Магистратураға түсу емтиханы сұрақтарының тізімі
Мамандық:
6М070600 – «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау»
«Мұнай газ қорын есептеу әдістері» пәні
-
Мұнай, газ, конденсат және жерасты сулары, олардың қасиеттері.
-
Құрамындағы топтық көмірсутек бойынша, құрамындағы парафин бойынша, құрамындағы күкірт бойынша, құрамындағы смола бойынша мұнайды жіктеу.
-
Табиғи резервуарлар және тұтқыштар, түсінік және жіктеу.
-
Кеніштер, кеніштер классы және оларды көмірсутектердің фазалық жағдайы бойынша жіктеу.
-
Табиғи режим, мұнай және газ кеніштеріндегі режим түрлері.
-
Мұнай және газ кенорындары, жіктелу белгілері, кенорындардың өндірілетін қоры бойынша, геологиялық қорының көлемі бойынша және геологиялық құрылысының күрделілігі бойынша жіктеу.
-
Мұнай және газды жіктеудің тарихы. Кенорын қорларын, мұнай және газ және жанғыш газдардың болашақты және болжамды ресурстарын уақытша жіктеу.
-
Мұнай және газ қорларын жіктеу, әр түрлі елдердің мұнай мен газ қорларын жіктеу жүйесімен салыстыру.
-
Құрылымдық карталар және есептеу пландары. Олардың мәні.
-
Геологиялық барлау процессі, оның барысы. Геологиялық барлау жұмыстарының кезеңдері мен сатылары. Қорлар және ресурстар туралы түсінік. Қорлар мен ресурстарды әр түрлі категорияға жатқызу жағдайлар.
-
Геологиялық зерттелуі бойынша қорлар мен ресурстардың категориялары, олардың мақсаты. Қор түрлері.
Кеніштерді геологиялық моделдеу. Қабат моделдері. Статикалық әдістің принциптері. Мұнай қорын статикалық әдіспен есептеу, статикалық тәуелділік түрлері.
-
Қорлардың категориялары мен геологиялық барлау жұмыстарының кезеңдері мен сатыларының және кеніштерді игерумен арақатынасы. Мұнай, газ және конденсаттың жалпы ресурстары.
-
Мұнай қорын есептеудің көлемдік әдісі.
-
Мұнайға ілеспе сирекжерлік элементтер мен инертті газдар қорын есептеу.
-
Кеніштерді есептеу параметрлерінің орташа мәнін анықтаудың әдістері.
Өнімді қабаттың параметрлерін ұңғыдағы қойнауқаттың қиылысуымен анықтау.
-
Материалдық баланс әдісінің принциптері. Кеніштердің әр түрлі жұмыс режимі жағдайдағы мұнайдың қорын материалдық баланспен есептеу әдісі.
-
Еркін газды қысым төмендеу бойынша есептеу жүргізу.
-
Статикалық әдістің принциптері. Мұнай қорын статикалық әдіспен есептеу, статикалық тәуелділік түрлері.
-
Өндірілетін қорларды анықтау және мұнай мен конденсатты кенорыннның зерттелуінің әр түрлі сатыларында игерілу коэффицентін есептеу.
-
Зерттелу сатысына, жұмыс режиміне, кенорынның геологиялық құрылысының күрделілігіне байланысты мұнайдың игерілу коэффицентін анықтау.
-
Мұнайдағы ерітінді газ қорын есептеу әдісі. Мұнайдағы ерітінді газ қорын Жданов бойынша есептеу.
-
Қорларды жоғары категорияларға ауыстыру, өткізу. Игерілімдегі кеніштер, мұнай және газды қайта есептеу ерекшелігі.
-
Болашақты ресурстарды бағалау, есептеу параметрлерін анықтау. Болжамды ресурстарды бағалау, мұнайгаздылықты сан бағалау принциптері.
-
Мұнайлылық пен газдылықты бөлек болжамдау. Әлемдегі, ТМД елдеріндегі және Қазақстандағы мұнай мен газ, конденсат және ілеспе компоненттердің қорлары мен ресурстары.
-
Негізгі ережелер. Қорлар мен ресурстарды жіктеудің мәні. Мұнай және газ кен орындарын зерттеудің комплексті жолы.
-
Көлемдік әдіс формулалары параметрлерінің орташа мәндерін анықтау тәсілдері.Еріген газ режимі. Гравитациялық режим.
-
Тұрақты конденсаттың алынатын қорын есептеу тәсілдері. Шық нүктесі.
-
Қабат газының құрамын есептеу. Газконденсат факторы.
-
Мұнайдағы еріген газ қорын есептеу әдісі. Қабаттағы еркін газдың бастапқы қорын есептеуге қажетті мәліметтер.
-
Газ қорын есептеудің көлемдік формуласы. Табиғи газдың Бойль-Мариотт заңынан ауытқуын анықтау. Қабат газындағы пропан, бутан, этанның геологиялық қорын есептеу.
«Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» пәні
-
Ұңғыманың негізгі элементтері. Ұңғымаларды атқаратын қызметі бойынша топтастыру. Ұңғыма осінің орналасу сипатына бойынша топтастыру. Ұңғыма конструкциясы туралы түсінік: ұңғыма және қашау диаметрлері, кигізбе тізбек түрлері (диаметрлері, түсу тереңдіктері), цементтеу аралықтары.
-
Терең бұрғылау қондырғылары. Бұрғылау мұнаралары және түсіріп-көтеру операциялар үшін жабдықтар.
-
Айналмалы бұрғылау жабдықтары. Бұрғы жабдықтарының орналасу сұлбасы.
-
Әртүрлі бұрғылау әдістеріне сипаттама, олардың артықшылықтары, кемшіліктері, қолдану облысы, бұрғылаудың техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
-
Бұрғы қашаулары. Қашауларды атқаратын қызметіне байланысты топтастыру және тау жыныстарын талқандау тәсілдеріне баиланысты топтастыру. Қашаулардың конструкциясы және тіректері.
-
Қашаулардың қаруландырылуы. Жуу каналдарының орналасу сұлбасы, гидромониторлы қашаулардың насадкілерінің конструкциясы.
-
Колонкалы қашау немесе бұғы ұштамалары. Колонкалы снярадқа қойылатын талаптар. Кернді шығару пайызын арттыру жолдары.
-
Түп қозғатқыштары: турбобұрғы, винттік қозғалтқыштар және электробұрғы. Атқаратын қызмері және принципі, түп қозғатқыштарының қызметі (турбобұрғы, винттік қозғалтқыштар және электробұрғы).
-
Бұрғы тізбегі және оның элементтері: жетекші құбыр, болат және жеңіл қорытпалы бұрғы құбырлары. Бұрғы тізбегінің және элементтерінің атқаратын қызметі.
-
Әртүрлі геологиялық бұрғылау жағдайларына баиланысты бұрғы тібегінің төменгі ұшының құрамдамасы. Жетекші бұрғы құбырларының конструкциясы.
-
Бұрғы тізбегіне қойылатын талаптар. Роторлы бұрғылау тәсілінде бұрғы тізбегінің жұмыс жасау жағдайы. Гидравликалық түптік қозғалтқыштарымен бұрғылау кезінде бұрғы тізбегінің жұмыс жағдайы
-
Айналмалы бұрғылауда жуудың атқаратын қызметі. Жуу сұйықтықтарын топтастыру.
-
Жуу сұйықтарының негізгі параметрлері. Бұрғы қондырғысының циркуляциялық жүйесі.
-
Жуу сұйықтарын ауырлату және химиялық өңдеу. Жуу сұйықтықтарының негізгі параметрлерін реттеу. Жуу сұйықтықтарын дайындау және тазалау.
-
Бұрғы ерітінділерін даиындауга және тазалауға арналған жабдықтар. Бұрғы ерітінділерін дайындау технологиясы.
-
Бұрғы ерітінділерін тау жыныстарының кесектерінен (шлам) тазалаудың қазіргі заманғы әдістері.Бұрғы ерітінділерін дегазациялау.
-
Ұңғымаларды бұрғылау кезінде пайда болатын қиындықтарды топтастыру.
-
Қиындықтардың паида болу себептері және белгілері.
-
Ұңғымаларды бұрғылау процессінде бұрғы ерітіндісінің жұтылуы.Бұрғы ерітіндісінің жұтылуын алдын алу және жою жолдары.Жұтылу аймағына арналған тампонажды қоспалар.
-
Ұңғымаларды бұрғылау тәртібі. Бұрғылау тәртібінің параметрлері және қашаудың жұмыс жасау көрсеткіштері туралы түсінік.
-
Арнайы және оңтайлы бұрғылау тәртіптері. Бұрғылау тәртібі көрсеткіштерінің қашаудың жұмыс жасау көрсеткіштеріне әсері.
-
Ұңғыма діңгегінің қисаюы.Ұңғымалардың қисаюының негізгі себептері.
-
Діңгектің қисаюының кері әсерлері. Ұңғымалардың қисаюымен күрес.
-
Кигізбе тізбек түрлері. Ұңғыма конструкциясын анықтайтын факторлар.
-
Кигізбе тізбектің төменгі бөлігінің конструкциясы. Кигізбек тізбегін дайындау және ұңғымаға түсіру.
-
Қабаттарды айыру (цементтеу) тәсілдері және мақсаты. Әртүрлі цементтеу түрлерінің артықшылықтары және кемшіліктері.
-
Ұңғымаларды цементтеуге арналған жабдықтар. Цемент ерітінділерінің параметрлерін реттеу.
-
Өнімді горизонттарды сынаудың мақсаты және міндеттері. Горизонттарды сынау әдістері.
-
Бұрғылау жұмыстары басқармасының ұйымдастыру құрылымы. Бұрғылаудың техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
-
Бұрғылаудың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу: қазғыштық, бұрғылаудың механикалық жылдамдығы, бұрғылаудың рейстік жылдамдығы.
«Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу және барлау» пәні
-
Минеральды шикізаттың халық шаруашылығына маңызы. Тарихи анықтама.
-
Қазақстан Республикасында геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасында жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамалар негізі.
-
Жер қойнауын зерттеу принциптері. Жер қойнауын зерттеуге жүйелі ықпал. Геологиялық барлау жұмыстарының стадиялары және олардың міндеттері.
-
Геологиялық барлау жұмыстарының принциптері. Кенорындардың кәсіпшіліктік түрлері - геологиялық барлау жұмыстарының негізгі нысаны.
-
Пайдалы қазбалардың сапасы. Өңдеудің табиғи және технологиялық көрсеткіштері.
-
Кендердің табиғи және технологиялық түрлері және сорттары.
-
Сынаудың түрлері, міндеттері, принциптері және операциялары. Сынаудың нақтылығы, тұлғалылығы.
-
Тау қазбасынан сынаманы алу әдістері. Сынаманы колонкалы, қолмен және механикалық айналсоқ бұрғылау ұңғымаларынан алу.
-
Шашыранды кенорындардан сынаманы алу. Сынаманы өңдеу және сынаманы өңдеу сұлбасын жасау. Топтық сынамаларды алу.
-
Минералогиялық, техникалық, геофизикалық және технологиялық сынау. Геологиялық-технологиялық карта жасау.
-
Сынаманы талдау және сынау. Сынауда кездейсоқ және жүйелі қателіктер.Сынаманы алуды және өңдеуді бақылау. Талдауды бақылау.
-
Геологиялық, минералогиялық, геохимиялық және геофизикалық далалар және аномалиялар.
-
Болжау мен іздеудің геологиялық негіздері: пайдалы қазбалардың сілтемелері мен белгілері. Болжам карталары, оларды құрастыру әдістері.
-
Пайдалы қазбаларды іздеу әдістері. Іздеу әдістерін таңдауға табиғи жағдайлардың әсері. Іздеу әдістерін ұтымды ұштастыру.
-
Іздеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу. Іздеу барысындағы геологиялық құжаттамалар және сынамалау.
-
Іздеу жұмыстарының тиімділігін бағалау, барлаудың негізгі міндеттері мен принциптері. Барлау жұмыстарының кезектілігі, барлау жүйесін және барлау торабының жиілігін негіздеу.
-
Барлаудың техникалық жарақтары, жобалау; геологиялық құжаттау және сынамалау.
-
Кенорынның гидрогеологиялық және инжененерлік-геологиялық зерттелуіне қойылатын талаптар.
-
Қорды есептеудегі кондициялар, кенді есептеу, қорлардың жіктемесі.
-
Кенорынды геологиялық-экономикалық бағалау.
-
Тау қазбасын және ұңғымаларды геологиялық зерттеу. Тау қазбасында және ұңғымалардағы геофизикалық зерттеулер.
-
Кенорынды барлаудың сатылығы. Іздеу-бағалау, алдын-ала және түбегейлі барлау, барлау жұмыстарын жобалау жұмыстары кезеңінде геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері.
-
Жобалауға берілетін геологиялық тапсырма. Нысанның мазмұны.
-
Жобаланатын жұмыстар әдістері мен көлемін дәлелдеу. Жобаланатын жұмыстардан күтілетін нәтижелер.
-
Кенорынды барлау кезіндегі геологиялық құжаттамалар. Тау қазбаларының, бұрғы ұңғымаларының және сынаудағы геологиялық құжаттамалар.
-
Жиынтық геологиялық құжаттамалар – геологиялық карталар, қималар, горизонтаралық жоспарлар, кескіндер.
-
Минералды шикізаттың кондициясын дәлелдеу. Кондициялардың атқаратын қызметі және түрлері. Кондициялардың параметрлері.
-
Қорды есептеу кезіндегі жөндеу коэффициенттері. Есептелген қордың нақтылығын бағалау. Қорды есептеудің геостатикалық әдісі туралы түсінік
-
Тау-кен кәсіпорнында геологиялық қызмет көрсету. Пайдаланып барлау. Кенорынды пайдалану кезінде сынау ерекшеліктері.
-
Пайдалы қазбаны игеруді жоспарлау және басқару. Пайдаланудың тау-кен геологиялық шарттарын болжамдау. Пайдалы қазбаны игеруде шығындар мен сусыздануды ескеру.
Достарыңызбен бөлісу: |