Берда3 атында2ы №ара3алпа3 мемлекеттёк



жүктеу 1.52 Mb.
бет8/13
Дата01.09.2018
өлшемі1.52 Mb.
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Тапсырмалар мен сұрақтар:


1. Cөз формалары дегенiмiз не

2. Қазақ тiлiндегi сөзформалары қандай тәсiлдер арқылы жасалады 

3. Жалаң сөздер дегенiмiз қандай сөздер, оларды т:рлерiне сипаттама берiң.

4. Т:бiр сөз дегенiмiз не 

5. Туынды сөз дегенiмiз не, олар қалай жасалады 

6.Тiрi жұрнақтар және өлi жұрнақтар туралы не бiлесiз 



Пайдалыналған әдебиеттер:


1. А.Ысқақов. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология Алматы, Рауан, 1oo3ж

2. К.Аханов. Грамматика теориясының негiздерi. Алматы

3. А.Ибатов. Қазақ тiлi морфологиясының тарихы. Алматы, 1oou

4. Ә.Төлеуов. Қазақ тiлiндегi есiмдер. Алматы, 1ooy

5. Ы.Маманов. Қазiргi қазақ тiлi. Алматы, 1oo0

К:РДЕЛI СӨЗДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ Т:РЛЕРI




Ж О С П А Р Ы :

1. К:рделi сөздерге жалпы сипаттама

2. Сөздердiң к:рделену процесiне тiлдiк факторлардың әсерi

3. Қос сөздер, мағыналық ерекшелiктерi

4. Бiрiккен сөздер, т:рлерi, ерекшелiктерi

5. Қысқарған сөздер, сөздердiң қысқару жолдары мен тәсiлдерi



Тiрек сөздер: кемi екi я одан да көп сөздерден құралады, әуел бастағы жай сөз тiркесiнен шығады, б:гiн, биыл, орынбасар, әпер, сөйт, сөздердiң к:рделенуiндегi фонетикалық, лексика-семантикалық, грамматикалық факторлар, к:рделi сөздердi топтастыру, қос сөздер, бiрiккен сөздер, қысқарған сөздер туралы.

К:рделi сөз деп кемiнде екi я одан да көп дара сөзден құралып, ритм, ырғақ жағынан бiр ұдай, лексика-семантикалық жағынан бiр тұтас, лексика-грамматикалық жағынан бiр б:тiн тұлға болып бiрлескен тұрақталған құрама сөздi я сөз тiркесiн айтамыз.

26

4. Шақ категориясының формалары, олардың өзiндiк белгiлерi.


Тiрек сөздер: Сөйлеушi пiкiрiнiң ақиқат шындыққа қатысын бiлдiретiн мазмұны жағынан да, формасы жағынан да аса бай категория райлар болып табылады, райлар ашық рай және неғайбыл райлар болып екiге бөлiнедi, ашық рай шақ категориясыен тығыз байланысты қаралады, неғайбыл райға бұйрық рай, қалау рай, шартты рай т:рлерi бар.

Сөйлеушi лебiзiнiң я сөйлеушi пiкiрiнiң ақиқат шындыққа қатысын бiлдiретiн тiлдегi тиiстi фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсiлдер және олар арқылы берiлу ж:йесi модальдiк категориясы деп аталады. Модальдiк категорияның етiстiк формалары арқылы берiлетiн амал-тәсiлдерiнiң ж:йесi етiстiктiң райы деп аталады.

Етiстiктiң райы мазмұн жағынан да, форма жағынан да аса бай категория. Мысалы: мен барайын, мен барайыншы, мен бара алмаймын, мен бара қояйын, мен бара салайын, мен барып көрейiн, менiң барғым келедi.... деген тәрiздi жай сөйлемдердегi етiстiк формаларын алсақ, олардың әрқайсысында өздерiне тән, өзгелерiнде жоқ модальдiк мән бар. Ал сол модальдiк реңктердiң қай-қайсысы болсынетiстiктiң тиiстi формалары арқылы берiлiп, сол формалар арқылы бiр-бiрiнен ажыратылып тұр. Амалдың ақиқатқа қатысын бiлдiруiне қарай етiстiк райлары iштей сараланып ашық рай және неғайбыл райлар деп аталатын екi салаға бөлiнедi. Олардың негiзгi сипаттары мен айырмашылықтары мынадай: 1) Ашық райда арнаулы грамматикалық көрсеткiштер болмайды, неғайбыл райларда арнаулы көрсеткiштер болады. 2) Ашық рай амалды реальды етiп көрсететiндiктен, мезгiл ұғымымен-өткен, қазiргi, келер шақтармен байланысты болады да, сөйлеу тiлiнде сол шақ формалары арқылы көрiнедi. Ал неғайбыл райлар амалдың реальды емес екендiгiн, яғни амалдың негативтi сипатын бiлдiрiп, олардың бұйыру, қалау, шарт ету , қажет санау тәрiздi модальдiк реңктер т:рiнде атайды да, тек келешекке меңзегенi болмаса, шақ категориясына тiкелей қатыспайды. 3) Ашық райдың қолданылу өресi де, мағыналық қарымы да өте кең, әрi аса бай ұтымды болады.

