Істі болып, ақталып шыққан Алматы қаласы төтенше жағдайлар қызметінің экс-басшысы Руслан Қасыбаев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

"Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының 2024 жылғы 22 ақпандағы бұйрығымен Руслан Қасыбаев Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Төтенше жағдайлар департаментінің жаңадан тағайындалған басшысын жеке құраммен төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов таныстырды", – делінген төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақппаратта. 

Руслан Қасыбаевтың осыған дейін Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болды.

Еске салайық, 2022 жылдың жазында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Руслан Қасыбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағаны белгілі болды. 

2024 жылдың қаңтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өткен брифингте сот бұған дейін Қылмыстық кодекстің "Пара алу” бойынша айыпталған Руслан Қасыбаевты ақтап шыққаны белгілі болды. Бұдан кейін Антикор Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Қасыбаевқа қатысты сот шешімімен келіспейтіндерін мәлімдеген болатын. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.