Бүгінгі таңда тіл білімінде әр түрлі тілдердің грамматикалық құрылымының салыстырмалы-типологиялық зерттеулеріне көп көңіл бөл



жүктеу 2.22 Mb.
бет3/14
Дата04.03.2018
өлшемі2.22 Mb.
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Модальділік және эмоционалдылық

Модальділік категориясының аясын анықтау барысында оның эмоционалдылық категориясымен сәйкес келуін ескерген жөн.

Көптеген лингвистер эмоционалдылықты субьективті-модальді мағынаны берудегі бір тәсілдердің бірі ретінде модальділіктің құрамына енгізеді де. Оны айтылымның экспрессивтілігі деп қарастырады. Эмоционалдылық адам эмоцияларының интонация, одағай сөз, аффикстер, эмоционалды лексика сияқты барлық берілу құралдарын қамтиды [45].

Егер осы пікірге қарсы эмоционалдылықты психологиялық категория ретінде қарастырсақ, ол адамның тітіркенушілерге инстинктивті реакциялары ретінде қарастырылады. Осындай реакцияларға күлкі, жылау, жестикуляция, және т.б жатады. Осыдан келе біз кез келген реакция тілдік формада көрініс таба береді деп айта аламыз. Эмоцияның тілдік формасында көрініс табуы үшін, алдымен эмоциялар ойда құралуы керек, ал содан кейін лингвистикалық немесе экстралингвистикалық көрініс табуы керек [46].

Л.С.Выгодскийдің пікірі бойынша адамның миындағы ойлар біртұтас болып келеді және осының нәтижесінде эмоциялардың тілдегі көрінісі түрлі лексикалық тәсілдер одағай сөздер, аналитикалық форманттар және эмоционалды-модальді сөздер арқылы көрініс табады. Тіл арқылы эмоционалдықтың аз бөлігі ғана беріледі. Осыған байланысты эмоционалдықтың тіл формасында көрініс тапқан жерінде модальділік пен эмоционалдылық категорияларының байланысы пайда болады [47].

Қарастырылып отырған категориялардың айырмашылық шақтармен байланысты. Эмоцияларды беру тәсілдері тек олардың пайда болған шағында ғана, яғни осы шақ аралығында жүзеге асырылады. Өткен немесе келер шақпен байланыстыратын болсақ, келер шақтың лексикалық құралдары баяндайтын жағдаяттың бөлігі ретінде ғана қарастырылады. Модальді мағыналарды жүзеге асыру аясы үш шақты қамтиды: осы, өткен және келер шақ және олардың модальді мағынаны жүзеге асыруының өз ерекшеліктері бар.

Осы келтірілген тұжырымдамалар модальділік және эмоционалдылық категорияларын ажыратпайды. Олар модальділік категориясының лингвистикалық, ал эмоционалдылықты психологиялық категорияларға жататындығын растайды. Осы екі категориялардың бір-бірімен байланыста болуы, тілдік модальділік категориясының қолданылу аясының кеңдігің дәлелдейді.

1.4 Модальділік категориясының түрлері
Модальділік категориясы-субьектінің обьектіге, ақиқат шындыққа деген сенімін, күмәнін, тілегін, болжамын, қалауын т.б. әр түрлі қатынастарды білдіретін категория. Басқаша айтқанда, айтушының сөйлем мазмұнына немесе сөйлемнің баяндалу мазмұнына, сөйлеуші жаққа. Ондағы ақиқат шындыққа деген субьективтік көзқарасының көрінуі. Өйткені сөйлеуші сөйлеу жағдайы мен сөйлем мазмұнына, оның құрылысына әрдайым өз қатынасын білдіріп отырады. Бұл қатынас ақиқат шындыққа деген айтушы қатынасы немесе модальділік қатынас болып табылады.

Сөйлеуші қарым-қатынас жасау процессі барысында тек қана ақпаратпен алмасып қана қоймай, сонымен қатар өз көңіл-күйін, сезімін, тілектерін және дүниені қабылдауын білдіріп отырады. Бұл кез келген айтылған сөйлемнің тек қана шындық жайлы фактілерді қамтып қана коймай, сонымен бірге, сөйлеушінің сол факті жайлы көзқарасын, ойын, пікірін және жеке бағасын қамтиды. Дәл осындай адамның шындық жайлы ақпаратты қабылдауы және сараптауы оны модальділік категория ретінде алып қарастырылуына көмектеседі [29].

Көптеген тілдерде ғалымдар обьективті және субьективті модальділіктердің айырмашылықтарын ажаратуымен айналысқан.

А.М.Пешковский сөздер мен сөз тіркестері арасындағы қатынасты білдіретін категориялар бар екендігін айтады. Ғалым оларды обьективті синтактикалық деп атаса, ал сөйлеушінің осы қатынастарға қатысын білдіретін категорияны субьективті-обьективті синтактикалық деп атайды. Автор осылардың қатарына сұрақ, леп білдіру, хабарлау, болымсыздық және болымдылық категориясн; қыстырма сөздер мен сөз тіркестерін және етістік пен есімдік категорияларын жатқызады [48].

А.М.Пешковскийдың жұмысында обьективті және субьективті модальділік бір-біріне тәуелділігі бар тығыз байланысты түсініктер деп көрсетіледі.

Модальділік категориясының обьективті және субьективті түрлеріне бөлінуі логикалық модальділіктің әсерініен болып табылады. Обьективті мағына формальді-грамматикалық орындалу тарапынан кез келген сөйлемге тән болады. Тіл ғалымдарының пікірінше обьективті модальділік белгілі жағдаятта орын алған обьективті байланыстарды көрсетеді. Ал субьективті модальділік айтылған ойдың қаншалықты шындық екендігін білдіретін, қатынастың жеке түрінің берілуі және обьективті ақпаратқа сөйлеушінің субьективті қатынасы ретінде қарастырылады.

Адам сөйлегенде ол айтылғанға өз қатысын білдірмей және айтылғанның мазмұнының шындығына қатынасысыз хабарлай алмайды. Сөйлеуші өз ойын айту барысында айтылған ойдың мазмұнына өз қатынасын білдіреді. Онсыз ешқандай сөйлем құрала алмайды. В.З.Панфилов модальділік категориясының предикаттылық категориясының арасындағы арақатынасы жайлы айту барысында осылайша жазады: «Егер предикаттылық сөйлем мазмұнының шындыққа қатынасын білдірсе, онда субьективті модальділіктің әр түрлері сөйлеушіның пікірінше олардың шындықпен сәйкес келуін білдіреді» [49].

Осыған байланысты субьективті модальділіктің әр түрлі түрлері предикаттылықтың әр түрлі түрлерін білдіреді, субьективті модальділік предикаттылқтың негізгі бөлушісі ретінде қарастырылады.

Ғалымның ойынша обьективті модальділік синтактикалық сөйлемнің деңгейінде көрініс тапса, ал субьективті модальділік сөйлемді логика-грамматикалық бөлудің деңгейінде көрінеді. Алайда синтактикалық және логика-грамматикалық бөлу көөп жағдайда сәйкес келмейді.

Субьективті және обьективті модальділіктің арасындағы айырмашылық тек қана айтылатын сөйлемді құрудағы рөліне ғана қатысты емес, сонымен бірге оны белгілейтін денотативқа да қатысты. Обьективтілікке жүзеге асырыруға болатын байланыстары мен қатынастары мен бірге қоршаған әлем жатса, субьективті денотат ретінде сөйлеушінің әлемді тануы мен оған қосатын интенциялық ұстанымға байланысты. Сондықтан субьективті модальділік деп біз айтылатын сөйлем құрылымы тарапынан қарастырғанда, сөйлеушінің субьективті түрде жүзеге асырылатын ойдың ядросына қатынасы [50].

Осылайша ғалымдар обьективті модальділік деп сөйлеушінің шындықты яғни обьективті ақпаратты түрлі тіл құралдармен бере алу мүмкіндігін және оларды таңдау мүмкіндігі туралы айтса, ал субьективті модальділік деп обьективті ақпараттың сөйлеушінің өз көзқарасының сынынан өткен ақпаратты атайды. Субьективті және обьективті модальділік арасындағы ең негізгі айырмашылығы ол олардың әр қайсысында коммуникативті компаненттің әр түрлі деңгейде болуы болып табылады.

Кез келген айтылымның сипаты ретінде обьективті модальділік айтылғанның орындалу, орындалмауы тарапынан шындыққа қатынасын білдіреді. Обьективті модальділік таным актісі бағытталған кез келген жағдаяттарға тән обьективті байланыстардың сипатын білдіреді, әсіресе солардың ішіне мүмкіншілік, реальділік және қажеттілік байланыстары болып табылады. Модаль етістіктері мен рай категориясы оың тілдік көрсеткіштері болып табылады. Обьективті модальділік шақ категориясымен үйлесімді байланысқан.

М.В.Зайнуллиннің пікірінше етістіктің шақ формаларының дифференцияциясы олардың темпоральді мазмұнына қатысты жасалса, түркі тілдеріндеетістік формаларының модальді семантикасы да маңызды болып табылады. Ғалымның пікірінше өткен шақтың белгілі және белгісіз формалары, белгілі келер шақ және белгісіз келер шақ темпоральді сипатпен емес, ал модальді сипат арқылы айрықшаланады. Түркі тілдегі кез келген verbum finitum формасында келген етістік формасын алсақ та, ол шақтың және модальді реңктерді қамтиды. З.К.Ахмеджанова модальді, шақтық, аспектуальдық және ырыстық мағыналардың тығыз қабысуы жайлы жазады.Қазақ тілін жүзеге асыру тәсілдерін зерттей келе ғалым аса маңызды тәсілдердің арасында аспектуальді-модальді мағынаны аап көрсетеді [51].

Обьективті модальділік шеңберінде алетикалық және деонтикалық модальділік қарастырылады. Алетикалық модальділік істің орындалуы тарапынан мүмкінділік және қажеттілікті білдірсе, деонтикалық модальділік қоғамда қабылданған нормалар мен этикалық принтиптардың тарыпынан мүмкінділік пен қажеттілікті білдіреді. Деонтикалық модальділікті шектейтін нормалардың саналуандылығына байланысты Д.В.Сапарова нормалардың сипттатына сай модальділік түрлерін бөлу керектігін атап көрсетеді. (Мысалы: этикалық, діни немесе құқықтық). Олардың барлығы қандай да бір нормалар жүйесіне қатысты адамның іс-әрекетін міндетті, тыйым салынған немесе рұқсат берілген ретінде сипатталады [52].

Т.В.Парменова модальділіктің келесі қадамдарын айтылымды құру барысында сөйлеушінің коммуникативті интенциясының жүйелі өрбуі ретінде сипаттайды: 1) пропозицияның бар болуы; 2) сөйлеушінің пропозицияға қатысты негізгі ұстанымдарын анықтайтын айтылымның мақсаты коммуникативті рамка ретінде қарастыру; 3) сөйлеушінің айтылым жайлы жағымды немесе жағымсыз көзқарасы; 4) обьективті модальділіктіңайтылымның мазмұнының реальділік немес ирриальділікке қатыстылық ретінде қарастыру; 5) өзектілік сөйлеушінің айтылғанның мазмұнының орындалуына деген бағасы ретінде қарастырылуы; 6) сөйлеушіге көптеген мағыналар реңкін білдіруге мүмкіндік беретін, міндетті емес факультативті субьективті модальді баға қосымша құрал ретінде қарастыру. Осылайша ғалымның пікірінше кез келген айтылымның модальділігі бірнеше деңгейлерден тұрады [53].

Обьективті модальділікке қарағанда субьективті модальділік айтылымдардың факультативті сипаты болып, сөйлеушінің айтылғанға қатынасын білдіреді. Сонымен қатар ол жағдайдағы ойдың шындығының деңгейін көрсетіп, шындықтың проблематикалық және категориялық сипатын көрсетеді.Е.Н.Жанпейісов жалпы модальділік категориясын зерттей келе, сөйлеушінің айтылымға субьективті қатынасынбілдіретін жанама модальділікті атап көрсетеді. (Қыс түскен болу керек.-It must be winter.) [54].

Негізінен субьективті модальділікті енгізу және қарастыру сөйлемнің грамматикалық талдауынан мәтін талдауына әкелетін жол болып табылады. Субьективті модальділікті құрайтын мағыналар однородный емес және дәйекті зерттеуді талап етеді.

Субьективті модальділіктің семантикалық көлемі, обьективті модальділікке қарағанда кең болып табылады.Г.В.Валимованың пікірінше субьективті модальділік сөйлем құрылымының факультативті сипаты болып, сөйлемнің лексикалық құрамымен тығыз байланыста болады және мағынасы мен формасы жағынан обьективті модальділікке қарағанда түрлі болып келеді. Әдетте субьективті модальділік обьективті модальділіктің шектеген шеңберіндегі сөйлеушінің қатынасын нақтылайды [55].

Сонымен бірге субьективті модальділік тілде бар айтылымдардың барлық классификациясын қамти отыра, интонация, қыстырма сөздер, модаль сөздер, сөз тәртібі, модальді мағынаны қамтитын көмекші сөздер және арнайы конструкциялар арқылы беріледі. Осы құралдардан басқа К.Т.Кенжеева публицистикадағы субьективті модальді мағыналары туралы айтқанда, О.Сулейменова етістік және оның формалары, ырықсыз етіс, сұраулы есімдіктер мен демеуліктері бар сөйлемдер-сөйлеушінің назарын аудару үшін қолданылған жауабы бар сұрақ,сенімділікті күшейту үшін қайталанатын сөздер; ақпараттың маңыздылығын көрсету үшін инверсия сияқты тіл құралдарын да жатқызады. Субьективті модальділіктің кең мағыналық аясына акценттеуді, сөз тәртібінің интонациясы, қайталанатын сөздер арқылы берілетін экспрессивті бағаны жатқызады. Сонымен бірге субьективті модальділік эпитеттер, лексикалық қайталау сөздері, эмоционалды реңкі бар грамматикалық формалар, стилистикалық қарсы қою (контраст) сияқты стилистикалық тәсілдер арқылы жүзеге асырылады [56].

О.Е.Рымкевич неміс тіліндегі субьективті модальділіктің мәтін жасаушы қызметі жайлы айта келе, зерттеу негізіне оның тар мағынадағы талдануын алады, яғни айтылатын ақпараттың шыдығының сөйлеуші тарапынан бағасын меңзейді. Осының құрамына бағалауыш мағыналардың кең аумағы кіреді. Ғалым субьективті модальділік коммуникативті шарты бар категорияларға жатқызады да, неміс тіліндегі субьективті модальділік тілдің құрылымы анықталмағандықтан оның орны перефериялық болып табылады [50].

Осылайша субьективті модальді мағынасы парадигматикалық және анық емес, ал обьективті модальділікграмматикалық оппозициялық оппозицияны анық көрсетілген дәрежесімен ерекшеленеді.

Осылайша қазіргі тіл білімінде субьективті модальділікке ғалымдар түрліше анықтамалар береді. Кең мағынада кез келген бағалауыш қатынас ретінде, ал тар мағынада айтылымның шындығына сөйлеушінің белгілі қатынасы ретінде қарастырылады. Алайда субьективті модальді мағынаны кең мағынада алып қарастырған және субьективті модальді мағыналардың қатарына қосымша ақпарат, дәлдеу, деректеу, сілтеме, шектеу, қорытындылау, жалпылау, акценттілеу, сендіру, сенімділік, сенімсіздік, болжал жасау, қарама-қарсы қою, ойдың байланысын көрсететін құралдар, олардың тәртібі мен жүйелігі, сонымен қатар ақпарат көзі және сөйлеушіге оның назарын аудару үшін қолданылған қаратпа сөздерді жатқызған жөн. Біздің жұмысымызда субьективті модальді мағына көбінесе модаль сөздер мен етістіктер арқылы, ал субьективті-бағалуыш қатынас осы тіл құралдарынан басқа стилистикалық құралдары арқылы беріледі.

Н.Ю.Шведова обьективті-модальді және субьективті-модальді мағыналарды бөліп қарастырады. Обьективті-модальді мағына сөйлеушінің айтылмаға қатынасынсыз айтылымның сипамасын қамтиды [58].

Бұл сипаттама құрамында хабарлау, сұрақ және побуждениены міндетті түрде қамтитын жалпы және жеке бола алады. Жеке обьективті-модальді мағына өте маңызды емес.Ғалым олардың сипаттамасының үш түрін атап көрсетеді: 1) предикативті сипаттың ішкі белгілері, 2) сипаттың олардың басқа сиаттармен байлнысы, 3) оның шақтық сипаты. Субьективті модальді мағыналар модальді-экспрессивті болып аталады, осылайша олар сөйлеушінің айтылымға қатынасының сипаттамасын қамтиды және осындай қатынас әрқашан экспрессивті сипатқа ие. Осындай мағыналардың арасында 6 топ бөлінеді: 1) акценттілеу, айқындалған шектеу немесе екпін жасау, 2) жағымды немесе жағымсыз қатынастың бағасы; 3) утверждение және отрицание; 4) қалау; 5) анықтап алу (уяснение); 6) шындық тарапынан белгілерінің сипаттамасы. 363-364

Ғалымдардың көбі обьективті және субьективті модальділіктің сәйкес келмейтіндігін айтады. Айтылымды түрлі жақтан сипаттай отырып олар диалектикалық бірлік бола отырып, бір айтылымда тығыз байланысып, бірін-бірі толықтырып, қосымша реңктерді білдіреді. Кез келген айтылым обьективті тіл құралдары арқылысөйлеушінің шындыққа деген субьективті көзқарасын білдіреді. Осылайша О.М.Лашкевич кез келген айтылымда шындық пен мазмұн арасындағы қатынас сөйлеушінің субьективті қабылдауымен байланысты болғандықтан, модальділікті бөлінбейтін обьективті-субьективті категория ретінде қарастыруын ұсынады [59].

Алайда көптеген лингвисттер модальділікті субьективті және обьективті түрлеріне бөлуіне қарсы келледі. Олар тек қана сөйлемнің мазмұны мен обьективті шындық арасындағы байланысты қарастырады. Л.М.ВАсильев, М.В.Зайнуллин, И.Б.Хлебникова, Г.В.Колшанский, И.П.Распопов сөйлем модальділігін тек обьетивті категория деп санайды, өйткені оның пікірінше барлық

Субьективті және обьективті модальділік тікелей логика сұрақтарымен тығыз байланысты.

Е.И.Беляева өз жұмысында оларға осындай сипаттама береді. Обьективті логикалық модальділік пайымдауда айтылатын ойдың мазмұнына сәйкес келеді және зат пен оның сипаты арасындағы онтологиялық байланысының сипаттамасына қатысты. Субьективті логикалық модальділік біріншіден онң шындыққа қатыстылығы тарапынан пайымдауда берілген ойдың сипаттамасына қатысты дейді [60].

Логика ғылымында бөлінгендей тіл білімінде де ғалымдар модальділікті екіге обьективті (онтологиялық) және субьективті (персуазивті) деп бөледі. Обьективті модальділік кез келген жағдайдағы керекті, мүмкін немесе шын обьективті байланыстардың сипттамасын білдірсе, екіншісі осындай байланыстардың танымдылығынасөйлеушінің бағысын білдіреді [58].

Ю.С.Степанов Модальділік тек қана субьективті немесе обьективті категорияға жата алмайтындығын айтады. Осының негізінде ол модальділікті субьективті және обьективті жақ қамтылатын субьективті-салыстырмалы категория ретінде қарастырады [61].

Біздің пайымдауызша модальділік категориясын субьективті-обьективті категория ретінде қарастыру қажет. Өйткені сөйлеу әректі кезінде шындықты бағалау субьективтілігі обьективті қатыстармен шектеледі.

1.5 Ағылшын және қазақ тіл біліміндегі модальділік категориясының зерттелуі
Тіл білімінде әр түрлі тілдердің салыстырмалы-типологиялық зерттелуі жылдан жылға маңызды болып отыр. Оларда тілдердің генетикасы жағынан қай тілге жататына қарамастан, тілдің құбылыстарының құрылымындарының салыстырмасы беріледі және бұл жалпы бірдей тілдік категорияларды белгілеуге мүмкіндік береді.

Англистикада модальділік категориясы терең және жан-жақты эерттелген және осыған байланысты жұмыстардың да түрлері сан алуан. Алайда шетел және отандық тіл біліміндегі модальділік категориясының зерттеу деңгейлері бірдей емес. Шетел англистикасында модальділік категориясы және оның берілу тәсілдері туралы жұмыстар өте көп, алайда сонымен бірге оның мәні туралы сұрақ толық деңгейде зерттелмеген. W.Diver, M.A.Marino, T.R.Hoffman, J.Newman, W.Rathey сияқты ғалымдардың жұмыстарда көбінесе модальділік категориясының аспектілері мен берілу тәсілдері зерттеледі [62].

Англистикада кейбіреулері модальділік категориясын логикасы және прагматикасы күрделі құбылыс болып табылады. Модальділік категориясының берілу тәсілдері тек модальділік мағынаның прагматикасын есепке алу барысында ғана жүзеге асырылады. Модальділік категориясының берілу тәсілдерін тек қана реальді қатынас жағдаятын қамтитын прагматикалық жоспарды есепке ала отырып қана түсінуге болады. Кейбір ғалымдардың жұмыстарында модальділік қатынастың бірнеше түрлерін атап көрсетеді.

Е.И.Беляева коммуникативті негізге байланысты модальділік категориясының берілуі барасында 3 түрлі модальді қатынастың түрін атап көрсетеді. Олар: заттық модальділік (предметная) (мүмкінділік және міндеттілік), тілек немесе қалау модальділігі (волеизьявления) (оптатив пен императив) және эпистемиялық модальділік (мүмкінділк мағынасы,логикалық міндеттілік, сенімділік және сенімсіздік).

Шетел лингвистері де осындай модальділік түрлерін атап көрсетеді: динамикалық, деотикалық және эпистемиялық. Эпистемиялық модальділік (гректің epistemus-мағына дегенді білдіреді) сөйлеушінің шындыққа деген қатысы мен байланысыың тану деңгейін білдіретін бағалауыш модальділікті білдіру үшін қолданылады [63].

Тілшілер сонымен бірге эпистемиялық және эпистемиялық емес (epistemic/non-epistemic), (алайда олар терминологияда эпистемиялық және түбір молдальділіктері болып айтылады) (epistemic/root) эпистемиялық және деонтикалық (epistemic and deontic), сыртқы және ішкі (extrinsic and intrinsic) модальділік түрлерін атап көрсетеді [64].

Ішкі/деонтикалық/түбір модальділік адам өзі бақылай алатын іс-әрекетке байланысты қолданылады, ал сыртқы/эпистемиялық орындалу мүмкінділігінің бағалауыш деңгейіне қатысты айтылады. Сөйлеушінің тілек немесе өтініш білдіру не білдірмеуіне қатысты деонтикалық модальділік директивті және оптативті болып бөлінеді `directive and optative) [65].

Дж.Лайонез модальділіктің 3 шкаласын бөліп көрсетеді. Шартты рай арқылы берілетін тілек; сенімділік пен мүмкінділік және қажеттілік пен міндеттілік. Жалпы алғанда шетел лнгвистерінің модальділік категориясы жайлы пікірлері сәйкес келмейді [66].

Ресей англистикасында модальділік категориясы тереңрек зерттелген. Модальділік категориясының түрлі аспектілерін зерттеуде Смирницкий, [67] Л.С.Бархударов,Е.М.Гордон,И.П.Крылова, Б.А.Ильиш және тағы басқа лингвистерінің еңбектері зор. Сонымен бірге модальділіктің интонацялық деңгейде ьерілуі зерттелді (Т.А.Палей); ағылшын тілі монологындағы субьективті модальділіктің интонациялық берілу жолдары (Н.И.Панасенко); can/could, may/might етістіктерімен берілген сөйлемнің коммуникативті модальділігі (Л.Г.Давыденко; Ағылшын тілі мәтініндегі қажеттілі модальділігінің жүзеге асырылуы (Л.М.Фомина). Сонымен бірге рай категориясы модальділік категриясының морфологиялық беріу тәсілі ретінде зерттелген (И.З.Калемский), мүмкінділік модальділігінің берілу тәсілдерінің жүйесі (Г.Г.Мусина); салалас құрмалаа сөйлемнің модальділігі (Е.К.Андрианова); Модаль сөздердің номинативті және коммуникативті аспектілері және әр түрлі функционалды стильдерде қолданылу еркшеліктері (О.В.Романова) және т.б.

Салыстырмалы зерттеу аспектісінде осы жұмыстың терең қарастырылғаны Ф.А.Агаеваның жұмысы дәлел болмақ. Ол өз жұмысында ағылшын және түркмен тілдерінде тілдерінде көркем әдебиет негізінде модальділік категориясын және оның берілу жолдарын ағылшын және түркмен тілдерінде салыстыра қарастырған. Осы зерттеліп және салыстырылып отырған екі тілде модальді мағыналарды ажыратуда просодиканың 3 компоненті: тональді, динамикалық және темпоральді компаненттері екі тілде де бірдей маңызды болып шықты [39,685].

Э.У Илебаевтың жұмысында ағылшын және қырғыз тілдеріндегі модальділік категориясы және оның берілу жолдары зерттелген. Осы жұмыста деңгейаралық категория ретінде модальділіктің көлемі, мазмұны және табиғат, берілу тәсілдері, саластырылып отырған екі тілдің де модальділіктің берілу тәсілдерінің классификациясы анықталған. Қырғыз тілі үшін модальдліктің ең негізгі берілу тәсілі синтетикалық жолмен құрылған морфологиялық тәсіл, ал ағылшын тілі үшін көбінесе аналитикалық конструкциялар арқылы берілетін синтактикалық тәсіл деп анықталды [68].

Е.И.Беляеваның монографиясы ағылшын және орыс тілдеріндегі модальділік категориясының функционалды-семантикалық сипаттамасына арналған. Негізінен коммуникативті қатынастың модальділікті білдіру барсындағы 3 түрлі қатынасқа бағытталған. Заттық, эпистемиялық және тілек модальділіктері. Модальділік категориясының күрделілігіне және көпаспектілігіне байланысты автор осы 3 модальділіктің қолданылу аясын зерттеумен шектеледі [69].

Л.Михневич ағылшын тілі материалы және олардың поляк және орыс тілдеріне аудармасының негізінде модальділікті грамматикалық категория ретінде мәтін модальділігін зерттейді. Ғалым модальділікті тек қана таза тілдік категория деп білмей, сонымен бірге көптеген тәсілдермен беріле алатын сөйлеушінің жеке бағалауының ақпары ретінде қараастырыла алады. Ағылшын, орыс және поляк тілдеріндегі модальділік компоненттерінің ерекшеліктері көрсетіледі [70].

Н.В.Головнина ағылшын және орыс тілдеріндегі императив және оның берілу жолдвъаның семантикасын талдайды [71].

Д.В.Сапрова нормативті-құқықтық актілер негізінде деонтикалық модальділіктің табиғатын зерттейді [24].

Қазақ тіліндегі модальділік категориясын зерттеген жұмыстар саны ағылшын және орыс тілдерінде жазылған жұмыстарға қарағанда аз болып келеді. Бұған дәлелдеме ретінде тіпті «модальділік» терминінің біресе «модальділік» деп жіңішке айтылып, біресе «модалдылық» деген фонетикалық нұсқаларының сәйкес келмеуін де келтіре аламыз. «Модальділік» терминінің өзі қазақ тілінен шықпаған. Көріп отырғанымыздай осы сөздің пайда болу тарихы ежелгі Аристотель, Эйнштейн сынды ғалымдармен байланысты. Алғаш рет модальділік термині философия, журналастика, логика, психология сынды ғылымдардан шыққан және түрлі ғылымдарда түрлі мағынаға ие болған, демек оның түбірі басқа тілден келгендіктен оны қазақ тіліне жалпыға бір аударманың болмағандығынан болып отыр.

Алайда орыс тіліндегі модальность және ағылшын тіліндегі modality сөзін қазақ тіліндегі буын үндестігіне сай ь белгісінен кейін л жіңішке болып тұрғасын, модальділік деп алған дұрыс деп санадық.

Модальділік категориясы белгілі деңгейде қазақ тілші ғалымдарын да қызықтырды. Қазақ тіл білімінің негізін салушысы жұмыстарында өкініш, болжам сияқты мағыналар рай категориясымен берілетіндігін айтқан. Ол өз жұмысында рай категориясының 14 түрін атап көрсетеді. Алайда қазақ тілінде детальді түрде тек модальділік катгеориясының әр түрлі аспектіліері зерттелген. Болжамдылық, қажеттілік, тиістілік және т.б. модальді мағыналары А.Искаков, И.Маманов, Е.Жанпейісов, О.Төлегенов, Н.Оралбаева және тағы басқа ғалымдардың жұмыстарында зерттелген [72].

Е.Н. Жанпейісов өзінің зерттеу жұмсында қазіргі қазақ тіліндегі модальділік категориясы негізінен рай категориясы, модаль сөздер және демеуліктер арқылы беріледі деген. Ол модаль сөздердің именной және глагольный екі түрлерін атап көрсетеді. Осылыардың бір бөлігі қыстарма сөздер мүшесі арқылы берілсе, ал қалғандары баяндау арқылы беріледі. Осылардың көбі көпмағыналы болып келеді, сондықтансинонимдес қолданыла береді. Қазақ тіліндегі модаль сөздердің грамматикализация құбылысы арқылы осы екі түрлі модаль сөздердің қолданылу аясы кеңейеді [54].

А.Н. Нұрмаханова модальділік категориясын жалпы түркологиялық шеңберде қарастыра отырып, оның лексикалық, морфологиялық және синтаксистік берілу жолдарын көрсетеді. Модальділік категориясының лексикалық берілу тәсілдеріне қыстырма сөздер, қаратпа сөздер, одағай сөздерді, морфологиялық тәсілге рай категориясының формалары, етістік шақтары, модальді демеуліктер, ал синтаксистік тәсілге сөйлемдегі орын тәртібі мен интонацияны жатқызады [73].

О.Төлегенов модальділік категориясын утверждение және отрицание аспектісінде зерттеген. Ғалымның пікірі бойынша осылыар әр түрлі құрылымды сөйлемдердің негізігі модальдлік түрлері болып табылады. Ол модальділік деп сөйлеуші тарапынан айтылғанның шындыққа қатынасын білдіретін грамматикалық мағынаны атайды. Шындыққа деген тура қатынасты логикалық немесе модальді қатынас деп атайды және осыған байланысты сөйлемдер болымсыз немесе утвердительный мағынада айтылады. Модальділік пен предикаттық арақатынасы туралы айтқанда, отрицание мен утверждение бір жағынан предикаттылық, ал екінші жағынан модальділік болып табылады, өйткені сөйлеуші ешқандай қатынасты білдірмесе де, ол шындық туралы айтылған ойды білдіреді [74].

Г.А. Медетова түркі тілдерндегі мүмкінділік модальділігін және оның берілу тәсілдерін зерттеген. Зерттеуші 2 топ түркі тілдерн қарастырған. Қарлұқ (өзбек және ұйғыр) және қыпшақ (қазақ және қырғыз). Осындай тілдерді салыстыру арқылы тілдер арасындағы ұқсас сипаттамаларын тауып, зерттелген тілдердің генетикалық түсіндірмесін және мүмкінділік модальділігінің берілу тәсілдерінің кейбір ерекшеліктерін анықтауға көмектесті. Оллексика-семантикалық, грамматикалықжәне интонациялық тәсілдмен берілетін жеке категория ретінде баяндалған. Модальді-болжамды модальділіктің қолданылуының ерекшеліктері және семантикасы мен этимологиясы анықталды. Түркі тілдернде модальділіктің негізгі берілу тәсілі ретінде модаль сөздер деп алып қарастырылды және модаль сөздер шақтың кез келген формасында ашық райда тұрып болжамдылықты білдіре алады деген қорыттынды айтылды [75].

З.К. Ахметжанова қазақ тіліндегі аспектілік және модальді мағыналардың тығыз байланысын көрсете біліп, 7 топ аспектуальді-модальді тәсілдерін бөліп көрсеткен және онда модальділіктің екі түрі: атқаратын іске субьективті қатынасы және істің реальділігі мен ирреальділігін атап көрсеткен. Олар: интерруптивті (жарылып кете жаздады), фаллацивті (өлгенболып жатты), гипотетикалық (жүргелі отыр), аккуративті емес (жаба салды), ілеспелі (жүре тұр), коммодтық (сұрап алды), консекутативті (келісімен, келе сала) [51,408].

Л.С. Дүйсенбекова қазақ тіліндегі бұйрық райдың функционалды-семантикалық аспектісін зерттеген. Оның толық пардигмасы анықталған және семантикалық классификациясы анықталған. Сонымен бірге семантикалық табиғаты анықталды. Коммуникативті актідегі бұйрық рай функциясы анықталған. Бұйрық рай арқылы берілетін барлық анықталған 28 семантикалық реңктері анықталды [76].

Модальділік категориясының конструкциялар арқылы берілуін К.Мамадилов біріншіден теориялық негізді, құрылымды, семантикалық құрамын анықтаған және модальді реңктердің мағыналарын теориялық негізде анықтаған. Автор етістігі бар модальді конструкциялары арқылы берілетін модальді мағыналардың көп санға ие екендігін дәлелдеген. Бұл түркі тілдері үшін жалпы қасиет [77].

Т.Абдығалиева қазіргі қазақ тіліндегі жоққа шығарудың (отрицание) семантикасын және оның берілу тәсілдерін зерттеген. Оның ғылыми жұмысында терістеудің барлық берілу тәсілдері анықталған. Терістеудің барлық семантикалық құрылымы анықталған. Құрамындағы орталық және перефириялық элементтерін анықталған. Етістік арқылы теріске шығарудің төмендегідей нұсқалары анықталған: келіспеу, бас тарту, қарсы болу, тыйым салу, қарсы шығу, ескерту және т.б. [78].

Б.А.Жақыпбеков көркем шығармалардағы бұйрық райдың қолданылуын зерттеген.Автор бірқұрамды, көпқұрамды және күрделі бұйрық сөйлемдерін зерттеген [79].

С.Қ.Құлманов қазақ тілінде мүмкінділік модальділігін функционалды-семантикалық категория ретінде қарастырып, оның лексика-грамматикалық,морфологиялық, синтаксистік және контексті-мәтіндік берілу тәсілдерін зерттеген. Автор темпоральділік және аспектуальділік категориларының мүмкінділік аясымен арақатынасының байланысын зерттеген. Сонымен бірге С.Қ.Құлманов міндеттілік және қажеттілік модальділігінің беріліу тәсілдері де қарастырылады [80].

Қазақ тіл білімінде сөйлемді құрудың негізгі сипаты ретінде модальділік категориясының орны және рөлі анықталмаған және модальділіктің берілу тәсілдері аяғына дейін жүйеге келтірілмеген. Қорытындылай келе, қазақ тіл біліміндегі тілші ғалымдардң зерттеу жұмыстарынң жаңашылдығына қарамастан қазақ тіл біліміндегі модальділік категориясы аз зерттелген болып саналады.

Тілдік модальділік жайлы сөз болғанда ең алдымен осы категорияны білдірудің бір жолы болып саналатын рай категориясының маңыздылығы айтылады. Рай категориясы әлемдегі көптеген тілдерінде модальділік функционалды-семантикалық тұтастығын парадигмаға түскен морфологиялық көрсеткіші есебінде түсіндіріледі.

Қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынұлы етістік райының он бес түрін көрсетеді: тұйық, билік, ашық, шартты, ереуі, реніш, қалау, сенімді, сенңмсіз, болжал, мұң, көніс, қайрау, азалы, теріс.

Модаль сөздер-тілдегі модальділік пен предикаттылық құбылыстарымен тығыз байланысты тіл-тілдердің барлығында бар, тілдік бірліктерге жататын сөздер тобы. Модаль сөздер сөйлемде айтылған ойдың мазмұнына, болған шындыққа айтушының көзқарасын білдіреді. Қазақ тілінде модаль сөздер сөз таптары қатарына кірмейтін сөйлемнің сан алуан экспрессивтік және эмоционалдық мәніне байланысты сөйлем мәні құрамына енгенін, оның анықтығын көрсетумен қатар, күмәндылығын не болжамдылығын білдіреді. Бұндай сөздерге қазақ тілінде мүмкін, шамасы, рас, әрине, тәрізді, сияқты, әлбетте, бәлкі сөздері жатады. Профессор С.Исаев атаушы сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылаулар және одағай сөздер мен модаль сөздер жеке сөз табы болып қаралады, өйткені олардың жеке лексикалық мағыналары болмаса да, өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалық мән үстейді. [38].

Қазақ тілінде бар, жоқ, керек, көп, аз, әрине, бәсе, мүмкін, бәлки, әлбетте, қажет деген сияқты біраз сөз бар. Бұл сөздер басқа топтарға қарағанда сан жағынан аз болғанымен, мағынасы мен қызметі жағынан тіпті ерекше деп айтуға болады. Осы ерекшеліктеріне қарай негізгі сөздер мен көмекші сөздердің аралығында тұратын өз алдына категория модаль сөздер деп аталады. Модал сөздер адамның өзі айтпақшы болып отырған ойына қалай қарайтынын, көзқарасын, қандай пікірі барлығын білдіреді. Мысалы: терезені ашу керек, терезені ашу қажет деген сөйлемдердегі керек, қажет сөздері арқылы сөйлеген адам терезені ашудың керек, қажет екендігін айтып, өзінше пікір түйеді, бірақ не ашылады деп хабарламайды не аш деп бұйырмайды немесе ойға қатысты мәндер қосатын сөздер екенін айтып, оны көмекщі сөздер қатарына қосады.

Модаль термины латынның шама, тәсіл, көрініс деген модальдық деген мағынаны білдіреді. Модальділік пікірдің субьектісі мен обьектісі арасындағы байланыстың сипаты, яғни пікірлер. Пікірлерді модальділігіне қарай бөлуді тұңғыш рет Аристотель [81].

Модальділік сөйлеушінің сөйлем мазмұнына көзқарасын және сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатысын білдіреді. Тіл білімінде модальділік категория сыртқы синтаксистік модальділікке жататын обьективті, субьективті және ішкі синтаксистік модальділік мағына тұрғысында қарастырылады. Обьективті модальділік мағына сөйлеушінің ақиқат шындыққа реалдылық-бейреалдылық көзқарасын, ал субьективті модальділік мағына сөйлеушінің мүмкін, қалауы, қажетті, міндетті, бұйрықты іс-қимыл ретіндегі бағасы беріледі.

Модальділік категориясы-негізінен субьектінің обьектіге, ақиқат шындыққа деген сенімін, күмәнін, тілегін, болжамын, қалауын т.б. Осы сияқты әр түрлі қатынастарды білдіретін категория. Басқаша айтқанда, айтушының сөйлем мазмұнына немесе сөйлемнің баяндалу мазмұнына, сөйлеуші жаққа. Ондағы ақиқат шындыққа деген субьективтік көзқарасының көрінуі. Өйткені сөйлеуші сөйлеу жағдайы мен сөйлем мазмұнына, оның құрылысына әрдайым өз қатынасын білдіріп отырады. Бұл қатынас ақиқат шындыққа деген айтушы қатынасы немесе модальділік қатынас болып табылады.



Каталог: uploads
uploads -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
uploads -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
uploads -> Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №35 бұйрығымен бекітілген тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
uploads -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
uploads -> Ақмола оато үшін есікті қайта сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2016 жылғы 11 қазан Астана қ. Тапсырыс берушінің атауы мен пошталық мекенжайы «Ұлттық ақпараттық технологиялар»
uploads -> «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет