Әлеуметтік желіде екі бірдей егеуқұйрықтың балалардың ұйықтайтын бөлмесінде жүрген видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: Видеодан скрин

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары жағасын ұстады. Олар бұл жағдайдың мысықтың жоқтығынан болып отыр деген болжам жасады. Енді бірі мұны балабақшаның бәсекелестері істеп отыр деп санайды.

Алматы қалалық білім басқармасы желіде тараған бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді.

“Түскен арыз-шағымдарға байланысты 16 наурыз күні балабақшада дезинфекция және дератизация шаралары жүргізілді. Білім басқармасы балабақша қызметін бақылау үшін комиссия құрды, оның қорытындысы бойынша балабақша әкімшілігіне тиісті шаралар қолданылады”, – деп мәлімдеді қалалық білім басқармасы.

Бұған дейін Семей базарындағы самса сататын дүңгіршекті тышқан кезіп жүргенін жазған едік.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Сауле Кужаевна Бикитеева (@saulebikiteeva)

 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.