Ашық райдың арнаулы қосымшалары болмағанымен бұл категория амалдың белгiлi бiр мезгiлде, яғни өткен, қазiргi, келер шақтардың бiрiнде болу я болмауын көрсететiн шақ формаларымен тiкелей байланысты болатындықтан, шақ формаларының ж:йесi.

Адам сөйлегенде я жазғанда белгiлi бiр жайт туралы жалаң хабар берiп қоймайды, соған қатысты өзiнше т:йген көзқарасын, көңiл қойын, ой-құбылысын да бiлдiрiп отырады. Өйткенi ондайда көңiл, ой құбылысы арқылы айтылатын хабардың анықтығы, ақиқаттығы, к:мәндiлiгi, :стiртiндiлiгi, м:мкiндiгi, аяныш, жалыныш, қуаныш, ренiш,

79

байланысты қаралады. а) -а,-е, -й жұрнағы арқылы жасалған көсемше көбiнесе алдағы уақытта ж:зеге аспақшы амал-әрекеттi бiлдiредi. Бiрақ сол келер шақ ұғымы нақты емес, жалпы ғана аталады. Мысалы~ Бiз алдағы каникулда да егiн жинауға барамыз, сөйтiп әлеуметтiк iске болысамыз. ә) -ғалы, -гелi жұрнағы етiстiк негiзiне жалғанып, контекске қарай келер шақ мәнiн де бiлдiредi. Мысалы: Мен сiздi әдейi көргелi, сiзбен танысқалы және ақылдасқалы келдiм. б)-ғанша, -генше жұрнағы да етiстiк негiзiне жалғанып, контекске қарай, оған келер шақ мәнiн жамайды. Бұл форма құрмалас сөйлемнiң тек бағыныңқысының баяндауышы болады да, басыңқы сөйлемде аталатын негiзгi амалдан кейiнгi iс-әрекеттi бiлдiредi. Мысалы: Хош сау бол, ей ағалар, бiз келгенше. Таз таранғанша той тарқайды.



Сұрақтар мен тапсырмалар:


1. Етiстiктiң қандай грамматикалық категориялары бар, олардың бiр- бiрiнен айырмашылықтары қандай

2. Етiстiк негiзi дегенiмiз не 

3. Етiстiктiң салттылық және сабақтылық категориясы қалай жасалады 

4. Етiс категориясының қандай т:рлерi бар, мысалдар келтiрiң.

5. Болымдылық және болымсыздың категориялары қалай жасалады.

y. Етiстiктiң қимыл атауы категориясының қызметi қандай 



Пайдаланылған әдебиеттер:


1. А. Ысқақов. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология Алматы, 1oo2ж

2. Ә. Төлеуов. Сөз таптары. Алматы 1oo0ж.

3. Хасенов А. Етiстiктiң лексика-грамматикалық сипаты. Алматы

4. Иасев С. Қазiргi қазақ тiлiндегi негiзгi грамматикалық

ұғымдар. Алматы. Ана тiлi. 1oo2ж.

5. Қасымова Б. Қазiргi қазақ тiлiндегi к:рделi етiстiктер.

Алматы, 1ooyж

y. @.Қалиев, Н.Оралбаева, Б.Қасымова. Қазiргi қазақ тiлi. Алмты.

Ана тiлi, 1oouж.

ЕТIСТIКТIҢ РАЙ, ШАҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ


Ж О С П А Р Ы :

1. Етiстiктiң рай категориясына сипаттама.

2. Ашық рай мен неғайбыл рай, олардың бiр-бiрiнен айырмашылықтары

3. Шақ категориясына жалпы сипаттама.

78

К:рделi сөздердiң қай-қайсысы болса да әуел бастағы жай сөз тiркесiнен шыққан. Бұлардың қалыптасуына әр қилы синтаксистiк амал-тәсiлдер негiз болған. Сөздердiң к:рделену процесi бiрден туа салатын және тез қалыптаса қоятын құбылыс емес, ұзақ процестердi басынан кешiретiн тарихи құбылыс. Осындай процестер :стiнде морфологиялық және синтаксистiк тәсiлдердiң к:рделi сөз тудырудағы арақатынастарына әр алуан фонетикалық, лексика-семантикалық және грамматикалық факторлар да араласып, әр қайсысы өзiнше әр қилы дәрежеде :лестерiн қосып, сол қатынастарының дамуына жәрдем етедi.



Фонетикалық фактор. К:рделi сөздердiң компоненттерiнiң әр қилы дыбыстық өзгерiстерге ұшырауын фонетикалық фактор деп атаймыз. Мысалы: б:гiн, биыл, ағайын, қайны, белбеу, әкел, әпер, т:регел, сөйт, өйткенi тәрiздi к:рделi сөздер осындағы көрсетiлгендей к:йге әр қилы дыбыстық өзгерiстерге ұшырау арқылы жеткен. Ол өзгерiстердiң болуына ассимиляция, диссимиляция, :ндесу, сiңiсу сияқты әр алуан заңдар қатынасқан.

Лексика-семантикалық фактор. Әуелгi жай сөз тiркестерiнiң идиомалану, лекскиалану, делексикалану құбылыстарын лексика-семантикалық фактор деп атаймыз. Мысалы: қырғи қабақ болу, ат ұстi қарау, қас пен көздiң арасында (идиомалану), темiр жол, ж:к аяқ, аққу, атшабар, ала өкпе (лексикалану), былтыр, т:неуг:нi, ышқыр, аласабыр (делексикалану) т.б.

Белгiлi бiр грамматикалық категорияға тән бiр алуан сөздерден я қайталану, я қосарлану, я тiркесу арқылы к:рделi сөз жасалады. Бiрақ ол сөздерден жаңа лексикалық мағына тумайды, олар тек грамматикалық мағына бiлдiредi. Мысалы: тау-тау астық, кiмде-кiм, қай-қайдағы, әрең-әрең, :лкен-кiшi т.б.

Сөйтiп, к:рделi сөздердiң лексикалық мағынасы өзгермей тек ғана грамматикалық мағынасы өзгерсе, ол процесс грамматикалану деп аталады.

Қазақ тiлiндегi к:рделi сөздер сыртқы кескiн тұрпатына қарай я бiрiккен, я қосарланған, я тiркескен, я қысқарған сөздер т:рiнде кездеседi.

Қазақ тiлiндегi қос сөздердiң құрамдарындағы компоненттер я бiр сөздiң ешқандай өзгерiссiз қайталануынан, я оның бiр сыңарының, не бiр буынының, не бiр дыбысының өзгерiлiп жамалуынан құралады немесе морфологиялық жағынан бiр тектес я синоним, я антоним сөздерден салаласып құралады. Сөздi қайталау және қосарлау тәсiлi- өзiнше ерекшелiгi мол құнарлы ж:йе. Бұл ж:йе бойынша сөздi қайталаудан, я қосарлаудан белгiлi мағыналар туады. Зерттеушiлер қазақ тiлiндегi қос сөздердi қайталама және қосарлама қос сөздер деп

27

екiге бөледi.



Қайталама қос сөздер белгiлi бiр сөздiң я қосымшасыз, я қосымшалы т:рiнiң екi ретқайталануы арқылы, я сол с өздiң не бiр дыбысының немесе бiр буынының өзгерiп қайталануы арқылы жасалады. Мысалы: жол-жол, тау-тау, сөйлей-сөйлей, ат-мат, өздi-өзiне, қолма-қол т.б. Қайталама қос сөздер компоненттерiнiң ерекшелiктерiне сәйкес, қалыптасқан сыртқы дыбыстық және морфологиялық формаларының өзгешелiктерiне сәйкес, қалыптасқан сыртқы дыбыстық және морфологиялық формаларының өзгешелiктерiне қарай төрт т:рлi болады.

1. Қосымшасыз т:бiрдiң қайталануынан құралатын сөздер. (қора-қора, мая-мая, кiм-кiм, биiк-биiк)

2. Қосымшалы т:бiрдiң қайталануынан құралатын қос сөздер. (бара-бара, сөйлей-сөйлей, :йдi-:йге, өзiнен-өзi)

3. Бiр сыңарының дыбысы өзгерiп құралатын қос сөздерге кiсi-мiсi, қағаз-мағаз, шай-пай, қалт-құлт сияқты формалар жатады.

4. Бiр сыңары ықшамдалып қайталанатын қос сөздерге ап-ащы, жап-жақсы, кiп-кiшкене, теп-тегiс сап-сияқтылар жатады.

Қайталама қос сөздер тiлiмiздегi негiзгi грамматикалық сөз таптарының бәрiнен де жасалады. және қайталанатын сөз қай сөз табына тән болса, туған қайталама сөз де сол сөз табына қатысты болады. Мысалы: шелек-шелек, тау-тау, жақсы-жақсы, бiр-бiр, кiм-кiм, айт та айт, әрең-әрең, бұрқ-бұрқ,.

Қайталама қос сөздердiң т:р-т:рлерiнiң өзара мағыналық айырмашылықтары сол сөздердiң қайталау т:рлерiне, олардың сыртқы морфологиялық формаларына байланысты. Себебi қайталаудың әрбiр т:рi я :лгiсi тиiстi семантикалық я грамматикалық мағына тудыратын грамматикалық флрма ретiнде қалыптасқан тәсiлдер деуге болады. Өйткенi қайталама қос сөздердiң формаларын да басқа-басқақаншалықты т:р болса, олардың соншалыты мағыналық реңктерi де болады. Демек өзiне тән ерекшелiгi бар әрбiр мағыналық реңктiң өзiне лайық формасы да болады.

Қайталама қос сөздердiң iшiнде арасына -ма, (-ме, ба) қосалқыланып айтылатын қос сөздiң (қарсыма-қарсы), бетпе-бет, орны өзiнше бiр басқа. Бұл форма қазақ тiлiнде аса құнарлы емес және өзге топтардан оның семантикасы мен қызметi де өзгеше. Мысалы: көзбе-көз кездестiм, қолма-қол тапсырдым дегендердегi қос сөздер 1) амал мен iстiң бiреу арқылы емес екi субьектiнiң арасында тiкелей болатынын бiлдiредi, 2) бұл сөздер тек етiстiк сөздермен тiркеседi, 3) сөйлемде олар тек ғана пысықтыуыш болып, адвербиалдық қызмет қана атқарады. Жалпы алғанда, бiр сөздiң қайталануы арқылы жасалатын к:рделi есiмдер обьективтiк өмiрде кездесетiн заттарда я басқа құбылыстарда және олардың әр т:рлi қарым-қатынастарында болатын көбею, топталуы, еселеу, жiктелу, саралау, бөлiну сияқты жай к:йлердi я

28

Бұл категорияның арнаулы формалары бар. Олар мыналар: 1)-ып, -iп, -п, 2) -а, -е, -й, 3) -ғалы, -гелi, -қалы, -келi, 4) -ғанша, -генше, -қанша, -кенше.



Көсемшелердiң әбден қалыптасқан дағдылы қызметi етiстiктiң белгiсiн бiлдiру болады. Көсемшелер ол :шiн өздерiнiң қосымшаларын дәнекер етедi және көсемшелердiң осы семантикасында сәл де болса, шақтық мән я оның нышаны болады. Шаққа қатысына қарай көсемшелерге төмендегiдей қысқаша сипаттама берiледi.

1) Өткен шақ көсемше етiстiк негiзiне -ып, -iп, -п, -ғалы, -гелi, -ғанша, -генше қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Өткен шақ көсемшенiң бiрiншi т:рiнiң мағынасы да, қызметi де орасан көп. Олардың кейбiр негiзгi сыр - сипаттары мынадай : Бұл форма дара т:рде де, қайталанып та, қосарланып та, тiзбектелiп те жұмсала бередi.

Көсемшелер мезгiл мәнiн шақ категориясындай толық бiлдiрмегенiмен, оның бiр нышанын контексте бiлдiре алады. Осы соңғы қасиет көсемшелердiң өзге формаларынан гөрi -ып, -iп, -п формалы т:рiнде айқын бiлiнедi. Мысалы: Мен барыппын, сiз барыпсыз, ол барыпты дегендердiң бәрiнде де өткен шақ мәнi бар. Қар жауып, :й суыды деген құрмалас сөйлемнiң бағыныңқысындағы жiктелмей тұрған баяндауыштан да өткен шақ мәнi анық байқалады.

Көсемшенiң -ғалы, -гелi, -ғанша, -генше жұрнақтарының шақтық мәнi контексте қолданылу ыңғайына қарай, бiрде өткен шақ, бiрде келер шақ реңкiне көшiп отырады. Мысалы: Сiзбен танысқалы көп болған сияқты.

Осы шақ көсемше. Бұл формаға -а, -е, -й жұрнақтары арқылы жасалатын көсемше жатады. Бұл көсемшенiң де мағынасы мен қызметi орасан көп. Оның негiзгi сипаты төмендегiдей: 1) -ып формалы көсемше сияқты амалдың белгiсiн, мезгiлiн, тәсiлiн, мақсатын, себебiн , басқа амалмен жарыстырыла я жол-жөнекей iстелу сипаттарын бiлдiредi. Мен ж:ре келе көп нәрсеге т:сiндiм. 2) Құрмаластың бағыныңқысында, жалаң және жай сөйлемдерде баяндауыш болады. Мыс: Құс ұшады, бұзау мөңiрейдi. 3) Көбiнесе аналитикалық етiстiктiң жетекшi компонентi болады. Мысалы: Айта сал, бере тұр, ала қой құлай кеттi. Көсемшенiң бұл т:рi әдетте, ауыспалы осы шақ формасы деп аталады. Қолданылу ыңғайына қарай бұл форма контексте осы шақ мәнiн де, келер шақ мәнiн де бiлдiредi.

3) Келер шақ көсемше. Бұл форма -а, -е, -й, -ғалы, -гелi, ғанша, -генше жұрнақтары арқылы жасалады. Осы :ш қосымша да көсемшенiң өткен шақ және осы шақ т:рлерiн жасауға қатысатындықтан оларды ауыспалы келер шақ деп атауға әбден болады. Ал бұл жұрнақтардың ауыспалы келер шақ мәнiн жасаудағы қызметi тек баяндауышпен

77

жұрнағы арқылы жасалған форма сөйлемнiң қай орнында қалай т:рлендiрiлiп жұмсалса да және құрамы жалаң я к:рделi т:рде қолданылса да, дәйiм өткен шақ мәнiн бiлдiредi. Мысалы: Мен ол кiсiнi талай көргенмiн, талай әңгiмелескенмiн. -атын, -етiн жұрнағы арқылы жасалатын есiмшенiң қай мезгiлдi бiлдiруi контекске байланысты, өйткенi оның қай шақты бiлдiруi айналасындағы сөздерге қарай ауысып отырады. Мысалы: Бiздер уақыт-уақыт жиналатынбыз да, әлеуметтiк жай, әдебиет мәселелерi жөнiнде пiкiр алысатынбыз, тiптi кейде қатты таласатынбыз сияқты тiркесте өткен бiр кездерде болған iс-әрекет жөнiнде сөз болып отырғаны айқын.



2. Есiмшенiң осы шақ т:рi контекске қарай -атын, -етiн, -йтын, -йтiн жұрнағы арқылы жасалады. Бiрақ бұл осы шақтық мағынасы сөйлесi отырған кездi дәл атамайды, дағдыға, әдетке айналған, :йреншiктi болған, жалпы ж:зеге асып отыратыня iстелiп жататын әрекеттi бiлдiредi. Мысалы: Сенiң алғаның да, алатының да, аларың да ылғи алғыс дегендегi алғаның -өткен шақ, алатының -осы шақ, аларың -келер шақ екенi к:мәнсiз.

3. Есiмшенiң келер шақ т:рi етiстiк негiзiне -ар, -ер, -р жұрнағы мен -мақ, -мек, -бақ, -пақ жұрнағы жалғану арқылы жасалады. -ар жұрнағы арқылы жасалған есiмше сөйлемде қай орында, қандай сөйлем м:шесi болса да семантика жағынан :немi келер шақ мағынасын бiлдiредi. Мысалы: Қайта кiрер есiктi қатты жаппа. -мақ -мек жұрнағы арқылы жасалған есiмше амал-әрекеттiң алдағы уақытта ж:зеге асуы анық, айқын екенiн бiлдiредi. Мысалы: Олар осында келмек, бiз оларды к:тпекпiз.

Етiстiк негiздерiнен арнаулы қосмшалар арқылы жасалып, тиiстi дәрежеде шақтық, модальдiк және басқа мәндердi бiлдiретiн ерекше формалар көсемшелер категориясы деп аталады. Көсемшелер етiстiктiң жалаң және к:рделi негiздерiне, қимыл атауларына, есiмшелерге, рай формаларына, көсемшелердiң өздерiнен басқа ешбiр дәнекерсiз-ақ еркiн тiркесiп, олардың юелгiлерiн, сипаттарын бiлдiредi де, сөйлемде көбiнесе динамикалы адвербиал (етiстiктен болған пысықтауыш) болып қызмет атқарады. Көсемшелердiң осы қасиетi оларды етiстiктiң өзге формаларынан ерекшелендiрiп отыратын негiзгi жалпы грамматикалық сипаты болады. Мысалы: Ол к:ле сөйледi, к:ле сөйлесiп отырды.

Мұнымен қатар көсемшелердiң барлық т:рлерi де бағыныңқы сөйлемнiң баяндауышы бола бередi, бiрақ олардың iшiнен тек жiктелген т:рлерi (-ып, -iп,-п, -а, -е, -й ) ғана басыңқы сөйлемнiң баяндауышы болады. Мысалы: Жаңбыр жауып, жер көгердi, Бiз бұл кiтапты оқыппыз. Қазiр :йге қайтамыз.

Көсемшелер жеке-дара сөз есебiнде қолданылмайды, морфологиялық жағынан т:рленбейдi, демек, көптiк, тәуелдiк, септiк қосымшалары қосылмайды, тек әредiк ғана жiктеледi, пысықтауыш және

баяндауыш ғана болады.

76

көбейтiп топ-тобымен, я бөлiп жiк-жiгiмен, я саралап сала-саласымен атап, тәртештеп бiлдiретiн форма ретiнде қызмет етедi.



Қосарлама қос сөздер лексикалық мағынасы басқа-басқа екi т:рлi сөзден құралады. Мысалы: ата-ана, :лкен-кiшi, жатса-тұрса, алды-арты, iшi-сырты т.б.

Қосарлама қос сөздер мағына жағынан ыңғайлас, морфологиялық жағынан тектес, синтаксистiк жағынан теңдес сөздерден құралады. Мысалы: әке-шеше, алты-жетi, алды-арты, ойнап-к:лiп деген тәрiздi сөздердiң әрқайсысының компоненттерi мағына жағынан бiр-бiрiне орай, өзара ыңғайлас сөздер, олар морфологиялық төркiнi жағынан да, бiр тектес, демек белгiлi бiр ғана сөз табына тән, әрi формалары бiркелкi сөздер, әрi қос сөздердiң компоненттерi синтаксистiк қызметi жағынан бiр-бiрiне бағынбай салаласа құрылған к:рделi сөздiң бiр-бiрiмен тең табиғи бөлшектерi есебiнде қызмет етедi. Бұл аталған :ш т:рлi ерекшелiк қосарлама сөздердiң к:рделi сөз болып жасалуына негiзгi таяныш болумен бiрге, олардың өзге к:рделi сөздерден ажырауына да негiзгi белгi есебiнде қызмет етедi.

Қосарлама қос сөздердi компоненттерiнiң морфологиялық құрамына және сөз таптарына қатынасына қарай бөлiп, оларға да өзiнше тиiстi сипаттама беруге болады.

1. Компоненттерiнiң морфологиялық құрылымына қарай қосарлама сөздердi екi топқа бөлуге болады: а) негiзгi т:бiрден құралған қосарлама сөздер (ас-су, бала-шаға) ә) туынды формалардан туған қосарлама сөздер (азды-көптi, алым-берiм, жауын-шашын)

2. Жалпы қос сөздер, оның iшiнде қосарлама сөздер тiлiмiздегi негiзгi грамматикалық сөз таптарын т:гел қамтиды да, өздерi сол сөз таптарына қатысты болады. Мысалы: азық-т:лiк, дәм-тұз, бес-алты, олай-бұлай абыр-сабыр т.б.

Қазақ тiлiнде екi я одан да көп сөздер бiрiгiп, бiр лексикалық мағына берiп, бiртұтас сөз жасайды:орынбасар, көкөнiс, балмұздақ т.б. Бiрiккен сөз екi т:рлi: бiрiккен сөз, кiрiккен сөз. Бiрiккен сөз деп компоненттерi мағына жағынан да, форма жағынан де елеулi өзгерiстерге ұшырамай-ақ өзара бiрiгiп, жинақталған бiртұтас лексика-семантикалық мағына бiлдiретiн к:рделi сөздi айтамыз.Мысалы: қарақат, шамшырақ, жансая, жанұя т.б.

Кiрiккен сөз деп компоненттерiнiң бiреуi я екеуi де бiрдей әуелгi өз мағыналарынан айрылып, тұтасымен тұрып басқа бiр жалпы мағына бiлдiретiн және сонымен бiрге сол компоненттерi фонетикалық жағынан әр қилы өзгерiстерге ұшырап, бiр-бiрiмен белгiлi дәрежеде әрi :ндесiп, әрi ықшамдалып құралған к:рделi сөздi айтамыз. Мысалы: қарлығаш, белбеу, әкел, былтыр т.б. Кiрiккен сөздер компоненттерiнiң өзгеру

29

сипатына қарай екi салаға бөлiнедi. Бiрiншi топқа екi компонентi бiрдей дыбыстық өзгерiске ұшырап бiрiккен: б:гiн, биыл, бәрекелдi, т:регел сияқтылар жатса, екiншi топқа тек бiрсыңары ғана өзгерген алаңғасар, алагеуiм, итаршы, керенау, таңертең, ағайын тәрiздiлер жатады.



К:рделi сөздердiң өзге т:рлерi сияқты, кiрiккен сөздер де, бiрiккен сөздер де белгiлi грамматикалық сөз таптарына телулi болады. Мысалы: б:гiн, биыл, ендiгәрi деген кiрiккен сөздер :стеу болса, әкел, әкет дегендер етiстiк болады. Ал сексен, тоқсан дегендер -сан есiмдер т.б. Сондай-ақ шекара, демалыс, асқазан, ақсақал дегендер зат есiмге жатады да, ал әлдекiм, әркiм деген бiрiккен сөздер есiмдiк болады.

Қысқарған сөздер де қазiргi тiлiмiздегi сөздердiң белгiлi бiр тобына жатады. К:рделi атау сөздердiң бiр алуандарының әрi қысқартылып, әрi бiрiктiрiлiп жұмсалу жолы Қазан төңкерiсiнен кейiнгi дәуiрде орыс тiлiнiң әсерiнен келiп туды деуге болады.

Төңкерiстен кейiн мазмұны жағынан да, т:рi жағынан да жаңа әр алуан әлеуметтiк, қоғамдық ұйымдар мен мекемелер пайда болғаны мәлiм. Сол ұйымдар мен мекемелердiң аттары әдетте, бiрнеше сөз арқылы аталатын болды. Орыс тiлiнiң ықпалымен қазақ тiлiнiң де сөйлеу, жазу дағдысында жиi қолданылатын ондай суреттеме атауларды қысқартып жазу дәст:рi туды. Осының нәтижесiнде қысқарған сөздер әдеби тiлдiң жазбаша т:рiнде к:рделi сөздердiң белгiлi бiр т:рi болып қалыптасты. Мысалы: ТМД-Тәуелсiз мемлекеттер достастығы, пединститут т.б. Қазақ тiлiндегi сөздер :ш т:рлi жолмен қысқарған:

1) Орыс тiлiнде де, қазақ тiлiнде де құрамындағы сөздердiң толық т:рiнiң де, қысқарған т:рiнiң де тiркесу реттерi бiрыңғай келетiн сөздер, мысалы: ҚазМИ (Қазақ медициналық институты), ҚазТАГ (Қазақстан телеграф агенттiгi), обком (облыстық комитетi)

2) Қазақ тiлiнiң өзiне тән сөз тiркесу заңына лайық қысқартылып ж:рген сөздер: ХДП-Халық демократиялық партиясы.

3) Орыс тiлiндегi сөз тiркесу заңына лайық қысқарып, жалпы қазақ жұртшылығына т:сiнiктi болып енген сөздер: колхоз, совхоз, медшкол т.б.

К:рделi атау сөздер мынадай төрт т:рлi тәсiлмен қысқарады:

1) К:рделi атау сөздердiң құрамдарындағы әрбiр жеке сөздiң тек басқы дыбыстарынан ғана қысқарып бiрiгедi: БҰҰ, ҚМУ, НМПИ

2) К:рделi атаулардың құрамдарындағы бiрiншi сөздiң басқы буынынан және соңғы сөздердiң басқы дыбыстарынан қысқарып бiрiгедi. ҚазМУ, ТашМПИ.

3) К:рделi атаулардың құрамдарындағы әрбiр сөздiң басқы буындарынан ғана қысқарып бiрiгедi: обком, колхоз, партком.

4) К:рделi атаулардың құрамдарындағы алғашқы сөздiң басқы буынынан және соңғы сөздiң т:бiр к:йiнде айтылуынан құралады:

30

құрамына да ене бередi.



Бiр алуан жұрнақтар етiстiк негiзiне жалғанып олардан етiстiк қасиетi де, есiм қасиетi де бар есiмше деп аталатын жаңа категория тудырады. Есiмге де, етiстiкке де телулi бұл категорияға тән формалар қолданылу ыңғайына қарай көптiк, тәуелдiк, септiк, жiктiк жалғауларында жұмсалып, сөйлемнiң барлық м:шелерi бола алады. Мысалы: Бiздiң бiлетiндерiмiз -осылар. Құлақ естiгендi, көз көредi. Айтылар сөз айтылды. Бiз ертең киноға бармақпыз. Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп деген сөйлемдердi алсақ, олардағы бiлетiндерiмiз-бастауыш есiткендi - толықтауыш, айталыр - анықтауыш, бармақпыз-баяндауыш болып тұр. Бұдан есiмшелерге көптiк, тәуелдiк, септiк, жiктiк жалғаулары мен жұрнақтар қосылу нәтижесiнде олардың қолданылу аясы кеңейiп, синтаксистiк қызметтерiнiң өрiсi ұлғаятыны және осы ерекшелiк қазақ тiлiндегi есiмшелерге :йреншiктi екенi анық көрiнедi. Оның бер жағында есiмшелердiң бұл ерекшелiгi олардың әуелгi төркiнi қимыл атаулары болып, бұрын осындай қызметтердi атқаратын машықтары кейiнгi кездерде де бойларында сақталып қалғанын атай кеткен жөн. Бiрақ есiмшелр қимыл атауынан алған әдет - машықтарын бойларында сақтаумен қатар, етiстiкке тән қасиеттерiн де ұмытпаған.

Сонымен, көптiк, септiк, тәуелдiк, жiктiк жалғауларында т:рленiп, сөйлемде барлық м:ше бола алатын морфологиялық және синтаксистiк сипаттары бар, амал - әрекеттiң атауы болу семантикасы мен шақтық ұғымды бiлдiру қабiлеттерi де бар формалар есiмшелер категориясы деп аталады.

Есiмшелерге :йреншiктi сипат болып қалыптасқан субстантивтiк, атрибуттық, предикаттық қызметтер бұл формалардың жалпы жалпы грамматикалық та, жалқы грамматикалық та мағыналарынан туған. Бiрақ есiмшелер осы функцияларда амал - әрекет т:рiнде емес, қимылдың белгiсi я сипаты т:рiнде көрсетедi, өйткенi, әдетте субьектiнiң қимылын бiлдiретiн етiстiктер есiмшеге айналғанда сол субьектiнiң қимылана емес, оның белгiсiне көшедi. Дегенмен сөйлемде қандай қызмет атқарса, есiмшелер өздерiнiң негiзгi сипатынан-шақтық мәндi бiлдiру қабiлетiнен айрылмайды. Осы сипатына қарапесiмшелер категориясы есiмдер тобына емес, етiстiктер тобында қаралады. Ендеше, есiмшелер етiстiкке жiктелу қабiлетiне қарап жатқызылмайды, шақ сипаты болатындығына қарай жатқызылады және есiмшелердi топтастырғанда, олардың осы сипаты негiзге алынады.

Осы айтылған сипатына қарай есiмше формалары өткен шақ есiмше, осы шақ есiмше, келер шақ есiмше болып :ш салаға бөлiнедi.

1. Есiмшенiң өткен шақ т:рi етiстiк негiзiне -ған (-ген, -қан,-кен) жұрнағы мен -атын, -етiн жұрнағы жалғану арқылы жасалады. –ған

75

Мысалы: тара-н, жу-ын, ор-ан ки-iн.



Амал-әрекеттiң болу я болмауы немесе тынуы я тынбай қалуы-табиғи құбылыс. Осы табиғи құбылысқа қатысты амал-әрекеттiң ж:зеге асуы я аспауы тiлде арнаулы формалар арқылы айтылады.

Iс-әрекеттiң ж:зеге асуын бiлдiретiн форма етiстiктiң болымды т:рi деп аталады. Да, ж:зеге аспауын бiлдiретiн форма етiстiктiң болымсыз т:рi деп аталады.

Әдетте, етiстiктiң болымды т:рi кәдiмгi т:бiр, туынды және к:рделi формалар арқылы бiлдiрсе, болымсыз т:рi сол формаларға я негiздерге арнаулы -ма (-ма,-ме, -ба, -бе,-па,-пе) қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Етiстiк негiздерiнен туатын оның өзге формаларының бәрi де осы болымсыз т:р қосымшасынан кейiн тұрады. Мысалы: барма-у, келме-у, бар-ма-ғалы, бар-ма-са т.т.

Айтылмақшы ойдың стильдiк талабы мен талғамына қарай, к:рделi етiстiктерде болымсыздық қосымшасы жетекшi етiстiкке де, көмекшi етiстiкке де немесе солардың бiреуiне ғана жалғанып жұмсала бередi. Мысалы: алмай қойды, алмай қоймайды т.т.

Етiстiктiң есiмше, көсемше, рай, шақ және басқа формаларына айтылмақшы мағына реңкiне, стиль талабына қарай болымсыздық мән бiлдiретiн емес, жоқ сөздерi де қолданыла бередi. Мысалы: көрген емеспiн, көрген жоқпын, барғамыз жоқ, көрмей емес.

Қимыл атауы iстiң я әрекеттiң нақтылы процесiн бiлдiрмей, тек оның атауы ретiнде қызмет ететiндiктен, онда шақтық ұғым болмайды. осы себептен етiстiкке тән арнаулы грамматикалық формалар, яғни есiмше, көсемше, рай, шақ, жақ формалары қимыл атауына тiкелей жалғанбайды. Қимыл атауы семантика лық жағынан да, т:рленуi (формалары) жағынан да етiстiктен гөрi зат есiмге жақын. Сол себептен қимыл атауына, қолданылу ыңғайына қарай, есiмдерге тән көптiк, тәуелдiк, септiк жалғаулыры жалғана бередi, бiрақ оған еш уақытта да жiктiк жалғауының қосымшасы жалғанбайды. Мысалы: сендердiң б:гiн келулерiң қажет, мына киноны көрулерiңiзге болады т.б.

Қимыл атауына -лы, -сыз, -лық, -шылық, -ыш, -дай тәрiздi жұрнақтар қосылып. туынды есiмдер жасала бередi. Мысалы: жазулы, байлаулы, айтушы, айтты т.б.

Етiстiк негiзiнен -у ж:рнағы арқылы туған кейбiр формалар қимыл атауы ретiнде жұмсауларымен қатар, субстантивтенiп, адьективтенiп зат я сын есiмдер қатарына көшкен. Бұл құбылыс қимыл атауының есiмге жақындығының айғағы. Мысалы: бұрау, жамау, құрау, көсеу, т:зу т.б.

Қимыл атауы сөйлеу талабына лайық тиiстi жұрнақтар мен жалғаулар қосылып т:рленуiне орай өзге де негiгi және көмекшi сөздермен тiркесуiне қарай, сөйлемде дербес м:ше де бола алады, к:рделi м:шенiң

74

пединститут, мединститут.



Қысқарған сөздердiң айтылуы жазылуындай бола бермейдi. Басқы дыбыстардан қысқарған сөздер бiрыңғай бас әрiптермен бiр сөз ретiнде қосылып жазылады. Мысалы: АҚШ, ТМД, БҰҰ.

Бiрiншi сөздiң басқы буынынан және соңғы сөздердiң басқы дыбыстарынан қысқарған сөздер араларына ешқандай белгi қойылмай, алғашқы буынның бiрiншi дыбысы және соңғы сөздерден алынған әрбiр жеке дыбыс бас әрiппен жазылады (ҚазМИ, ҚазМУ)

Әрбiр сөздiң басқы буындарынан қысқарған сөздер де, алғашқы сөздiң буыны мен соңғы тұтас сөзден бiрiгiп қысқарған сөздер де, араларына ешқандай белгiлер қойылмай, бiрыңғай кiшi әрiппен бiрге жазылады (пединститут)

Қысқарған сөздердiң қатарына шартты таңбалар да жатады. Бiрақ бұлар жоғарыдағы к:рделi атаулардай емес, тек жазу ж:зiнде қолданылатын белгiлер ретiнде ғана жұмсалады.



Каталог: uploads -> books -> 251467
books -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети
books -> Науаи мемлекеттiк педагогика институты
books -> Бейімбет Майлин атындағы
books -> И.Ҳ.Ҳамдамов, С. Б. Мустанов, Э. И.Ҳамдамова, Г. А. Сувонова ботаника и.Ҳамдамов, С. Мустанов, Э. И.Ҳамдамова, Г. Сувонова Ботаника
251467 -> Тараккиётига боглик булиб, фаннннг ривожланичпп-а куп о
251467 -> Қодир Тўраев Муҳайё Зокирова Қизиқарли билимлар оламида
251467 -> Бухоро давлат университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет