Бүгінгі таңда тіл білімінде әр түрлі тілдердің грамматикалық құрылымының салыстырмалы-типологиялық зерттеулеріне көп көңіл бөл



жүктеу 2.22 Mb.
бет5/14
Дата04.03.2018
өлшемі2.22 Mb.
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2.1.2 Қазақ тіліндегі рай категориясы
Жалпы лингвистикада және түркітануда, сонымен қатар қазақ тіл білімінде де рай категориясы-мазмұнмежесі тұрғысынанда, тұрпатмежесі тұрғысынан да да ғалымдар арасында дау туғызып келе жатқа мәселелердің бірі болып саналады. Зерттеушілердің көпшілігі райды сөйлеушінің ақақат шындыққа, өз сөйлеміне және қимыл әректке көзқарасын білдіретін етістіктің грамматикалық категориясы деп анықтама берген.

«Рай» (наклонение) деген терминді алғаш қолданған Мелетей Смотрицкий (1619) болатын. Бұрын оның орнына «мазмүн» немесе «бейне» термині үсынылып келген. Ашық, бұйрық, қалау райлары бұрынрақ аталса (Л.Зизаний, 1596), Мелетей бұған қоса «шарттылық» немесе «үндеу» (сослогательное наклонение) райын енгізеді [102].

Рай категориясының тілдік табиғаты туралы зерттеуші ғалымдардың негізгі тұжырым-пікірлерін топтайтын болсақ:

Түркі тілдеріндегі рай және шақ категориялары тұтас синкретикалық форма болып табылады [103].

Рай формалары-шақ формаларының негізінде жасалады [104].

Рай-бұл сөйлеуші көзқарасы тұрғысынан реальдылық пен бейреальдылықтың субьективті бағалануының грамматикалық категориясы. Ол іс-әректтің ақиқат шындыққа қатынасын білдіреді [54].

... бұл екі категория (рай және шақ) сөздердің арасындағы сөйлеушінің өзі белгілейтін қатынастарға қатынасын білдіреді. А.М.Пешковский сөздер мен сөз тіркестері арасындағы қатынасты білдіретін категорияларды обьективтісинтаксистік категориялар, ал осы қатынастарға сөйлеушінің өзінің қатынасын білдіретінкатегорияларды субьективті-обьективті синтаксистік категориялар деп атайды [48].

Грамматикалық рай категориясы сенімділік, болымсыздық, бұйыру, тілек, рұқсат ету және т.б. сөйлеудің айтылу мақсатына сай түрлерін білдіретін модальділік категорияларға жатады [105].

Сөйлем модальділігі бар да, рай модальділігі бар, бірақ бұл екеуі, әрине бір емес..... Сөйлем атаулының бәрінің де әрқашан модальді бояуы болады, өйткені ол белгілі бір болған істі ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар сөйлеушінің сол іске, уақиғаға және т.б. қатынасын өзінше береді. Ал рай модальділігі сөйлем модальділігінің үстіне қосылатын не қабаттасатын «екінші модальділік». Сөйлем модальділігі айтылған пікірдің барлық жағына қатысты болса, рай модальділігі арнайы етімтік-баяндауышқа қатысты болады. Мұнымен бірге рай модальділігі екінші модальділік болып қана қоймайды. Ол өз алдына дербес грамматикалық категорияны (рай категориясын) жасайды [106].

Етістіктің рай категориясы субьектінің іс-әрекетке, қимыл-қозғаласқа көзқарасын білдіреді. Рай етістіктің түбіріне шақ, жақ жасаушы аффикстерді қосып алып, әртүрлі модальділік мағынаға ие болады. Сондықтан рай айтушының пікірге тек обьективтілік көзқарасын ғана емес, ал субьективтілік көзқарасын да білдіреді [107].

Модальділік хабардың анықтылығын, танықтылығын, ақиқаттылығын, күдіктілігін, күңгірттігін, күмәнділігін, болжалдылығын, жорамалдылығын, ықтияттылығын, тыңғырлықтылығын, үстіртінділігін, шалағайлылығын, орындылығын, мүмкіндігін, ықтималдылығын, шалағайлығын, орындылығын, сондай-ақ сөйлеушінің аяныш, жалыныш, қуаныш, өкініш, реніш, жиреніш, өтініш сияқты көңіл күйін білдірсе, рай осы модальділік категориясын етістіктің формалары арқылы білдіретін амал-тәсілдердің жүйесі болып табылады [108].

Сөйлеушінің қимыл іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдік мәнін білдіретін, белгілі пардигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категориясы деп аталады [109].

Теориялық ой-тұжырымдардан көрініп отырғандай рай категориясының мазмұнмежесіне модальдік мағыналар, сонымен қоса эмоционалді-экспрессивті мәндер де жатқызылады және оларды (райларды) топтастырудағы принциптердің де айқын еместігі байқалады. Ең алдымен қазіргі қазақ тілінде рай категориясының морфологиялық және синтаксистік парадигмасы айқын ажыратылмаған. Осы мәселеге қысқаша тоқталған жөн.

Жалпы рай категориясын зерттей келе морфологиялық және синтаксистік рай деп бөлуге болады [109,227].

Грамматикалық категория ең алдымен морфологиялық және синтаксистік категорияларға бөлінеді. Грамматикалық категориялардың белгілі бір формалды грамматикалық құрылымға тікелей қатысты (мысалы, рай) және тіелей қатысты емес түрі болады (мысалы, модальділік). Райды формальді-грамматикалық немесе формальді негізді, ал модальділіктісемантика-грамматикалық емесе семантикалық негізді грамматикалық катгория деп атайды [110], [111].

Б.Қапалбеков синтаксистік категорияны 1) морфологиялық категориялармен байланысты, 2) морфологиялық категориялармен байланысты емес деп екіге бөледі:

1) парадигмаларының жүйесі қалыптасқан (шақ, жақ, септік, рай). Бұлар синтаксистік құралдар арқылы нақтылана, айқындала, кеңейтіле береді.

2) морфлоголиялық парадигмасы жоқ мағыналар (қимылдың өту сипаты) [112].

Морфлогиялық парадигма дегеніміз жалпыланған бір грамматикалық мағынаның немесе бір-бірімен астасқан жалпыланғанграмматикалық мағыналардыңәртүрлі модификациясыныңәртүрлі формалды құралдар арқылы білдірілген сөз формалар жүйесі болса, синтаксистік парадигма дегеніміз жалпы мағыналақ немесе функционалдық белгілері бар синтаксистік құрылымдар жүйесі [110,120].

Райдың кез келген түрінің қалаптасқан морфологиялық парадигмасы болады (мысалы, ашық рай шақ формалары арқылы білдірілсе, шартты райдың жұрнағы –са, -се болып табылады.т.б.) Ал модальділік категориясы тек морфологиялық рай категориясымен ғана беріліп қоймай, модаль сөздер мен сөз тіркестері, аналитикалық форманттар, фразеологиялық тіркестер, күрделі синтаксистік тұтастықтар арқылы да беріледі. Қорыта айтқанда, рай морфологиялық пардигмаға, ал модальділік синтаксистік парадигмаға жатады.

Етістіктің рай категориясы әрқашан сөз өзгерткіш қосымша ғана емес, грамматикаланған модаль сөздермен, модаль демеулік шылаулармен немесе көмекші модальді етістіктермен тіркесуі арқылы жасалған аналитикалық (синтаксистік жолмен беріледі. Мұндай жолмен берілетін рай түрін А.А.Шахматов синтаксистік рай деп атаған.

Синтаксистік райлардың морфлологиялық райларға қарағанда көп мағыналылығы аз болып келеді. Алайда жалпы модальдік мәннің әртүрлі реңктерін білдіретін бірнеше формлы нұсқалары болады [113].

В.З.Панфилов рай категориясының синтаксистік деңгейде көрініс табатындығына былайша түсініктеме береді: Рай табиғи жағынан морфологиялық категория болғанымен, ол өз қызметін шақ категориясымен тығыз байланыста, тек синтаксистік деңгейде ғана атқарады [49].

Қазақ тіліндегі ашық, бұйрық, шартты және қалау райларының морфологиялық пардигмасы қалаптасқан. Алайда оларға таза морфологиялық тұлғалар ғана емес, аналитикалық тәсіл арқылы жасалған синтаксистік тұлғалар да жатқызылып жүр. Мысалы морфологиялық ашық рай –ты,-ті,-ды,-ді,-қан,-кен,-ған,-ген,-атын, -етін,-йтын, -йтін,-уда,-уде,-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек,-ар,-ер,-р,-а,-е,-й жұрнақтары, ал синтаксистік ашық рай –ушы еді; -ған, -кен,-ған,-ген екен, -се екен; -қан шығар (сияқты, білем, тәрізді, көрінеді); -ып,-іп,-п,-а,-е,-й жатыр (жүр, тұр, отыр); -ғалы, -гелі,-қалы, -келі жатыр, (тұр, жүр, отыр) аналитикалық форманттары арқылы жасалады:

Ал морфологиялық бұйрық райға -айын,-ейін,-йын,-йін,-айық, -ейік, -йық, -иік,-алық, -елік, -лық, II жақта нөлдік тұлғасы –ғын,-гін,-қын, -кін,-сын,-сін жұрнақтарын, ал синтаксистік бұйрық райға -а,-е,-й көрме, -ып, -іп,-п қал-ып, -іп, -п жүрме, -уші болма, -а, -е, -й көрме аналитикалық форманттарын жатқызамыз [109,131].

Морфологиялық шартты райдың бір ғана -са, -се жұрнағы болса, шарттық мағынаның әртүрлі реңктерін тудыратын -са, -се екн; -ар, -ер, -р еді; -ған, -кен, -қан, -кен бол+-ар, -ер, -р еді; -са, -се де; -ар, -ер,-р ма/ме еді аналитикалық форманттары синтаксистік шартты рай тұлғалары болып табылады:

Рай категориясы морфологиялық және синтаксистік тұлғалараның модальділік категориясын білдірудің бір жолы екендігі тіл білімінде дәлелденген жайт. Модальділік категориясының тілдік статусы әртүрлі аталады: синтаксистік, лексика-грамматикалық, грамматикалық, семантика-грамматикалық, ұғымдық, семантикалық, логика-грамматикалық, коммуникативті-семантикалық, коммунмкативті-синтаксистік, коммуникативті-грамматикалық, мәтін түзуші категория, ойлау категориясы, сөйлемнің бірнеше категорияларының жиынтығы, деңгей аралық, прагматикалық. Көптеген модальділік мағыналарды, олардың білдіру жолдарын және семантикалық құрылымын саралап, модальділікті ортақ мағыналарының негізінде бір өрісті құрайтын тілдік өұралдардың жиынтығынан тұратын функционалды-семантикалық категорияға жатқызамыз [80,24].

Осы жиналған пікірлерді қорытындылай келе, модальділік категориясына осындай мағыналарды жатқызуға болады: сөйлеушінің сөйлемін мазмұнына бағасы, яғни оның айқындығы/айқын еместігі, сөйлеушінің іс-әрекеттің орыналуының қалаулығына, қажеттілігіне, міндеттілігіне, мүмкіндігіне бағасы, сөйлеушінің өз тыңдаушысына немесе өз-өзіне бұйыра, өтіне айтқан сөзі [80,18].

Сайып келгенде біз грамматикалық рай категориясын морфологиялық және синтаксистік деп екіге бөлінеді. Грамматикалық рай модальділік функционалды-семантикалық категориясын білдірудің бір жолы болып саналады. Алайда кез келген модальділік мағына рай категориясы арқылы ғана білдірілмейді. Мысалы, қазақ тіліндегі айқындылық, бұйрықтылық, қалаулық модальділік мағыналарды білдірудің өзегі ядросы тиісінше ашық, бұйрық, қалау райлары болып табылса, мүмкіндік және міндеттілік модальділік мағыналарының өзегі ядросы рай категориясы емес, аналитикалық форманттар және лексикалық бірліктер т.б. болып табылады.

Рай мен шақ категоиясының байланысы.

Көптеген ғасырлар бойы орыс тіл білімінде модальділік категориясының грамматикалық мағынасыда, функциялық қызметі де толықтай рай категориясының мағынасы мен қызметі ретінде түсіндіріліп келді. Осыған ұқсас көзқарас қазірге кезеңде де кейбір тілдерге қатысты қалыптасқан. Мысалы, Е.И.Коркина саха тіліндегі модальділік және рай категориясы бір құбылыс ретінде қарастырылады [114].

Алайда модальділікті рай екеуі бірдей деп қарастыру қата түсінік. Өйткені рай-етістіктің категориясы, ал модальділік етістіксіз де сөйлемдерде көрініс табады.

Атақты тіл ғалымы С.Исаевтың пікірінше рай категориясы етістіктің модальділік мәнінің бірден-бір грамматикалық категориясы болса да, еитістіктің барша модальділік мәнін қамтымайды. Осыған қоса сөйлем модальділігі деген құбылыс бар. Ол рай категориясымен тығыз байланыста болып тұрса да, рай категориясының шеңберіне сыймайды [109,512].

Қай тілде болсын, ашық рай шақ тұлғаларымен берлетіндіші анық. Содықтан модальділік категориясы шақ категориясымен де өте тығыз байланыста өмір сүреді. Осы екі категориның байланысы түралы сөз қозғағанда Т.И.Дешериева шақтық модальділікті де қосады. Ол тіл білімінде шақтық модальділіктің көбінесе сөз бола бермейтінін айтады. Шақтық модальділіктің өмір сүруін шақтық модустар теориясы дәлелдейді. Тілде осындай модальділіктің арнайы берілу жолдары бар [115].

Алайда көптеген ғалымдар модальділікті осылайша бөліп, шақтық модальділік деген терминді қолдануды орынсыз деп санайды. Кез келген модальділік немесе реңк болса да, шақпен тығыз байланысты. Өйткені кез келген іс-әркет белгілі уақыт аралығында өтеді. Яғни, шақсыз модальділіктің болуы мүмкін емес. Шақ пен модальділік бір-біріне балама категориялар болмағандықтан, шақтық модальділіктің болуы мүмкін емес, ал модальділік кез келген уақыт кескінінде көрінеді. Г.Г.Филиппов рай мен шақтың өзара байланысы туралы осылайша ой қорытады: «Біріншіден, рай-етістіктің модальділігі, ал шақ-ашық райдың модальділігі; екіншіден, модальділіктің реңктері шақ формаларының негізінде жасалады да, белгілі бір райдың мағынасынан алшақтамайды, алайда олар басқа райдың маңынасына ұқсауы әбден мүмкін. Үшіншіден, шақ мағыналары ашық райды жасағанымен, шақ мағыналары мен рай мағыналарының, рай мағыналарымен модальділік реңктерінің арасында айырмашылық бар» [116].

Қазақ тіл білімінде рай категориясын топтастыруда бірізділік жоқ. А.М.Қазем-Бек ашық, бұйрық, болжал немес шартты, қалау, шарттылық, тұйық рай деп бөледі.

А.Байтұрсынұлы тұйық, билік, ашық, шартты,ереуіл, реніш,қалау, сенімді, сенімсіз, болжал, мұң, көңіс, азалы, теріс, қайрау тәрізді он бес рай түрін аап көрсетеді [72,234].

Қазақ тіл білімінде райларды бұйрық, қалау, шартты, ашық және тұйық деп бөлу П.М.Мелиоранскийден басталған, ал кейін І.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты.

Кейінгі зерттеу жұмыстарында тұйық райдың етістікке тән модальділік шақтық мағына бермейтындігі туралы анықталды. Етістікке тән синтаксистік қызмет те атқармайтындықтан, тұйық рай рай категориясының парадигмасынан алынып тасталынды [117].

Қазақ тіл білімінде ашық, қалау, шартты және бұйрық райларды етістікті-есімді райлар деп те бөледі.

Ы.Маманов рай категориясын өз еңбегінің бірінде ашық (шақ формалары), шарттылық (сослогательное) (-ар, -ер, -р еді), қалау-шарттылық (желательно-сослогательное) (-са, -се екен; -атын, -етін, -йтін, -йтын еді), тілек формасы (-са, -се игі еді), әмбебап форма (-а,-е, -й+-ды, -ді екен) деп бөлсе, тағы бір еңбегінде ашық, шартты, шарттылық, бұйрық, қалау, өкініш райлары деп көрсеткен [118, 97].

А.Ысқақов қазақ тілінде райды ашық негізгі және неғайбыл жәрдемші деп екіге бөлген. Осылардың айырмашалығы: ашық райда арнаулы грамматикалық формалар болмайды, ал неғайбыл райда грамматикалық формалар болады және ашық рай мезгіл ұғымымен өткен, келер және қазіргі осы шақтармен байланысты болса, неғайбіл рай амалдың негативті сипатын білдіріп, оларды бұйыру, қалау, шарт ету, қажет санау, ләзім көру тәрізді модальділік реңктер түрінде атайды да, тек келешекке мезгегені болмаса, шақ категориясына тікелей қатыспайды; 3) ашық райдың қолданылу өрісі де, мағыналық қарымы да әрі кең, әрі аса бай ұғымды болады... Неғайбыл райларға бұйрық, шартты, қалау райлары жатқызылады [108].

Қазыргі қазақ тілінің морфолгиялық пардигмасы қалыптасқан. Райларды топтастыруда айырмашылықтарды райдың синтаксистік жолмен берілуін морфологиялық райдан ажыратпаудан және рай категориясының қалыптасу тарихынан іздеу керек. Мысалы, М.Оразов жазба тарихи ескерткіштерде райлардың табиғаты туралы осындай пікірді ұстанады: 1) жазба тарихи ескерткіштер тілінде рай қосымшалары көп болған; 2) рай қосымшалары шақ қосымшаларынан толық ажырамаған; 3) рай қосымшаларының саны қазіргіден біршама көп болған [119].

Н.И.Ильминский, Ә.Төлеуов, М.Серғалиев, С.Исаев және т.б. тілшілер қазақ тіліндегі райларды ашық, шартты, қалау және бұйрық деп бөлген.

Сөйлемдегі қимылды білдіретін баяндауыш арқылы сөйлеуші реалді қимылды да, неғайбіл қимылды білдіретіні басқаша айтқанда, сөйлеушінің қимылдың реальды, неғайбілдігі туралы пікірі модальдылық мағынаға жатады. Модалдық мағына деп сөйлемде айтылатын ойдың шындық өмірге қатысы туралы сөйлеушінің пікірі айтылады [109,55].

Сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын,қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа я болмаса болмысқа қатысын модальділік мағынаны білдіретін және парадигмалалық тұлғалар жүйесін құрайтын етістің грамматиикалық категориясын рай категориясы деп атаймыз.

Рай категориясы етістіктің маңызды бір категорияларының бірі бола тұра, барлық модальділік мағыналарды қамти алмайды. Сонымен қатар сөйлем модальділігі бар. Ол рай категориясымен тығыз байланыста болғанына қарамастан, етістіктің рай категориясының шеңберіне сия бермейді. Мысалы, адам-су, білгіш-сіну, жетім-сіреу, білген-су, жүріңкіре,келгіштеу сияқты сөздер қимылды білдіретін етістіктер ғана емес, сонымен бірге -сы, -сі, -сын, -сін,-сыра, -сіре,-ыңқыра, -іңкіре, -ғышта, -гіште т.б. Осы сияқты қосымшалар қимылға бәлдену, тараштану, бәлсіну, қимылдың қайталануы және оның мардымсыздық, жағымсыздық сипаты, қимылдың күшейтпелі, үдей түсу мәні т.б. сықылды модальділік реңктер білдіреді. Алайда модальділіктің рай арқылы және модаль сөздері арқылы берілуі арасында өз айырмашылықтары мен ерекшеліктері бар. Етістік пен модаль сөздер тіркесе отырып модаль мағынаны білдіре алады дедік, алайда олар рай категориясының шеңберіне ене алмайды. Біріншіден модальділік реңк тудыратын қосымша сөздерде категориялық сипат жоқ, барлық етістікке жүйелі түрде жалғана алмайды [108,56].

Екіншіден, олардың көбшілігіне -сы, сі, сын, сындық, ғышта, гіште т.б.) сөзжасамдық қасиеті бар,үшіншіден негізгі етістік пен модаль сөздің көмекші мәнде тіркесуі етістік табиғатында таза грамматикалық категория емес, лексика-грамматикалық құбылыс ретінде қарастырылуы тиіс. Осы тұрғыдан модальділікті екіге бөліп, рай арқылы беріліетін модальділікті обьективті модальділік деп, ал арнаулы жеке сөздер арқылы берілетін модальділік субьективті модальділікке жатады [119,89].

Етістік білдіретін модальдық мағына реальды, неғайбіл қимылды білдіруіне қарай обьективтіб субьективті модальдылық болып екіге бөлінеді. Обективті модальдық реальды қимылды білдіреді. Етістік категорияларының ішінен реальді, неғайбіл қимылды етістікің рай категориясы білдіреді. Осыдан келіп, модальдық мағына мен рай категориясының байланысы анықталады.

Етістіктің рай категориясы тұлғаларының әрқайсысы әр түрлі модальдық мағына да береді. Өйткені сөйлемде айтылатын ой бірде обьективті шындықпен бірдей болса, бірде бірдей болмай шығуы да мүмкін. Соған орай модальдық мағына айтылатын пікірдің ақиқатқа қатынасын не реальді болып, неғайбіл болып көрінеді. Осындай ерекшеліктеріне қарай яғни неғайбіл райлар болып сараланады, реалды–ашық рай, нереальды яғни неғайбіл райлар: бұйрық рай, шартты рай, қалау рай [117,89].

Ашық рай. Тіл білімінде ашық рай туралы пікірлер де бірізді емес болып келеді. Кейбір тілші ғалымдар тіпті ашық райды рай категориясына жатқызбайды. Д.Н.Овсянико-Куликовский, Ш.Балли, Ф.Брюно, И.В.Хлебникова, Т.П.Ломтев, В.Н. Бондаренко сынды ғалымдар ашық райды рай қатарына жатқызбайтындығын, оның рай білдіретін мағынаны білдірмейтіндігінен деп түсіндіреді.

Ашық райда басқаша атауды ұсынады. Мысалы: А.Н.Баскаков түркі тілдеріндегі ашық рай үндіеуропа, оның ішінде орыс тіліндегі ашық рай категориясы сияқты грамматикалық және семантикалық жағынан жіктелмеген, сондықтан бұл райды «етістіктің модальдік тұлғасы» деп атағанды ұсынды. [103,12].

Т.И.Дешериева ашық рай термині растау және терістеу райлары болып қарастырылды дейді [115,25].

Осы жердегі растау дегенімізге айт-тым жіне терістеу дегенімізге айт-па-дым дегенді мысалға келтіруге болады.

А.М.Пешковский ашық райды нөлдік рай деп атаған [48,58].

Н.Г.Агазаде ашық рай категориясын нөлдік категория екендігімен келісіп, оны етістіктің райлар жүйесіне кіргізу идеясын жақтырмады, сонымен қатар, оны тіпті етістіктің сөз өзгертуші формасы ретінде атауға болмайды деген пікір ұстанған [120,9].

Көптеген тілшілер ашық райға модальділік мағынаны білдіруін әрқалай түсіндіреді.

Н.Г.Агазаде ашық рай формалары ақиқат іс-әректті немесе оқиғаны емес, сөйлеушінің сөйленім мен обьективті шындық арасындағы қатынасты мақұлдау немесе терістеу үшінақиқат ретінде қабылданатын іс-әрекетті немесе оқиғаны білдіреді деген [120,10].

Ә.Н.Нұрмаханова ашық рай ақиқат іс-әректті білдіреді, тіпті кейбір түркі тілдерінде ашық рай терминінің өзі хабар, хабарлау дегенді білдіреді екен.

В.В.Виноградов ашық райды нөлдік, негативті грамматикалық категория деп атаған және оның өткен, осы және келер шақтағы іс-әрекеттәі растау немесе терістеуді білдіреді деген. Осындағы іс-әрекет туралы хабар ақиқат шындықтың тікелей көріні болып табылады [121].

Көптеген тілдерде сияқты қазақ тілінде де ашық рай формалары айқындылық модальділігін білдіреді. Айқындылық модальділігі ашық рай тұлғаларынан басқа тілдік құралдармен беріледі. Мысалы, рас, хақ, дәл, анық, ақиқат, кәміл, сөзсіз, айғақғ мәлім лексемалары арқылы.

Ашық рай айқындылық модальділігінен басқа да модальді мағыналарды білдіре алады.

Ашық рай-қимыл, іс-әрекет үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірін білдіретін рай түрі болып саналады.Ашық райдың маңызды семантикалық ерекшелігінің бірі—қимыл, іс-әректтің обьективті шындыққа қатысты болу-болмауының сөйлеп тұрған сәттен (шақпен) байланысты өтіп кеткенін, өтіп жатқанаын немесе өтетінін білдіру, осылайша ашық рай бір жағынан етістік категориясының бір түрі, ал екінші жағынан, бір өзі шақ категориясын құрайтын сияқты. Осы райдың басқа райлардан ерекшелігі оның ашық рай жасайтын қосымшалары жоқ. Бұны шақ категориясы ретінде қарастыруымыздың себебі ашық райдың сипаты шақ категориясы мен оның шеңберінде қарастырылуымен тығыз байланысты.

Бұйрық рай. Бұйрық рай айтушының басқа біреуді іс-әрекет істеуге түрткі болу, қозғау салу, ұсыныс жасау, кеңес беру, бұйыру, тыйым салу сияқты толып жатқан мағыналық реңктерді білдіреді [119,228].

Н.Т.Сауранбаевтың пікірінше бұйрық рай айтушы, тыңдаушы және бөгде де қатысты деп саналады. Әдетте бұйрық райдың I жағы қалау райға жатады. Алайда бұл мағыналық жағынан жүйелі болса да, грамматкалық жақтан қате деп саналады. Өйткені қалау райдың I жағының ерекше формалары бар және қалау райдың I жағы I жақ жіктік есімдігін қажет етеді. Бұйрық райдың II, III жағы болғанда, I жағы болмауы логикалық жағынан да мүмкін емес. Бұйрық райдың I жағы істің, әрекеттің, қимылдың сөйлеушінің өзііне арналғандығын көрсетеді [122].

Қазіргі қазақ тіл білімінде бұйрық райдың үш жағының бар екендігі дәлелденді. Өйткені бұйрық рай тек қана үнемі бір жақта емес, үш жақта да бұйрықты мағынада қолданыла бермейді. Сондықтан оларды әртүрлі грамматикалық категорияларға жатқызу дұрыс емес.

Бұйрық рай айтушының тыңдаушыға немесе тыңдаушы арқылы бөгде адамға бұйыруы немесе сұрауын білдіретін және белгілі қосымшалар арқылы берілетін рай түрі. Бұйрық райдың ең негізгі мағынасы-бұйыру мағынасы болып табылады [122,65].

Бұйрықтық мағына негізінен 2-жаққа қатысты айтылады. Мысалы, Солдаттарға тамақ ішсін деп айт [124,67].

Бар, қараңдар, құлағың сал!

Жина, ұмтыл, қаш, тығыл! [124,71].

Бұйрық мағынаға жарлық, команда, бұйрық, тілек, тапсырма және т.б. модальді реңктер жатады.

1 жақ жекеше түрде -айын, -ейін, -йын, -иін, көпше түрде -айық, -ейік, -йық, -иік жалғаулары жалғанса, 2 жақ арнайы түрде жалғаулары жалғанбайды. Мысалы, Бүгін олармен бірге барайық [124,69].

Шартты рай.

Шартты рай қимыл, іс-әректтің болу-болмау, орындалу мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика-грамматикалық тұлғаларына -са, -се жалғануы арқылы жасалады. Шартты райлы етістік көп жағдайларда жедел өткен шақ тұлғасы ретінде қолданылып, көбіне шартты бағыныңқылы сөйлемдердің баяндауыштары ретінде қолданылады [108,96].

Қазақ тілінде шартты рай роліндеггі етістік әрқашан шарттылық мәнді білдіре бермейді. Кейде ол шартты рай тұлғалы етістік мезгіл бағыныңқы сөйлемнің немесе да, де шылыауларымен тіркесе отырып, қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметін де атқара алады.

Жұмыстан қалт етіп қолы босаса, есік алдына шықса, ауыл үйді қыдырса, болмаса абысын-ажындарымен әңгімелессе, қолынан ұршығы түспейді [124,94].

Сонымен қатар шартты райлы етістік тілек, арман, мақсат сияқты модальділік мәнді білдіріп, тиянақты мәнде сөйлемнің баяндауыш қызметін де атқара алады. Мысалы, Олар мен жайлы естіп бір қуанып қалса ғой [124,102].

Сонымен қатар шартты райда тұрған етістік жіктеліп келеді де, ғой, еді, екен,етті, ма, ме сұраулық шылаулар сияқты көмекші сөздермен тіркесе отырып, сөйлемді аяқтап, сөйеушінің тілек-арманын, өтініш-өкінішін, болжам, ниетін т.б. Білдіреді: барсам екен, сөйлесең етті, барсаңыз ғой, жолықса еді.

Қазіргі қазақ тілінде шартты райға міндетті түрде -са, -се жұрнағын жалғау дәстүрлі деп санайды.

Ы.Маманов шарттылық райының формаларына: а) -ар, -ер, -р еді; б) -ған,

-ген, -ген, -кен бол+ар, -ер, -р еді, -атын, -етін, -йтын, -йтін еді аналитикалық форманттарын жатқызады, -са, -се екен аналитикалық форманттарын қалау-шарттылық райы деп көрсетіп, шартты райға -са, -се жұрнағын жатқызған [123].

Молда деген аты болмаса, Тезекпай кісі атын да жаза алмайды [124,92].

Ағасы болмаса, бұ қызда не жазық бар еді? [124,91].

Қыстауға қонса, бата оқу болса, мал өлсе, құрбандық берсе, бас пен жамбас молданың алдына тартылатын [124,93].

Мені жауып отыра алмайды [124,138].

Түзге шықса, екеуі төңірекке көз салар еді.

Бұл хатты анау-мынау әйел оқыса, қуанғаннан секіріп түсер еді [124,197].

Жан дегенде жалғыз әкем мені жек көрсе, енді мен кімге сиямын? Деп қайғырды [124,183].

Қазақ тілінде синтаксистік конструкцияларды ажыратқанда, шартты райы бар сөйлемдер көбінесе қиындық туғызады. Өйткені осындай конструкцияларда шартты рай әртүрлі синтаксистік қызметке ие болады. Кейбір сөйлемдерде ол қалау-тілек мәніндегі баяндауыш рөінде қолданылса, кейде жеке сөйлемдерді байланыстыратын амал ретінде қолданылады. Кейде ол жеке тұрып, сөйлем мүшесі бола алмай, басқа бір сөздің жетегінде қолданылады. Осындайда ол жалғаулық қызметін атқарады. Шартты рай тұлғалы топ құраса, кейде қыстырма сөйлемдерді құрауға да қатысады [109,611].



Каталог: uploads
uploads -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
uploads -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
uploads -> Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №35 бұйрығымен бекітілген тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
uploads -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
uploads -> Ақмола оато үшін есікті қайта сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2016 жылғы 11 қазан Астана қ. Тапсырыс берушінің атауы мен пошталық мекенжайы «Ұлттық ақпараттық технологиялар»
uploads -> «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет