Берда3 атында2ы №ара3алпа3 мемлекеттёк



жүктеу 1.52 Mb.
бет2/13
Дата01.09.2018
өлшемі1.52 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. К.Аханов. Грамматика теориясының негiздерi. Алматы, 1ou5ж.

2. Исаев С. Қазақ тiлiндегi негiзгi грамматикалық ұғымдар. Алматы,.1oo2ж

3. Сарыбаев Ш. Қазақ тiлiндегi елiктеуiш сөздер. Алматы, 1oo0ж

4. Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология 1oo2ж.

5. Төлеуов Ә. Сөз таптары. Алматы, 1oo0ж

y. Жубанов Х. Исследования по казахскому языку. Алматы


ОДАҒАЙ ОДАҒАЙДЫҢ ТҮРЛЕРI
Ж О С П А Р Ы :
1. Одағай туралы жалпы сипаттама

101


ұғымдардың атауларына, сан есiмге, есiмдiкке және -қан, -ған формалы есiмшелерге тiркесiп, негiзiнде мезгiлдiң я мекеннiң белгiлi бiр арлық шегiн бiлдiредi. Мысалы: Жанар оны :йiне дейiн шығарып салды.

ә) қарай, таман септеулiктерi барыс септiктегi зат есiмге, соның iшiнде мезгiл атауларына, көмекшi есiмдерге, есiмдiктерге және :стеу сөздерге тiркесiп, белгiлi бiр мекендiк бет алыс пен бағытты және мезгiлдiк орайды бiлдiредi. Мысалы: Ол :йiне қарай ж:рдi.

б) Өзара мағыналас салым, тарта, жуық, таяу сияқты септеулiк шылаулар да өздерi тiркескен негiзгi сөздердiң барыс септiк формасында тұруын қажет етедi. Мыс: К:зге салым туған ауылды ойлады.

3) Шығыс септiктi меңгеретiн септеулiктер.

а) Гөрi септеулiгi зат есiммен, есiмдiкпен, кейде -қан, -ған формалы есiмшелермен тiркесе қолданылып, бiр затты я құбылысты екiншi бiр затқа салыстырып, таңдау, талғау :шiн жұмсалады.

ә) Берi септеулiгi негiзiнде мезгiлдiк шектiң басталуына, кейде тұтас қамтылуына байланысты ұғымды бiлдiредi, көбiнесе мезгiл атауларына, есiмдiктерге және -қан, -кен формалы есiмшелерге тiркесiп уақыттың я мерзiмнiң басталу шегiн аңғартады.

б) Кейiн септеулiгi зат есiмге мезгiл арауларына, есiмдiктерге, қимыл атауларына -ған, -қан формалы есiмшелерге тiркесiп белгiлi бiр фактiнiң соңынан болатын мекендiк я мезгiлдiк ұғымды бiлдiру :шiн қызмет етедi және соң, артынан сөздерiмен мағыналас болып келедi.

4. Көмектес септiктi меңгеретiн септеулiктер қатар, бiрге шылаулары. Олар өзара мағыналас септеулiктер. Олар белгiлi бiр iс-әрекеттiң басқа бiр әрекетпен қабаттаса жарыса жасалуын аңғартып қоса деген сөз бен мәндес формада тудырады.

Демеулiктер. Демеулiктер деп өздерi тiркесетiн сөздерге әр қилы қосымша реңктер жамайтын сөздердi айтамыз. Лексика-граматикалық мағыналары жағынан демеулiк шылаулар сұраулық, шектiк, нақтылық, к:шейткiш, болжалдық, болымсыздық, қомсыну демеулiктерi болып бөлiнедi.

Сұраулық демеулiктер а) -ма, -ме, ба, -бе, па, -пе демеулiгi зат есiммен, сын есiммен, :стеумен, етiстiктiң бұйрық, ашық, шартты райлары және қимыл атауы есiмше көсемше формалары мен тiркесiп қолданылады. Мысалы: Ерте ме кеш пе пайдаға ма зиянға ма сен де барыңды бересiң.

К:шейткiш демеулiктерге ау, ай, ақ, да, те шылаулары жатады. Олар сөйлемде берiлетiн ойға не ондағы жеке сөздер мен сөз тiркестерiнiң мағынасына қосымша к:шейткiш мән жамау жұмсалады. Мысалы: Аяғын бiр сәнмен тым - ақ жеңiл басады.

3. Нақтылық демеулiктерге жеке сөздер мен сөз тiркестерiнiң мағыналарын сөйлемде айтылатын ойды нақтыландыра, тұжырымдай

100

құбылыстың екi жағы болады: бiрiншiсi-сол құбылыстың белгiлi ұғымды я т:сiнiктi бiлдiретiн iшкi жағы демек мазмұны яғни грамматикалық мағынасы, екiншiсi-сол мазмұнды, яғни грамматикалық мағынаны қалай я не арқылы бiлдiретiн сыртқы жағы, демек, грамматикалық тәсiлi.



Грамматикалық құбылыстың өзiне тән грамматикалық мағынасы мен сол мағынаны бiлдiретiн грамматикалық тәсiлi :немi бiрлiкте болады. Грамматикалық мағына грамматикалық құбылыстың мазмұны болса, грамматикалық тәсiл сол мазмұнды бiлдiретiн формасы.

Мiне сондай жалпы грамматикалық мағыналарды бiлдiретiн грамматикалық амал-тәсiлдер грамматикалық формалар деп аталады.

Қандай грамматикалық мағына болса да, оның өзiне тән грамматикалық формасы болады, керiсiнше қандай бiр грамматикалық форма болса да оның өзiне тән грамматикалық мағынасы болады. Тiлдегi сөздердiң грамматкиалық мағыналары мен грамматикалық формаларының бiрлiгiнен және солардың жинағынан тiлдiң грамматикалық құрылысы туады.

Грамматикалық категория ретiнде танылатын грамматикалық құбылыстың өзiне тән жалпы грамматикалық мағынасы және сол мағынанi бiлдiретiн дербес грамматикалық формасы болуға тиiс. Мысалы тәуелдiк категориясының қазақ тiлiнде және жалпы басқа т:ркi тiлдерiнде өзiне тән жалпы грамматикалық мағынасы және сол мағынаны бiлдiретiн өзiне лайық грамматикалық формасы бар. Грамматикалық категория тiкелей сөйлемдегi сөздерге және сөз тiркестерiне тән жалпы грамматикалық мағынамен байланысты болады. Жалпы грамматикалық категориялар iшiнара морфологиялық және синтаксистiк категориялар болып екiге бөлiнедi. Грамматиканың морфология атты тарауы морфологиялық категорияларды тексередi дел синтаксис тарауы синтаксистiк категорияларды тексередi. Морфологиялық категория деп жеке сөздердiң өзгерiлуi арқылы туатын жалпы грамматикалық мағыналарды айтамыз. Мысалы: Жар қабаққа иiн тiресе салынған сарайлар, мастерскойлар, складтар, көмiр атжалдары, барактар, ұзын-ұзын мойындар :лкен қаланың бiр шетiне ұқсайды деген сөздердi сарай, мастерской, склад, атжал, барак, мойын сөз дерiмен салыстырсақ әрине, олардың сыртқы морфологиялық формаларынан көптiк мағына жеке я даралық мағына аңғарылады.

Тiлдегi өзiне тән грамматкиалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына грамматкиалық категория деп аталады. Тiлден тыс ешқандай грамматикалық құбылыс болмайтыны сияқты, тiлдегi сөздерден тыс грамматикалық категориялар да өмiр с:ре алмайды. Өйткенi сөздiң өзi болмаған жағдайда ол сөздiң мағынасы туралы да,

5

өзгерiсi туралы сөз болуы м:мкiн емес. Сондай-ақ жалғанатын негiз болмаса қосымшалардың бiрде-бiреуi өздiгiнен тұрып ешқандай мағына да бере алмайтыны оның қызмет атқару қабiлетi де болмайтыны былай тұрсын, өздерi де болмас едi. Солай болса грамматикалық категориялар тiлде топ-топқа бөлiнiп, белгiлi сөз таптарына тән оларға телулi болады.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Грамматика ғылымының негiзгi салалары қандай 

2. Морфологияның зерттеу обьектiсi не 

3. Қазақ тiлiнiң морфология курсын зерттеген ғалымдар кiмдер 

4. Сөздiң лексикалық мағынасы дегенiмiз не

5. Грамматикалық мағына қалай жасалады

6. Грамматикалық форма дегенiмiз не

7. Грамматикалық категориялар дегенiмiз не, олар қалай жасалады


Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р:

1. А.Ысқақов. Қазiргi ана тiлi. Морфология. Алматы, Ана тiлi. 1oo1ж.

2. Ә.Төлеуов. Cөз таптары. Алматы, 1oi2ж.

3. К.Аханов. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. Алматы, 1ouiж.

4. К.Аханов. Грамматика теориясының негiздерi. 1ouiж.

5. С.Исаев. Қазiргi қазақ тiлiндегi негiзгi грамматикалық ұғымдар. Алматы. Рауан. 1oouж.



СӨЗДIҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ


Ж О С П А Р Ы :
1. Морфемалар туралы т:сiнiк.

2. Т:бiр морфемалар мен қосымша морфемалар.

3. Қосымша морфеманың т:рлерi.

4. Т:бiр морфема мен қосымша морфемалардың бiр-бiрiнен айырмашылығы.


Тiрек сөздер:Cөздiң лексикалық я грамматикалық мағынасын бiлдiретiн бөлшегi морфема деп аталады, морфемалар т:бiр морфема және қосымша морфема болып екiге бөлiнедi, т:бiр морфема сөздiң одан әрi қарай бөлшектеуге келмейтiн лексикалық мағынасы бар бөлшегi, қосымша морфема т:бiр морфемаға қосылып оған қосымша мағына :стейтiн морфемалар. Мысалы, бiл, ас дегендер т:бiр де, ал бiлiм, астық дегендердегi -iм, -тық дегендер қосымша морфемалар.

6

y) Ұштастырғыш жалғаулықтарға ал, ендеше, ал ендеше, олай болса шылаулары жатады. Мұндай жалғаулықтар мағына жағынан бiрiне-бiрi орай қолданылатын екi жай сөйлемдi ұштастырып байланыстыру :шiн жұмсалады да, бiрiншi сөйлемнен кейiн iле екiншi сөйлемде айтылатын ойды бастау :шiн дәнекер есебiнде қызмет етедi. Мысалы: Мал-д:ниенiң иесi осы кiсi.



Септеулiктер. Септеулiктер деп обьектi мен обьектiнiң не предикаттың арасындағы т:рлi грамматикалық қатынастарды бiлдiру :шiн қолданылып, белгiлi бiр жақсы септiк жалғауын меңгерiп тұратын көмекшi сөздердi айтамыз. Септеулiктер өздерi тiркесетiн есiмдерге, субстантивтенген өзге де атаушы сөздерге себептiк, бағыт-тық, мақсаттық, көмектiк, қайталау, талғау, ұқсату сияқты әр қилы грамматикалық мағыналарды жамап тыңғылықтандырып отырады.

1) Атау септiктi меңгеретiн септеулiктер а) :шiн септеулiгi негiзiнде атау септiк формасындағы зат есiмдер мен есiмдiктер мен -с, -ыс, -у формалы қимыл атауларымен, -мақ, -мек, -ған формалы есiмшелермен тiркесiп жұмсалады да, оларға көбiнесе себеп, мақсат, арнау мағыналарын жамайды. Мысалы, Сатай ылғи ас берген ауылда даяшы болу :шiн туғандай едi.

ә) Сайын септеулiгi зат есiмдермен өте-мөте мезгiл атауларымен және -ған формалы есiмшелермен тiркескенде ол сөздерге даралау, саралау мағынасын :стейдi. Мысалы, Басқалар бiзден :лгi алсын деп жиналыс сайын қанша қақсадым.

б) Сияқты септеулiгi сөйлемде зат есiмнен, есiмдiкпен, қимыл атауларымен, тұйық етiстiкпен және -ған, -атын формалы есiмшелермен тiркесiп қолданылады да, негiзiнде ұқсату мағынасын бiлдiредi. Мысалы, Украйна жырлары да қазақ жiрлары сияқты арнаулы әнмен айтылады.

в) Туралы септеулiгi көбiнесе зат есiмнен, есiмдiк және қимыл атаулымен тiркесте белгiлi бiр хабар, ой, пiкiр зат я iс-әрекет жөнiнде айтылатынын аңғартады. Мысалы: Десятник Гаврилов туралы сенiмен ақылдасайын деп едiм.

г) Арқылы септеулiгi зат есiммен, есiмдiкпен және қимыл атауымен тiркесiп, оларға {көмегiмен}, }жәрдемiмен} деген сияты қосымша мағына :степ, б:тiндей тiркес белгiлi бiр сатылық ұғымдарды бiлдiредi. Мысалы: Әуе труба арқылы келедi.

u) Шамалы, шақты, қаралы септеулiктерi негiзiнде сан есiмдермен тiркесiп қолданылады да, санның негiзгi ұғымына жуық, тарта деген сияқты мөлшерлiк мағына :стейдi. Мысалы: Әскерше киiнген он шақты адам топтала қалды.

2. Барыс септiктi меңгеретiн септеулiктер.

а) Шейiн (дейiн) септеулiгi зат есiмге, көбiнесе мезгiлдiк

99

ә) Және жалғаулығы да бiр т:рлi формадағы жалаң я к:рделi зат есiм, сын есiм, есiмдiк, етiстiк сияқты атаушы сөздердi ыңғайластыра байланыстырады.



б) Әрi жалғаулығы белгiлi бiр заттың я құбылыстың бойында болатын әр т:рлi қасиеттер мен солардың әр алуан iс-әрекеттерiн ыңғайластыра байланыстыру :шiн жұмсалады.

в) Да, де, та, те шылауы әрi жалғаулық, әрi демеулiк есебiнде қолданылады. Жалғаулық ретiнде қолданылған да өзара бiр-бiрiмен ыңғайласатын екi сөздiң не сөз тiркестерiнiң, сондай-ақ, салалас я сабақтас құрмаластардың құрамдарындағы жеке сөйлемдердiң байланысуына, жалғасуына дәнекер болып қызмет етедi.

2. Талғаулықты жалғаулықтар сөйлемде зат есiм, сын есiм, етiстiк және басқа атаушы сөздер арқылы жасалып, салаласа жалғасқан м:шелердiң бiрiнен соң бiрiн я талғап, я таңдап, кезектестiрiп, я бiрiне-бiрiн қарама-қарсы қойып айту :шiн қолданылады.

ә) Сабақтастырғыш жалғаулықтар. Сабақтастырғыш жалғаулықтар тек құрмалас сөйлемдердiң құрамдарындағы жай сөйлемдердi бiр-бiрiмен жалғастырып байланыстырып, солардың ара-қатынасын анықтап көрсету :шiн жұмсалады.

1) Қарсылықты жалғаулықтар негiзiнде бұрынғы сөйлемде айтылған ойға, соңғы сөйлемдегi ойдың мағына жағынан қарама-қарсы екенiн аңғартуға дәнекер болады. Оларға бiрақ, алайда, әйтсе де, әйткенмен, с:йтсе де, сонда да т.б. сияқты қарсылық мәндi жалғаулықтар жатады. Мысалы: Өзi де бiлуге тиiс, дегенмен сiз ескерте салыңыз.

2) Себептiк жалғаулықтар салалас құрмалас сөйлемдердiң құрамдарындағы соңғы жай сөйлем бұрынғы сөйлемдегi айтылатын ойдың себебiн бiлдiру :шiн арнаулы дәнекерлер есебiнде қызмет етедi.

3) Салдарлық жалғаулықтар салалас құрмалас сөйлемдердiң арақатынасын бiлдiру :шiн, яғни басыңқы сөйлемде айтылатын iс-әрекеттiң, амалдың нәтижесi я салдары екенiн бiлдiретiн дәнекер есебiнде жұмсалады. Оларға сол себептi, сондықтан шылауы жатады. Мс, Ербол әннiң сөзiн ұнатты, сондықтан кейде әнге қосылып кетедi.

4) Шарттық жалғаулықтар басыңқы және бағыныңқы сөйлемдердiң бiр-бiрiне жалғасуына дәнекер есебiнде қолданылады. (егер, егерде, алда-жалда) Мысалы: Егер Айбол болмаса М:сәпiр :й болудан қалған болған едi.

5) Айқындағыш жалғаулықтарға яғни, демек шылаулары жатады. Олар я жеке сөздердi я сөз тiркестерiн, я жеке сөйлемдердi бiр-бiрiмен жалғастырады да, алдыңғы сөз тiркес не сөйлем арқылы айтылатын ойды кейiнгi сөз, тiркес не сөйлем арқылы не баяндауға, не айқындауға дәнекер сөздер есебiнде қызмет етедi. Мысалы: Мен Магниткаға өткен кезде, яғни Талғатбектен бiр жыл кейiн келдiм.

98

Әрбiр сөздiң өзiне тән тұлға-тұрпаты болады. Сол тұлға-тұрпаттың арқасында әрбiр сөз бiр б:тiн тұлға ретiнде қызмет етедi. Ал, сөздiң тұлға-тұрпаты оның лексикалық және грамматикалық сипаттарымен байланысты. Осы себептен сөздер морфологиялық құрылысы жағынан әр қилы болып келедi. Ал, сол әр қилылық, әрине сөздердiң құрамдарының әр қилы болуына байланысты да, сөздiң құрамының т:рлi-т:рлi болуы оның бөлшектерiне байланысты. Мысалы, Айтылар сөз айтылды ғой ... бiрақ ненi айтсаң да, ойлап айт... айтатыныңды айт деген сөйлемдерде айт, айтылар, айтылды, айтсаң, айтатыныңа деген формалар қолданылған. Осы төрт сөздiң бiрiншiсiнде т:бiрге әуелi -ыл бөлшегi, одан кейiн -ар бөлшегi (айт-ыл-ар) қосылған~ екiншi сөзге т:бiрге әуелi -ыл, одан соңды -ды бөлшектерi (айт-ыл-ды) қосылған~ :шiншi сөзде әуелi -са, одан кейiн -ң бөлшектерi (айт-са-ң) қосылған, төртiншi сөзде әуелi -атын, одан кейiн -ың одан соң -ды бөлшектерi (айт-атын-ың-ды) қосылған. Бұл сөздерге де бәрiне бiрдей ортақ айт деген т:бiрге жамалған әрбiр жеке бөлшек өзiнше қосымша мағыналар :стеген.



Сөздiң лексикалық я грамматикалық мағыналарын бiлдiретiн бөлшектерi морфемалар деп аталады.

Морфеманың да өзiне тән мағынасы және өзiне тән сыртқы дыбыстық формасы болады. Ендеше, морфема деп сөздiң өзiне тән мағынасы бар ең ұсақ бөлшегiн айтамыз.

Сөздiң морфологиялық құрамындағы морфемалардың мағыналары мен қызметтерi бiрдей емес.

Морфемаларды ең алдымен т:бiр морфема және қосымша морфема деп негiзгi екi т:рге бөлуге болады. Жоғарыдағы мысалдағы айт деген морфема т:бiр морфема болады. Ал, оларға қосылған -ыл (айтыл), -ар(айтылар), -са(айтса), -ң(айтсаң), -ды(айтылды), -атын(айтатын), -ың(айтатының), -а(айтатыныңа) морфемалары қосымша морфемалар.

Т:бiр морфеманы да, қосымша морфеманы да әрi қарай м:шелеуге болмайды.

Т:бiр морфема-сөздiң әрi қарай бөлшектеуге келмейтiн ең т:пкi негiзi. Т:бiр морфема сөздiң негiзгi лексикалық мағынасын бiлдiредi. Т:бiр морфема қатыспаса, қосымша морфеманың бiрде бiреуi яки қатыспаса, қосымша морфеманың бiр де бiреуi яки бiрнешеуi қосылып та ешқандай мағынаны бiлдiре алмайды және сөз де бола алмайды. Т:бiр морфема өздiгiнен жеке тұрып дербес сөз бола алады. Мысалы, бас, тiл, бер, қос морфемаларын алсақ, олардың әрқайсысы әрi т:бiр морфема, әрi жеке сөз бола алады. Ал бастық, тiлшi, келiсiм, қолтықта деген сөздердi алсақ, олар-құрамында т:бiр морфемалары да, қосымша морфемалары да бар сөздер. Бұлардың құрамында т: бiр морфеманың негiзгi мағынасы да, қосымша морфемалар арқылы да жамалған :стеме я қосымша

7

мағыналары да бар. Т:бiр морфема қайталанып та, қасарланып та, бiрiгiп те, тiркесiп те жеке сөз ретiнде жұмсала бередi. Мысалы, :лкен-:лкен, көше-көше, ата-ана, қарлығаш, жаздыг:нi, жиырма бес, көк ала т.б.



Қосымша морфема деп т:бiрге қосылып, оған қосымша мағыналар :стейтiн морфемаларды айтамыз. Қосымша морфемалар өз iшiнде жұрнақтар, жалғаулар және қосалқы деп аталатын 3 топқа бөлiнедi. Бұл қосымшалардың жұрнақтар деп аталатын т:рi жалаң сөздердi жасау :шiн қолданылады да, қосалқы деп аталатын т:рi сөз тiркестерi мен құранды сөздердi жасау :шiн қолданылады. Ал, жалғаулар деп аталатын т:рi жұрнақтар мен қосалқы сөздер арқылы жасалған жалаң және к:рделi сөздердi бiр-бiрiмен байланыстыру :шiн қолданылады.

Қосымша морфемаларда мағыналық дербестiк те, тұлғалық дербестiк те болмайды. Өйткенi қосымша морфемада жеке тұрғанда өзiне тән арнаулы дербес мағына болмайтындықтан, ол т:бiрдiң қатысынсыз жеке-дара қолданылмайды. Бiр морфеманың дыбыстық бiрнеше варианты болады. Мысалы, атты кiсi, с:ттi сиыр, сауулы iнген, елеулi мәселе, бiлiмдi студент дегендегi -ты, -тi, -лы, -лi, -дi бөлшектерi - бiр морфеманың әр алуан т:рлерi.

Жолы бiрдi жолдас дейдi. Ауыр асу, қиын к:ндер бар алдымызда. Жолдаспыз сол жолда. Бiрге асамыз сол асудан деген сөйлемдердегi жолы, жолдас, жолдаспыз, жолда деген сөздерiн және асу, асамыз, асудан сөздерiн алайық. Бұлардың бiрiншi тобының т:пкi морфемасы -жол да, қосымша морфемалары -ы (жолы), -дас, -пыз, -да~ екiншi тобындағы сөздердiң т:пкi формасы -ас деген сөз, ал қосымша морфемалары -у, -а, -мыз, -дан.

Осы жол деген т:пкi морфемаға қосылып тұрған қосымша морфемаларды ауыл, ел, жер, қалам, майдан сияқты есiм сөздерге жапа-тармағай жалғай беруге болатын тәрiздi, ас деген сөзге қосылып тұрған қосымша морфемаларды төс, бас, қос, жаз, соқ тәрiздi етiстiк сөздерге керегiнше жалғап, қолдана беруге болады. Бiрақ алдыңғы топқа жалғанатын қосымша морфемалар соңғы топтағы сөздерге тiкелей жалғанбайтыны сияқты, соңғы топқа жалғанатын қосымша морфемалар бұрынғы топтағы сөздерге тiкелей жалғанбайды.

Мiне, осындай ерекшелiктерден жалпеы морфема атаулыға, олардың т:р-т:рлерiне тән сыр-сипаттары келiп ышғады. Ол сыр-сипаттары мынадай:

1. Т:бiр морфемалар мен қосымша морфемалар бiр-бiрiнен парықсыз емес, олардың қарым-қатынастары белгiлi бiр заңдарға с:йенедi, олар өзара бiр-бiрiмен талғап тiркеседi. Қосымша морфемалар т:бiр морфемалардың грамматикалық қасиеттерi жағынан бiрыңғай, бiркелкi болуын қалап, олардың белгiлi-белгiлi топ-тобына ғана жалғанады. Мысалы, -па, -саң, (қоспа, қоссаң), морфемаларын тек етiстiктерге ғана тiкелей жалғасақ, -ы, -да, -дан (басы, қолда, жолдан) морфемаларын тек есiм сөздерге ғана тiкелей жалғай аламыз, керiсiнше жалғай алмаймыз.

8

Олардың бiрқатары сөз бен сөздiң араындағы грамматкаилық байланыстарды айқындау :шiн қызмет етсе, бiрсыпыра шылаулар сөз тiркестерi мен сөйлемдердiң арасындағы байланысты айқындау :шiн дәнекер болады. Ал кейбiреулерi жеке сөздер мен сөз тiркестерiн немесе сөйлемдердi анықтау, толықтау :шiн я қосымша реңк беру т.б. мақсаттар :шiн қолданылады. Мiне осындай грамматикалық қызметтерiне қарай шылаулар :ш топқа бөлiнедi. Олар : септеулiктер, жалғаулықтар, демеулiктер.



Жалғаулықтар дербес лексикалық мағыналыр дерексiзденген, бiрақ өздерiне тән ерекше семантикалық мағыналары мен абстракт грамматикалық қызметтерi бар шылау сөздер. Жалғаулықтар өзара тең бiрыңғай сөздердiң, бiрыңғай сөз тiкр естерiнiң және бiрыңғай сөйлемдердiң араларындағы әр қилы қатынастарды бiлдiредi. Жалғаулықтар ең кемi өзара тең екi сөзге не екi сөз тiркестерiнен бiрдей қатысты болады. Мысалы~ қыс пенен жаз, к:н менен т:н, тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық болды сегiз.

Қазақ тiлiндегi жалғаулықтардың табиғатына көз жiберсек олардың жалпы даму жолы төмендегi бағытта болғанын бағдарлауға болады. 1) Дербес мағыналы атаушы сөздер негiзгi мағыналарынан айрылып, сөз бен сөздi, сөз тiкрестерiн не бiрыңғай жай сөйлемдердiң байланысу жолы мен арақатынасын бiлдiретiндей болып десемантикаланады. Мысалы, Ақырған соң байғұстар әрi тұрды,қалтасына қолын салып мойын бұрды. 2) Кейбiр жалғаулықтар белгiлi бiр т:бiр сөздерге қосылып қолданылатын әр қилы қосымшалармен :немi жұмсала - жұмсала келiп сол формаларда әбден тұрақталып көнелену арқылы әрi тұлғасы өзгермейтiндей халге жетiп, әрi мағынасы солғындап делексикаланып, бiрте-бiрте жалғаулықтарға айналған.

Жеке сөздер мен сөйлемдердi байланыстыру қабiлетi жағынан жалғаулықтар: салаластырғыш, сабақтастырғыш болып екi топқа бөлiнедi. а) Салаластырғыш жалғаулықтар бiрыңғай жеке сөздер мен сөз тiркестерiн және бiрыңғай сөйлемдердi байланыстарады да, солардың өзара байланысу жолдары мен қатынастарын көрсететiн салаластырушы жалғаулықтар iштей ыңғайластық және талғаулықты болып екi салаға бөлiнедi.

1. Ыңғайластық жалғаулықтар өзара ыңғайласып құралатын, тең дәрежедегi сөздер мен сөз тiрестерiн жалғастырды да, солардың ыңғайласқан қатынасын бiлдiредi.

а) Мен (бен, пен, менен, бенен, пенен) жалғаулығы негiзiнде байланысқан есiм сөздердi, қимыл атауларын және кейбiр субстантив -

тенген сөздердi бiр-бiрiмен байланыстырады.

97

оларға жәрдемшi болып қызмет атқаратын сөздердi айтамыз. Өз алдына жұмсалмай , өзге сөздермен тiркесiп ғана қолданылатындықтан, көмекшi сөздер тек атаушы сөздермен салыстыру арқасында ғана жеке - дара сөз есебiнде бөлiне алынады. Мысалы: Бақанас өзенi мен Жәнiбек екi арасы тай шаптырымдай-ақ жер деген сөйлемдегi мен, -ақ сөздерi лексикалық мағыналары жағынан да, грамматикалық қызметтерi жағынан да атаушы сөздерден өзгеше.



Көмекшi сөздер ең алдымен атаушы көмекшiлер және шылаулы көмекшiлер деген екi топқа бөлiнедi. Атаушы көмекшiлер өздерi тiркесетiн атаушы сөздерге қосымша лексика - грамматикалық мағына :стейдi. Мысалы: :й iшi, тау асты, оқып бер деген к:рделi формалардың әрқайсысының соңғы компоненттерi алғашқы компоненттерiнен қосымша лексика-грамматикалық мағына жамап тұр. Бұл к:рделi формалардың құрамдарындағы көмекшi сөздерi әрине, бiркелкi емес. Өйткенi олардың алғашқы екуiнiң құрамындағы iшi, асты сөздерi лексикалық мағыналары тек солғындаған көмекшi есiмдер болады да, олар семантикасы жағынан да, т:рлену :лгiсi жағынан да, қызметi жағынан да зат есiмдерге әрi ұқсас, әрi жақын болумен қатар, :немi сол есiмдермен тiркесiп жұмсалады. Ал бер, ал сөздерi лексикалық мағыналары солғындаған көмекшi етiстiктер болғандықтан, семантикасы жағынан да, т:рленi :лгiсi жағынан да, қызметi жағынан да, негiзгi етiстiктерге әрi ұқсас, әрi жақын болумен бiрге, :немi сол етiстiктермен тiркесiп қолданылады. Осыған орай, көмекшi сөздердiң бұл тобы iштей көмекшi есiмдер және көмекшi етiстiктер деген екi салаға бөлiнедi.

Шылау сөздер дегенiмiз-iшкi мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, сондай-ақ қызметтерi жағынан да өздерiнiң бастапқы шыққан төркiндерiнен бiржола қол :зiп, әрi осы аталған негiзгi :ш белгi жөнiнен де дербестiктерiнен айрылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпы көмекшi сөздер тобына негiзгi ұйытқы есебiнде қызмет ететiн сөздер.

Шылау сөздер өздерi тiркескен негiзгi сөздердiң мағыналарын я толықтырып, я анықтап, оларға әр қилы реңктер жамап, айқындай т:сiп отырады. Шылаулар - сөз бен сөздiң немесе сөйлем мен сөйлемнiң араларын байланыстыру, құрастыру :шiн қолданылатын өздерi тiркескен сөздерiнiң ұғымдарына әр қилы реңктер :степ, оларға ортақтасып тұлға жағынан тиянақталған лексика - грамматикалық мағынасы бар сөздер. Шылаулардың бойындағы қалыптасқан негiзгi қасиетi - грамматикалық мағынасы бар сөздер. Шылаулардың бойындағы қалыптасқан негiзгi қасиетi - грамматикалық мағыналар. Өйткенi шылаулардың грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарына қарағанда әлдеқайда басым болады. Тiлiмiздегi шылаулардың бәрiнiң де атқаратын қызметтерi бiрдей емес.

96

2. Қай қосымша қосылса да және қанша қосымша қосылса да, т:бiр морфема тұлға жағынан өзгермейдi, :немi бiрқалыпта сақталып отырады. Ал қосымша морфема тұлға жағынан тұрақсыз, демек т:бiр морфеманың ерекшелiктерiне қарай орайласып, өзгерiп отырады. Мысалы, айтылады, айтылар, айтылғандықтан, айтылмақшы, айтыңдар, айтысыңдар т.б.



3. Бiр т:рлi қосымша қай т:бiрге және қанша т:бiрге жалғанса да олардың әрқайсысына әр т:рлi мағына :стемейдi, олардың бәрiне де жалпы бiр т:рлi ғана мағына :стейдi. Мысалы, айтса, сатса, оқыса, жатса дегендегi –са морфемасы т:бiрлердiң бәрiне бiр ғана шарттық мағынасы :стесе, мектебiм, iнiм, дәптерiм, жолым дегендердегi -iм морфемасы олардың бәрiне де тек бiрiншi жаққа тән тәуелдеу мағынасын ғана жамайды.

4. Бiр т:бiр морфемаға қажетiне қарай бiрнеше қосымша морфема жалғана бередi. Бiрақ ондай жағдайда қосымша морфемалар бiрiнен соң бiрi, қалай болса солай қосыла бермейдi, тiлдiң iшкi заңдарына лайық, белгiлi бiр ж:йе бойынша рет-ретiмен тiркеседi. Мысалы, малшыларымыздағы деген есiм сөздiң т:бiр морфемасы мал, оған әуелi -шы, екiншi -лар, :шiншi -ымыз, төртiншi -да, бесiншi -ғы морфемалары қосылған. Бұл сөздiң қосымша морфемаларының орындарын ауыстырып тiркестiруге болмайды, өйткенi қосымша морфемалардың да әрқайсысының өздi-өзiнiң бiлдiретiн тиiстi мағынасы, алатын тиiстi орны, атқаратын тиiстi қызметтерi бар.

Сөйтiп т:бiр морфема мен қосымша морфеманың мағыналарындағы ең негiзгiайырмашылық мынау: морфеманың мағынасына әрi нақтылық, әрi дербестiк тән болып, сол мағына тiкелей т:бiәрдiң өз бойында болады, қосымша мағынаның мағынасына тым әрi жалпылық, әрi дербестiгi жоқтық тән болып, сол жалпы абстрактiлiк мағына тек сөздiң құрамында ғана тиянақты болып анықталады.

Тiлiмiзде т:бiр морфемалар сан жағынан көп те, қосымша морфемалар олардан әлдеқайда аз.

Сөздiң құрамы сияқты морфемалар да ж:йелi құбылыстар. Оладың ж:йелi құбылыс екендiктерiн т:бiр мен қосымшалардың өзара қатынастарынан да көруге болады. Мысалы, есiмшенiң -ған, көсемшенiң - ғалы қосымшалары тек етiстiк т:бiрлерiне ғана жалғанады да, есiм сөздерге жалғанбайды. Керiсiнше -шыл, -шiл қосымшасы тек зат есiмге жалғанып (сауықшыл) сын есiм тудырса, -м, -ым, -iм қосымшасы етiсткiтен зат есiм тудырады (бiлiм, төзiм). Аналар, iнiлер дегендердегi -лар, -лер қосымшасы аталған заттар жеке-дара емес, бiрнешеу я көп екендiктерiн бiлдiрiп тұр. Мысалы, жылқы, жылқышы және жылқышылық сөздерiнiң негiзгi т:бiрi бiр болғанымен, :шеуiнiң лексикалық мағынасы :ш т:рлi, жылқы дегенiмiз-мал, жылқышы

9

дегенiмiз оны бағушы адам, жылқышылық дегенiмiз-жылқы бағу кәсiбi.



Мағыналары мен қызметтерiне қарай сөзден сөз тудыратын және сөзден жаңа форма тудыратын қосымшалар жұрнақтар деп, сөз бен сөздi байланыстыратын қосымшалар жалғаулар деп аталады. Сөз тудыратын жұрнақтар өзi қосылып айтылған сөздерiнен жаңа туынды сөз жасайтын болғандықтын лексика-грамматикалық категория қатарына жатады, форма тудыратын жұрнақтар өзi қосылып айтылған сөздiң белгiлi бiр сөз тобына тән грамматикалық қызметiн анықтау :шiн қолданылатын болғандықтан функциональды-грамматикалық категория қатарына жатады.

Жұрнақтар мен жалғаулардың бiр-бiрiнен ажырайтын шегi бар. Ол шек жұрнақтар мен жалғаулардың мағыналарында ғана емес, қызметтерiнен де айқындалып тұрады. Мысалы, жалғаулар сөйлем iшiндегi сөздердiң араларындағы әр қилы аса жалпы қатынастарды бiлдiрiп, олардың т:р-т:рлерiнiң көрсеткiштерi есебiнде қызмет етсе, жұрнақтар ол қатынастарды бiлiдрмей тек өздерi жалғанған сөздерге жаңа лексикалық мағыналар :стеумен ғана тынады. Олардың бiр-бiрiнен ажырайтын тағы бiр шегi қолданылу аясына байланысты. Мысалы, жұрнақтар қаншалықты көп сөздерге жалғанғанмен, ол сөздер бiр сөз табының немесе сол сөз табына тән бiр категорияның аясында ғана тұйықталып қалып отырады, ал жалғаулар олай тұйықталмайды, олардың өрiсi кең. Мысалы, тәуелдiк, септiк, көптiк жалғаулары тек зат есiмдерге ғана емес, субстантивтенген сөздердiң бәрiне де жалғана бередi. Сол сияқты жiктiк жалғау да сөйлемде баяндауыш болатын сөздерге талғамай тiркесе бередi. Сонымен сөз тудыратын қосымшалар мен сөз бен сөздi байланыстыратын қосымшалардың бiр-бiрiне ұқсас жалпы жақтарымен қатар, бiр-бiрiнен ерекшеленетiн жалқы жақтары да бар.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Морфема дегенiмiз не, т:рлерi қандай

2. Т:бiр морфема дегенiмiз не

3. Қосымша морфема және оның т:рлерiне жалпы сипаттама берiң.

4. Мағыналары мен қызметтерiне қарай жұрнақтар неше топқа бөлiнедi

5. Жалғаулардың қызметi қандай


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. К.Аханов. Грамматика теориясының негiздерi. Алматы, 1ou5ж.

2. С.Исаев. Қазақ тiлiндегi негiзгi грамматикалық ұғымдар. Алматы, Ана тiлi. 1oo2ж.

3. А.Ысқақов. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. 1oo2ж.

10


Каталог: uploads -> books -> 251467
books -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети
books -> Науаи мемлекеттiк педагогика институты
books -> Бейімбет Майлин атындағы
books -> И.Ҳ.Ҳамдамов, С. Б. Мустанов, Э. И.Ҳамдамова, Г. А. Сувонова ботаника и.Ҳамдамов, С. Мустанов, Э. И.Ҳамдамова, Г. Сувонова Ботаника
251467 -> Тараккиётига боглик булиб, фаннннг ривожланичпп-а куп о
251467 -> Қодир Тўраев Муҳайё Зокирова Қизиқарли билимлар оламида
251467 -> Бухоро давлат университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет