БәукеңНІҢ нақыл сөздерінен



жүктеу 40.76 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі40.76 Kb.

БӘУКЕҢНІҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІНЕН:

        - Ердің туы — намыс.

        - Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.

        - Ердің Еділ тобығынан келмейді.

        - Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың.

        - Ерлік — елдің қасиеті, жүректілік — жігіттің қасиеті.

        - Жауды    өлтірсең — өлімнен    қүтылдың,    өлтірмесең — өлімге тұтылдың.

        - Атақ - ерге сауға, олжа  - елге сауға, олжа — елдікі, оған тимегін.

        - Қырағының өзі де, көзі де батыр.

        - Ерлік елеусіз қалмасыи.

        - Именіп жүріп көрген игіліктен қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.

        - Арпалысып жүріп алған абырой — өмірдің ең шырын рақаты.

        - Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта.

           - Ежелден ел тілегі — ер тілегі,

            Адал ұл ер боп туса — ел тірегі.

        - Екі сырттан қанға батып таласса, қарақұсқа жем болады.

        - Қой   бастаған   арыстан   тобынан   арыстан   бастаған   қой   тобы артық.

        - Командир — аға, солдат — іні.

        - Айқаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен алғын.

        - Жан аямай тиіскеннен жау жалт бере жөнеледі.

        - Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді.

        - Екі сөзді — ер емес, серт — ер серігі.



- Ту сыртыңнан тиген дұшпанды торға түсір, өршеленген жаудың үнін өшір.

- Сабырлылық   алдында   дұшпан   сасады,   сабырсыздан   береке қашады.

- Ер бақыты ел қолында, ел бақьггы ерлер қолыида.

        - Өз қадірін білмеген — ер қадірін білмейді. Ер қадірін білмеген — ел қадірін білмейді.



- Қорқақ қаққа шөгіп өледі.

              -  Белдескеннің белін сындыр,

                Тірескеннің тізесін бүктір.

                Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,

               Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.

              - Әдіссіздік — әлсіздік,

                Ептілік те — ерлік.

              - Қара бет болып қашқанша,

                Қайрат көрсетіп өлген артық!

      - Таяқтан тайсалмасаң,

        Семсерден сескенбесең,

Жеңдім дей бер...



Баукеңнің суреттері













 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                        

                                                                                                                                                   

 

Конец формы



Момышұлы Бауыржан (4.12.1910, қазіргі Жамбыл обл., Жуалы ауд., Көлбастау аулы,—10.6.1982, Алматы) - қазақ совет жазушысы. 1942 жылдан КПСС мүшесі. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Панфиловшы, даңқты жауынгер, гвардия полковнигі. Шымкенттегі жетіжылдық интернатты бітірген (1928 ж.) соң, бастауыш мектеп мұғалімі, ауаткомның хатшысы, милиция бастығы болды. 1932 ж. Қызыл Армия қатарына шақырылды. Қызметін өтеп қайтқаннан кейін, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істеді. 1936 ж. Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітірген соң Қызыл Армия қатарына қайта алынып, взвод, рота, командирі, полк штабы бастығының көмекшісі, ал 1941 ж. Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болды. Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-атқыштар (кейіннен 8-гвардия) дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды. Москва түбіндегі немістермен болған ұрыстарға қатысты. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болды, соғыстың соңғы жылдарында (1944-45) осы дивизияны басқарды. Ұлы Отан соғысы кезінде ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен ерекше көзге түсті, батырлық атақ-даңқы аңызға айналды.
    Момышұлының қаһармандық ерлігі туралы белгілі орыс жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» повесінде жан жақты жазды. Б. Момышұлының, өміріне арналған Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» (1976) роман-дилогиясы жарық көрді, «Қазақфильм» киностудиясы,«Ел басына күн туса» (1967) көркемфильмін түсірді. Москва акад.драма театры Момышұлы туралы «Волоколамск тас жолы» спектаклін қойды.
    1952 жылы Совет Армиясы Бас штабының жанындағы Жоғары әскери академияны бітірді. 1950—56 ж. әскери академияда сабақ берді және тұрақты әскери қызмет атқарды. «Офицердің күнделігі» (1952), «Бір түннің тарихы» (1954, орыс тілінде), «Біздің семья» (1956, орыс тілінде) атты алғашқы кітаптары сол тұста жарық көрді. Момышұлы еңбектері орыс-қазақ тілдерінде бірдей жазды. Негізінен әскери өмірбаяндық жайттарды арқау етіп, патриотизмді, адалдықты, ерлікті ту еткен шығармалар берді. Солардың бірі «Москва үшін айқас» (1959, орыс тілінде — 1958) — халқымыздың қаһармандығын, бірлігі мен туысқандығын, совет жауынгерлерінің сом тұлғасын бейнелеген. Отан үшін ұлы шайқастың үлкен бір шежіресі іспеттес күрделі шығарма. Мұнымен қатар «Жауынгердің тұлғасы» (1958), «Майдан» (1961), «Майдандағы кездесулер» (1962, орыс тілінде), «Генерал Панфилов» (1963, қазақ тілінде — 1966), «Төлеген Тоқтаров» (1965), «Куба әсерлері» (1965), «Ел басына күн-туса» (1970), «Ұшқан ұя» (1975), «Адам қайраты» (1981) т. б. кітаптар берді. Шығармалары көптеген СССР халықтары және бірнеше шетел халықтарының тілдерінде басылып шықты. ҚазССР Мемл. сыйл. лауреаты (1975), Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен наградталған.


 
Каталог: uploads -> doc -> 0d75
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0d75 -> Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»
0d75 -> Ми діңінің құрылысы
0d75 -> Зулкашева Айзада Дуйсенбаевна Атырау қаласы Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясы Биология пәні мұғалімі Сыныбы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет