Берда3 атында2ы №ара3алпа3 мемлекеттёк



жүктеу 1.52 Mb.
бет4/13
Дата01.09.2018
өлшемі1.52 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. К.Аханов. Грамматика теориясының негiздерi. Алматы, 1ou5ж

2. А.Ысқақов. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. 1oo2ж.

3. Ә.Төлеуов. Сөз таптары. Алматы, 1oo0ж

4. Хасенов А. Етiстiктiң лексика-грамматикалық сипаты Алматы

5.Исаев С. Қазiргi қазақ тiлiндегi негiзгi грамматикалық ұғымдар.Алматы, 1oo2ж.

y. Қордабаев Т. Қазiргi қазақ тiлiндегi етiстiктердiң шақ категориясы Алматы,1ou3ж.

u. Оралбаева Н. Бұйрық райдың синтетикалық және аналитикалық формасы. Алматы. 1ooiж.
ЕЛIКТЕУ СӨЗДЕР ТҮРЛЕРI
Ж О С П А Р Ы :

1. Елiктеу сөздер олардың т:рлерi

2. Елiктеуiш сөздердiң дыбыстық ерекшелiктерi

3. Елiктеу сөздердiң құрамына қарай т:рлерi

4. Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметi
Тiрек сөздер: өз алдына дербес сөз табы, т:рлерi: елiктеуiш, бейнелеуiш, сарт, тарс, елең, жалт, жұрнақтары: -ың, -аң, -ең, -лаң, -елең, арбаң - ербең , қиқаң - сиқаң, тарсыл - д:рсiл, сөйлемде пысықтауыш қызмет атқарады.

Тiлiмiзде семантикалық ерекшелiгi жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты жағынан да, фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын, соған сәйкес өз алдына дербес сөз табы ретiнде қаралатын бiр алуан сөздер елiктеу сөздер деп аталады. Елiктеу сөздер семантикалық жағынан алғанда, бiрiншiден табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың бiр-бiрiмен қақтығысу я соқтығысуларынан туатын, әр қилы дыбыстарға елiктеуден пайда болған т:сiнiктердi бiлдiрсе, екiншiден сол табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың және неше т:рлi жан-жануарлардың сыртқы сын сипаты мен қимыл-әрекеттерiнiң де қилы-қилы көрiнiстерiнен пайда болатын т:сiнiктердi бiлдiредi. Мысалы: арс, г:рс, д:рс, қорс, тарс, ырс, барқ, арбаң - арбаң, б:гжең - б:гжең, арсалаң-арсалаң, ыржың - тыржың, т.б. Елiктеу сөздердiң бiр тобы семантикалық

91

Оларға бiр алуан сөздердiң белгiлi бiр септiк жалғау формасында әбден қалыптасып, бiр-бiрiнен бөлiнбейтiндей болып көнеленген сөздер жатады. Осындай көнеленген қосымшалар төркiндерi септiк жалғауларынан болғандықтан, сыртқы тұлғасы жағынан сол септiктердiң жалғауларына ұқсас келедi.



Септелу қашан да болсын есiмдерге тән қасиет болғандықтан, мұндай :стеулер кейбiр септiк жалғауларының көнеленуiнiң нәтижесiнде көбiнесе есiмдерден туады.

а) Барыс септiктiң көнеленуiнен туған :стеулер: зорға, босқа, текке, жатқа, бекерге, әреңге, алға, артқа, бiрге, кешке, ертеңiне т.б.

ә) Жатыс септiктiң көнеленуiнен туған :стеулер: алда, артта, аста, :сте, кейде, қапыда, к:нде, лезде т.б.

б) Шығыс септiктiң көнеленуiнен туған :стеулер: шалқасынан, етпетiнен, төтеден, кеңiнен, қырынан, келтесiнен, басынан, әуелден т.б.

в) Көмектес септiктiң көнеленуiнен туған :стеулер: кезекпен, шынымен, қалпымен, жайымен, ретiмен.

II. К:рделi туынды :стеулер. К:рделi туынды :стеулер деп екi сөзден бiрiгiп, я қосарланып жасалған немесе кемi екi я оннан да көп сөздерден тiркесiп тұрақтанған :стеулердi айтамыз. Осыған қарай, к:рделi туынды :стеулер :ш т:рлi жолмен жасалады.

1) Басқа сөз таптарына тән сөздер бiрiгудiң нәтижесiнде :стеулерге айналады. Ондай :стеулер мыналар: б:гiн, биыл, иаңертең, жаздыг:нi, әрқашан, бiрқатар т.б.

2) Сөздердiң қосарлануы арқылы туған :стеулер мынадай: әрең-әрең, ендi-ендi, зорға-зорға, қолма-қол, көре-көре, анда-санда, оқтын-оқтын, сөйлей-сөйлей т.б.

3) Жазуда бөлек таңбаланып, мағына жағынан бiр сөз ретiнде қолданылатын грамматикаланған және идиомаланған тұрақты тiркестер-оларды екi салаға бөлуге болады.

Грамматикаланған және лексикаланған тiркестер: к:нi кеше, к:нi б:гiн, iлгерi, ала жаздай, алдын ала, соңын ала, келе сала, алдын ала, кiтапқа бола т.б.

Идиомаланған тұрақты тiркестер: қас пен көздiң арасында, аяқ астынан, т:н баласында, елден ала бөтен т.б.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. :стеу сөздерге жалпы сипаттама берiң.

2. Көнелену тәсiлi арқылы қайсы :стеулер жасалған, мысалдар келтiрiң.

3. :стеулер құрамына қарай неше топқа бөлiнедi 

90

6. Формасы басқа-басқа бола тұра, мағыналары бiр-бiрiне жақын ямағыналас синоним жұрнақтар да болады, сондай-ақ формасы бiрдей бола тұра, мағыналары өзара бiр-бiрiне алшақ омоним жұрнақтар болады.



7. Қазiргi кезде сөз тудыру жағынан өнiмдi я өнiмсiз болуларын а қарай, олар құнарлы жұрнақтар және құнарсыз жұрнақтар болып салаласады.

Сөйтiп, жұрнақтардың шығу төркiндерiнде де, даму және қалыптасу тарихында да, беретiн мағыналары мен атқаратын қызметтерiнде де қаншалықты ерекшелiктерi мен өзгешелiктер бола тұрса да, олар бей-берекет бытыранды қосымшалар емес,бiр :лкен ж:йеге сарқылатын және сол ж:йеден ұя-ұя болып тарайтын ж:йелi категория екенiн көремiз.



Сұрақтар мен тапсырмалар:


1. Жұрнақтар дегенiмiз не, жалғаулардан қандай айырмашы

лығы бар

2. Жұрнақтар мағыналары мен қызметтерiне қарай неше т:рге

бөлiнедi, олардың өзiндiк ерекшелiктерi қандай 

3. Жұрнақтар құрамына қарай нешеге бөлiнедi 

4. Омоним жұрнақтар дегенiмiз не, оларға қандай жұрнақтар

жатады

Пайдаланылатын әдебиеттер:


1. А.Ысқақов Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. Алматы, Ана тiлi. 1oo2ж.

2. С.Исаев. Қазiргi қазақ тiлiндегi негiзгi грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1oouж.

3. А.Данияров. Қазiргi қазақ тiлiнде көптiк категориясының берiлу жолдары. Тiл және әдебиет мәселелерi, 1oy3 ж.

4. Ә.Төлеуов. Қазақ тiлiнде зат есiм мен сын есiм тудыратын жұрнақтар. Алматы, 1ouoж.

5. И.Маманов. Қазiргi қазақ тiлi. Алматы, 1oi5ж.

Ж А Л Ғ А У Л А Р



Ж О С П А Р Ы :

1. Жалғау туралы т:сiнiк және оның т:рлерi.

2. Көптiк жалғаудың семантикалық мағынасы мен грамматикалық ерекшелiктерi.

15

3. Тәуелдеу категориясының жасалу тәсiлдерi, оңаша тәуелдеу мен ортақ тәуелдеу.



4. Септiк жалғаулардың қызметi мен мағыналары.

5. Жiктiк жалғаудың жалғану ж:йесi мен формалары.


Тiрек сөздер: жалғаулар сөз бен сөздi байланыстыру :шiн жұмсалатын қосымша морфеманың т:рi, олар төртке бөлiнедi: көптiк, септiк, тәуелдiк, жiктiк. Жалғаудың әрбiр т:рiнiң өзiне тән мағынасы және грамматикалық көрсеткiштерi бар, септiк ж:йесi жай септеу және тәуелдi септеу болып, тәуелдiк ж:әесi оңаша тәуелдеу мен ортақ тәуелдеу болып iштей бөлiнедi, жiктiк жалуадың сөздерге жалғануының қазақ тiлiнде төрт т:рлi ж:йесi бар.
Жалғаулар сөйлемдегi жеке сөздердi өзгертiп, т:рлендiру арқылы оларға белгiлi грамматикалық мағына :стейтiн морфологиялық формалар болып есептеледi. Жалғаулар мағыналық та, тұлғалық та дербекстiк болмайды. Өйткенi жалғаулар 1. жеке-дара қолданылмайды, 2. жеке-дара тұрғанда ешқандай мағынасы да болмайды. Ал мағыналы сөздерге қосылғанда олардың атқаратын қызметтерi де зор және ол сөздерге тиiстi грамматикалық мағыналар да жамайды.

Жалғаулар жалғанатын сөздердегi дауысты дыбыстардың әуенiне қарай не жуан, не жiңiшке болып сәйкесетiнi сияқты дауыссыз дыбыстардың да орайына қарай қатаңдап, ұяңдап, сонорланып, 2-3 вариантты болып т:рленгенi болмаса, шексiз өзгере бермейдi.

Жалғаулар сөйлемдегi сөздердiң араларындағы әр қилы аса жалпы қатынастарды бiлдiредi де, сол қатынастардың т:р-т:рiнiң көрсеткiшi есебiнде қызмет етедi. Сондықтан жұрнақтарға қарағанда жалғаулардың өрiсi де кең болып келедi. Мысалы: септiк, тәуелдiк жалғаулары субставтивтенетiн сөздердiң қай-қайсысына да жалғана бередi.

Қазiргi қазақ тiлiнде жалғаулардың төрт т:рi бар. Олар: көптiк тәуелдiк, септiк, жiктiк жалғаулары. Осы 4 т:рлi жалғаудың әрқайсысының өзiне тән грамматикалық мағыналары, формалары, өздерiне тән ерекше қызметтерi бар.

Тiлiмiзде көптiк категориясы да, көптiк жалғау категориясы да бар. Ал, осы екеуi бiр де емес және бiрдей де категориялар емес. Көптiк категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптiк жалғау категориясы онан гөрi әлдеқайда жалпы ұғым.

Сөз атаулының қай-қайсысы болса да жалпыланған, жинақталған ұғымды бiлдiредi. Мысалы: ағаш, шөп, жылқы, ет, қағаз деген әрбiр сөз даралауға болатын бiр тектес көптеген заттарды жинақтай атап, жалпылама ұғымның атын берiп тұр. Осындай мағынасы жалпылама ұғымды бiлдiретiн

16

сауатты деген баяндауышты пысықтап тұр.



4. Сөйлемде үстеулер қашан да болсын өздерiнiң пысықтайтын айқындайтын сөздерiнен бұрын тұрады. Бiрақ үстеулердiң iшiнен орын талғамайтыны-мезгiл үстеулер. егер олар баяндауыштан басқа м:шелердiң бiреуiн пысықтаса, тiкелей сол пысықтайтын м:шенiң алдынан тұрады. Ал баяндауышты пысықтаса, баяндауыштан алшақ та тұра бередi.

үстеулердiң басқа топтары өздерiнiң пысықтайтын м:шелерiнiң тiкелей қасында тұрады. Егер бiрнеше үстеу қоса-қабаттаса қолданылса да, ең әуелгi орында мезгiл :стеуi, одан кейiн-мекен үстеуi, одан кейiн мақсат, себеп, сын үстеулерi тұрады.

үстеулердiң мағыналары да т:рлi-т:рлi болады. Кейбiр үстеу сөздер сөйлемде қолданылу ерекшелiгiне қарай, әлденеше мағынаны бiлдiредi. үстеу сөздер мағынасына қарай топтастырғанда мынадай сегiз топқа бөлiнедi.

1) Мезгiл үстеулер. 2) Мекен :стеулер. 3) Мөлшер үстеулер. 4) Сын (я бейне) үстеулерi. 5) К:шейту (я ұлғайту) :стеулерi. y) Мақсат :стеулерi. u) Себеп-салдар үстеулерi. i) Топтау (я бөлу) :стеулерi.

Мезгiл үстеулерi қимылдың, қозғалыстың, жалпы мезгiлiн және дәл уақыт мерзiмiн бiлдiре келiп, қашан қай уақытта қашаннан деген сұрауларға жауап берiп, iстiң не болатынын, не болып жатқанын көрсетедi: б:гiн, былтыр, биыл, ертең, таңертең, кеше, к:ндiз, к:ндiзгi, к:нi-т:нi, қысы-жазы, анда-санда, оқта-текте, ендi-ендi, ала жаздай т.б.

Мезгiлдiк үстеулер тұлғасына қарай негiзгi түбiрлi, туынды түбiрлi, бiрiккен түбiрлi, қос сөзден және сөз тiркестерiнен жасалады. Мысалы: жаңа, кеше, б:гiн, қысы-жазы, к:нi б:гiн.

Мекендiк үстеу қимылдың мекенiн, орнын, бағытын бiлдiредi. Қайда қайдан қалай деген сұрауларға жауап бередi: iлгерi, кейiнде, әрмен, берi, асқа, :ске, сонда, былай, алда т.б.

Мөлшер үстеулерi түрлi қатынасты я жалпылап, я мөлшерлеп немесе қимылдың және сынның я теңдiк, я кемдiк дәрежесiн бiлдiредi де қанша қаншалық нешелеп қаншалап сияқты ғана сұрақтарға жауап бередi. Мөлшер :стеулерiне мынадай сөздер жатады: оншама, мұншама, бiрталай, сондайлық, сонша, бiрен-саран т.б.

Сын (бейне) үстеулерi қимылдың алуан т:рлi сапасын, тәсiлiн (iстелу жолын), бейнесiн бiлдiредi де қалай қайтiп қалайша кiмше неше (не сияқты) тәрiздi сұрауларға жауап бередi. Бұл бай топқа мынадай үстеулер жатады: осылай, осылайша, бiрте-бiрте, ойша, бұрынғыша, өзiнше, кезек-кезек, әрең-әрең, келе сала, билеп-төстеп т.б

Көнеленген формалар арқылы туған жалаң туынды үстеулер.

89

үстеулердi жалаң туынды үстеулер деймiз. Олар қандай қосымшалар қосылса да, сыртқы формасы жағынан бiр сөз болып келедi. Бiрақ жалаң туынды үстеулерге жалғанатын қосымшалар екi т:рлi болады: бiреулерi жұрнақтар арқылы жасалады да, бiреулерi әр т:рлi жалғаулардың көнеленуi арқылы үстеуге айналады. Жеке-жеке қарағанда олар төмендегiдей:



Жұрнақтар арқылы жасалатын жалаң үстеулер. Бұлар арнаулы жұрнақтар арқылы жасалады. Ондай үстеу тудыратын жұрнақтар мыналар:

1. -ша, -ше жұрнағы үстеу тудыратын әрi ең негiзгi, әрi аса өнiмдi жұрнақ болып қызмет атқарады. Осы жұрнақ арқылы жасалған үстеу мағына жағынан негiзiнде амалдың қалай я қалайша iстелетiндiгiнiң бейнесiн бiлдiредi.

К:шейту (я ұлғайту) үстеулерi заттың сынын, қимылдың өзiн немесе т:рлi мөлшерiн, көлемiн я аса к:шейтiп, я аса солғындатып көрсетедi де, қалай қандай деген сұрауларға жауап бередi Бұл топқа мына үстеулер жатады: ең әбден ылғи, кiлең, сәл, өңкей, тiптi,тым, нақ, нағыз, нық, әнтек, м:лдем, дәл, керемет, өрен, аса, өте т.б.

Мақсат үстеулерi қимылдың мақсатын бiлдiредi. Мақсат үстеулерi өзге топтарға қарағанда сан жағынан аз топтың бiрi. Мысалы, бұларға мынадай сөздер жатады: әдейi, әдейiлеп, жорта, қасақана. Бұлардан басқа мақсат үстеулерi көбiнесе аналитикалық тәсiл арқылы жасалады. Мысалы: кiтапқа бола, оқуға бола т.б.

Себеп-салдар үстеулерi амалдың себебiн я салдарын (нәтижесiн) бiлдiредi. Оларға мынадай үстеулер жатады: жоққа, босқа, құр босқа, бекерге, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан. Бұлардан басқа көсемшелердiң қайталануы арқылы жасалатын сөйлей-сөйлей, көре-көре, оқи-оқи т.б. үстеулер көбiнесе осы топқа жатады.

Топтау (я саралау) үстеулерi амалдың және басқа қарым-қатынастың бiрiгу арқылы iстелгенiн немесе, керiсiнше, жекеленiп iстелетiндiгiн бiлдiредi. Бұл үстеулер нешеден қаншадан нешеуден қалай-қалай сияқты сұрауларға жауап бередi. Мысалы: екеулеп, :шеулеп, он-оннан, аз-аздан, көп-көптен, топ-тобымен т.б.

Сөйтiп, үстеулердiң iшiндегi сан жағынан ең көбi сын я бейне :стеулерi, онан кейiнгiсi мезгiл, мөлшер, мекен, к:шейту үстеулерi. Ал өзге топтанмен салыстырғанда мақсат үстеулерi мен себеп-салдар үстеулерi анағұрлым аз.

2. үстеулер, осы жоғарыдағы сияқты, етiстiктен болған басқа м:шелердi де пысықтайды.

3. үстеулер есiмнен болған баяндауышты да пысықтайды, мысалы: Бозбаламын мен ендi. Б:гiнгi колхозшылар шетiнен сауатты деген сөйлемдерде ендi үстеуi бозбаламын деген баяндауышты, шетiнен :стеуi

88

сөздердiң өздерi бiркелкi емес. Олардың iшiнде ешқандай қосымшаларсыз тұрып, тiкелей көптiк ұғымды бiлдiретiн сөздер де бар. Мұндай сөздерге жеке-даралап санауға келмейтiн заттардың аттары, ру, халық, ел, тайпа аттары, әр қилы жәндiктер, аң, хайуанат аттары т. б. жатады. Мiне көптiк ұғымды осылайша сөздiң тiкелей өз лексикалық мағынасы арқылы бiлдiру лексикалық тәсiл деп аталады.



Сан есiмдер (реттiк сан мен болжалдық сандардан басқалары), сондай-ақ, көп, аз, әлденеше, бiрнеше, бiрталай тәрiздi сөздер зат есiмдерден бұрын анықтауыш болып тұрып, ешқандай қосымша формасыз көптiк ұғымды бiлдiре бередi. Мысалы: бес кiсi, отыз қой, елу дәптер т. б.

Көптiк ұғымның осылайша сөз тiркестерi арқылы берiлу жолы синтаксистiк тәсiл деп аталады.

Сөздердiң қосарлануы арқылы да жинақтау, топтау, жалпылау ұғымдары айтылатыны мәлiм. Мысалы: бала-шаға, ата-ана, дос-жар, ыдыс-аяқ т. б.

Қос сөздер синтаксистiк тәсiл арқылы туған к:рделi сөздер болғандықтан, олардың көптiк ұғымды бiлдiруiн лексика-синтаксистiк тәсiл деп деп аталады.

Көптiк ұғымдардың сөздерге тиiстi қосымшалар арқылы берiлу жолы морфологиялық тәсiл деп аталады.

Көптiк жалғаудың грамматикалық қызметiне қарай семантикалық мағынаса да, стилистикалық рай де к:штi. Оның бұл сипаттары төмендегiдей:

1. Бұл жалғау зат есiмге жалғанғанда сол сөз арқылы аталатын заттардың көптiгiн бiлдiредi. Мысалы: мектептер, қыздар, оқушылардеген формалар бiр мектеп, бiр қыз, бiр оқушы жайында емес, олардың әрқайсысының жинақталған тобы жөнiндегi ұғымды бағдарлатады.

2. Бұл жалғау есiмдiктерге, мысалы, сен, сiз, бiз өз, кiм, не, бұл, сол тағы басқаларынажалғанғанда, сол есiмдiктер арқылы ишараланып аталатын заттың және басқа әр бiр ұғымның саналмай айталмаған жинақ-тобын бiлдiруiмен қатар, саралап, талдап нұсқағандықты да аңғартады. Мысалы: Сендер бақыттысыңдар, МайпаӘ

3. Бұл жалғаулар сын есiмдерге, есiмше формаларына қосылғанда, сол сын есiмдердi, есiмшiлердi әрi субставтивтендiредi, әрi оларға көптiк мағына жамайды. Мысалы: Жан ашырлар, жақындар iштерiнен с:йсiнед.

4. Көптiк жалғаулар сан есiмдерге жалғанғанда ол дәл сол санның көптiгiн бермейдi, мөлшер я болжал ұғымын бередi. Мысалы: Бұның бiрi жиырма бестерге келген ақ сұр жiгiт екен.

17

5. Көптiк жалғаулар даралап санауға болмайтын көптiк формада жұмсалмайтын зат есiмдердiң сондай-ақ б:тiннiң бөлшегi ретiнде жұмсалмайтын кейбiр ұғымдардың аттарына қосылғанда, ол сөздер тiкелей



өз мағынасында емес, ауыспалы мағынада қолданылады. Мысалы: Жанында ылғи т:лкi iшiктiлер, сұлу мұрттылар отыр.

6. Көптiк жалғау көп адамға тән я ортақ бола латын заттардың (адамның) атауларына қосылғанда, сол заттың көп адамға бiрдей екенiн бiлдiредi. Мысалы: Осы жиынға сәлем айтқан Зередей аналары екен.

7. Көптiк жалғау жалқы есiмдерге қосылғанда, сол заттардың көптiгiн бiлдiрмейдi, «сол кiсi және басқалар» деген сияқты топтау ұғымын бередi. Мысалы: C:йiндiк аулына Абайлар ел орынға отыра келiп едi.

Иеленушi 3 жақтың бiрiне белгiлi бiр заттық меншiктi екенiн бiлдiретiн грамматикалық категория тәуелдеу категориясы деп аталады. Қазақ тiлiнде тәуелдеу категориясы 3 т:рлi тәсiл арқылы жасалады. 1. морфологиялық 2. синтаксистiк 3. аралас тәсiл.

Синтаксистiк тәсiл бiз, сiз есiмдiктерiне iлiк септiк қосымшасын жалғап, оған анықталатын заттың атын бiлдiретiн сөздi ешбiр қосымшасыз-ақ тiркестiру арқылы жасалады. Мысалы: бiздiң ауыл, сiздiң :й т.б.

Аралас тәсiл бұрынғы компонентiнiң есiмдiктер ғана емес, басқа есiмдерден де бола беретiндiгi жағынана және соңғы компонентiнiң :немi тәуелдiк жалғаулы сөз болатындығы жағынан таза синтаксистiк тәсiлден басқашалау болады.

Морфологиялық тәсiл арқылы туатын тәуелдеу категориясы мынадай екi т:рлi қосымша арқылы жасалады.

1. -нiкi (дiкi, -тiкi) жұрнағы арқылы

2. тәуелдiк жалғаулары арқылы.

Тәуелдеу ұғымын тудыратын -нiкi, -дiкi, -тiкi жұрнағы тарихы жағынан алғанда, iлiк септiктiң -ның, -нiң, -дың, -дiң, -тың, -тiң жалғауына және -кi, -қы, -ғы, -гi жұрнағынан бiрiгiп пайда болғаны мәлiм.

Тәуелдiк жалғау, әдетте бiр заттың басқа бiр затқа тәуелдi екенiн бiлдiретiндiктен, негiзiнен зат есiмге тән қосымша бола тұрса да, зат есiм қызметiн атқаратын субставтивтенетiн сөздердiң барлығына да жалғана бередi. Мысалы: Олардың жақсысы да, жаманы да бiрдей деген сөйлемдегi жақсысы, жаманы дегендер-субстантивтенiп тұрған сын есiмдер. Тәуелдеудiң оңаша және ортақ тәуелдеу т:рi тәуелденетiн заттың бiр я бiрнеше затқа (адамға) тән екенiн бiлдiрумен байланысты. Оңаша тәуелдеуде бiр я бiрнеше зат бiр ғана затқа (адамға) тәуелдi болып келедi, яғни ие болатын зат (адам) бiреу болады, сондықтан ол (iлiк септiктегi сө) тек жекеше тұлғада тұрады да, иеленетiн (тәуелденетiн) зат бiреу немесе бiрнешеу болуы м:мкiн сондықтан тәуелдiк жалғауындағы сөз жекеше де, көпше де тұлғада тұра бiледi.

18

пысықтауыш болса, осында пысықтауышының бастапқы т:бiрi осы есiмдiгi болғанымен-нда қосымшасы оның табиғи бөлшегi болып тұрақталып, көнеленiп қалған.



:стеулер де сөйлемдегi өзге сөздермен белгiлi қарым-қатнасқа т:сiп, қызмет атқарады. Олардың өздерiне тән тиiстi синтаксистiк қызметтерiн тану :шiн, бiрiншiден, :стеулердiң сөйлемде қандай м:ше болатындығын, екiншiден, :стеулердiң қандай сөз таптарымен тiркесетiнiн, :шiншiден, :стеулердiң сөйлемдегi орнын бiлу қажет.

:стеу сөздердi морфологиялық құрылысы мен құрамы жағынан екi топқа бөлуге болады:

1) Негiзгi :стеулер. 2) Туынды :стеулер.

Негiзгi :стеулер деп қазiргi кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтiн, тек белгiлi бiр формада қалыптасқан сөздердi айтамыз.

Негiзгi :стеулерге мынадай сөздер жатады: әрең, азар, әдейi, жорта, қасақана, ұдайы, :немi, дереу, шап-шаң, бағана, қазiр, ендi, iлгерi, жоғарғы, төмен, әрi, берi, керi, әрмен, бермен, ерекше, орасан т.б.

Сонымен, негiзгi :стеулердiң көпшiлiгi тарихи жағынан ерте кездерде әр т:рлi формаларда көнеленiп қалыптасқан туынды сөздер болған. Негiзгi :стеулердiң мынадай :ш т:рлi ерекшелiктерi бар:

1. Негiзгi :стеулердiң көпшiлiгiнен шырай категориясы жасалады. демек, оларға -рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтары жалғанады, алдынан шырай туғызатын өте, аса, тiптi, мейлiнше, қабағат сияқты к:шейiткiш:стеулер қолданылады. Мысалы: бұрын, бұрынырақ, бұрындау, тым бұрын, кейiн, кейiнiрек, кейiндеу, өте кейiн, әрменiрек, тiптi әрмен.

2. Негiзгi :стеулердiң кейбiреулерi қосарланып та, плеонизм жолымен қабаттасады да қолданылады. Мысалы: құр босқа, текке, босқа, бос бекерге, құр бекер, бекерден-бекер, бостан-бос, құрдан-құр т.б.

3. Негiзгi :стеулерден қосымшалар арқылы да, қосарлану арқылы да, басқа сөздер мен тiркесiп те, туынды :стеулер жұмсала бередi. Мысалы: әрең, әрең-әрең, азар-азар, азар деп, әдейiлеп, ұдайылап, әрi-берi, бұрынды-соңды, iлгерi-кейiн, ендi-ендi, кейiнде, ендiгәрi т.б.

Туынды :стеулер деп басқа сөз таптарынан т:рлi қосымшалар арқылы, сөздердiң бiрiгу және қосарлану тiркесу тәсiлдерi арқылы сондай-ақ, кейбiр сөз тiркестерiнiң тұрақтануы арқылы жасалған (я :стеуге айналған) :стеулердi айтамыз.

Құрылысы мен құрамы жағынан туынды :стеулер екi топқа бөлiнедi:

а) жалаң туынды үстеулер

ә) к:рделi туынды үстеулер

1. Жалаң туынды үстеулер. Түрлi қосымшалар арқылы жасалған

87


Каталог: uploads -> books -> 251467
books -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети
books -> Науаи мемлекеттiк педагогика институты
books -> Бейімбет Майлин атындағы
books -> И.Ҳ.Ҳамдамов, С. Б. Мустанов, Э. И.Ҳамдамова, Г. А. Сувонова ботаника и.Ҳамдамов, С. Мустанов, Э. И.Ҳамдамова, Г. Сувонова Ботаника
251467 -> Тараккиётига боглик булиб, фаннннг ривожланичпп-а куп о
251467 -> Қодир Тўраев Муҳайё Зокирова Қизиқарли билимлар оламида
251467 -> Бухоро давлат университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет