Бүгінгі таңда тіл білімінде әр түрлі тілдердің грамматикалық құрылымының салыстырмалы-типологиялық зерттеулеріне көп көңіл бөл



жүктеу 2.22 Mb.
бет4/14
Дата04.03.2018
өлшемі2.22 Mb.
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Бірінші бөлім бойынша қорытынды

Осы бөлім қазіргі тіл білімінде модальділік категориясының жағдайымен танысуға мүмкіндік берді. Модальділік термині бір-біріне ұқсас емес, яғни байланысты емес көптеген ғылымдарда қолданылады. Солардың арасында философия, медицина, журналистика, логика, педагогика, этика, заң және тіл білімі бар. Модальділік категориясының бірнеше ғылым саласында көрініс табуын әмбебаптылық деп тануға мүмкіндік бермейді. Осы ғылымдардың әр біреуінде модальділік түрлі анықтамаға ие және ол тек сол ғылымға ғана тән құбылыстарды білдіре алады. Сондықтан да бүгінгі таңда модальділік категориясы түрлі ғылымдарға қатысты өз анықтамаларына ие.

Философиядағы және логикадағы модальділік категориясының анықтамасы осы екі ғылымның тарихи байланысына сәйкес ұқсас болып келеді. Мұндағы модальділік ойлаудың бір формасы-пайымдаумен тығыз байланысты және оның сипаттамасы болып табылады.

Психологияда модальділік сезімдер мен сигналдардың сипаттамасын білдіріп, осының нәтижесінде тактильді, есту, дәм сезу және көру арқылы берілетін модальділіктері бола алады. Психологияда ол негізінен эмоцияның байланысымен түсіндіріледі, өйткені эмоциялар сөйлеу процессінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.

Тілдік емес модальділіктің тілдік құралдар арқылы берілуі, дәлірек айтсақ модальді модификаторлар (модаль сөздер мен модаль етістіктер) ағылшын және қазақ тілдеріндегі тілдік модальділікті зерттеуге түрткі болып отыр.

Тілдік модальділікті зерттеу барысында предикаттылық, обьективтілік, субьективілік, логикалық модальділік, және эмоциональділік сияқты категориялармен қатар зерттегенде оның жеке дербес статусы бекітіліп отыр.

Осы тарауда көргеніміздей модальділік түрлі тілдік құралдармен және тәсілдермен берілген, сондықтан біз оны функционалды-семантикалық категорияға жатқыза аламыз.

Осы күнге дейін модальділік категориясын шешілмеген лингвистикалық мәселелердің бірі болып қала береді. Осыған арналған көптеген жұмыстарға қарамастан, оның жүзеге асырылуының мәні, табиғаты, белгілері мен ерекшеліктері әлі толық деңгейде зерттеліп болған жоқ.

Әр түрлі жүйелік тілдерде барлық деңгейде жүзеге асырылатын айтылымның мазмұнының шындыққа қатынасын білдірудің және сөйлеушінің айтылымның мазмұнының шындыққа қатынасының бағалауын білдіруде модальділікті функционалды-семантикалық категория ретінде қарастыру заңды болып табылады. Модальділік реальділік/бейреальділік мағыналарымен шектелмейді, оған көптеген мағанарды жатқызуға болады.

Ағылшын тілінде модальділік категориясы қазақ тіліне қарағанда толықрақ зерттелген. Отандық филологияда модальділік тақырыбына арналған көптеген жұмыстарға қарамастан модальділік қатынастардың және модальділік категориясының берілу тәсілдері жүйелі түрде баяндалмаған. Модальділік категориясының аясы мен көлемі анықталмаған.

Модальдіктің субьективті және обьективті мағыналары туралы сұрақ көптеген түрлі жолдармен шешілгеніне қарамастан, модальділікті обьективно-субьективті категория ретінде қарастыру қажет. Модальділік деп біз сөйлем мазмұны мен шындық арасындағы қатынаспен бірге сөйлеушінің сөйлемнің мазмұнына деген бағасын түсінеміз, яғни ол адам ойындағы обьективті мен субьективтінің диалектикалық бірлігін білдіреді.

Лингвистикалық модальділік категориясының мәртебесін зерттеу барысында модальділік категориясының предикаттылық, эмоциональділікпен байланысын және тілдегі коммуникативті функциясын анықтауына әкеліп соқтырды. Зерттеу барысында лингвистикалық модальділіктің предикаттылық категориясына қарағанда кең екендігі, логикалық модальділік пен эмоциональділікмен сәйкес келмесе де, толығымен сөйлемнің коммуникативті функциясымен сәйкес келетіндігі анықталды. Осының негізінде біз тілдік модальділік категориясы өзінің обьективті немесе субьективті классификациясы сүйене айтылымның ақиқатқа және айтылымға қатынасын білдіретін жеке дербес функционалды-семантикалық категория ретінде қарастыра алдық.

2 АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ МОДАЛЬДІЛІКТІҢ БЕРІЛУІНІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Ең алдымен ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділіктің берілуінің классификациясының сұрағына тоқталмас бұрын, тілдік модальділік категориялардың қай тобына жататындығын анықтау қажет. Қазіргі тіл білімінде модальділік категориясы түсінік категориясы ретінде қарастырылады. Ахманова, 1966, Миронова, 1991, семантика-грамматикалық категория (Дидковская, 1991), кең көлемді семантикалық категория (Виноградов, 1975; Колшанский, 1961), синтактикалық категория (Андрианова, 1966; Немец, 1991), коммуникативті-грамматическая (Макарова, 1995), семантика-коммуникативті категория (авыденко, 1988), семантика-прагматикалық категория (Тихая-Тищенко, 1984), Таксономиялық категория (Трунова, 1995). Осы сұрақ жайлы көптеген көзқарастарға қарамастан, соңғы онжылдықта лингвистердің көпшілігі тілдік модальділікті функционалды-семантикалық категория ретінде қарау керек деген пікірмен келіседі. Сонда лингвистикалық модальділік айтылғанның шындыққа қатынасының түрлі түрлерін білдіретін функционалды-семантикалық категория ретінде анықталады [26,303]

Тілдік модальділіктің төрт негізгі берілу тәсілдері бар: фонетикалық, лексикалық, морфологиялық және синтактикалық. Осы төрт тәсіл жиі комбинацияға түседі де, бірге қолданылады. Егер салыстырылып отырған тілдерде модальділіктің мазмұнды жоспары әмбебеап болса, онда осы тілдерде модальділіктің берілу тәсілдері тілдің мүмкіншіліктеріне қарай анықталады. Яғни ағылшын және қазақ тіліндегі модальділік категориясының берілу тәсілдерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау керек.

Тілдердің генеологиялық классификациясына келетін болсақ ағылшын және қазақ тілі түрлі тіл семьяларына жатады. Яғни ағылшын және қазақ тілдері бір-біріне туыстас тілдер болып саналмайды, сонымен бірге, егер ағылшын тілі герман тобына, ал соның ішінде батыс герман тілдер тобына жатса, қазақ тілі түркі тілдер, соның ішінде қыпшақ тобына жатады. Ал егер тілдердің типологиялық (морфологиялық) классификациясына келетін болсақ, қазақ тілі агглютинативті типке жатса, ал ағылшын тілі флективті типке жатады. Екі тілдің типологиясы жағынан құрылымы әр түрлі болғандықтан да мұндағы модальділік сияқты кез келген тілге тән категориялардың берілу ерекшеліктері мен ұқсастықтарын зерттеу қызық болып табылады. Агглютинативті тілдерде грамматикалық мағыналар түбірге аффикстердің жалғануы арқылы беріледі. Қазақ тілі агглютинативті тілдерге жататындықтан бұнда аффикстердің әрқайсысы көбінесе бір ғана грамматикалық мағынаны білдіреді де, олар бірінің үстіне бірі жалғана береді. Флективті тілдерде сөздер ішкі флексия мен қатар сыртқы флексия да қолданылады. Сөздердің мағыналары аффиксация тәсілі арқылы жасалады деген сөз. Сонымен бірге тілдерді синтетикалық және аналитикалық тілдер деп бөлеміз. Синтетикалық тілдерде мағынаны беруде аналитикалық тәсіл де қолданыла береді, сонымен бірге аналитикалық тілдерде де синтетикалық тәсіл де қолданылуы әбден мүмкін [82].


2.1 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділіктің морфологиялық жолмен берілу тәсілдері
Шетел және отандық лингвистердің берген түрлі анықтамаларына қарамастан, ағылшын және қазақ тілдерінде модальділік категориясының берілуінің негізгі морфологиялық тәсілі рай категориясы болып табылады. Шетел тіл білімінде көп жылдар бойы рай категориясы сөйлеуші арқылы істің ұсынылу тәсілін білдіретін етістік категориясы немесе етістікпен анықталған сөйлеушінің іске деген қатысын білдіретін категория болып саналған. Екі жағдайда да рай категориясы таза субьективті категория ретінде қарастырылады [83].

D.Biber, C.Collins сияқты шетел авторлардың жұмыстарында рай категориясы шындық пен етістік арқылы берілген істің арасындағы байланыс туралы сөйлеушінің көзқарасын білдіретін категория болып саналған [84].

Осы сияқты қазақ тіл білімінде де ғалымдар рай категориясы жайлы түрлі ой-пікірлерін білдіреді.

Н.Оралбаева пікірінше етістіктің рай категориясы деп қимылдың шындыққа қатысын білдіретін категориясын айтады [85].

Рай категориясы түсінігі туралы бірыңғай пікірлердің болмауы ағылшын және қазақ тілдеренде рай категориясының саны мен номенклатурасын, көптеген сұрақтар туғызып отыр.

Англистикада В.Я.Плоткин, H.Sweet сияқты кейбір лингвистер рай категориясының формаларының омонимдылығына байланысты рай категориясының жүйесінің жоқтығын айтады. В.В.Жигадло, И.П.Иванова, Л.Л.Йофик, Л.С.Бархударов, Д.А.Штеллинг қарама-қарсы көзқарастағылардың қатарына жатады. Алайда олар райлардың саны туралы бір тұжырымға келе алмайды [86][87].

Советтік англистикада А.И.Смирницкийдің алты райлық жүйесі кең түсіндірілген. Олар: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай 1 (be/go), шартты рай 2 (were/went), болжамдық (should+simple Infinitive) және шартты (should/would+simple, perfect Infinitive). В.В.Жигадло, И.П.Иванова, Л.Л.Йофик сияқты авторлардың пікірінше соңғы төрт рай шартты райдың құрамына енеді. [88].

Л.С.Бархударов, Д.А.Штеллинг пікірінше рай категориясының жүйесі реальділік және ирреальділік қарама-қарсылығының негізінде екі раймен анықталған және осы жағдайда рай категориясының жүйесіне бұйрық рай кірмейді [89].

Ағылшын және қазақ тілдерінде индикативтің негізгі мағынасы істі реальді етіп көрсету және оның обьективті шындықпен қатынасын айтады. Екі тілде де ашық рай іс жүзінде болғанын, болып жатқанын немесе болатындығын білдіреді. Индикатив барлық грамматикалық шақтармен байланыста болады және кез келген реальді істің шақтан тыс, яғни шақпен байланыссыз жүзеге асырылады деп саналады [90].

Ағылшын тілінде реальділіктің фактілердің констатациялауынан өзге келер шақтағы shall/will+тура сө тәртібі арқылы жасалған ашық рай формасы тірткі-болжамдылық модальділігін білдіреді. Мысалы: Will you close the door? Қазақ тілінде де ашақ рай категориясы тірткі-болжамдылық модальділігін білдіреді. Мысалы: Барайық [91].

Бұйрық рай (императив) екі тілде де қимылды жасау жасамауды басқалардан талап етіп, қимылға қозғау салатын рай болып саналады. Сонымен қатар бұйрық немесе талап, өтінішті білдіреді. Істі істеуге немес істемеуге сөйлеуші тікелей қатысты болады, сондықтан екі тілде де 2 жақ маңызды рөл атқарады. Алайда Л.С.Бархударов, Д.А.Штеллинг сынды лингвистер бұйрық рай категориясын ағылшын тілінің рай категориясы жүйесінен алып тастау керектігін айтады. Өйткені бұйрықты сөйлемдерде бастауыш болмайды және соның арқасында ол ашық райдың құрамында қарастырыла алады [89].

Ағылшын тілінде бұйрық райдың негізгі формасынан өзге перефериялық форма бар. Ағылшын тілінде let етістігімен тіркесте, ал қазақ тілінде 3 жақта істі істеуге түрткі болатын -сын жұрнағы арқылы жасалады. Ф.А.Агаева пікірінше осындай формалар рұқсат, өтініш, тілек, келісу, бұйрық сияқты т.б. сезімдерді білдіреді және олардың ішінде есімдік немес зат есім арқылы істің субьектісі көрінеді. Бұйрық рай әр түрлі экспрессивті мағына білдіргендіктен, сөйлем ішінде қызмет ету барысында жағдаятқа және сөйлеудің бағыттылығына байланысты сай бұйрық интонациясымен айтылады [39].

Шартты рай ағылшын және қазақ тілінде де зерттеу барысында ең көп қиыншылықтар туғызатын рай болып табылады. Өйткені екі тілде де осы райдың семантикасына тән істің болжамдылығын, қаланатындығын немесе міндеттілігін білдіру үшін көптеген берілу тәсілдері бар. Сонымен қатар бүгінгі таңда ағылшын тілінде осы райдың аталуы да аз емес сұрақ туғызып отыр. Ағылшын тілінде Subjunctive, Conditional, Suppositional, Irrealis, Dubitative және тағы басқалар, ал қазақ тілінде тек қана шартты рай атауына ие. Көптеген көзқарастарды есепке ала отырып, біз ағылшын тілінде Subjunctive деп, ал қазақ тілінде шартты рай деп аламыз. Ағылшын тілінде субьенктив синтетикалық ( I, You, He, She be, go, know) және аналитикалық (should/would+nonperfect infinitive) формаларға ие. Present Subjunctive формасы ашық райдың Past Simple формаларымен омонимды болып келеді және синтетикалық формаларды зерттегенде, осы құбылыс қиыншылық туғызады. Past Subjunctive аналитикалық формаларды зерттесек, should/would етістіктері өзінің модальді мағынасын сақтайды, ал басқа жақтан келер шақтың өткен шақтағы аналитикалық формасы құрамына енеді [39,26].

Ашық райдың Past Simple формасындағы шартты райдың синтетикалық формасы индикативтің реальділік формаларына қарсы іс-әрекеттің болжамдылық,тілік немесе неғайбілділігін білдіреді.



He will be a pilot next year.-реальділік мағынасы [92].

It is desirable that she be at school at 1 o’clock.-болжамдылық мағынасы.

should/would+nonperfect infinitive шартты райдың аналитикалық формасында модальді етістіктер өзінің лексикалық мағынасын жоғалтқан және шартты сөйлемнің басыңқы сөйлемінде қолданғанда істің өзін білдірмей, олардың салдарын білдіреді.

Ағылшын тілінде шартты райдың берілу түрлері сан алуан. If, in case, until, unless арқылы жасалатын шартты райды-Conditional Mood дейді. Реальді емес жағдаятта тілек білдіретін I wish it was raining сияқты конструкцияларды тілек рай (Desiderative mood) деп қарастырады. As if, as though, if only, even if сияқты шылаулар арқылы жасалатын ирреальділікті білдіретін конструкциялар Irrealis құрайды. Шартты райдың сан жағынан көптілігі оның семантикалық мағынасының ерекшеліктерін көрсетеді [89,56].

Сонымен ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділіктің берілуінің морфологиялық жолдарын сараптай келе, біз осындай қорытындыға келеміз.

Салыстырылып отырған екі тілде де модальділіктің берілуінің морфологиялық тәсілдері рай категориясы арқылы жүзеге асырылады. Ағылшын тілінде олар табиғатына омонимділік тән ашық (индикатив), бұйрық (императив) және шартты (Subjunctive) райлары. Осының негіздемесінде ағылшын тіліндегі рай категориясы парадигматикалық түрде берілмеген деген ойға келуге болады [90].

Егер модальділіктің берілу тәсілдерін обьективті жәгне субьективті деп екіге бөлетін болсақ онда, рай категориясын обьективті модальділікті білдіріетін тәсілдердің бірі деп санауға болады. Өйткені оның мағынасы сөйлеушінің айтылғанына қатысты көзқарасына кірмейді. Осы айтылған факт рай категориясын тілдік модальділікті білдіретін негізгі тәсілдердің бірі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.


2.1.1 Ағылшын тіліндегі рай категориясы

Ағылшын тіліндегі рай категориясы классификациясының көп түрлілігімен байланысты бұл категория біршама қиындықтар туғызады.

Тіпті ағылшын тіліндегі рай формаларының саны да, тілші ғалымдардың арасында дау туғызады. Тілші ғалымдар рай категориясының 2-ден бастап,

16-ға дейін рай формаларын атап көрсетеді. Тілші ғалымдардың ағылшын тіліндегі рай категориясының саны жөніндегі пікірлерінің сәйкес келмеуі біршама мәселелермен байланысты.

Біріншіден, көптеген ғалымдар «Рай» терминін түрліше түсініп келіп, түрліше көзқарастан зерттеп, рай категориясының санының классификациясын жасағанда мағынасына көңіл бөлмей, тек формаларының құрылымын ескереді, сонымен бірге олардың мағынасы қандай тәсілдермен берілетіні жөніндегі мәселені ескермейді [88],[93].

Екіншіден, рай категориясы формаларының жүйесінде омонимдық формалар бар, сондықтан да бұл да, рай категориясын зерттеуде біршама қиыншылықтар туғызады.

Үшіншіден, рай категориясын зерттеу барысында рай категориясының аналитикалық формаларын модальдылықты лексикалық жолмен білдіретін еркін сөз тіркестерінен айыру қиын болып табылады.

Рай категориясын модальдылықты білдіретін грамматикалық категория ретінде тану керек, басқаша сөзбен айтқанда рай категориясы-бұл сөздің белгілі формаларымен берілетін модальдылық.

Ағылшын тілінде рай категориясы көп жылдар бойы тілші ғалымдар арасында үлкен дау туғызып, көптеген анықтамаларға ие болды және қазірдің өзінде бұл категория жайлы белгілі бір шешімге келуі мүмкін емес сияқты.

Каушанская В.Л. Пікірі бойынша «Рай категориясы-ол істің орындалу орндалмауының шындық қатынасынан сөйлеушінің қатынасын білдіретін категория» [94].

Хаймович Б.С. және Роговская Б.И. рай категориясы деп сөйлеуші тарапынан шындыққа етістік арқылы қатынасты білдіретін етістіктің грамматикалық категориясын атайды [95].

Гордон Е.М және Крылова Л.П рай категориясы шындық пен етістік арқылы берілетін іс-әрект арасындағы қатынасты көрсетеді деп санайды [96].

Ильиш Б.А., Винокурова Л.П., Жигадло В.Н., Иванова И.П. және Йофик Л.Л. ағылшын тілінде 3 түрлі рай түрлерін атап көрсетеді, Олар: Indicative (Ашық рай), Imperative (Бұйрық рай) және Subjunctive mood (Шартты рай).

Ильиш Б.А. ойынша Subjunctive mood шартты райдың екі формасында да көрсетіледі [97].

Бархударов Л.С. және Штеллинг Д.А. тек Indicative (Ашық рай) және Subjunctive mood (Шартты райды) атайды және шартты райдың Subjunctive I Subjunctive II түрлері бар деп атап көрсетеді [89].

Воронцова Г.Н. рай категориясының 4 түрін атап көрсетеді. Олар: Indicative (Ашық рай), Desirable (Қалау рай), Speculative және Suppositional (Болжалды) райлар

Каушанская В.Л. және Ковнер Р.Л. 3 түрлі рай түрлерін атап көрсетеді, Олар: Indicative (Ашық рай), Imperative (Бұйрық рай) және Subjunctive mood (Шартты рай) [94,122]

Ағылшын тіліндегі рай категориясының формалары жайлы да бірдей көзқарас жоқ. Осылайша Смирнитский А.И., Ахманова О.С., Ганшина М. және Василевская Н. Ағылшын тіліндегі райладың 6 түрін атап көрсетеді. Олар; ашық, бұйрық, шартты, болжамды, Subjunctive I, Subjunctive II.

Ильиш Б.А., Винакурова Л.П., Жигадло В.Н., Иванова И.П. және Йофик Л.Л. райдың тек 3 түрін атайды [98].

Модальділік категориясын функционалды-семантикалық өрісте зерттегенде модальділік тілдің әр түрлі деңгейінде көрініс табатын граммтикалық мағыналардың жүйесі ретінде қарастырылады. Басқаша сөзбен айтқанда модальділік категориясы әр түрлі тілдік деңгейлерге жататын, морфологиялық, лексикалық, просодикалық, синтактикалық және т.б. осы сияқты тілдік бірліктердің комбинациялары арқылы жүзеге асырылады.

Беляева Е.И. пікірінше ағылшын тіліндегі модальділіктің функционалды-семантикалық категориясы макроөріс, өрістер және микроөрістер сияқты жүйелерді білдіреді. Ағылшын тіліндегі модальділік категориясының аясының обьектісінің бағасына байланысты 3 макропод бөлінеді. Олар: предикативті модальділік, тілек-қалау білдіретін модальділік және эпистемиялық модальділік және осылардың әрбіреуі өрістер мен микроөрістер қатарын қамтиды [69].

Негізінен ағылшын тілінде райдың үш түрін атап көрсетеді. Олар: Ашық рай (Indicative), бұйрық рай (Imperative) және шартты рай (Subjunctive).



Ашық рай. (Indicative Mood). Ашық рай істі реальді етіп, бұйрық рай істі орындауға бұйрықты білдірсе, ал шарртты рай ирреальді, қалайтын немесе шындыққа қарсылықты гипотетикалық істі білдіреді. Осы райлардың ішінде ашық рай арнайы формасы жоқ рай болып табылады. Ол барлық шақ формаларын қамти береді. Indifinite, Continuous, Perfect және Perfect Continuous шақ формаларында қолданып, активті және ырықсыз етісте де қолданылады. Ашық рай арқылы білдірілетін іс-әрекет реальді өткенде болған, қазірде болып жатқан және келешекте болатын мәнге ие. Сондықтан да Г.Суит оны fact mood деп атайды. Оның реальді модальді мағынасы тек реңк қана болып саналып, шартты рай мен бұйрық райға қарағанда модальділік мағынасы нөлге теңеледі. Модальділік категорияның көптеген тәсілдер мен жолдар арқылы берілетінінбілеміз, сондықтан да грамматикалық тәсіл арқылы берілетін модальділік реальділік немесе ирреальділік тарапынан қалып, немесе іс-әрекет мағынасында етістік формалары арқылы беріледі [87].

Мысалы, Dorian did not answer for a few moments [100,56].

Кеңес одағының ғалымы А.И.Смирнитский ағылшын тілінің төрт райы бар деген концепциясы кеңінен таралған. Ол шартты райды Subjunctive I, Subjunctive II деп бөледі.

Алдында айтып кеткендей шартты райды өз ішіне бөлу классификациясы дұрыс нәтиже бермегендіктен, барлық іс-әрекеттердің гипотетикалық мағынасын шартты рай деп қарастырған жөн. Осы көзқарасты жақтайтын ғаламдардың қатарына Б.А. Ильиш, В.Н. Жигадло, И.П. Иванова, Л.Л.Иофик, Б.С. Хаймович және Б.И. Роговская [99].



Бұйрық рай. (Imperative mood)

Бұйрық рай іс-әрекетті орындауға өтініш немесе бұйрықты білдіреді. Бұйрық райдағы сөйлем сұраулы бола алмайды және бұйрықты сөйлем арнайы интонациямен айтылады. Мысалы Go to bed! Don’t worry about it! [94,145].

Егер бұйрық рай одағай сөзбен бірге қолданылып, арнайы интонациямен айтылса, онда бұйрық райдың модальді реңкі одан анық байқалады.

Шартты рай. (Subjunctive mood)

Шартты рай деп ағылшын тілінде ирреальді немесе гипотетикалық істі білдіреді. Гипотетикалық деп біз қалайтын немесе шартты, керекті, мүмкін немесе шындыққа қарсылықты деп түсіндіреміз. Осыған орай ағылшын грамматистері шартты райдың бірнеше түрін атап көрсетеді. Осы райға қатысты негізгі мәселелердің бірі оның құру формасы болып табылады. Кейде бұл формаларды Present Subjunctive және Past Subjunctive болып бөлінеді. Алайда осы көзқарас қате болып саналады. Өйткені Present Subjunctive және Past Subjunctive формалары модальділігі жағынан ажыратылады [94,148].

Шартты рай құрмалас реальді емес іс-әрекетті білдіру үшін шартты сөйлемдерде қолданылады. Шартты сөйлемдердің үш түрі бар. Олар: келер шаққа, осы шаққа және өткен шаққа қатысты сөйлемдер. Сонымен бірге шартты сөйлемдердің аралас түрлері де кездеседі.

If Dorian’s life were spoiled, no one would be sorrier than yourself [100,63]. (Осы шақ)

Осындағы If Dorian’s life were spoiled бағыныңқы сөйлем, ал no one would be sorrier than yourself басыңқы сөйлем болп табылады [100,100].



But if you had any sense of decency, Lester Kane, you would never let your sister be trapped into coming into a place like this. (Өткен шақ) [101,195].

Осындағы you would never let your sister be trapped into coming into a place like this басыңқы сөйлем, ал if you had any sense of decency бағыныңқы сөйлем болып табылады.

If one hears bad music, it’s one’s duty to drawn it into conversation” [100,40].

If you try to look at it, Basil, on my word of honour I will never speak to you again as long as I live. [100,95].

I shall show it to you if you come with me.” [100,129].

If she could only say to him that she was not satisfied with the way she was living, and then leave. [101,204].

Шартты райдың формаларын құрғанда аналитикалық және синтетикалық формалары қолданылады. Шартты райдың аналитикалық формалары should, would, may, might, shall көмекші етістіктері және инфинитив арқылы жасалады. Шартты райдың синтетикалық формасы Present Subjunctive немесе Past Subjunctive формаларындағы етістіктерден жасалады. Іс-әрекеттің шартын білдіретін шылыуларға if, in case, provided, suppose, unless жатады [81,55].

Егер мақсатты бағыныңқы сөйлем lest қолданылса, онда барлық жақтар үшін де should көмекші етістігі қолданылады. Lest cөзі болмас үшін деген мағынаны білдіреді.

Сонымен қатар шартты рай көну мағынасындағы басқа да құрмалас сабақтас сөйлемдерде қолданылады. Мысалы олар though, although, however, no matter, whatever, whoever шылаулары арқылы құралады [94,149].

Шартты рай шартты subject clause деп аталатын бағыныңқы сөйлемнің тағы бір түрінде қолданылады. Мысалы it is was necessary, it is was important, it is was right, it is was requested,it is was recommended, I is was obligatory, it is was better, it is was desirable, it is was of vital importance, that he should come.

Шартты рай шартты object clause деп аталатын бағыныңқы сөйлемнің тағы бір түрінде қолданылады. Басыңқы сөйлемнің баяндауышы to wish етістігі арқылы берілсе және басыңқы сөйлемдегі іс бағыныңқы сөйлемдегі іспен бір мезетте орындалса онда Past Indefinite шағының to be формасы қолданылады. Ал егер бағыныңқы сөйлемдегі іс-әрекет бұрын болған іс-әрекетті білдірсе, онда Past Perfect шағы қолданылады [94,150].

I wish you had come a little earlier,” she said. “I like you better than I do the girl I have taken” [101,102].

Осы мысалдарда бұл конструкция қандай өкінішті деген мағынаға ие.

Ағылшын тілінде кейде шартты рай мақсатты құрмалас сөйлемді жасау үшін де қолданылады және олар that, so that, in order that шылаулары арқылы жүзеге асырылады.

Жоғарыда айтып кеткендей шартты рай сөйлеушінің реальді фактілерге дегенэмоционалды қатынасын білдіре алады. Осындай кезде біз әрқашан шартты райдың should көмекші етістігімен бірге аналитикалық формасының қолданылатынын көреміз. Осы жағдайда ол эмоционалды should деп аталады. Осындай басыңқы сөйлем, әр түрлі модальді мағынаны білдіретін сын есімдермен бағыныңқы сөйлемде қолданылып, strange, wonderful,impossible, fortunate, unfortunate сөздері арқылы мысалы таң қалуды, өкініш, істің орындалуының мүмкін еместігін білдіреді. Сонымен қатар басыңқы сөйлем wonder, pity, shame, I’m sorry, glad, pleased, vexed сөздері арқылы да қолданылады. I’m sorry that you should go there [101,55].

Сонымен қатар эмоционалды сөйлемдегі шартты рай Why сөзі арқылы басталатын сөйлемде де кездеседі, де осылайша сөйлемнің модальділігін күшейтіп тұрады [94].

If the mother had only gone a little bit futher she might have learnt more, but she was only too glad, for her own peace of mind, to hush the matter up [101,55].

If she could say something, she thought, that would clear this matter up and and make him feel that she was no tattler. Scandal was distressing to her. [1001,58]

If only they could come here,” he thought. “If only they could all get work and do right” [101,98].

If you want to marry him marry this girl, tell him that, Basil.” [100,62].

If Dorian wishes it, of course you must stay.” [100,16].

If you want to mar a nature, you have merely to reform it” [100,64].

If you had come in yesterday at a particular moment-about half past five, perhaps, or a quarter to six-you would have found me in tears [100,93].

If I did I would lose all my pleasure” [100,6].

If Dorian wishes it, of course you must stay.” [100,16].

If a man is gentleman, he knows quite enough, and if he is not a gentleman, whatever he knows is bad for him” [100,29]

Well, if you will excuse me, I’ll go. I broke my saw, and so I had to stop work.” [101,50].

If a wreched man has a vice, it shows itself in the lines of his mouth, the drop of his eyelids, the moulding of his hands even [100,126].

Her life was a failure. Why go on fighting? If she could makeher family happy, if she could give this, and Lester was very kind, he certainly liked her [100,141].

If these elements of beauty are real, the whole thing simply appeals to our sense of dramatic effect [100,85].

I wish I had ever had such an experience. It would have made me in love with love for the rest of my life [100,85].

What if it should already be too late when she got there, what if Vesta already should be no more [101,177].


Каталог: uploads
uploads -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
uploads -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
uploads -> Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №35 бұйрығымен бекітілген тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
uploads -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
uploads -> Ақмола оато үшін есікті қайта сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2016 жылғы 11 қазан Астана қ. Тапсырыс берушінің атауы мен пошталық мекенжайы «Ұлттық ақпараттық технологиялар»
uploads -> «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет