -а, -е жұрнағы -көне қосымшаның бiрi. Әуелгi баста есiм сөздi етiстiкке айналдыратын өнiмдi қосымша болғанымен, бiрте-бiрте кнеленiп тек бұрынғы кезде жалғанған сөздерiнiң аясында ғана қалып қойған. Мысалы: ата, аса, өрте, тiле, т.б.

4. -ырай, -iрей жұрнағы-әуелгi -ыр және -ай формаларынан құралған көне қосымша. Бұл жұрнақ көбiнесе сын есiмдерге, бейнелеуiш сөздерге жалғанып, олардан сыртқы, iшкi бейне, кескiн, келбет, м:сiн тәрiздi көрiнiстер мен құбылыстарды бiлдiретiн туынды етiстiк жасайды. Мысалы: кiшiрей, тiкiрей, бақырай.

Қазақ тiлiнде кемi екi я одан да көп компоненттерден құралып, сөйлеу тiлiнде де, жазба тiлде де бiрдей қолданыла беретiн етiстiк тiркестерi мен етiстiктi тiркестер тiптi көп. Мысалы: жәрдем ет, көмек көрсете көр, жәрдем беретiн бол, қол ұшын жалғап жiбере ғой, ала келсе игi едi, лақтырып тастай салғысы келiп отыр екен. Құрамы мен құрылысы жағынан әр т:рлi бола тұрса да осындай есiмдi тiркестер мен етiстiктi тiркестердiң бәрi де қазақ тiлiнде бiр категория ретiнде қаралып к:рделi етiстiк деген терминмен аталып ж:р. Осы к:нгi к:рделi етiстiктер әуелгi жай тiркестерден туған.

К:рделi етiстiктердiң т:рлерi және олардың қысқаша сипаттамалары мынадай :

1. ....жәрдем ет, ән сал .... деген к:рделi етiстiктер (есiм мен көмекшi етiстiк) тек семантика жағынан ғана емес, к:рделi етiстiктiң грамматикалануына таяныш болады (жәрдем етедi, жәрдем еттi, жәрдем етсе игi едi, жәрдем еткен адам т.б.) Бұл :лгi бойынша жасалатын к:рделi етiстiктiң лексикалық мағынасына бiрiншi компонент (есiм) негiз болса, екiншi компонент сол есiм сөздi етiстiкке айналдыратын дәнекер есебiнде қызмет етедi, бiрақ көмекшi етiстiк қызмет жағынан жұрнаққа ұқсас болғанымен, формасы мен мағынасы жағынан ешуақытта да онымен тең

68

сөздер мен елiктеу сөздерге бөлiнедi.



Сонымен жоғарыдағылардың бәрiн жинақтай келгенде, қазiргi қазақ тiлiндегi сөздер мынадай o топқа бөлiнедi.

1. Зат есiм. y. :стеу.

2. Сын есiм. u. Елiктеу сөз.

3. Сан есiм. i. Көмекшi (шылау) сөз.

4. Есiмдiк. o. Одағай.

5. Етiстiк.



Сұрақтар мен тапсырмалар:


1. Қазақ тiлiндегi барлық сөздер неше топқа бөлiнедi 

2. Атаушы сөздер дегенiмiз не 

3. Көмекшi сөздерге қандай сөздер жатады 

4. Одағай сөздерге жалпы сипаттама берiң .

5. Сөз таптарын топтастырудың принциптерi қандай 
Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. А.Ысқақов Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. Алматы, Ана тiлi. 1oo2ж.

2. С.Исаев Қазiргi қазақ тiлiндегi негiзгi грамматикалық ұғымдар.

Алматы, 1oouж.

3. Данияров.А. Қазiргi қазақ тiлiнде көптiк категориясының берiлу жолдары, Тiл және әдебиет мәселелерi, 1oy3 ж

4. Төлеуов Ә. Қазақ тiлiнде зат есiм мен сын есiм тудыратын жұрнақтар. Алматы, 1ouoж

5. Маманов И. Қазiргi қазақ тiлi, Алматы, 1oi5ж.

ЗАТ ЕСIМ, МОРФОЛОГИЯЛЫҚ, СИНТАКСИСТIК


СИПАТЫ

Ж О С П А Р Ы :


1. Зат есiмнiң лексика-грамматикалық сипаты.

2. Зат есiмнiң морфологиялық құрамы.

3. Зат есiмнiң жасалу тәсiлдерi.

4. Зат есiмнiң синтаксистiк қызметi.

5. Көмекшi есiмдер.
Тiрек сөздер: табиғат атаулары мен қоғамдық болмысқа қойылған атаулар зат есiм деп аталады. Мысалы: тау, ағаш, кiтап, қалам т.б. зат есiмнiң мағыналық топтары: адамзат, ғаламзат есiмдер, жалпы

37

есiм мен жалқы есiм, деректi және дерексiз есiмдеп, дара мәндi ,көптiк мәндi есiмдер, зат есiмнiң синтаксистiк қызметi негiзiнен сөйлемде бастауыш пен толықтауыш болу.


Зат деген ұғым к:нделiктi өмiрде кездесетiн әдеттегi жай нәрселердi ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмiрдегi ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен оқиғаларды, ұғымдарм ен т:сiнiктердi де қамтиды. Мысалы~ құс, тас, су, адам, қол, бас деген сөздермен қатар жаңбыр, найзағай, ж:рiс, сайлау,ақыл,сана деген сөздер де зат есiмге жатады.

Белгiлi затқа, нәрсеге, табиғат құбылысы мен қоғамдық болмысқа қойылған атаулар зат есiм деп аталады. Зат есiмдер лексика-семантикалық сипаттарына қарай сөйлемдегi өзге сөздермен еркiн қарым-қатынасқа т:сетiндiктен , сол қатныастарға аса қажеттi көптiк, тәуелдiк, септiк және жiктiк жалғауларын қабылдап т:рленiп отырады, екiншiден зат есiмнiң сөз тудыратын және т:рлендiретiн арнаулы жұрнақтары бар. Зат есiмдердiң қай-қайсысы болсын заттық ұғымды бiлдiретiндiктен олар негiзiнен алғанда бiркелкi болғандарымен iштей нақтылық және абстрактiлiк, жалпылық және жалқылық, жекелiк және топтық сияқты семантикалық категорияларды да қамтиды. Мысалы: ағаш, темiр, с:т, ш:берек тәрiздi сөздер әдетте көзбен көрiп, қолмен ұстап тануға боларлықтай нақтылы деректi заттармен байланысты ұғымдарды бiлдiрсе ақыл, сана, ой, адамгершiлiк, зұлымдық, пiкiр секiлдi сөздер ойлау, топшылау қабiлеттерi арқылы танылатын дерексiз заттармен байланысты ұғымдарды бiлдiредi. Дерексiз заттық ұғымдардың аттары деректi заттық ұғымдардан кейiн шыққан және сол нақтылы ұғымдардың негiзiнде туған.

Зат есiмдердi iштей әлденеше топқа бөлуге болады. Тiлiмiзде зат есiмдердi семантикалық және грамматикалық сипаты жағынан талдап қарасақ, олардың бiр саласы адам атаулары, екiншiсi адамнан өзге жан-жануарлар мен заттардың атаулары болып келедi. Осы ааталған екi топтың бiрiншiсiне қатысты сөздердiң бәрi тек кiм деген сұраққа жауап берсе, екiншiсiне қатысты сөздердi бәрi тек не  деген сұраққа жауап бередi.

Кiм  деген грамматикалық сұраққа жауап беретiн зат есiмдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды, туыс атауларын, iс-әрекет пен кәсiп-мамандық иелерiнiң атауларын, әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын, кiсi аттарын және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.

Адам атаулымен байланысты ұғымдардың аттары мен кiсi аттары енетiндiктен зат есiмнiң бұл тобы адамзат есiмдерi деп аталады.

Не деген грамматикалық сұрау әдетте адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және к:ллi заттар мен нәрселердiң аттарына қойылады. Зат

38

Т:бiр етiстiктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектерi жоқ, демек, қазiргi кезде морфологиялық жағынан т:бiр және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етiстiк формалары аталады. Мысалы: аз, ал, айт, алда, бат, бер т.б.



Сонымен, қазiргi тiлiмiздегi етiстiк т:бiрi неше қилы формалар (есiмше, көсемше, рай, етiс, шақ т.б) тудыратын қосымшалардың барлығын алып тастағанда, сақталатын, яғни әрi қарай тағы да бөлшектеуге болмайтын т:пкi бөлшек болады. Мысалы: берiлген, берiлсе, бергiздiртiптi, бергiзiлiптi деген формалардың бәрiне де ортақ т:пкi бөлшек бер бөлшегi т:бiр саналады.

Туынды етiстiктерге, әдетте, т:бiрлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етiстiктер жатады. Туынды етiстiктердi тиiстi т:бiрге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бiрақ ол туынды тұлға есебiнде қолданыла бередi. Мысалы: ой-ла, той-ла, тер-ле, с:р-ле, ем-де, тоқпақ-та т.б.

Жұрнақ арқылы жасалатын әрбiр туынды етiстiктiң семантикасы, әдетте, оның құрамына енетiн т:бiр мен қосылатын жұрнақтың мағыналарынан құралады. Мысалы, тұзда, :тiкте, шегеле, емде сияқты туынды етiстiктердi алсақ, бұларға тұз, :тiк, шеге деген зат есiмдердiң т:пкi мағыналары негiз болған да, оларға қосылған-да, а(-е) жұрнақтары бұл зат есiмдердi етiстiкке айналдырған.

Жұрнақ арқылы жасалатын туынды етiстiктердiң мағыналары, негiзiнен алғанда құрамындағы екi компоненттiң мағыналарынан құралса да, ол екеуiнiң құрылымы бiр-бiрiмен ажырамайтындай болып бiрiгедi де, туынды форма бiр б:тiн тұлға есебiнде тұтасады. Осы себептен кейбiр туынды етiстiктер бөлшектенбейтiндей болып, т:бiр сөз қалпына көшедi.

Туынды етiстiктiң семантикалық құрылымына оған негiз болатын есiм сөздiң мағынасы :лкен әсер етедi. Өйткенi (есiм сөздiң мағынасы :лкен әсер етедi) қызметi неғұрлым саяз я шағын болса, етiстiктiң мағынасы да соғұрлым тайыз я тар болады (бұрғы-ла, асфальт-та), керiсiнше есiм сөздiң қызметi кең я өрiстi болса, етiстiк те соншалықты көп мағыналы болады. (қолда, көзде).

Т:бiрлерден немесе негiздерден жұрнақ арқылы жасалатын туынды сөздердiң белгiлi морфологиялық құрылымы болады. Әдетте, сол құрылымның бiр компонентi жаңа форма жасауға негiз болатын дербес мағыналы сөз болса, екiншi компонентi-сол бiрiншi компонентi белгiлi бiр табына айналдыратын жұрнақ болады. Туынды етiстiктер тiлiмiздегi негiзгi сөз топтарының қайсысынан болса да, жасала беретiнi айқын көрiнедi. Осыған орай, туынды етiстiктер жасалатын енгiздерiне қарай, есiмдерден жасалған етiстiктер және етiстiктен жасалған етiстiк-

67

етiстiктерi (айт, сөйле, ескер т.б.) өсу-өну етiстiктерi (балала, г:лде, өс т.б.) бағыт-бағдар етiстiктерi (бар, кел, кет, әпер т.б.) көңiл-к:й етiстiктерi (жыла, қайғыр, к:л т.б.) бейнелеу-елiктеу етiстiктерi (жарқыра, к:ркiре, тарсылда т.б) дыбыс-сес етiстiктерi, көру-есту етiстiктерi, мiнез-құлық етiстiктерi деген сияқты әлденеше топқа бөлiп, саралауға болады. Етiстiктердi мағынасы қарай топтастыру мәселесi де, басқа сөз таптары сияқты, белгiлi мақсатқа я нысанаға орайлас құрылуы қажет. Етiстiктiң грамматикалық формалары мен қызм еттерiн дұрыс айқындау :шiн оларды т:бiр формалардың, туынды синтетикалық және аналитикалық формалардың семантикалық құрылымдарына орай жiктеп, сырын ашу-олардың формалары мен мазмұндарының ара қатынастарын анықтауға тиiмдi де, қонымды да болмақ.



Есiмдерге және басқа сөз топтарына қатысты сөздерден жұрнақтар арқылы туған жалаң етiстiктер де, кемi екi сөзден құралып жасалған к:рделi етiстiктер де барлығы тiлiмiздегi ежелгi т:бiр етiстiктердiң семантикалық ж:йесiне, морфологиялық формасына және синтаксистiк функциясына орай құралып, солардың негiзгi заңдарына лайық қалыптасып отырған. Байырғы т:бiр етiстiктердi грамматикалық семантикасына, соған сәйкес қалыптасқан негiзгi функциясына қарай төмендегiдей :ш салаға бөлуге болады.

Бiрiншi сала. Бұларға өздерiне тән негiзгi лексикалық мағыналарын дәйiм толық сақтап отыратын, соған орай, дербес, грамматикалық қызметтерiн т:гелiмен атқарып отыратын т:бiр етiстiктер жатады. Бұл етiстiктер өздерiнiң негiзгi мағыналарын ұдайы сақтап отырады да, :немi жетекшiлiк қызметiнде жұмсалады. Т:бiр етiстiктердiң негiзгi көпшiлiгi осы топқа жатады. Мысалы: аз, айт, ас, аш, бақ, жар, жақ т.б.

Екiншi сала. Бұл топқа өздерiне тән негiзгi лексикалық мағыналарын толық сақтап, сөйлемде дербес м:ше болумен қатар, басқа бiр жетекшi етiстiкпен тiркескенде, лексикалық мағыналарын не жартылай, не б:тiндей жоғалтып, оған қосымша грамматикалық мағына ғана :степ, жәрдемшi ретiнде де қызмет атқаратын т:бiр етiстiктер жатады. Бұл етiстiктер сөйтiп, әрi негiзгi, әрi жәрдемшi етiстiктер есебiнде жұмсалады. оларға, мысалы, мына етiстiктер жатады: ал, бар, бақ, бер, бол, бiл т.б.

:шiншi сала. Бұл топқа енетiн етiстiк саны аз. Оларға өздерiне тән әуелгi лексикалық мағыналарын я жартылай, я б:тiндей жоғалтып, тек қана грамматикалық мағына жамап, грамматикалық формаға лекер болып қызмет ететiн яғни бiрыңғай көмекшi есебiнде ғана жұмсалатын е, едi, екен, жазда етiстiктерi ғана жатады.

Морфологиялық құрылымы жағынан етiстiктер жалаң және к:рделi болып екi салаға бөлiнедi. Жалаң етiстiктерге т:бiр етiстiктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етiстiктер жатады. Жалаң етiстiктер құрылымына қарай т:бiр және туынды етiстiктер болып екiге бөлiнедi.

66

есiмдердiң бұл тобы адамнан өзге жан-жануарлардың, заттар мен нәрселердiң, заттық ұғымдардың атауларын т:гел қамтитындықтан оларды семантикалық ерекшелiктерiне қарай ғаламзат есiмдерi деп атаймыз.



Тiлдегi әр алуан деректi және дерексiз заттармен ұғымдарды бiлдiретiн зат есiмдер әдетте жалпы есiмдер деп аталады. Мысалы: ағаш, тау, тас, бала, ақыл, сана, ер, дала, отын, көмiр сияқты зат есiмдердiң бәрi де жалпы есiм болады. Ал заттар мен заттық ұғымдарды жалпылама атайтын осындай жалпы есiмдермен қатар белгiлi бiр затты арнай, даралай атайтын жалқы зат есiмдер де бар. Оларға кiсi аттары, :й хайуандарына берiлген арнаулы аттар, мекеме, ұйым аттары, газет, журнал аттары, кiтап аттары, қала, көше аттары т.б. жалқы атаулар жатады.

Жеке я дара заттарға берiлген осындай зат есiмдердi жалқы есiмдер деймiз. Сөйтiп жалқы есiмдер деп жалпы есiмдерден ажырату :шiн қойылатын арнаулы атауларды айтамыз. Жазу дәст:рiмiзде жалқы есiмдер бас әрiппен жазылады да, жалпы есiмдер кiшi әрiппен жазылады.

Атау формада тұрғанда өзi арқылы аталатын заттың бiреуiн емес, жиынын топтап я қамтып атайтын зат есiмдер де бар. Мысалы: с:т, ұн, шаш, ақыл, өмiр, шындық, жел, құйын деген сияқты зат есiмдердi алсақ, бұлардың әрқайсысы белгiлi бiр жеке-дара затты ғана атамайды, оны тобынмен атайды. Осындай затты жеке-дара атамай оларды тобымен атайтын зат есiмдердi көптiк мәндi зат есiмдер деп атаймыз.

Құрамы жағынан зат есiмдер жалаң да к:рделi де болады. Жалаң зат есiмдер екiге бөлiнедi: т:бiр зат есiмдер және туынды зат есiмдер. Т:бiр зат есiмдер қазiргi кезде тиiстi морфемаларға бөлшектенбейтiн тек бiр ғана т:бiр морфема ретiнде қабылданатын заттық атауларды айтамыз. Туынды зат есiмдер деп т:бiр морфемаға және қосымша морфемаға бөлшектенетiн демек т:бiр сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз.

К:рделi зат есiмдерге кемiнде екi я одан да көп т:бiр морфемадан құралған формалар жатады. Мысалы: белбеу қолқанат, ата-ана, отын-су, ауыл шаруашылығы сары май, пединститут, ТМД т.б.

Зат есiмдер лексикалық, морфологиялық және синтаксистiк тәсiлдер арқылы жасалады. 1. Лексикалық тәсiл арқылы жасалған зат есiмдерге байырғы зат есiмдер, сондай-ақ басқа тiлдерден кiрген зат есiмдер бастапқы семантикалық мағынасы кеңею не тарылу, не ауысу арқылы туған жаңа зат есiмдер мен басқа сөз таптарынан субстантивтену арқылы пайда болған зат есiмдер жатады.

2. Синтаксистiк тәсiл арқылы жасалған зат есiмдергекемi екi я одан да көп т:бiрлердiң бiрiгуi, қосарлануы, тiркесiп құралуы, қысқарып

39

құралуы арқылы және лексикалану негiзiнде пайда болған к:рделi зат есiмдер жатады.



3. Морфологиялық тәсiл арқылы жасалған зат есiмдерге зат есiмнiң өзiнен, өзге сөз таптарынан тиiстi жұрнақтар арқылы туған туынды зат есiмдер жатады.

Сөз таптарының бәрiне де негiзгi ұйытқы болғандықтан зат есiм олардың әрқайсысымен сөйлем iшiнде әр т:рлi жағдайда тiркесiп, әр алуан қарым-қатынасқа т:седi. Осындай әр тараптылығының нәтижесiнде зат есiм сөйлемнiң барлық м:шелерi бола бередi.

Сөйткенмен семантиаклық жағынан негiзiнен заттық ұғымды бiлдiретiндiктен зат есiмнiң ең негiзгi қызметi бастауыш пен толықтауыш болуға лайық. Мысалы~ Мұғалiм-ауылдағы мәдени к:шiмiз. Әбдiрахман хатты ашып оқыды. Қандай сөзбен тiркесуiне және қай орында тұруына қарай зат есiм сөйлемде анықтауыш та, пысықтауыш та, баяндауыш та бола бередi. Мысалы: Бiздiң болысқа қаладан өкiл келдi. Бiздiң :йде әкем, шешем, Бағила, Ұлтуған, мен -бес жанбыз. Қазақ тiлiнде зат есiмнiң анықтауыш болуы оның негiзгi қызметi мен қабiлетiнiң бiрi-негiзгi синтаксистiк сипатының бiрi. Ал зат есiмнiң негiзгi синтаксистiк сипатының төркiнi де себебi де қазақ тiлiндегi зат есiмдертек басқа сөз таптарымен ғана емес, өздi-өздерi де бiр-бiрiмен тiркесе бере алатын ерекшелiгiне байланысты. Демек, зат есiмге сын есiм де, сан есiм де, есiмдiк те, есiмше де анықтауыш болумен қатар, бiр зат есiмге екiншi бiр зат есiм де анықтауыш бола алады. Мысалы: темiр қақпа, бас бәйгi, бас дәрiгер т.б.

Зат есiмдердiң көпшiлiгi өздерiнiң лексикалық мағыналарында жұмсалып, өздерiне тән т:рлену ж:йелерiн және сөйлемде өз алдарына дербес м:ше болу қасиеттерiн сақтап отырады. Ал кейбiр зат есiмдер өздерiне тән байырғы қызметтерiнен жартылай айрылып, көбiнесе көмекшi сөздер, яғни көмекшi есiмдер есебiнде жұмсалады. Көмекш есiмдер деп лексикалық мағыналары бiрде б:тiндей сақталып, бiрде солғындап, өзге сөздермен тiркесу ерекшелiктерiне қарай, синтаксистiк жағынан кейде жеке-дара м:ше есебiнде, кейде к:рделi м:шенiң құрамындағы дәнекер элемент есебiнде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есiмдерше т:рленiп отыратын жәрдемшi сөздердi айтамыз.

Көмекшi есiмдер сан жағынан соншалықты көп емес. Оларға алды, арты, асты, :стi, жаны, қасы, арасы, iшi, сырты, басы, бетi, шетi, т:бi, төбесi, маңы сияқты сөздер жатады. Бiрақ сан жағынан аз болғанымен бұл сөздердiң қолданылу өрiсi аса кең, атқаратын қызметтерi өте зор.

Көмекшi есiмдер кәдiмгi зат есiмдерше қолданылады, ондайда көмекшi сөздердiң негiзгi зат есiмдерден ешқандай айырмашылығы болмайды. Демек, ондай жағдайда бұл сөздердiң бойында зат есiмдерге тән семантикалық дербестiк те, морфологиялық жағынан дәл сол зат есiмдердей

40

болатын себебi-ол семантика тек субьектiнiң iс-әрекетiн ғана емес, табиғат ауқамында, қоғам өмiрiнде ұшырасатын, адамның абстракт ойы мен санасы арқасында туатын неше алуан амал, әрекет, iс, қимыл, қозғалыс, жай, к:й сияқты процестерге қатысты ұғымдарды т:гел қамтиды. Етiстiктiң осы бай семантикасы, оның т:р-т:рi, қашан да болсын, мезгiл я шақ ұғымымен ұштас болады.



Етiстiктiң лексика-грамматикалық формаларының бай болатын себебi-ол формалар амал-әрекеттiң болу мезгiлiн, ж:зеге асу кезеңiн және олардың өту сипатын яғни бағыты, қарқыны, тынуы тәрiздi жайларды бағдарлатады, демек, етiстiк формалары осы және олардан өзге әр т:рлi құбылыстардың көрсеткiштерi есебiнде қызмет етедi. Бұлардың :стiне етiстiктен етiстiк тудыратын, есiмнен етiстiк тудыратын синтетикалық, аналитикалық тәсiлдердiң ж:йелерiн, олардың нақтылы :лгi нұсқаларын қоссақ, етiстiк деп аталатын сөз табы форма жағынан орасан бай категория екенi ашыла т:седi. Шынында да, форма байлығы жағынан етiстiкке өзге бiрде -бiр сөз табы, солардың iшiнде формасы ең бай саналатын зат есiмнiң өзi бара-бар т:се алмайды.

Етiстiктiң лексика-семантикалық мағынасы мен формаларының байлығы оның өзiне тән әр алуан лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық категорияларынан тiптi айқын көрiнедi. Мысалы, етiстiктiң өзiне лайық сөз тудыру ж:йесi, ол ж:йенiң неше қилы формаларымен қатар өзiне ғана тән сөз т:рлендiретiн де формалары бар. Ал, шақ, рай, етiс амалдың ж:зеге асу сипаты сияқты ж:йе-ж:йе категориялар-етiстiктiң семантика жағынан ең бай формалары, сондай-ақ етiстiктiң өзге семантикалық және морфологиялық формаларынан мазмұндары да, тұрпат т:рлерi де өзгеше есiмше, көсемше деп аталатын категориялары бар. Бұлар, бiр жағынан, етiстiктi басқа сөз таптарынан ерекшелендiретiн формалар болса, екiншiден, солармен ұштастыратын айрықша функциялары бар категориялар.

Етiстiктiң лексикалық құрамында қанша сөз болса, солардың әрқайсысының өзiне тән лексикалыңқ мағынасы болады. Солай бола тұра лек сикалық мағыналары қаншалықты басқа-басқа болғандарымен, сол етiстiктердiң бәрi де, ең алдымен, өздерiнiң мазмұнындағы барлығына да ортақ сипат есебiнде танылатын семантикалық ерекшелiктерiне қарай бiр сөз тобына телiнедi. Дегенмен де, лексика-грамматикалық белгiлерi бiрыңғай жеке сөз табы саналатын етiстiктердiң өздерiн iштей бiр-бiрiне мағына жағынан жақындықтарына, өзара функция жағынан орайластықтарына қарай топ-топқа бөлуге болады. Мысалы, оларды осы тұрғыдан алып, iштей амал-әрекет етiстiктерi (босат, көтер, көтер т.б.) қимыл-қозғалыс етiстiктерi (ауна, аудар, домала т.б) қалып-сапа етiстiктерi (жат, жантай, тұр, тос т.б.) ойлау-сөйлеу

65

5. Қазiргi қазақ тiлiндегi есiмдiктер қандай тәсiлдер арқылы жасалады, мысалдар келтiрiң.



y. Есiмдiктер мағыналарына қарай неше топқа жiктеледi 

u. Жiктеу есiмдiктерiне қай есiмдiктер жатады 

i. Жiктеу есiмдiгi мен сiлтеу есiмдiктерiне ортақ қай есiмдiк 

o. Cұрау есiмдiктерiнiң жасалуына қай есiмдiктер негiз болған 

10. Белгiсiздiк есiмдiктерi қай сөздердiң негiзiнде жасалады, мысалдар келтiрiң.

11. Болымсыздық есiмдiктерiне қай есiмдiктер жатады 

12. Жалпылау есiмдiктерiнiң негiзгi ерекшелiктерi қандай 
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. А.Ысқақов. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. Алматы, Рауан,

1oo3ж.

2. К.Аханов. Грамматика теориясының негiздерi.Алматы,1oo2 ж.



3. А.Ибатов. Қазақ тiлi морфологиясының тарихы. 1oou ж.

4. Ә.Төлеуов. Қазақ тiлiндегi есiмдер. Алматы, 1ooy ж.

5. Ы.Маманов. Қазiргi қазақ тiлi. Алматы, 1oo0.
ЕТIСТIК. ЛЕКСИКА- СЕМАНТИКАЛЫҚ, МОРФОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ

Ж О С П А Р Ы:

1. Етiстiк туралы жалпы сипаттама

2. Етiстiктiң лексика-семантикалық сипаты

3. Т:бiр етiстiктер

4. Туынды етiстiктiң морфологиялық сипаты

5. К:рделi етiстiктер және олардың ж:йесi


Тiрек сөздер: Етiстiктер қазақ тiлiндегi сөз таптарының iшiндегi ең к:рделiсi, ол неше т:рлi амал, әрекет, iс, қимыл, қозғалыс, жай, к:й сияқты процестердi бiлдiредi, морфологиялық құрылымы жағынан етiстiктер т:бiр етiстiктер (ал, ж:р, аш, бар),туынды етiстiктер (тазала, көңiлден, бақырай, сына), к:рделi етiстiктер(жәрдем ет, барып кел, бетке шiркеу т:сiре көрме) болып бөлiнедi.

Етiстiк тiлiмiздегi сөз таптарының iшiндегi ең к:рделi грамматикалық категория. Етiстiктiң к:рделiлiгi мен қарымдылығы оның аса өрiстi лексика-семантикалық сипатымен, кең синтаксистiк қызметiмен тығыз байланысты.

Етiстiктiң лексика-семантикалық сипатының мейлiнше өрiстi

64

т:рлену қабiлетi де толық сақталады. Мысалы: Сыртын көрiп, iшiнен т:ңiлме. Менiң iштегi суды сыртқа төгуiмнен, сыртағы судың iшке құйылуы басымырақ боп кеттi. Бұндағы сырттағы, iштегi деген жұрнақ қосылған формалар да, сыртын, iшiн деген табыс септiктегi форма да-өздерiнiң лексикалық дербестiктерiн де, т:рлену ерекшелiктерiн де, сөйлемде жеке-дара м:ше болып қызмет атқару қабылеттерiн де өз бойларында толық сақтап тұрған зат есiмдер.



Дәл осы зат есiмдер көмекшi есiмдер есебiнде, демек семантикасы солғындаған дәнекер сөздер есебiнде жұмсалғанда, лексикалық мағынасы солғындаумен байланысты, синтаксистiк дербестiктерiнен айрылады да тек морфологиялық жағынан т:рлену қасиеттерiн ғана өз бойларында сақтайды. Мысалы: Құнанбайдың мықты жер Тобықты iшi болса, әлсiз жерi де осы Тобықты iшiнде. Мұндағы iшi, iшi дегендер лексикалық мағынасы толық сақталған зат есiм есебiнде емес, ақиқат мағыналары солғындаған көмекшi есiм есебiнде қолданылған. Осыған сәйкес бұл сөздер сөйлемде жеке-дара м:ше емес, өздерiнен бұрынғы негiзгi сөздермен тiркесiп, к:рделi м:шелердiң құрамына енетiн көмекшi компоненттер есебiнде қызмет етiп тұр.

Көмекшi есiмдердiң негiзгi сөздерге :стейтiн қосымша мағыналары көбiнесе көлемдiк қатынастарды бiлдiредi. Осындай семантикалық ерекшелiктерiне орай, көмекшi есiмдер көбiнесе көлемдiк және мезгiлдiк мағыналарды бiлдiретiн барыс, жатыс, шығыс, көмектес септiк формаларында қолданылады. Бiрақ, ретiне қарай қажеттi болған жағдайда, атау, iлiк, табыс септiк жалғауларыының формаларында да қолданыла бередi.

Көмекшi есiмдердiң т:пкi шыққан төркiндерi орын, мекен жайларына байланысты демек белгiлi бiр заттың не нәрсенiң, заттық құбылыстың не оқиғаның алды я арты, асты не :стi, iшi я сырты, арасы я ортасы, бетi я т:бi тәрiздi ұғымдардың атаулары екендiгi ш:бәсiз. Көмекшi есiмдердiң мағыналары қаншалықты солғындағанымен де шылау сөздердей я б:тiндей я жартылай жоғалып кетпейдi керiсiнше не б:тiндей не жартылай олардың бойларында сақталып отырады. Мысалы: :шiн, дейiн септеулiктерiн, ғой, ма, ме демеулiктерiн алсақ олардың мағыналары жеке-дара тұрғанда айқын аңғарылмайды. Ал, :стi, iшi, сырты, арасы сияқты көмекшi есiмдердi алсақ, олар тийстi сөздерге тiркеспей-ақ, жеке-дара тұрып та белгiлi бiр көлемдiк қатынастармен байланысты ұғымдарды бiлдiре алады.

Көмекшi есiмдердi шылау сөздермен морфологиялық сипаттары жағынан бiр қатарға қоюға болмайды. Өйткенi шылау сөздер-морфологиялық жағынан белгiлi бiр формаларда қалыптасып орныққан көмекшi сөздер болса, көмекшi есiмдер керiсiнше өздерiнiң төркiндерiне

41

тән формалардың бәрiн де бойларында сақтайды. Демек көмекшi есiмдер өздерiнiң көмекшiлiк қызметтерiн қаже тiне қарай көптiк, тәуелдiк, септiк, жiктiк жалғауларын және кейбiр жұрнақтарды да қабылдай отырып атқара бередi. Мысалы: Бiз сияқты сiз де оқу :стiндесiз.



Көмекшi есiмдер қай формада тұрса да, өздерiнен бұрынғы iлiк септiктегi сөздермен тiркеседi де солармен бiрлесiп сөйлемнiң к:рделi м:шесiнiң құрамына енедi. Отан алдынада, :й алдынан, :й алдына деген сияқты тiркестер сөйлемнiң бiрғана к:рделi м:шесiнiң қызметiн атқарады және к:рделi мекен пысықтауыш болады.

Көмекшi есiмдердiң синтаксистiк мен морфологиялық формаларында айырмашылық болмайтындықтан, оларды тек семантикалық жағынан ғана жiктеуге болады. Көмекшi есiмдер бiр-бiрiмен синонимдес және антонимдес болып келедi. Мысалы: :стi және басы, арты-сырты, ортасы-iшi, басы-төбесi, т:бi-аяғы көмекшi есiмдерi өзара мағыналас. Ал, алды-арты, асты-:стi, iшi-сырты, бетi-т:бi, ар жағы-бер жағы- өзара антонимдес.

Көмекшi есiмдердiң осы сипаттарын олардың қосарланып қолданылу ерекшелiктерiнен айқын көруге болады. Мысалы: Динаның :стi-басы тегiс су. Сенiң әкең өзi де басы-қасында.

Көмекшi есiмдердiң қатарына бiр кездерде көлемдiк, я мекендiк қатынастарды бiлдiрмейтiн жөнi, турасы, хақы, бабы, арқасы тәрiздi сөздер де жатқан. Бiрақ бұл сөздер көмекшi есiмдердiң қатарларынан бiрте-бiрте бөлiнiп, қол :зiп, жөнiнде, турасында, жайында, хақында, арқасында, турасынан, бабынан, жөнiнен деген формаларда көнеленiп қалыптасып шылау сөздердiң қатарына ауысқан.

Зат есiмдердiң iшiнде заттың я заттық ұғымды әдеттегiше атаумен қатар сол аталған заттың сын сипаты жағынан қандай екендiгiн қоса-қабат бiлдiре атайтын олардың кейбiр өзiндiк сипатын нақтылай т:сiп, әсерлеу не бейнелеу жолымен сезiми т:рде қолданылатын топтары бар. Мысалы: көл, тау, төбе, арба деген сияқты жалпы есiмдердiң көлшiк, таушық, төбешiк, арбашық деген т:рлерi бар да, отан, өгiз, кiтап деген тәрiздi зат есiмдердiң атанша, өгiзше, кiтапша деген де т:рлерi бар. Осы аталған екi топ сөздiң көлсымақ, таусымақ, төбесымақ, кiтапсымақ деген т:рлерi де бар.

Сол сияқты адамға байланысты әке, шеше, апа тәрiздi туыстық атауларын әкей, шешей, апай деп те, апеке, шешеке деп те, шешетай, апатай, әкежан, апажан деп те қолданылу- :йреншiктi әдет. Сондай-ақ бала, бота, лақ сөздерiн балақай, ботақан, лақан деп те айту қандай :йреншiктi болса, бөпе, қалқа, сәуле секiлдi жалпы есiмдер мен Нұрлан, Әлия, Әсия тәрiздi жалқы есiмдердi бөпеш, қалқаш, Сәулеш, Нұрыш, Әскен, Әлкен деп те айту-соншалықты дағдылы нәрсе.

Сөйтiп кейбiр зат есiмдердiң әдеттегiше бейтарап т:рде жалпы

42

Болымсыздық есiмдiктерi. Болымсыздық есiмдiктер негiзiнен еш деген сөзбен кейбiр есiмдiктердiң бiрiгуi арқылы жасалады. Мысалы, еш, ешкiм, ешбiр, ештеңе, дәнеңе, ешқашан, ешқандай. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына тудыратын емес, жоқ деген сөздермен және етiстiктiң болымсыз т:рiмен байланысты қолданылады. Бұлардың iшiнен заттық ұғым бiлдiретiндерi ешкiм, ештеме, ештеңе, ешқайсы дегендер. Ешбiр, ешқандай дегендер - аттрибутивтiк ұғымдағы сөздер.



Болымсыз есiмдiктер жiктiк жалғауын қабылдамайды. Көптiк жалғау тәуелдiк жалғауларымен қоса-қабат ештемелерi, дәнеңелерi деген сияқты т:рде ғана жалғанады. Сол сияқты болымсыз есiмдiктерiнiң тәуелденуi мен септелу ж:йелерi де бiркелкi болып келмейдi.

Жалпылау есiмдiктерi. Жалпылау есiмдiктерiне бәрi, барлық, барша, бар, к:ллi, б:кiл, т:гел деген сөздер ғана жатады. Жалпылау есiмдiктерi деп мағына жағынан кем дегенде екi я одан да көп заттар мен құбылыстарды жинақтай атау :шiн қолданылатын сөздердi айтамыз. Жалпылау есiмдiктерiнiң iшiнен бәрi деген атау формада субстанциялық ұғымды бiлдiредi де,басқалар атау формада аттрибутивтiк ұғымдарды бiлдiредi. Жалпылау есiмдiктерiнiң iшiнен бар, б:кiл, к:ллi сөздерi лексикалық жолмен өзге сөз таптарынан ауысқан, бәрi барлық, барша сөздерi морфологиялық тәсiл арқылы бар есiмдiгiнен жасалған. Бiрақ бұл сөз де әуелдегi бар (жоқ деген сөздiң антонимi) деген есiмнен прономиналдану негiзiнде пайда болған. Бар, барлық, барша есiмдiктерiне тәуелдiк жалғаулары оңаша және ортақ т:рiнде жалғана бередi де, б:кiл, к:ллi, б:тiн есiмдiктерiне ешқашан да жалғанбайды. Жiктiк жалғаулары да жалпылау есiмдiктерiнiң ешбiрiне жалғанбайды. Жалпылау есiмдiктерiнiң iшiнде тек субстантивтенген т:рлерi тәуелденiп барып ғана септеле алады.

Жалпылау есiмдiктерi негiзiнен алғанда сөйлемде анықтауыш болып қызмет атқарады. Бiрақ оның өзi де жалпылау есiмдiктерiнiң бәрiне бiрдей қызмет емес. Өйткенi олар ретiне қарай, толықтауыш м:ше болып та жұмсалады, бiрақ ешуақытта да пысықтауыш болып қызмет атқармайды. Мысалы Барлық көш иесiз тұл кетiп бара жатқан анау қаралы киiм, тұл ат-баршасы осы барлық қауымның қайғысын Абайға өзгеше терең т:сiндiрдi.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Есiмдiктерге жалпы сипаттама берiң.

2. Есiмдiктердiң есiм сөздерге бiрлестiк қатысы қандай 

3. Есiмдiктер шығу төркiнi жағынан неше топқа бөлiнедi

4. Байырғы есiмдiктерге қайсы есiмдiктер жатады

63

қандай қанша қалай қашан қашаннан қашанғы деген есiмдiктер қай, қан, қа деген бiр төркiннен туып көнеленiп қалыптасқан сөздер. Морфологиялық жағынан сұрау есiмдiктерiнiң iшiнен кiм не қайсы нешеу сияқтылар септелiп те, тәуелденiп те, жiктелiп те қолданыла бередi. Сұрау есiмдiктерiнiң бәрi көпше т:рде өзгермейдi, тек кiм не неше дегендер ғана көптеледi. Сұрау есiмдiктерiнен кiм не қандай қанша қалай дегендер жiктеледi.



Өздiк есiмдiк. Қазақ тiлiнде өздiк есiмдiкке жалғыз ғана өз сөзi жатады. Бұл есiмдiк көбiнесе өзiм, өзi, өзiңiз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулi т:рде қолданылады. Мысалы: Өзiң ж:рген жақтан өзiң тауып келген жол бар ма Өздiк есiмдiктiң тәуелдеулi формада қолданылуында мынадай екi т:рлi ерекшелiк бар. 1. Жiктеу есiмдiктерi қабаттасып та, қабаттаспай да қолданылады. Өздiк есiмдiк тәуелдiктiң қай жағында тұрса қабаттасатын жiктеу есiмдiгi де сол жақта қолданылады. Мысалы, Мен өзiм, сiз өзiңiз, олар өздерi. 2. Тәуелдеулi өздiк есiмдiк сөйлемде бастауыш болса жақ жағынан жiктiк жалғауды тiкелей өзiне бағындырады, демек бастауыш болатын өздiк есiмдiк тәуелдiктiң қай жағында тұрса баяндауыш та жiктiктiң сол жағында тұрады, ал тәуелдеулi зат есiмдерде ондай қасиет жоқ. Мысалы: Өзiм келдiм, досым келдi.

Өздiк есiмдiк зат есiмнен бұрын айтылғанда iлiк жалғаулары т:сiрiлiп қолданылып :немi анықтауыштық қызмет атқарады. Мысалы, өз кiтабым, өз кiтабың.

Белгiсiздiк есiмдiктер. Белгiсiздiк есiмдiктердiң жасалуына әр, бiр, әлде деген :ш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгiсiздiк есiмдiктер осы сөздердiң кейбiр басқа есiмдiктермен бiрiгуi арқылы жасалады. Мысалы: 1. бiреу, кейбiреу, қайсыбiр, әрбiр, бiрнеше, бiрдеме 2. әркiм, әрне, әрқайсы, әрқалай, 3. әлдекiм, әлдене, әлдеғайдан, әлдеқашан.

Белгiсiздiк есiмдiктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы т:рде бiлдiрмей белгiсiз мәнде айтылатын сөздердi айтамыз. Мысалы: Қыр жолаушысы сиқтанған бiреу кiрiп келдi дегенде кiмнiң келгенi белгiсiз.

Белгiсiздiк есiмдiктерiнiң бiр, бiреу, кей дегендерi басқа сөз таптарынан лексикалық жолмен ауысқан~ әр, әлде, бiрдеңе, бiрнеше, кейбiр, әлдекiм, әлденеше, әркiм, әрне, әрқайсы, әрбiр т.б. құрылымы жағынан морфологиялық жолмен жасалған к:рделi есiмдiктер. Бұл есiмдiктер заттық ұғымды бiлдiредi де зат есiмше өзгередi, мысалы, әркiм, әрне, бiреу, кейбiреу, бiрдеме дегендер сөйлемде субстанциялық (бастауыш, толықтауыш) қызмет атқара алады. Ал кейбiреулерi затты анықтайды (кейбiр, қайбiр, қайсыбiр, әлденеше, бiрнеше), ендi бiреулерi пысықтауыш м:ше болып (әлдеқалай, әлдеқашан) қызмет атқарады.

62

қолданылуларымен бiрге :лкен тұтып құрметтеу я сыйлау, кiшi тұтып еркелету, кем тұтып қомсыну тәрiздi эмоциялық әсер, экспрессивтiк рең бере қолданылатын формалары болады.



Бұл формалар мен жай т:рде айтылған сөз формалардың негiзгi лексикалық мағыналары бiр болғанымен, араларында өзара ерекшеленетiн семантикалық айырмашылық болады, ол формалардың араларындағы семантикалық айырмашылықты мазмұн ерекшелiгi деп т:сiнумен бiрге, олардың сыртқы формаларының араларындағы айырмашылықты сол мазмұнның формасы деп есептеуге болады. Демек жоғарыдағы мысалдарда ұшырасатын -шық, -шiк, -ша, -ше, -сымақ, -еке, -тай, -й, -қай, -шы, -ыш, -iш, -кен жұрнақтары сол аталған мазмұнның тiлдiк формасы ретiнде қызмет етедi.

Осындай жұрнақтар арқылы жасалған зат есiмдер туынды зат есiмдер болғанымен жаңа сөздер емес, олар өздерi туған төркiндерiнен тек сәл басқаша айтылған, яғни сәл ерекше сезiми рең берiле айтылған формалары есебiнде жұмсалады. Бұл сияқты сөздер тобы зат есiмнiң эмоциялық және экспрессивтiк реңдердi бiлдiретiн iшкi категориясы есебiнде есептеледi.



Каталог: uploads -> books -> 251467
books -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети
books -> Науаи мемлекеттiк педагогика институты
books -> Бейімбет Майлин атындағы
books -> И.Ҳ.Ҳамдамов, С. Б. Мустанов, Э. И.Ҳамдамова, Г. А. Сувонова ботаника и.Ҳамдамов, С. Мустанов, Э. И.Ҳамдамова, Г. Сувонова Ботаника
251467 -> Тараккиётига боглик булиб, фаннннг ривожланичпп-а куп о
251467 -> Қодир Тўраев Муҳайё Зокирова Қизиқарли билимлар оламида
251467 -> Бухоро давлат университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет