«бесгіңді аяла »


хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх



жүктеу 0.58 Mb.
бет3/3
Дата19.09.2017
өлшемі0.58 Mb.
1   2   3

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
«Түрме талқысына» қосымша, «М.Әузов (Жалғасы» «Мен өзімнің қоғамдық қызметімде…» деген жердің арасына кіріктіріледі (шамамен 26 бетке).
1917 жылдың 5 – 13 желтоқсанынан бастап 1920 жылдың 9 наурызына дейін тәуелсіз өмір сүрген «Алашорда» үкіметі таратылғаннан кейін Ә.Ермеков, Д.Төленов Семей губревкомның құрамына кірді. Ал Ж.Аймауытов, М.Тұрғанбаев, А.Шикібаев, М.Әуезов губкомның бұратана халықтар бөліміне қызметке бекітілген болатын. Шындығында да, Мұхтар Әуезов 1919 жылы 1 желтоқсанда Семейде кеңес өкіметі орнаған күннен бастап губерниялық комитеттің жергілікті ұлт жөніндегі бөлімінің меңгерушісі, кейін губерниялық комитеттің меңгерушісі, төрағасы, Қаз ЦИҚ-тің мүшесі болған Мұхтар Әуезов ешқашан да төңкеріс жолына қарумен қарсы шыққан емес. Керісінше, Қарқаралыдағы ақгвардияшылардың бүлігін басуға төтенше комиссияның мүшесі ретінде аттанды. Оған Семей губревкомының 1920-жылғы 24 қаңтар күнгі берілген:

«Бұл мандаттың иесі Мұхтар Омарханұлы Әуезов жолдас, губревкомньң шешімімен контрреволюцияға, алыпсатарлыққа, тағы басқа да қылмысты әрекеттерге қарсы күресу үшін құрылған Семейдегі Төтенше комиссияның (ЧК-ның -Т. Ж) мүшелігіне тағайындалды, сол үшін куәлікті растап қол, қойып, мөр басылды. Губревкомның председателі қолы. Секретарь қолы», – мандаты дәлел.
Қарқаралы маңындағы отырықшыланып қалған мұжықтардың арасына сіңіп, қытай шекарасына жөңкіген Анненковтың әскерінен бөлініп қалған ақгвардияшылардың полковнигі Токарев бір-ақ түнде ревкомды басып алып, 78 адамды азаптап өлтіріп, халықты тонап, қырып-жыйып, қан қақсатты. Сонда, оның соңына ергендердің дені жаңағы қаза тапқан болшевиктердің ағайын-туғандары, заимкелестері, кейбірі қызыл әскер қатарынан босанып шыққандар. Губерниялық революциялық комитеттің Төтенше Комиссиясы Мұхтар Әуезовке сол бүліншілікті басып, себебі мен зардабын анықтап, сол жылғы Қоянды жәрмеңкесінде өтуге тиісті Қазақ автономиясының бір жылдық тойын ұйымдастырып қайтуды тапсырды. Сонда бүліншілікті тексеру барысында бұл қарама-қайшылықтың тамыры тым тереңде, ұлт араздығын қоздырған патша әкімшілігінің сұрқия зымияндығында жатқанына көзі жеткен. Қызыл әскердің арасынан бүліктің шығуы тек ұлт аймақтарында ғана кездесуі де кездейсоқ емес. Мұхтар осы ұлт мәселесінен қақпақыл көрсе де тәуекелге бел буып, революция тарихындағы, оның ішіндегі Қазақстандағы ең күрделі, көкейкесті мәселені көтеріп, ұлтаралық қарым-қатынастағы психологиялық қайшылықтың тегін ашуға түсіндіруге тырысып, осы төтенше сапардағы қазақ даласындағы «ақ пен қызыл қырғынын» ашына баяндап, нақты құжаттармен дәлелдеп үлкен есеп жазған. Сол деректерге сүйене отырып:

«Жергілікті жерден Дутовтың шегініп бара жатқан армиясы өз жолындағы қыстақтарды, мал қораларын, шөп маяларын өртеп, дүние-мүлкін тонап, малдарын тартып алып, ондаған мың шаруашылықты (түтін иелерін) баспанасыз, азық-түліксіз қалдырды... Жоғарыдағы баяндалған ерекше жағдайға байланысты жергілікті ұлт бөлімі Губревкомнан жоғарыда көрсетілген мерзімде Семей облысының уездеріндегі қазақтардың құрылтайын шақыруды сұрайды. Жергілікті ұлт бөлімі басқармасының меңгерушісі М. Әуезов», – деген ұсыныс жасады.

Мұның үлкен саяси және ұлттық маңызы бар еді. Қазақтардың сол құрылтайы губернияның басқару құрылымына айналды, қазақтар енді ұлт бөлімінің қызметкері емес, губернияның билік иесі ретінде шешім шығару құқына ие болды. Одан кейін Қазақ автономиясының құзырлы құрылымына айналды. Мұндай билік тұғырына бұл өлке 1822жылғы бірінші низамнан кейін ие болып көрмеп еді. Кеңес өкіметінің: Қазақстанды Ресейден бөліп әкетуге ұмтылды – деп үздігіп, ешқашан кешірмейтін бір «өкпесінің өзі» осы еді. Мұның себебін түрмедегі жауабында М.Әуезов былай түсіндірді:


ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

«Талант талқысы» шамамен 36-бет:

Әлкей Марғұлан: «Мұхтардың «Алаш» партиясының ешқандай қызметіне сайланбаған. Бұрын-соңды басынан кешкен көп тексерісте соның бірі дәлелденбеді, айғақ табылмады. Оның барлығы жай долбар, топшылау. Студент кезімізде әр түрлі жиналысқа қатыстық. Бірақ, шығып сөз сөйлегеміз жоқ. Кеңес өкіметі орнасымен Мұхтар төңкеріс жолына қызмет етті. Дутов пен Анненковтың бандаларының бүлігін басуға жетекшілік етті. 1921-22 жылы Қарқаралыда бас көтеріп жетпіс сегіз адамды азаптап өлтірген полковник Токаревтің қанқұйлы әрекетіне тойтарыс берген отрядты алып барған Мұхтар болатын. Ол, әншейін, Мұхтардың творчествосын түсінбеген, көзқарасын теріске жатқызған, «Кеңес ісін кеңес тұсында оқығандар ғана шешсін, бұрынғы оқығандарға сенім жоқ. Салт-санасы уланған»деген даурықпалардың қауесеті», – деп жауап берді.

Өзге-өзге, Әлкей Марғұланның бұл сөзіне сенбеу мүмкін емес. Сондықтан да, «басқарма» атынан берілген әр түрлі «атақтар» уақыттың өзі көрсеткеніндей, тарихтың әділ бағалағанындай негізсіз байбалам болып қала берді.

Осы ретте Ә.Марғұланның соңғы пікіріне айғақ ретінде жиналған қосымша мәліметтерді қыстыра кетуді жөн көрдік.



хххххххххххххххххххххххххх


ххххххххххххххххххххххх

«Талант талқысы» 72 бетке, «Алашордаеның» хатының алдына келедеді.


Ол тура сол сәтте екінің бірін, иә, екінің бірін таңдауға мәжбүр болды. Сондықтан да өзінің бұл қадамына кесілер үкімді уақыттың еншісіне қалдырып, «Социалды Қазақстан» газеті арқылы ашық хат жазып, өзінің барлық кінәсын мойнына алды. Ашық хат 1932 жылы, 10-маусымда «Қазахстанская правда» мен «Социалды Қазақстан» газетінде екі тілде жарияланды. Онда Мұхтармен бірге Әлімхан Ермекұлының да өз көзқарасынан айнығандығы туралы хат басылды.

Енді осы ашық хаттағы айтылған мәселелердін, негізгі түп тамырына келейік. Ең әуелі Мұхтардың өзі мойындаған қателіктеріне тоқталайық.

Бірінші: ол әдебиетті, жалпы көркемөнерді таптық тартыстан тыс қалдырады. Әдебиеттің халық психологиясының айнасы дей отырып, саясаттан аулақ болуға тиіс дейді. Бұл арада Қаз АПП-тың «жалаң әлеуметшілдігіне» қарсы шыға отырып, «Қараш-Қараш», «Қилы заман» повестері арқылы таптық, ұлттық, халықтық проблеманы көтеруге болатындығын дәлелдеді. Адам тағдырын әлеуметтік ортадан бөліп ап, жекедара суреттеді. Көркемдігі де, идеясы да тура болғанымен, оны «Қаз АПП-тықтар» дұрыс түсінбеді. Өзіне қаратыла айтылған сынды Мұхтар «жаулық», «жазушылықтан шеттеу» деп қабылдады.

Екінші: 1925–1928 жылдардың арасында қазақтың сонау X ғасырдан бері пайдаланып келген араб әрпін латын әрпіне өзгерту туралы үлкен пікір таластары жүрді. «Араб әрпі – ескілікті еске салады, керітартпалык, панисламистік ағынды өршітеді. Пролетарлық мәдениетке жат. Жаңа грамматика, жаңа әріп қажет» – деген солақай социологтар мен идеологтардың даурығуына қарсы шығуы еді. Баспасөзде: араб әрпін он ғасыр пайдаланған халықтың біраз жылдан кейін өз тарихынан өзі көз жазып қалу қаупі бар. Ал латын әрпі де қазіргі қойылған талапты орындай алмайды, – деген пікір білдірілді. Латын әрпін ұсынушы белсенділер: «Жоқ. Алтынсариннің әліппесі патшаның реакционерлік саясатын жүзеге асыру негізінен туған. Бізге – жат. Араб әрпі – мұсылмандықты қоздырады. Оны білсе «Құранды» да оқи алады», – деп даурығып, байсалды пікірге байбалам салды. Оларға қарсы шыққандарды «алаштың агенті» десті. Мұхтардың бұл пікірін де тарих растады. Латын әрпі өзінің әлеуметтік міндетін атқара алмады. 1940 жылы қазіргі крилл әрпіне көшірілді. Соның нәтижесінде көптеген адамдар газет-журналды оқи алмай қалды.


Үшінші: Қазақстанның экономикалық өсуіне, коллективтендірудің сәтті жүргізілетініне, бірден отырықшылыққа көшудің мүмкіндігіне сенбеді. Белгілі мөлшерде халықтың тұрмысына, әлеуметтік өміріне, салт-санасына кері ықпал жасайды, азық-түлік жағынан қамтамасыз етуде қиыншылыққа ұшырайды деп ұқты. Мұхтар – туған халқының әлеуметтік-экономикалык өміріндегі өзгерістерге қатты алаңдап, кейбір жүгенсіз әрекеттерге жол берілгендігіне ренішін де білдірді. Коллективтендіру тұсында «белдеуде бұзау қалмасын» деген ұран көтеріліп, барлық құрал-сайман, мал-мүлік ортаға салынып, күштеп отырықшыландыру науқаны жүрді. Ел – малсыз, баспанасыз қалды. Сауын сиырды да ортаға өткізді. Егіншілікке иек сүйемеген ел бір-ақ күнде колхоздың қазанына қарап, екі қолын жайып шыға келді. Мұның ақыры бүкіл бір халықтың тағдырына аштық қаупін төндіруі мүмкін еді. Кейін партия тарихында «коллективтендіру кезеңіндегі асыра сілтеушілік» деп бағаланған бұл науқанның зардабын көшпенді жұрт қатты сезінді. 1939 жылғы санақ нәтижесін 1926 жылғы нәтижемен салыстырғанда қазақтың санының 26 процент кеміп кетті. Мұның барлығы да сол коллективтендіру тұсындағы асыра сілтеушіліктің салдары болатын. Жергілікті халықтың тіршілік кезін, тұрмыстық ерекшелігін ескермеудің, дер кезінде ескерткен адамдардың пікірін тыңдаудың орнына сөгіп, халыққа қарсы адам етіп көрсетудің зияны тым қымбатқа түсті. Орны толмас демографиялық қүлдырауға әкеп соқты. Мұхтарға тағылған айыптың ең үлкені де сол конфискелеудің қателігі туралы пікірі болды. 1931 —1932 жылы ел-жүрт азық-түліктен қиналып жатқан күннің өзінде, айтқаны шындықка айналғанын көре тұрып, Мұхтар өз пікірін өзі жоққа шығаруға мәжбүр болды.
Төртінші: әдебиет тарихын зерттеуші ретінде қарастырғанда, ондағы шығарманың шығу тарихына, кейіпкерлердің іс-әрекетіне тоқталып, оның таптық сыпатын назарға ілмеді. «Хандар мен бек-билер заманындағы әдебиет» деп жіктеп алып, оларды дербес қарады. Әрине, бұл жіктеу төңкерісшілерге ұнамады. Сол уақытқа дейінгі жазылған шығармаларының бірде-біреуінде тікелей төңкеріс оқиғасының суреттелмеуі, кедей табынан шыққан адамның басты кейіпкері ретінде алынбауы – «кеңес өмірінен қасақана қол үзді, үнемі өткен өмірді сарыншылдықпен (романтикалық леппен –Т. Ж.) баяндайды, бұл жастардың санасына феодализмнің артықшылығьш сіңіру» деген өкпе тудырды. Ал Мұхтар, өзінің сол бағыттағы көркемдік ізденісін тереңдете түсті. Мұны «кедей тап жазушылары» керісінше мінез көрсету, қырын қарау деп бағалады. Қаз АПП-қа кірмеген жазушылардың «Алқа» ұйымының ықпалында болуын «жаулық» деп бағалады.

Бесінші: құрғақ айқаймен, жалаң әлеуметшіліктің тығырықка тірелген тұсында, қолдан жасалған бұл қиыншылықты «халық жауларының ісі» деп жариялап, оны өздеріне мойындатуға тырысты. Мұхтардың ашық хат жазуына ықпал етіп, «алашорданың басты екі адамы өздерінің де, бұрынғы пікірлерінің де төңкеріске карсы болғандығын әшкерелеп, өз кінәларын жууға уәде беріп отыр» деп жариялады.

Осындай қайшылықтардың басы қосыла келіп, Мұхтардың «кім екендігіне» күдік туды. Ол тергеу бір жарым жылға созылды. Өзге ұсақ-түйек жайларды еске алмағанда жоғарыдағы «айыптардың» өзі, ол кезде бір адамның тағдырын шешуге жетіп жатыр еді.

Сол кездегі заманның талабынан туған «жалаң социологияның» науқандық ықпалымен өз пікірінің дұрыстығын біле тұра бас тартуға мәжбүр болған Мұхтардың «тұжырымдары» осынадай. Мұның бәрі де уақытша «бас тарту» екенін түсінді

Ашық хатты жазудың астарында осындай күрделі таным тартысы мен тағдыр таңбасының, заман талабының табы жатыр еді.

Біз тарихи кезеңдегі жегі мен техдіңталқының қорытындысы сияқты көрінген сол «Ашық хаттың» қазақша және орысша нұсқасын толық жариялауды мақұл көрдік.




1 Николай Васильевич Устрялов – Кадет партиясының мүшесі, профессор, журналист, 1918-20 жылдары Қиыр шығыста, одан кейін 1921-22 жылдары Парижде шыққан “Смене вех” («Нысаналарды ауыстыру») журналынын редакторы. Оның теориясы бойынша азамат соғысында жеңіп шыққан кеңес өкіметін, сырттан құлата алатын күш жоқ. Оны құлатуға мүмкіндігі бар жалғыз жол – кеңес қызметкері болу, сөйтіп кенесті де, партияны да іштен шірітуге тырысу. Бұл «теория» кейін «Устряловщина» («Устряловшылдық») немесе «нысана өзгертушілік» («Сменовеховщина») аталып кетті. Кеңес өкіметі Қазақстанда орнай бастаған шақта, қазақтың коммунист партия (қатарындағы) бай-ұлтшылдары осы «Устряловшылдықтың» бір бұтағы (С. Мұқановтың түсінігі – Т. Ж.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет