Библиографический указатель подготовлен на основе Манифеста «Мир. XXI век»



жүктеу 0.75 Mb.
бет1/5
Дата24.12.2017
өлшемі0.75 Mb.
түріБиблиографический указатель
  1   2   3   4   5

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Кітапханалық-ақпараттық орталық

3 оқу залы («Экономика және бизнес» факультеті)



c:\users\администратор\desktop\ad014e539fa741abecfc2ae89291cd0c-220x125.png c:\users\администратор\desktop\magatye.jpg

Ядролық қарусыз әлем – жаһандық соғыссыз әлем

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ» манифесі желісінде дайындалынған библиографиялық көрсеткіш

Тараз

2016


Құрастырушыдан / От составителя

Ядролық қарусыз әлем – жаһандық соғыссыз әлем: – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «ХХІ ғасыр. Соғыссыз әлем» манифесі желісінде дайындалынған библиографиялық көрсеткіш / Құрастырушы: Д.Искакова– Тараз: М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.- Кітапханалық-ақпараттық орталық, 2016. – 43 бет. (Әдебиеттер (175 аталым), электронды оқулықтар – 34 аталым, 324 дана; мерзімді басылымдардағы мақалалар тізімі – 108 аталым).c:\users\администратор\desktop\ad014e539fa741abecfc2ae89291cd0c-220x125.png

Библиографиялық көрсеткіш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізінде дайындалған. Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елестің сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды. Елбасының шығармашылығы және өмір тарихының деректерінен құрастырылған.



Библиографиялық көрсеткіште кітапхана қорындағы кітаптар, ғылыми мақалалар және мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар тізімі әліпбилік ретпен берілген. Мерзімді басылымдардан жинақталған тізім кері хронологиялық ретпен беріліп, 2000 жылдан 2016 жыл аралықтары қамтылып, алдымен мемлекеттік, сонан соң орыс тілдерінде жинақталған.

Библиографиялық көрсеткіш ауқымды көлемдегі оқырмандарға арналған.c:\users\администратор\desktop\images%5c“21’inci_asrın_dünyası”_manifestosu_36b399d40d7c9e84be557d3e25fc9853.jpg



Ядролық қарусыз әлем – жаһандық соғыссыз әлем: Библиографический указатель подготовлен на основе Манифеста «Мир. XXI век» Первого Президента Казахстана Н.А. Назарбаева/ Составитель: Д.Ш. Искакова. - Тараз: Библиотечно-информационный центр.- Таразский государственный университет М.Х. Дулати, 2016.- 42 с. (Литература (книги 175 наим.) и электронные ресурсы 34 наимен., 324 экз; список статей из периодических изданий - 108 наименований).

Манифест Президента Казахстана Н.А. Назарбаева «Мир. XXI век» – это прямое подтверждение той политики, которая на протяжении более 25 лет осуществляется государством. Выступление Главы государства в рамках ІV саммита по ядерной безопасности нашло широкий отклик среди жителей разных стран планеты. И одними из первых свою поддержку выразили молодое поколение нашей страны, за кем стоит будущее Казахстана.

Библиографический указатель включает книги, научные статьи и статьи из периодических изданий. Список книг расположен в алфавитном порядке. Публикации из периодических изданий расположены обратном хронологическом порядке и охватывают период с 2000 по 2016 годы на государственном, затем на русском языках.

Библиографический указатель предоставлен широкому кругу читателей.



c:\users\администратор\desktop\mqdefault (1).jpg

c:\users\администратор\desktop\1460042341_vlcsnap-2016-04-07-20h52m38s96.png

ӘЛЕМ. XXI ҒАСЫР» МАНИФЕСІc:\users\администратор\desktop\s.jpg

5 сәуір 2016 ж 20:04 , Астана



Ақорданың баспасөз қызметі «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің мәтінін жариялады. 

Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елесті сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды. Және бұл қатер – жаһандық соғыс! Жер өркениеті, ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, Жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған.   

ХХІ ғасырға аяқ басқан адам баласы қиялдың өзін таңқалдыратын ғылыми жаңалықтар ашып, жаңа буын технологияларын жасап жатыр. Адамзат өз дамуының сапалы жаңа сатысына өтуде. Әлем Төртінші өнеркәсіп төңкерісінің табалдырығында тұр. Көптеген қорқынышты аурулардың тамырына балта шабылуда. Бірақ соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыруын жалғастыруда. Ол бірқатар мемлекеттерде экономиканың өлім ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып, әскери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттырып отыр.

Соғыс вирусы алдағы жасанды интеллект төңірегіндегі жаңалықтарға кесел жұқтыруға дайын тұр. Милитаризм адамдардың санасы мен мінез-құлқына тереңдей еніп кеткен. Халықтың қолында қазір 1 миллиардтан астам атыс қаруы болса, олардан әлемде күн сайын мыңдаған адам көз жұмады. Әскери қауіп бүкіләлемдік ауқымдағы қасіретке айналуы әбден мүмкін. Осындай өліммен аяқталатын қатердің белгілері анық байқалады. Халықаралық қатынастарда жанжалдастық тәуекелдері күшейе түсіп отыр. Әскери қақтығыстардың географиясы өткен екі әлемдік соғыстың – Еуропаның шығысындағы, Африканың солтүстігіндегі, Таяу Шығыстағы соғыстың іс-қимылдарының тарихи шегін қамтуда.

Ядролық қаруды таратпау туралы шарт өзінің міндеттерін орындай алмай отыр. Ажал себетін қару мен оны дайындау технологиялары ірі державалардың қосарланған стандарттарының салдарынан бүкіл әлемге тарауда. Олардың терроршылардың қолына түсуі – уақыт өте келе әбден болуы мүмкін нәрсе.

Халықаралық терроризм қаһарлы сипатқа ие болды. Ол жекелеген елдердегі бірлі-жарым актілерден Еуропа, Азия және Африка мемлекеттеріне қарсы кең ауқымды террорлық агрессияға айналып үлгерді. Миллиондаған босқындар, қалалардың қирауы, құнды тарихи ескерткіштердің жойылуы – осының бәрі әдеттегі көрініске айналуда. Экономикалық санкциялар мен сауда-саттық майданы да қалыпты құбылыс болып отыр.

Планета тағы да бүкіл адамзат үшін қасіретті салдарлары бар «қырғи-қабақ соғыстың» өткір жүзінде тербеле бастады. Дүние әзірше өткен төрт онжылдықтың оң инерциясының арқасында сақталып тұр.

ХХ ғасырдың екінші жартысында ядролық қауіпсіздік жөніндегі табысты келіссөздердің нәтижесінде АҚШ пен Ресейдің ядролық арсеналдары айтарлықтай қысқарған болатын. Бес ядролық держава атом қаруын сынау мораторийін жариялады және оны ұстанып келеді. Планетаны жойып жіберу қатері едәуір азайды. Қауіпсіздіктің өңірлік жүйесін құру үдерісі жеделдеді.

Өзара сенім қағидаттарына сәйкес еуразиялық-атлантикалық мега-құрылым – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы құрылды. Державалардың бейбітшілікті сақтау жөніндегі үйлесімді іс-қимылдары мен БҰҰ-ның көпқырлы операцияларының нәтижесінде тұтастай бір жанжалдар мен соғыстар мәселесі ретке келтірілді. Міне, енді біз осы барлық жетістіктердің эрозиясын көріп отырмыз.

Сондықтан миллиондаған адамды барған сайын мынадай сұрақтар толғандырады. Әлемдегі жағдай қай бағытта өрістейтін болады?  Жетекші державалар арасындағы қарама-қайшылықтар олардың арасындағы ұзақ мерзімді жаңа текетіреске ұласып кетпей ме? Қай елдер жаһандық және өңірлік державалар жүргізіп отырған «прокси-соғыстардың» келесі құрбандығына айналуы мүмкін? Әзірше гүлденіп тұрған қай елдің жерін танктердің шынжыр табаны таптап, снарядтардың жарылысы талқан етпек? Қай қалаларда балалар зымырандар отынан өлім құша бастауы мүмкін? Жанжалдан қашқан босқындардың жаңа ағыны қайдан және қайда лап қояды?

Осыдан 60 жылдан астам уақыт бұрын көрнекті ғалымдар Альберт Энштейн мен Бертран Рассел «қатал, қатерлі және қашып құтыла алмайтын сұрақ: біз адам баласын жоюға тиіспіз бе әлде адамзат соғыстан бас тарта ма?» деген манифест жариялаған болатын.

Адамзаттың ХХ ғасырдағы озық ойлы өкілдері жұртқа болашақтағы әлемдік соғыста планетадағы тірі жанның бәрін жоятын ядролық қару міндетті түрде қолданылатын болады деп көріпкелдікпен ескертпе жасаған еді.

Олардың мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстар соғыс арқылы шешілмейді және шешілмеуге тиіс деген ескертулері ХХІ ғасырда да аса өзекті күйде қалып отыр. Соғыстың тамырына балта шабу – адамзаттың ең күрделі өркениеттік міндеті. Бірақ мұның қандайда бір ақылға қонымды басқа баламасы жоқ. Бұл міндетті әлемдік көшбасшылар жаһандық күн тәртібіндегі өзге проблемалардың аясында абсолютті басымдық ретінде қарастыруға тиіс.

ХХІ ғасырда адамзатқа өзін өзі демилитаризациялау жағына қарай батыл қадам жасау қажет. Бізде мұндай мүмкіндік енді болмайды. Бұлай болмаған жағдайда планета радиоактивті материалдардың тіршілік белгісі байқалмайтын орасан зор үйіндісіне айналады. Біздің планетамыз бірегей, бізде мұнан басқа планета жоқ және болмайды да.

Сондықтан адамзатқа «ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ» атты кең ауқымды бағдарлама қажет.

Бұл жаһандық стратегия ұлттың соғыстар мен жанжалдардың вирусын жою жөніндегі үйлесімді және жауапты іс-әрекеттерін айқындауға тиіс. Бұл құжатта үш басты қағидатты нақты мазмұндау керек.

Біріншіден, қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі.

Екіншіден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді. Және осыған кімнің жауап беретінін анықтаудың өзі де кеш болады және жауап беретін адам да табылмайды. Осы ықтимал қауіп-қатерді қазіргі ұлттық лидерлер мен саясаткерлер және олардың кейінгі буын өкілдерінің барлығы аксиома ретінде түсінуге тиіс.

Үшіншіден, мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікке тең жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына бейімделген бейбіт үнқатысулар мен сындарлы келіссөздер негіз болуы керек. Әлемдік қоғамдастық іс-қимылының тұтастық алгоритмдерін мына бағыттар бойынша осы кешенді негізде түзу керек.

БІРІНШІ. Ядролық және басқа да жаппай-қырып жоятын қарудан толықтай азат әлемге қарай дәйектілікпен ілгерілеу. Бұл бағыттағы маңызды қадам қазірдің өзінде жасалып отыр. 2015 жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасы бойынша Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдады. Қазақстан 25 жыл бұрын әлемде алғашқы болып Семей ядролық сынақ полигонын біржолата жапты. Бұл – әзірше әлемдік тәжірибедегі алғашқы және бірден-бір оқиға. Жас мемлекет содан соң КСРО ыдырағаннан кейін мұраға қалған атом қаруының әлемдегі төртінші әлеуетіне және оны жеткізу құралдарына иелік етуден өз еркімен бас тартты. Бұл шешім жетекші ядролық державаларды ядролық сынаққа мораторий жариялауға қозғау салды. 20 жыл бұрын БҰҰ аясында ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт жасалды және қол қою үшін ашық деп жарияланды, бірақ ол осы күнге дейін күшіне енбей келеді. Қазақстан аумағында МАГАТЭ туы астында атом энергетикасын дамытуды жоспарлап отырған мемлекеттерге арналған төмен байытылған ядролық отын банкі құрылды.

Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттердің маңызы аса жоғары.

Енді өлім себетін қаруларды ғарыш кеңістігіне, Әлемдік мұхиттың бейтарап суларының түбіне, Арктикаға орналастыруға тыйым салатын жаһандық шешім қабылдаған жөн. Жаппай қырып-жоятын жаңа қару түрлерін жасау үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салатын халықаралық құжат әзірлеп, оны орындауды міндеттеу маңызды. БҰҰ-да жаппай қырып-жоятын қару жасау және жетілдіру үшін пайдалануға болатын ғылыми жаңалықтардың Тіркеу реестрін құрған абзал.

ЕКІНШІ. ХХІ ғасырда өмірлік іс-әрекеттің тәсілі ретінде соғыстың түп-тамырын біртіндеп жойып, орнықты әлемнің географиясын қалыптастыру қажет. Әлемде ядролық қарудан азат алты аймақ бар. Олар Антарктиданы, Латын Америкасын, Африканы, Австралия мен Океанияны қоса алғанда, іс жүзінде бүкіл Оңтүстік жарты шарды қамтиды. Олардың ішіндегі ең «жасы» 10 жыл бұрын Семейде өңірдің бес мемлекеті құрған Орталық Азиялық ядросыз аймақ болып табылады. Таяу Шығыста ядросыз аймақ құру жөніндегі халықаралық күш-жігерді белсендірек ете түсу керек. 1992 жылы Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыруға бастамашы болды.

Аталған форум құрлықтың 27 мемлекетінің, БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың қатысуымен жаңа ғасырда табысты түрде институттандырылды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан арасындағы көпқырлы ынтымақтастық зор маңызға ие. Оңтүстік Америкадағы, Оңтүстік Атлантикадағы, Үнді мұхитындағы Бейбітшілік аймағы айтарлықтай әлеуетті иеленіп отыр. Жинақталған барлық тәжірибені арнайы халықаралық құқық негізінде кең ауқымды Бейбітшілік Ареалдарын құру үшін қолдану қажет. Оларда, әрине, соғыстар мен жанжалдарға орын болмауы керек. Бейбітшілік Ареалдарындағы қауіпсіздік пен даму мәселелеріне БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер, сондай-ақ, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі кепілдік бере алады.

ҮШІНШІ. ХХІ ғасырда милитаризмнің жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіріп, кең ауқымды халықаралық ынтымақтастыққа кедергі келтіретін әскери блоктар секілді рудиментін еңсеру керек. Геосаяси ахуалдың мәні мынада: егер тым болмаса бір ірі әскери блок бар болса, онда оның антиподы құрылатыны заңдылық. Күш қарсы күшті тудырады. Әскери блоктарға бейбітшілік пен қауіпсіздікке өзінің жауапкершілігін әркез сезіне бермейтін түрлі мемлекеттер де еніп отыр. Оның үстіне, әскери блок зонттарын, өздерінің тікелей көршілерін қоса алғанда, үшінші елдермен өзара қарым-қатынасында басымдық алу үшін пайдалануға әрекеттенушілік те жоқ емес. Осылайша қарсы тұру ахуалы жекелеген өңірлерде, сондай-ақ, бүкіл жаһандық кеңістікте шексіз жалғаса беруі ықтимал. Бұған қоса, өткен соғыстар мен жанжалдардың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, өзіңнің қауіпсіздігіңді өзге мемлекеттердің қауіпсіздігіне қысым жасау есебінен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан әскери блоктарға БҰҰ туы астында мемлекеттердің бейбітшілік, тұрақтылық, сенім мен қауіпсіздік жолындағы үшін жаһандық коалициясын қарсы қою қажет. Таяудағы онжылдықтың жалпыға ортақ міндеті Ауғанстандағы, Ирактағы, Йемендегі, Ливия мен Сириядағы, Украинаның шығысындағы соғыстар мен жанжалдарды және Палестина-Израиль текетіресін тоқтату болуға тиіс. Корей түбегі, Оңтүстік-Қытай теңізі акваториясы және Арктикадағы ахуалдың қаупінің әлеуетін азайту міндеті тұр.

ТӨРТІНШІ. Халықаралық қарусыздану үдерістерін жаңа тарихи жағдайларға бейімдеу маңызды. Зымыранға қарсы жүйелер мен кәдімгі қару-жарақ жөніндегі бұрынғы уағдаластықтар кезіндегі алысты болжай алмаушылық Еуразия кеңістігін саяси милитарландыруға алып келді. Бұл, тіпті, қорғанысты басқарудың электрондық жүйесінің ықтимал ақауына байланысты жаһандық соғыстың басталу қаупін күшейте түседі. БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі конференциясы қызметінің жаңа стратегиясы қажет. Алдымызда мүлде жаңа қатер – терроршылардың қолындағы аса қауіпті қаруға айналуы мүмкін киберқылмысты жоюмен айналысу міндеті тұр.

БЕСІНШІ. Соғыссыз әлем – бұл, бірінші кезекте, халықаралық қаржы, сауда-саттық және даму саласындағы жаһандық бәсекелестіктің әділетті парадигмасы. БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында Қазақстан Жаһандық Стратегиялық Бастама-2045 Жоспарын жасау бастамасын ілгерілетті. Бұл Жоспар соғыстар мен жанжалдардың түбегейлі себептерін жоюды көздейді. Барлық ұлттардың инфрақұрылымға, ресурстар мен нарықтарға теңдей және әділетті қолжетімділігі негізінде дамудың жаңа үрдісін қалыптастыру маңызды. Оны БҰҰ-ның 100 жылдығы мерейтойына қарай жүзеге асыру ұсынылып отыр. Қазақстан 2016 жылы БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі Халықаралық конференциясын шақыруды ұсынады. Оның барысында ХХІ ғасырда қиратып-бүлдіруге әкеліп соқтыратын соғыстар мен жанжалдардың алдын алу мақсатында халықаралық құқықтың қағидаттарын қуаттаған жөн. Ақыл мен үнқатысуға, сабырлылық пен парасат-пайымға шақыру әректі жаһандық әлем қарсыластарының ақпараттық шабуылдарының құрбандықтарына айналмауға тиіс.

ХХІ ғасырда әлемге тыныштық керек!

Бұл – шетін мәселе!

Адамдардың өткен ғасырдағы жасағаны секілді, ХХІ ғасырда да бейбітшілік үшін байыптылықпен және табандылықпен күресу керек. Біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы ойлауға тиіспіз. Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдарының, бизнесмендерінің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдарының күш-жігерін жұмылдыру қажет. Іс-әрекетсіз отыру немесе бітімгершілік қызметпен айналысқан кейіп көрсету әлемдік апатпен барабар.

Менің «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесім ХХІ ғасырда өмір сүретін және жұмыс істейтін өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдаушылықтан туындап отыр. Біздер, мемлекет басшылары мен саясаткерлер, адамзаттың болашағы үшін зор жауапкершілік арқалап отырмыз. Көптеген тар жол, тайғақ кешуден өткен адам, саясаткер ретінде, Семей ядролық полигонын жабу туралы күрделі шешім қабылдаған мемлекет қайраткері ретінде мен әлемдік лидерлер мен бүкіл халықаралық қоғамдастыққа ақыл-парасатқа жүгініңдер деген табанды талаппен қайрылып отырмын. Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біз үшін қазір және таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ.  

   


Манифест Президента Республики Казахстан. «Мир. XXI век»
(город Вашингтон, 31 марта 2016 года)c:\users\администратор\desktop\images%5c“21’inci_asrın_dünyası”_manifestosu_36b399d40d7c9e84be557d3e25fc9853.jpg

На XXI век все человечество возлагало надежду как на новую эру глобального сотрудничества. Но сегодня это может оказаться призрачным миражом. Миру вновь угрожает опасность и недооценивать её масштабы нельзя. И эта угроза - глобальная война! Земная цивилизация пережила, по подсчетам учёных, свыше 15 тысяч войн, то есть по 3 войны на каждый год. В них погибли сотни миллионов людей, стирались с лица Земли города и страны, уничтожались культуры и цивилизации.

Вступив в XXI век, люди делают поражающие воображение научные открытия, создают технологии нового поколения. Человечество входит в качественно новую фазу своего развития. Мир стоит на пороге Четвертой промышленной революции. Успешно искореняются многие страшные болезни. Но вирус войны продолжает отравлять международную ситуацию. Он множит потенциал военно-промышленного комплекса, ставшего в ряде государств самой мощной отраслью экономики, генерирующей смерть.

Вирус войны готов заразить грядущие открытия вокруг искусственного интеллекта. Милитаризм глубоко проник в сознание и поведение людей. На руках у населения сейчас находится более 1 миллиарда единиц стрелкового оружия, от которого ежедневно во всем мире гибнут тысячи гражданских лиц. Вполне возможно, что военная опасность станет трагической реальностью вселенского масштаба. Признаки такого смертельного исхода налицо. В международных отношениях усилились риски конфликтности. География боевых столкновений затронула исторические театры военных действий двух предыдущих мировых войн - восток Европы, север Африки, Ближний Восток.

Договор о нераспространении ядерного оружия не выполняет своего предназначения. Смертоносное оружие и технологии его изготовления из-за двойных стандартов крупных держав расползлись по всему миру. Их попадание в руки террористов - дело времени.

Зловещее качество приобрел международный терроризм. Он перешёл от единичных актов в отдельных странах к масштабной террористической агрессии против европейских, азиатских и африканских государств. Исход миллионов беженцев, разрушение городов, уничтожение ценнейших исторических памятников - всё это становится обыденной реальностью. Обычным явлением стали экономические санкции и торговые войны.

Планета уже начала балансировать на заново отточенном острие «холодной войны» с губительными последствиями для всего человечества. Мир пока сохраняется благодаря положительной инерции предыдущих четырёх десятилетий.

Во второй половине XX века в результате успешных переговоров по ядерной безопасности были значительно сокращены ядерные арсеналы США и России. Пять ядерных держав объявили и придерживаются моратория на испытания атомного оружия. Угроза уничтожения планеты была существенно снижена. Ускорился процесс создания региональных систем безопасности.

На принципах взаимного доверия была создана евразийско-атлантическая мега-структура - Организация по безопасности и сотрудничеству в Европе. В результате согласованных действий держав и многосторонних операций ООН по поддержанию мира был урегулирован целый ряд конфликтов и войн. Теперь же мы наблюдаем эрозию всех этих достижений.

Поэтому миллионы людей всё больше волнуют такие вопросы. В каком направлении будет развиваться ситуация в мире? Не перерастут ли противоречия между ведущими державами в новое долгосрочное противоборство между ними? Какая из стран может оказаться следующей жертвой «прокси-войн», ведущихся глобальными и региональными державами? Чью, пока ещё цветущую землю будут терзать гусеницы танков и взрывы снарядов? В каких городах станут гибнуть дети под обстрелами ракет? Откуда и куда хлынут новые потоки беженцев, спасающихся от конфликтов?

Более 60 лет тому назад выдающиеся ученые Альберт Эйнштейн и Бертран Рассел выступили с манифестом, в котором сформулировали «вопрос суровый, ужасный и неизбежный: должны ли мы уничтожить человеческий род, или человечество откажется от войн?»

Лучшие умы человечества XX века пророчески предупредили людей о том, что в будущей мировой войне непременно будет использовано ядерное оружие, которое уничтожит всё живое на планете.

Их предупреждение о том, что все споры между государствами не могут и не должны решаться посредством войн остаётся в высшей степени актуальным в XXI столетии. Искоренить войну - самая сложная цивилизационная задача человечества. Но ей нет какой-либо другой разумной альтернативы. Эта задача должна рассматриваться мировыми лидерами как абсолютно приоритетная на фоне других проблем глобальной повестки дня.

В XXI веке человечеству нужно сделать решительные шаги в сторону самодемилитаризации. Другого такого шанса у нас не будет. В противном случае планета превратится в огромную безлюдную свалку радиоактивных материалов. Наша планета уникальна, другой такой планеты у нас нет и не будет.

Поэтому человечеству необходима всеобъемлющая ПРОГРАММА «XXI ВЕК: МИР БЕЗ ВОЙНЫ».

Эта глобальная стратегия должна определить согласованные и ответственные действия наций по уничтожению вируса войн и конфликтов. В этом документе надо чётко изложить три главных принципа.

Во-первых, ни в одной современной войне не будет и не может быть победителей, в ней проиграют все.

Во-вторых, в новой войне неизбежным будет применение оружия массового уничтожения - ядерного, химического, биологического и любого другого, которое может быть изобретено на основе достижений науки. Это приведёт к гибели всего человечества. И выяснять, кто за это понесёт ответственность, будет поздно и некому. Эту потенциальную опасность нужно понимать как аксиому и нынешнему, и всем последующим поколениям национальных лидеров и политиков.

В-третьих, основой для урегулирования всех споров между государствами должны стать мирный диалог и конструктивные переговоры на основе принципов равной ответственности за мир и безопасность, взаимоуважения, и невмешательства во внутренние дела. На этой комплексной основе надо выстраивать целостные алгоритмы действий мирового сообщества по следующим направлениям.

ПЕРВОЕ. Последовательное движение к миру, полностью освобожденному от ядерного и других видов оружия массового уничтожения. Важный шаг в этом направлении уже сделан. 7 декабря 2015 года Генеральная Ассамблея ООН приняла по инициативе Казахстана Всеобщую Декларацию о построении мира, свободного от ядерного оружия. 25 лет назад Казахстан первым в мире навечно закрыл Семипалатинский ядерный испытательный полигон. Это первый и пока единственный случай в мировой практике. Молодое государство затем добровольно отказалось от обладания зловещим наследием распавшегося СССР - четвертым в мире потенциалом атомного оружия и средств его доставки. Данное решение подвигло ведущие ядерные державы к объявлению моратория на ядерные испытания. 20 лет назад в рамках ООН был разработан и открыт к подписанию Договор о всеобщем запрещении ядерных испытаний, но он так и не вступил в силу. На территории Казахстана под эгидой МАГАТЭ создан Банк низкообогащенного ядерного топлива, предназначенного для государств, планирующих развивать атомную энергетику.

Важное значение имеют Глобальные саммиты по ядерной безопасности.

Теперь следует принять глобальные решения, запрещающие размещение смертоносных вооружений в космическом пространстве, на дне и в нейтральных водах Мирового океана, Арктике. Важно разработать и принять обязательные для исполнения международные документы по запрещению использования научных открытий для создания новых видов оружия массового уничтожения. В ООН следует создать Реестр учёта научных открытий, которые могут быть использованы для создания и усовершенствования оружия массового уничтожения.

ВТОРОЕ. В XXI веке надо сформировать географию устойчивого мира, последовательно искореняя войну как способ жизнедеятельности. В мире существует шесть зон, свободных от ядерного оружия. Они охватывают Антарктиду, практически все Южное полушарие, включая Латинскую Америку, Африку, Австралию и Океанию. Самой «молодой» из них является Центрально-Азиатская безъядерная зона, созданная 10 лет назад в Семипалатинске пятью государствами региона. Необходимо интенсифицировать международные усилия по созданию безъядерной зоны на Ближнем Востоке. В 1992 году Казахстан инициировал созыв Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии.

Данный форум был успешно институционализирован уже в нынешнем столетии с участием 27 государств континента, ООН и других международных организаций. Положительное значение имеет многостороннее сотрудничество между Китайской Народной Республикой, Российской Федерацией, Казахстаном, Кыргызстаном, Таджикистаном и Узбекистаном в рамках Шанхайской организации сотрудничества. Значительным потенциалом обладают Зоны мира в Южной Америке, Южной Атлантике, Индийском океане. Весь накопленный опыт надо применить для создания на основе специального международного права масштабных Ареалов Мира. В них, разумеется, не должно быть места войнам и конфликтам. Вопросы безопасности и развития в Ареалах Мира могут гарантироваться всеми государствами-членами ООН, а также Советом Безопасности ООН.

ТРЕТЬЕ. В XXI веке надо преодолеть такой рудимент милитаризма, как существование военных блоков, угрожающих глобальной безопасности и препятствующих широкому международному сотрудничеству. Геополитическая реальность заключается в том, что если существует хотя бы один крупный военный блок, то неизбежным будет формирование его антипода. Сила порождает антисилу. В военные блоки входят разные государства, которые не всегда осознают свою ответственность за мир и безопасность. Более того, имеются попытки использовать зонты военных блоков для получения преимуществ во взаимоотношениях с третьими странами, включая своих непосредственных соседей. Тем самым ситуация противостояния может клонироваться бесконечно, как в отдельных регионах, так и на всем глобальном пространстве. Между тем, опыт прошедших войн и конфликтов показывает, что собственную безопасность невозможно обеспечить за счет ущемления безопасности других государств. Поэтому военным блокам надо противопоставить Глобальную Коалицию государств за мир, стабильность, доверие и безопасность под эгидой ООН. Всеобщей задачей ближайшего десятилетия должно стать прекращение войн и конфликтов в Афганистане, Ираке, Йемене, Ливии и Сирии, на востоке Украины и палестино-израильского противостояния. Предстоит уменьшить взрывоопасный потенциал ситуаций на Корейском полуострове, акватории Южно-Китайского моря и Арктики.

ЧЕТВЕРТОЕ. Важно адаптировать к новым историческим условиям международный разоруженческий процесс. Недальновидный слом прежних договорных ограничений по противоракетным системам и обычным вооружениям привёл к милитаризации политического пространства Евразии. Это усиливает риск начала глобальной войны даже по причине возможного сбоя электронных систем управления обороной. Нужна новая стратегия деятельности Конференции ООН по разоружению. Нам предстоит заняться устранением качественно новой угрозы - киберпреступности, которая может стать опаснейшим оружием в руках террористов.

ПЯТОЕ. Мир без войны - это, прежде всего справедливая парадигма глобальной конкуренции в сфере международных финансов, торговли и развития. На 70-ой сессии Генеральной Ассамблеи ООН Казахстан выдвинул инициативу разработки Плана Глобальной Стратегической Инициативы-2045. Этот План - устранение корневых причин войн и конфликтов. Важно выстроить новую тенденцию развития на основе равного и справедливого доступа всех наций к инфраструктуре, ресурсам и рынкам. Его предлагается воплотить в жизнь к 100-летнему юбилею ООН. Казахстан предлагает созвать в 2016 году Международную конференцию ООН на высшем уровне. На ней следует подтвердить принципы международного права в целях предотвращения разрушительных войн и конфликтов в XXI веке. Призывы к благоразумию и диалогу, сдержанности и здравому смыслу не должны стать жертвой информационных атак противников глобального мира.


Каталог: kaz -> images
images -> «Аударма ісі» мамандығы бойынша 11. 12. 31, 11. 12. 32, 11. 13. 31 топтарының «Аударманың теориясы мен практикасы»
images -> М. Х. Дулати атындағЫ
images -> 3 оқу залы Қарымбай (Кәрімбай) Қошмамбетов – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері
images -> Ќ±рметті оќытушылар жєне білімгерлер
images -> Тараз 2017 Құрастырушыдан / От составителя Цифрлы ортадағы кітапхана және пайдаланушы
images -> Ғылыми кітапхана Көркем әдебиет секторы «Бір ел – бір кітап» акциясы
images -> М. Х. Дулати атындағы
images -> «Бір ел – бір кітап» – акциясы Жыл сайынғы дәстүрмен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел – бір кітап»
images -> Халықаралық әкелер күнін әлемнің 52 елі мусымның үшінші жексенбісінде атап өтеді. Жалпы әкелер күні ХХ ғасырдың басынан бері аталып келе жатыр


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет