Бүгін үкімет отырысында қаржы министрі Мади Төкешұлы жыл басынан бергі екі айда мемлекеттік бюджеттің қалай атқарылғанына есеп беріп, баяндама жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

Оның айтуынша, мемлекеттік бюджет шығыстары 96,6%-ға, республикалық бюджет шығыстары 98,2%-ға, жергілікті бюджет шығыстары 95%-ға атқарылған. 

“Республикалық бюджет бойынша 3,7 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді. 70 млрд теңгеге жоспарланған іс-шаралар атқарылмады, оның ішінде 25 млрд теңге үнемделді, Игерілмегені – 45 млрд теңге”, – деп мәлімдеді қаржы министрі.

Ол ақшаны ең көп игере алмаған туризм және спорт, мәдениет және ақпарат министрліктері және мемлекеттік күзет қызметі екенін атап өтті.

“Қаржының игерлімеуіне 670 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар мен 19 214 млн теңгеге конкурстық және шарт жасасу рәсімдерінің ұзаққа созып өткізілуі негізгі себеп болды”, – деп нақтылады Мади Төкешұлы.

Бұған дейін қаржы министрлігі салық төлемей жүрген "Яндекс.Такси" жүргізушілері жазалана ма деген сұраққа жауап берген еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.