Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы


Білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу



жүктеу 0.96 Mb.
бет3/5
Дата21.04.2019
өлшемі0.96 Mb.
1   2   3   4   5

3. Білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу

      23. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау:

      1) білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауды;

      2) кәсіби даярлығының деңгейін бағалауды және біліктілікті беруді қамтиды.

      23-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды оқу орны білім алушылардың тиісті мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізеді.

      Ескерту. Ереже 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.08.29 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

       24. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен аттестаттау емтихан комиссиясы құрылады.

      Аттестаттау емтихан комиссиясының құрамы кәсіпорындардың білікті мамандарынан, арнайы пәндер оқытушыларынан, өндiрiстiк оқыту шеберлерiнен және оқу орнын басқарудың алқалық органдары өкілдерінен, яғни жұмыс берушілер өкілдерінен 65% және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерінен 35% арақатынасында құрылады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       25. Комиссия қорытынды аттестаттауды өткізу кезеңінде қорытынды аттестаттауды өткізуге бір ай қалғанда құрылады.

      26. Комиссия:

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында белгіленген білім алушылардың теориялық және практикалық даярлық деңгейінің сәйкестігін;

      білім алушылардың кәсіптері (мамандықтары) бойынша оқу бағдарламалары мен біліктілік сипаттамасының талаптарына сәйкестігін, өндірістік оқыту, жалпы кәсіптік және арнайы пәндерден нақты білім деңгейін, іскерлік және тәжірибелік жұмыс дағдысын анықтайды.

      27. Комиссия отырыстарының ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы қажет.

      28. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау оқу процесінің кестесінде көрсетілген мерзімде және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен белгіленген оқу жұмыс жоспарларының нысандары бойынша өткізіледі.

      29. Комиссияға мынадай материалдар мен құжаттар ұсынылады:

      мамандықтар (кәсіптер) бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

      техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы басшысының білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрығы;

      білім алушылардың қорытынды бағаларының жиынтық ведомосы;

      оқу бағдарламаларына сәйкес қорытынды емтиханға енгізілген емтихан билеттерінің жиынтығы мен мәселелер тізбесі;

      білім алушылардың денсаулық жағдайына байланысты қорытынды аттестаттау мерзімін жылжытуды растауға құқық беретін құжаттар.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       30. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихан тапсыру және/немесе диплом жобасын (жұмысын) қорғау нысанында өткізіледі.

      Арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихандар: оқу бағдарламаларына сәйкес бірнеше арнайы пәндерден сұрақтар енгізілетін ауызша, жазбаша, кешенді емтихан нысанында өткізіледі.

      Диплом жобасын (жұмысын) қорғау қорытынды аттестаттау жүргізу жөніндегі комиссияның ашық отырысында кемінде 2/3 мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.

      Бір диплом жобасын (жұмысын) қорғау ұзақтығы бір білім алушыға 30 минуттан аспауы керек. Диплом жобасын қорғау үшін білім алушы 10 минуттан аспайтын баяндама жасайды. Диплом жобасын (жұмысын) қорғаудың нәтижесі өткізілген күні жарияланады.

      Қорытынды ауызша емтиханның ұзақтығы бір білім алушыға 15 минуттан аспауы керек.

      31. Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаға тек оның алдыңғы қорытынды аттестаттауда қанағаттанарлықсыз баға алған нысаны бойынша қорытынды аттестаттаудың келесі кезеңіне қайта тапсыруға рұқсат етіледі. Қорытынды емтиханды қайта тапсыру "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған пән бойынша ғана жүргізіледі.

      Комиссия білім алушыға комиссия белгілеген бұрынғы жұмысын қайта қорғауға немесе жаңа тақырып әзірлеуге ұсынады.

      32. Диплом жобасын қайта қорғаудан немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушыға мамандығы (кәсібі) бойынша оқу курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

      33. Тиісті құжаттармен дәлелденген, себепті жағдайлармен дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға және қорытынды емтиханды тапсыруға келмеген білім алушылар белгіленген мерзімде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының бұйрығы бойынша қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі.

      34. Аттестаттау емтихан комиссиясының отырысы тиісті хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы аттестаттау емтихан комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінділер сертификаттау жөніндегі органға беріледі.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.08.29 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      34-1. Білім алушылардың кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру - білікті жұмысшы кадрлардың кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілік беру туралы сертификат беру үшін қажетті шарт болып табылатын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың бөлігі.

      Бітірушілердің кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды және біліктілік беруді ұйымдастыру үшін сертификаттау жөніндегі орган біліктілік комиссиясын құрады.

      Біліктілік комиссиясының төрағасы кәсіпорын және жұмыс берушілер қауымдастықтары қатарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының және филиалдарының (дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда) келісімі бойынша, ал республикалық бағынысты білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (автономды білім беру ұйымдарын қоспағанда, 3 реттен аспайтын) келісімімен тағайындалады. Біліктілік комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталары мен филиалдары өкілдерінің келісімі бойынша (дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда) жұмыс берушілер өкілдерінен 75% және 25%-ға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары өкілдерінен арақатынасында кәсіпорындардың өкілдері, арнайы пәндер оқытушылары, өндiрiстiк оқыту шеберлерi, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi органдардың өкiлдерi кіреді.

      Ескерту. Ереже 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.08.29 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

       35. Білім алушылардың кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру "Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7786 болып тіркелген) Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       36. Емтиханды оқу жоспарының 75 пайыздан кем емес барлық пәндерінен "өте жақсы" деген бағамен, ал қалған пәндерді - "жақсы" деген бағамен тапсырған, және дипломдық жобаны (жұмысты) "өте жақсы" деген бағамен қорғаған білім алушыға үздік диплом беріледі.

      37. Біліктілік деңгейін көрсете отырып диплом беру туралы шешім арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихандар және (немесе) дипломдық жобаларды қорғау нәтижелері негізінде қабылданады.

      Қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі білім беру ұйымдарының мұрағатында сақталады.

      Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       38. Комиссияның төрағасы екі апталық мерзімде аттестаттау аяқталысымен аттестаттау қорытындысы туралы есеп дайындайды.

      39. Қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия төрағасының есебінде: білім алушылардың аталған кәсібі (мамандығы) бойынша даярлық деңгейі; білім алушылардың емтиханда анықталған біліміне сипаттама; пәндердің жекелеген сұрақтары бойынша білім алушылардың дайындығында кездесетін кемшіліктер; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кәсіптері (мамандықтары) бойынша білікті кадрлардың даярлығын одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар көрсетіледі.

      40. Комиссия төрағасы немесе оның орынбасары педагогикалық кеңеске комиссия жұмысының қорытындылары туралы баяндайды.


 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы
N 125 бұйрығымен
бекітілген

Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.01.2017 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің осы үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін анықтайды.

      2. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – МЖМББС) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын және білім беру бағдарламаларын меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі.

      3. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) академиялық адалдық – білім алушының жазбаша жұмыстарды орындау (бақылау, курстық, эссе, дипломдық, диссертациялық), емтихандағы жауап, зерттеулердегі, өз ұстанымын көрсету, академиялық қызметкерлермен, оқытушылар мен өзге студенттермен өзара қарым-қатынас, сондай-ақ бағалау барысындағы адалдығын айқындайтын құндылықтар мен ұстанымдардың жиынтығы;

      2) білім алушыларды қорытынды аттестаттау – бітірушілердің білім алу теориялық деңгейін, қалыптасқан кәсіптік құзіретін, кәсіптік міндеттерді орындауға даярлығын және олардың білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі;

      3) білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың оқу жетістіктерінің (білімі, икемділігі, дағды және құзыреті) деңгейін оқу пәнін бітіргеннен кейін оқу пәнінің бағдарламасына сәйкес бағалау рәсімі;

      4) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, кестеге сәйкес оқытушылар өткізетін аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда студенттердің білімін, икемділігі мен дағдыларын жекелеген тақырыптар, бөлімдер, модульдер бойынша кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;

      5) емтихан сессиясы – жоғары оқу орындарында (бұдан әрі – ЖОО) студенттерді аралық аттестаттау кезеңі;

      6) кредиттік оқыту технологиясы – білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;

      7) межелік бақылау – бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;

      8) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингісін белгілеуге мүмкіндік беретін білім деңгейін балл түріндегі бағалау жүйесі;

      9) офис регистратор – білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын олардың меңгерген кредитін есептей отырып тіркеумен шұғылданатын және білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды, оның академиялық рейтингісін есептеуді ұйымдастыратын академиялық қызмет;

      10) оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) – аралық аттестаттау пәндері бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы ретінде білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;

      11) пререквизиттер (Рrerequisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер тізбесі;

      12) транскрипт (Transcript) – білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат.

      4. Бағалау академиялық адалдыққа негізделеді. ЖОО-ның ғылыми кеңесімен бекітілетін Академиялық адалдық қағидаларын ЖОО дербес әзірлейді.

      Академиялық адалдық қағидаларының принциптері бұзылған жағдайда білім алушыларды оқудан шығару туралы шешімді ЖОО дербес қабылдайды.

2-тарау. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау және аралық аттестаттаудан өткізудің тәртібі

1-параграф. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың ағымдық бақылаудан өткізудің тәртібі

      5. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіледі және аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды.

      6. Межелік бақылау нысанын, мерзімін, саны мен тәртібін ЖОО дербес анықтайды.

      7. Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін ЖОО академиялық саясатына сай дербес анықтайды.

      8. Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеруді жоғары оқу орны өзі дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың нысандары арқылы жүзеге асырылады.

      9. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың барлық түрлері бойынша (ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау) білімді бағалаудың әріптік балдық-рейтингтік жүйесі арқылы бағаланады оны дәстүрлі бағалау шкаласына аудару осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

      10. Тілдер бойынша (шет тілі, қазақ, орыс) білім алушылардың оқудағы жетістіктері оларды оқытудың дәрежелік моделіне сай осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес шкала бойынша бағаланады.

2-параграф. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне аралық бақылау өткізудің тәртібі

      11. ЖОО-да білім алушыларды аралық аттестаттау МЖМББС негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8636 тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары (бұдан әрі – үлгілік оқу жоспарлары) мен оқу бағдарламалары негізінде әзірленген академиялық күнтізбеге, оқу жұмыс жоспарына және оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Білім алушыларды аралық аттестаттау емтихан тапсыру, курстық жұмыстарды (жобаларды) және кәсіптік практика бойынша есептерді қорғау нысаны түрінде міндетті түрде баға қою арқылы жүргізіледі және емтихандық сессия болып анықталады.

      13. Білім алушыларды аралық аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін ЖОО академиялық саясатына сәйкес дербес анықтайды.

      14. ЖОО әр оқу пәні бойынша емтихан нысанын ЖОО-ның ғылыми кеңесінің шешімі негізінде дербес анықтайды.

      15. Білім алушыларды аралық аттестаттауды (емтихандық сессия) ұйымдастыру мен өткізуді офис регистратор жүргізеді.

      16. Аралық аттестаттау нәтижесі бойынша офис регистратор білім алушылардың академиялық рейтингілерін құрастырады.

      17. Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау қорытындысын шығару барысында емтихан бағасы және академиялық кезең ішіндегі үлгерімді ағымдық бақылау бағасының орташа балы (жіберілу рейтингісінің бағасы) ескеріледі.

      18. Аралық аттестаттаудың оң қорытынды бағасы тиісті оқу пәні бойынша белгіленген көлемдегі кредиттерді игерілді деп есептеуге негіз болады және білім алушының транскриптіне жазылады.

      19. Білім алушы қорытынды бақылаудан (емтиханнан) "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді және ол бойынша кредиттер есептелмейді.

      20. Қорытынды бақылаудың оң бағасын аралық аттестаттаудың осы кезеңінде көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      Қорытынды бақылаудың оң бағасын қайта тапсыру осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Білім алушылар емтихандарды қатаң түрде пәндер бойынша бекітілген жұмыс және жеке оқу жоспарына, оқу бағдарламаларына сәйкес тапсырады.

      22. Білім алушылар қажет болған жағдайда оқытудың қосымша түрлерінің пәндері бойынша емтихан тапсырады, нәтижесі емтихан ведомосына және транскриптке жазылады (әскери дайындықтан басқасы).

      23. "Қанағаттанарлықсыз" бағасын оң бағаға өзгерту немесе үлгерімнің орта балын (GPA) көтеру мақсатында қайта тапсыру үшін білім алушы келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.

      Мұндай жағдайда білім алушы белгіленген тәртіп бойынша оқу пәніне жазылу рәсімінен қайта өтеді.

      24. Қорытынды бақылаудың бағасымен келіспейтін білім алушы емтихан өткізілген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция береді.

      25. ЖОО басшысының бұйрығымен емтихан сессиясы кезеңіне (аралық аттестаттау) апелляцияланатын пәндер бейініне біліктілігі сәйкес келетін оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.

      26. Апелляциялық комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және оның негізінде емтихан ведомосы құрылады.

      27. Офис регистратор емтихан сессияларының (қысқы, көктемгі және күзгі сессия нәтижелері) қорытындысы бойынша білім алушының оқу жетістіктері деңгейінің ортасалмақ бағасы болатын өту балын есептейді.

      28. Курстан курсқа көшіру үшін өту балының төменгі деңгейінің көлемін ЖОО оқыту курсының бөлінісінде дербес белгілейді.

      29. Өту балының ең төменгі көлемін жинаған білім алушылар факультет деканының (институт, жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі директорының,) ұсынысы негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.

      30. Ең төменгі өту балын ала алмаған білім алушы оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.

      31. Курс бағдарламасын толығымен өтіп, белгіленген өту балының ең төменгі деңгейіне жете алмаған білім алушыға өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы мақсатында жазғы семестрде белгілі бір пәндерді ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі.

      32. Қайта тапсырылған емтиханнан оң нәтиже алған жағдайда емтихан ведомосы мен транскриптке жазылатын қорытынды баға қайта есептеледі.

      Орташа үлгерім балын есептеу барысында оқу пәні бойынша соңғы бағалар есепке алынады.

      33. Транскриптке білім алушының қайта тапсырған емтихандарының оң нәтижелерімен қоса барлық қорытынды бағалары жазылады.

      34. Оқу курсына қайта қалдырылған білім алушы бұрын қабылданған жеке оқу жоспары немесе қайта құрастырылған жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады.

      35. Өту балының ең төменгі деңгейін жинап, келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешегі бар білім алушы тиісті пәндерді ақылы негізде қайта оқып, академиялық қарыздарын жоюы тиіс.

      36. Осы Қағидалар әскери, арнайы оқу орындарында оқитын білім алушыларға таратылмайды.

      37. Емтихандар қорытындысы және оқу үрдісін жақсарту бойынша ұсыныстар емтихандық сессия аяқталғаннан кейін ЖОО-ның ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады.

      38. ЖОО емтихандық сессиялардың қорытындысын білім беру саласындағы уәкілетті органға осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электронды және қағаз тасығыштарда береді.

      39. ЖОО-дан шығарылған тұлғаға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 289 бұйрық) білімі аяқталмаған тұлғаларға берілетін анықтама беріледі.

3-параграф. Жоғары оқу орындарында "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтихан өткізудің тәртібі

      40. Барлық бакалавр мамандығындағы ЖОО студенттері "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша оны оқып аяқтағаннан кейін сол академиялық кезеңде мемлекеттік емтихан тапсырады.

      41. Мемлекеттік емтихан өткізуді "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" оқу пәнін оқытатын кафедра (бұдан әрі - кафедра) факультет деканатымен (институт директоратымен) және Офис регистратормен бірлесе отырып жүзеге асырады.

      42. "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды өткізу үшін кафедра аталған пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқудың барлық нысаны мен мамандықтары үшін бірыңғай оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      43. "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды өткізу нысанын ЖОО ғылыми кеңес шешімі негізінде дербес анықтайды.

      44. "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды қабылдау үшін факультет деканының (институт директоры) ұсынысы бойынша күнтізбелік жылға мемлекеттік емтихан комиссиясы (бұдан әрі – МЕК) құрылады.

      45. "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша МЕК төрағасы мен құрамы ғылыми кеңес шешімі негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      46. МЕК отырыстарының кестесін офис регистратор академиялық күнтізбеге сәйкес құрады және оны ЖОО басшысы мемлекеттік емтиханның басталуына дейін екі аптадан кешіктірмей бекітеді.

      47. МЕК отырысының ұзақтығы күніне 6 (алты) академиялық сағаттан аспайды.

      48. "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды ұйымдастыру және өткізу тәртібін, сондай-ақ МЕК отырысын ұйымдастыру рәсімін ЖОО дербес анықтайды.

      49. Мемлекеттік емтихан қорытындысы білім алушылардың білімін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.

      Бұл ретте, қорытынды баға жіберілу рейтингісінің бағасы мен мемлекеттік емтихан бағасы ескеріле отырып қойылады. Жіберілу рейтингісінің бағасы мемлекеттік емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның кемінде 30%-ын құрайды.

      50. Білім алушы "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, ол ақылы түрде келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде осы пәнге қайта жазылып оның барлық оқу сабақтарына қайта қатысып, ағымдық бақылау талаптарын орындап, мемлекеттік емтиханға жолдама алады және оны тапсырады.

      51. "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан алған оң бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыру осы Қағидалардың 52-тармағына сәйкес ұқсас рәсім бойынша жүзеге асырылады.

      52. Білім алушы мемлекеттік емтихан қорытындысымен келіспесе, емтихан өткізілген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей МЕК-ке апелляция беруіне болады.

      53. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен аталған пән бойынша тәжірибелі оқытушылар қатарынан "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша апелляциялық комиссия құрылады.

      54. "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханның қорытындысы осы емтиханды тапсыру көзделген емтихандық сессияның қорытындысын шығару барысында есепке алынады.

      55. Мемлекеттік емтихан аяқталған соң МЕК төрағасы МЕК-тың жұмысы туралы есеп жазады, ол ЖОО ғылыми кеңесінің мәжілісінде талқыланады және бекітіледі.


Каталог: upload -> userfiles -> files
files -> 1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан республикасының заңЫ 03. 07. 2017
files -> АнықтамаЛЫҚ-жол КӨрсеткіші алматы, 2017 Әож 378. 126 (07) Құрастырушылар: Г. С. Абдрасилова, Ж. С. Такенова, Д. Я. Мамедова
files -> Еліміздің баянды болашағы туралы ойлағанда,оның дүние
files -> «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
files -> Сырдария ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
files -> Еліміздің баянды болашағы туралы ойлағанда,оның дүние
files -> Іске асыру туралы есепті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет