Берда3 атында2ы №ара3алпа3 мемлекеттёк



жүктеу 1.52 Mb.
бет9/13
Дата01.09.2018
өлшемі1.52 Mb.
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Сұрақтар мен тапсырмалар:


1. К:рделi сөздер дегенiмiз не

2. Cөздердiң к:рделену процесiне қандай факторлар әсер етедi

3.Қазақ тiлiндегi к:рделi сөздер неше топқа бөлiнедi

4. Қос сөздерге сипаттама берiң. Қайталама және қосарлама қос

сөздер дегенiмiз не, олар қалай жасалады

5. Бiрiккен сөздер дегенiмiз не, оның негiзгi т:рлерi қандай

6. Қысқарған сөздер тiл бiлiмiнде не деп аталады

7. Қазақ тiлiндегi сөздер неше т:рлi тәсiлмен қысқарады


Пайдаланылған әдебиеттер:


1. C.Исаев. Қазiргi қазақ тiлiндегi негiзгi грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1oouж.

2. К.Аханов. Грамматика теориясының негiздерi. Алматы, 1ou5ж.

3. А.Ысқақов. Қазiргi қазақ тiлi. Алматы, 1oo2ж.

4. Г.Жаркешова. Бiрiккен сөздер мен сөз тiркестерiнiң орфографиялық сөздiгi. Алматы, 1oo0ж.

5. Кеңесбаев I. Қос сөздердiң кейбiр жасалу жолдары. Алматы, 1ooyж

СӨЗ ТАПТАРЫН ТОПТАСТЫРУ



Ж О С П А Р Ы :

1. Сөз таптары туралы т:сiнiк

31

2. Қазақ тiлiндегi негiзгi сөз таптары



а) Атауыш сөздер

ә) Көмекшi сөздер

б) Одағай сөздер

3. Сөз таптарын топтастыру принциптерi



Тiрек сөздер: сөз таптары мен топтары туралы т:сiнiк, атауыш сөз, көмекшi сөздер, одағай сөздер, т:рлерi, ерекшелiктерi туралы жалпы сипаттама.

Сөз таптары жөнiндегi мәселенi бағдарлау әрi тiлдiң құрылымының, әрi сөздiң құрылымының теориялық та, практикалық та мәселелерiн терең зерттеу, жете бiлу :шiн керек. Мысалы, бастауыш, орта, жоғары мектептерде тiлдi оқытудың негiзгi т:йiндерi сайып келгенде, сөз таптарына, солардың айналасына шоқталады, сондай-ақ тiлдiң грамматикалық құрылымына байланысты көптеген мәселелердi алсақ, оларды сөз таптарына зерттеу де, шешу де м:мкiн емес. Солай болса сөз таптары жайындағы мәселелер тiлдiң грамматикалық құрылысының, сөздiң грамматикалық құрылымының әрi кiндiк қазығы, әрi негiзгi арқауы сияқты мәселелер. Шынында сөз табы грамматиканың көптеген т:йiндерiн шешетiн арқау ғана емес, оны лексикамен байланыстыратын да негiзгi баспалдақ сияқты. Тiлдегi сөздердi грамматикалық топтарға бөлу, оларға тиiстi грамматикалық сипаттамалар беру, алды-алдына талдау грамматиканың негiзгi өзегi, ең т:йiндi, ең басты мәселесi.

Қазақ тiлiндегi барлық сөздер семантикалық және морфологиялық белгiлерiне қарай ең алдымен :ш :лкен топқа бөлiнедi. Олар: атауыш сөздер, көмекшi сөздер және одағай сөздер.

Атауыш сөздер өздерiне тән дербес мағыналары болғандықтан, контекстен тыс та, контексте те қажетiне қарай қолданыла бередi: олар сөйлемде грамматиканың заңы бойынша т:рленiп те, т:рленбей де жұмсалып, өз алдына м:ше бола алады. Ол сөздерден қалыптасқан белгiлi тәсiлдер бойынша жаңа сөздер тудыруға да болады. Сөйтiп, атаушы сөздер дегенiмiз-өздерiне тән лексикалық та, грамматикалық та мағыналары бар және ретiне қарай, :стерiне әр қилы қосымша реңдер жамап алып, өзге сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа т:се алатын дербес сөздер.

Атаушы сөздер-осы :ш топтың iшiндегi әр алуан ең көбi де, әрi ең негiзгi ұйтқысы және тiлiмiздiң б:кiл сөз байлығының барлық шұрайы да, негiзi де болып табылады. Атаушы сөздердi, ерекшелiктерi мен сипаттарының бiр-бiрiне жақын белгiлерiне қарай, iштей бiрнеше лексика-грамматикалық топтарға бөлуге болады. Мысалы, оларды ең аллдымен есiмдер және етiстiктер деген екi салаға бөлуге болады. Бiрақ, есiмдер де iштей бiрдей емес. Мысалы, зат есiм, сын есiм, сан есiм, есiмдiктер iшiнара ұқсас, :стеу сөздер мен елiктеу сөздер өзара бiр-бiрiне жақын. Осыған орай,

32

ақылы артты деген сөйлемдер құрауға болады. Ал мұндай етiстiктердiң әрқайсысы әрi салт, әрi сабақты болып қызмет атқарады.



Етiстiктен етiстiк тудыратын өздерiнше морфологиялық және синтакасистiк сипаттары басқашалау болып келетiн бiр алуан жұрнақтардың ж:йесi әдетте етiстер я етiс категориясы деп аталады. Етiстердi етiстiктердiң өзге категорияларынан ерекшелендiрiп тұратын сипаттары мынадай:ол онан жөн сұрады, олар бiр-бiрiнен жөн сұрасты, ол онан жөн сұратты, онан жөн сұралды, ол өзi сұранды деген сөйлемдердегi етiстiк формалардың соңдарындағы өткен шақтың қосымшасын алып тастағаннан кейiнгi етiстiктердi бiр-бiрiмен салыстырғанда олар бiр т:бiрден тараған т:бiрлес сөздер екендiгi айқындалады.

Етiс категориясы деп амалдың субьектi мен обьектiге қатысын, сондай-ақ керiсiнше субьектi мен обьектiнiң амалға қатысын бiлдiретiн формалардың ж:йесiн атаймыз. Бұл формаларда сөз тудыру қабiлетi де, сөйлемдегi сөздердiң синтаксистiк құрылысын өзгерту қабiлетi де болады. Етiстер жұрнақтарының т:рлерiне, олардың мағыналыры мен қызметтерiне қарай төмендегiдей бес т:рге бөлiнедi: негiзгi етiс, өзгелiк етiс, ортақ етiс, ырықсыз етiс, өздiк етiс.

1. Негiзгi етiстiктiң арнаулы көрсеткiшi болмайды. Оған әрбiр т:бiр я туынды етiстiктердiң де, к:рделi етiстiктердiң де негiздерi жатады. Негiзгi етiс деп өзге етiс формаларына таяныш - негiз болатын, солардың т:рлерiн, мағыналарын, қызметтерiн салыстырып айқындайтын форманы айтамыз. (Бар, кел, сөйле, шөлде,ақта, арала, қарайла, оян қуан т.б.)

2. Ортақ етiс -с, -ыс, -iс жұрнағы арқылы негiзгi етiс формасынан жасалады. Бұл жұрнақ негiзгi етiстiкке амалды (iстi) кемi екi я оннан да аса субьектi қатысып ж:зеге асыратындықты бiлдiретiн мән :стейдi, демек бiрнеше субьектiнiң қатысы арқылы ж:зеге асатын амалды бiлдiредi. Мысалы: айтыс, әкелiс, апарыс, қарас, таныс, көмек, көрсетiс т.б.

3. Өзгелiк етiс -т, -тыр, -тiр, -дыр, -дiр, -қыз, -кiз, -ғыз, -гiз жұрнақтары арқылы және сол жұрнақтардың қабаттаса жалғануы арқылы негiзгi етiс формасынан жасалады.

4. Ырықсыз етiс -ыл, -iл, -л жұрнағы арқылы жасалады. Бұл жұрнақ етiстiк негiзiнiң мағынасына амал ырықсыз iстелетiндей мән жамайды, :стейдi, бiрақ ол формадан амалды кiм iстегенi, яғни субьектiсi көрiнбейдi де, көбiнесе логикалық обьектi есебiнде қызмет етедi. Мысалы: қой қамалды, :й жиналды, жiп :зiлдi.

5. Өздiк етiс -ын, -iн, -н жұрнағы етiстiк негiзiне жалғану арқылы жасалыды. Бұл жұрнақ етiстiк негiзiне амалдың шарпуы я нәтижесi оны жасаушы субьектiнiң өзiне тиетiнiн бiлдiретiндей мән жамайды.

73

ет, алып бер дегендер жатады.



Сонымен құрылысы мен құрамына қарай етiстiктердi жалаң және к:рделi деп бөлу етiстiк негiздерiнiң осындай нұсқаларына байланысты туады. Жалаң етiстiктiң де, к:рделi етiстiктiң де лексика - семантикалық мағынасы осы негiздерге байланысты болады.

Етiстiктiң салттық, сабақтылық семантикасы да осы негiздерге қарап анықталады. Мысалы: ал, айт, ая, арала, орна, к:л сияқты негiздер кiмдiҰ ненi деген сұрауға жауап беретiн табыс жалғаулы сөздерге сабақталып тұрады. Ал, бар, к:л, қажы, көз жiбер сияқты негiздер табыс жалғаулы сөздерге сабақталмай, өздерiн салт ұстайды.

Етiстiктiң қай-қайсысы болсын, мейлi ол iс я әрекеттi атасын, мейлi қимыл я қозғалысты атасын бәрi бiр-субьектi жасайтын амал-әрекеттi немесе процестi бiлдiредi. Сондай-ақ iс я процесс сөйлеу тiлiнде обьектiге не тiкелей тiрелiп, сабақталып, не тiрелмей, жанай ж:зеге асырылып жатады. Етiстiктiң осылайша обьектiнi тiкелей керек ету я керек етпеуi оның жалпы грамматикалық семантикасына байланысты. Мысалы: кейбiр етiстiктер сөйлемде қолданылғанда табыс септiктi сөздi-тура толықтауышты керек етiп, сабақталуды тiлеп тұрса кейбiр етiстiктер табыс септiктi сөздi қаламай - ақ оған сабақталмай-ақ салт к:йiнде жұмсалып тұрады. Етiстiктiң табыс септiктегi сөздiкерек ету якерек етпеу қасиетi олардың синтаксистiк жағынан тура толықтауышты меңгеру я меңгермеу қабiлетiне байланысты қалыптасқан. Сен кiтапты ал да, :йге қайт деген құрмалас сөйлемнiң алғашқысындағы амалда (ал) бiрдеменi алуды керек етiп, соған тiркелетiндей, сабақталатындай қабiлет болса, соңғы сөйлемдегi амал (қайт) ондай обьектiнi керек етпей, оны жанай тек :йге қарай кету бағытын ғана бiлдiрiп тұр.

Аш, айт, бақ, бер, ек, ем, жаз, жай, сеп, сыз, тап, тер, :з, :й, ыл, iл етiстiктерiн алсақ бұлардың бәрi де қолдана қалсаңыз кiмдi ненi деген сұрауларға жауап беретiн табыс септiктегi сөзге сабақталады. Сөйлеу тiлiнде табыс септiктi сөздi демек, тура толықтауышты керек ететiн семантикасы бар осындай етiстiктер сабақты етiстiктер деп аталады.

Етiстiктердiң iшiнде кiмдi ненi деген сұрауларға жауап к:тпейтiн, табыс септiктегi сөзге сабақталмай-ақ жұмсала беретiн етiсiктер де көп. Мысалы: ау, бар, бұқ, жат, жур, тол, тоң, қажы, қуан т.б. Мұндай табыс септiктегi сөзге сабақталмайтын етiстiктер әдетте, салт етiстiктер деп аталады.

Етiстiктердiң бәрi бiрдей я салт, я сабақты бола бермейдi. Олардың iшiнде әрi салт, әрi сабақты болатындары да бар. Әдетте, мұндай қасиеттер не омоним етiстiктер не полисемиялы етiстiктерде болады.Мысалы: арт,ж:р, тара етiстiктерiн қолдана қалсақ, олардың әрқайсысынан ж:ктi артық және

72

шартты т:рде есiмдердiң алғашқы тобын атаушы сөздер, соңғы тобын :стеушi есiм деп екi салаға жiктеуге болады. Ал, етiстiктер өз алдына бiр топ. Атаушы сөздердi осылайша :ш топқа бөлу, әрине белгiлi бiр принципке с:йенуден шыққан. Ол принцип бойынша жiктегенде бұл сөздердiң заттық мағыналары таяныш етiлмейдi, топ-тобына тән категориялық семантика с:йенiш етiледi. Ал, осы принципке с:йене отырып бағдарласақ, атаушы есiмдер заттық ұғымдардың және ойша тұспалданатын т:сiнiктердiң аттарын, сондай-ақ заттарға тән алуан тұрақты белгiлер жайындағы т:сiнiктердiң аттарын бiлдiредi.



:стеушi есiмдер әр қилы iс-әрекеттiң белгiлерiн және белгiнiң белгiлерiн бiлдiредi. Етiстiк амал-қимыл ретiнде қабылданатын әр алуан iс-әрекеттiң, қилы-қилы көрiнiстерiнiң аттарын бiлдiредi. Сөйтiп, атаушы сөздердiң аталған :ш тобының бiр-бiрiнен ажырайтындай айқын-айқын шектерi бар. Бiрақ, олардың шекаралары жабық емес, өйткенi тiлдiң даму процесiнде есiмдерден етiстiктерге, керiсiнше, тiстiк терден есiмдерге сөздер ауысып отырады: есiмдердiң өздерi де iштей ауысып, мысалы кейбiр сөздер зат есiмнен сын есiмге керiсiнше, сын есiмнен зат есiмге, өзге есiмдерден есiмдiкке, :стеуге, сондай-ақ етiстiктерден есiмдерге көшiп отырады.

Көмекшi сөздер мағыналық дербестiгi болмайтындықтан, тек контексте атаушы сөздермен селбесiп қана жұмсалады да, өз алдына дербес сөз ретiнде қолданылмайды. Осыған сәйкес, олар сөйлемде өз алдына м:ше бола алмайды, тек атаушы сөз арқылы жасалған м:шенiң құрамына енедi де, сол м:шелердi өзара жалғастыруға дәнекер болады: көмекшi сөздерден негiзiнде жаңа сөздер жасалмайды. Өйткенi көмекшi сөздер дегенiмiз-өздерiне тән лексикалық мағыналары солғындаған, лексикалық мағыналарынан гөрi грамматикалық мағыналары басым болу себебiнен көбiнесе әр алуан грамм атикалық қатынастарды бiлдiрiп, әр қилы грамматикалық қызмет атқаратын жәрдемшi сөздер.

Көмекшi сөзде де, ерекшелiктерiне қарай, iштей, жалғаулықтар, септеулiктер, демеулiкт ер деп аталытын топтарға бөлiнедi. Одағай сөздер деп ешқандай ақиқат ұғымдарды бiлдiрмейтiн, тек адамның әр алуан көңiл-к:йiмен әр қилы сезiм райларын бiлдiру :шiн қолданылатын бiрақ олардың, атаулары есебiнде жұмсалмайтын сөздердi айтамыз. Одағайлар шығу тегi мен қалыптасу табиғатының ерекшелiгiне қарай, өзге сөздермен ешқандай да грамматикалық қарым-қатнасқа т:спейдi. Сол себептен одағайлар белгiлi бiр сөйлемдерге қабаттасып, жұмсалатын жарыспа сөйлемдер ретiнде жұмсалғандарымен, бiрақ өздерi сөйлем м:шесi бола алмайды. Одағай сөздер өзiнше iштей тиiстi жiктерге бөлiнедi. Бiрақ одағайлардың саны, семантикалық және морфологиялық ерекшелiгi бiрыңғай болып келетiндiктен, iштей бөлу мәселесi

33

соншалықты қиын соқпайды.



Бұл аталған :ш топ сөздер өзара бiр-бiрiмен жiтi байланысты. Мысалы, көмекшi сөздер мен одағай сөздер :немi дерлiк атаушы сөздерден нәр алып, қорланып отырады. Бұған атаушы сөздерден туған шылау сөздер мен одағай сөздердiң тарихы куә. Мысалы, бәрекелдi, әттегенай, тәйiрай, ойпырмай, мәссаған тәрiздi одағайларды, сондай-ақ, дегенмен, болмаса, сондықтан, өйткенi, ендеше, бiресе, бiрде, шейiн, туралы, сияқты, қарай, гөрi тәрiздi көмекшi сөздердi алсақ, осылардың бәрiнiң де т:пкi төркiндерi-атаушы сөздер. Сонымен қатар, өздi-өздерiне тән ерекше сыр-сипаттары бар бұл :ш топтың өздi-өзiне iштей сара-сара топтарға бөлiнедi.

Тiлдегi барлық сөздердi граммати калық жағынан топтастырғанда екi т:рлi нысана болуы тиiс.

1) Барлық сөздер, к:ллi сөз топтары тiлдiң сөздiк құрамына енедi. Қай сөз табына енсе де, сөздердiң лексикалық жағы ескеруi тиiс. Ал, сөздердiң лексикалық жағын ескеру дегн сөз-олардың семантикалық жақтарын еске алу дегенмен бiрдей. Олай болса әрбiр сөз табына енетiн сөздер лексикалық тұрғыдан қаралып талдануы қажет.

2) Барлық сөздердi белгiлi-белгiлi грамматикалық сөз топтарына телу, олардың өздi-өздерiне тән т:рлену, өзгеру ж:йесiн, сөйлем м:шесi болу қабылетiн, өзге сөздермен тiркесу ерекшелiгiн анықтап, жан-жақты сипаттама беру мәселелерi-тiкелей граммати када қаралатын мәселелер. Ендеше қанша сөз табы болып, оларға қанша сөз енсе де, барлығының грамматикалық жақтары ескерiлуi қажет. Ал, сөздердiң, сөз таптарының грамматикалық жақтарын ескеру деген сөз-олардың грамматикалық сипаттарын анықтау дегенмен бiрдей. Солай болса, әрбiр сөз табы және оларға енетiн жеке сөздер грамматикалық тұрғыдан да қаралып талдануы қажет.

Сөйтiп, тiлдегi сөздердi топтастырғанда, олардың лексика-семантикалық жақтары да, грамматикалық (морфологиялық және синтаксистiк) жақтары да бiрдей ескерiлуi керек.

Әдетте, сөз табы деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгiлерi бәрiне бiрдей ортақ болып келетiн сөздердiң тобын айтамыз. Ендеше, сөз табының мазмұны осындағы лексика-грамматикалық деген қос сөз арқылы айтылған екi компоненттiң бiрлiгiнен құралады. Бiрақ мұндағы бiрiншi бөлiктiң мазмұнынан таза лексикалық семантиканы емес, грамматикалық семантиканы, яғни заттық, амалдық, сапалық, сандық деген тәрiздi тiм жалпы мағынаны бiлдiретiн семантиканы қабылдау керек. Грамматикалық семантика деген ұғымға сөздiң материалдық я лексикалық мағынасы емес, заттың атын, амал-iсiн, заттың сапалық сандық я басқа белгiлерiн, амал мен белгiнiң белгiлерiн және басқа да солар сияқты материалдық ерекшелiктердi бiлдiретiн семантика-грамматикалық

34

әбден қалыптасқан арнаулы қосымшалары қосылғанда ғана тиiстi киiмiн киiп, дербес лексика - семантикалық мәнiне ие болып, грамматикалық қызметiн м:лтiксiз атқаратын формаға айналады. Өйткенi етiстiк қосымшалары әрбiр семантика-грамматикалық топтың (форманың өзiндiк сипаттарын) ерекшелiктерiн ашады. Ендеше, етiстiк формаларында жалпы қасиет те, жалқы қасиет те болады. Олардың алды - алдына сараланатын жалпы қасиеттерiнен бiр-бiрiн толықтырып, бiрiмен - бiрi селбесiп, өз ара ұштасатын жалқы қасиеттерiнен б:тiн сөз табының етiстiке тән барлық сыр - сипаттары құралады. Солай болса, етiстiк формаларынын т:р - т:рiн, олардың мағыналары мен қызметтерiн анықтау-етiстiкке қатысты сөз формаларын жан-жақты етiп талдау, бiлу, баяндау болмақшы. Осы тұрғыдан қарағанда, талданылмақшы етiстiк формаларының ж:йесi төмендегi грамматикалық категорияға бөлiнедi:



1. Етiстiк негiзi.

2. Қимыл атау категориясы.

3. Салттық және сабақтылық категориясы.

4. Етiс категориясы.

5. Болымдылық және болымсыздық категориясы.

6. Амалдың өту сипаты категориясы.

7. Есiмшелер категориясы.

8. Көсемшелер категориясы.

9. Рай категориясы.

10. Шақ категориясы.

Бұл категориялардың әрқайсысының мазмұны мен формалары, сондай-ақ қызметтерi төменде алды-алдына баяндалады.

Етiстiкке тән грамматикалық формаларға да, етiстiктен жасалатын барлық басқа сөз топтарына тән туынды формаларға (Есiм және басқаларға) да т:п таяныш я т:п негiз есебiнде қызмет ететiн етiстiк-тұлға болады. Тiлiмiзде осындай грамматикалық формаларының бәрiне де, сондай-ақ етiстiктен жасалатын басқа да сөз топтарына тән формаларға да т:п нұсқа таяныш болатын ерекше тұлға бар. Осы тұлға етiстiктiң негiзi деп аталады. Бұл тұлға тек лексикалық негiз ғана емес, грамматикалық тұлға ретiнде саналады. Бұл тұлға қашан да болсын, сөйлеушi адамның тыңдаушы адамға амал-әрекетiне ж:зеге асыруды нұсқай, сұрай, екiншi сөзбен айтқанда, бұйыра өтiне айту семантикасын бiлдiредi. Мысалы: айт, оқы, жаз, бар, тұр.

Сыртқы құрылысы мен құрамы жағынан етiстiктердiң негiздерi жалаң да, к:рделi де болады. Мысалы: ал, аш, бар, бас, к:л, к:т, көр, қос, қоры, нан, тер, сал дегендер - жалаң т:бiр негiздер де, абайла, арала, ақылдас, бағала дегендер-жалаң туынды негiздер. Ал кемi екi я онан да көп сөздерден құралатын к:рделi негiздерге: абай бол, айғай сал, жәрдем

71

5. Қасымова Б. Қазiргi қазақ тiлiндегi к:рделi етiстiктер. Алматы, 1ooyж



6. Ғ.Қалиев, Н.Оралбаева, Б.Қасымова. Қазiргi қазақ тiлi. Алматы. 1oouж.
ЕТIСТIКТIҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ



Каталог: uploads -> books -> 251467
books -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети
books -> Науаи мемлекеттiк педагогика институты
books -> Бейімбет Майлин атындағы
books -> И.Ҳ.Ҳамдамов, С. Б. Мустанов, Э. И.Ҳамдамова, Г. А. Сувонова ботаника и.Ҳамдамов, С. Мустанов, Э. И.Ҳамдамова, Г. Сувонова Ботаника
251467 -> Тараккиётига боглик булиб, фаннннг ривожланичпп-а куп о
251467 -> Қодир Тўраев Муҳайё Зокирова Қизиқарли билимлар оламида
251467 -> Бухоро давлат университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет