Білім беру бағдарламасы 7М07201 «Тамақ өнімдерінің технологиясы»



бет1/3
Дата22.10.2022
өлшемі83.5 Kb.
#177361
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
3 Дәріс


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИСЕРСИТЕТІ
«Тамақ өндірісі өнімдерінің ғылыми негіздері»
ҚЫСҚАША ДӘРІС САБАҚТАР МАТЕРИАЛДАРЫ

білім беру бағдарламасы 7М07201 «Тамақ өнімдерінің технологиясы»


білім беру бағдарламаларының тобы 7M07– Тамақ өнімдерінің өндірісі
дайындық бағыты 7М072 - Өндірістік және қайта өңдеу салалары
білім беру саласы 7М07 - Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары


Нур-Султан 2019




Дәріс № 3
Тақырыбы: Ақуыздардың жалпы сипаттамасы, құрылымы, технологиялық қасиеттері.

Жоспар: 1.Ақуыздардың жалпы сипаттамасы, құрылымы, технологиялық қасиеттері. 2.Көмірсулардың жалпы сипаттамасы, құрылымы, технологиялық қасиеттері.

Ақуыздардың жалпы сипаттамасы
Ақуыздар – жасушаның ең маңызды макромолекуларының бірі болып табылады. Оның элеметтік құрамын, құрылысының теориясын алғашқылардың бірі болып зерттеген және протеин (protein-бірінші) деп атауды ұсынған Голландия химигі және дәрігері Г.Я. Мульдер болатын. Ақуыз организмдер тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет атқарады.
Ақуыздар органикалық заттар дамуының ең жоғарғы сатысы және жер бетіндегі тіршіліктің негізі. Организмнің тірек, бұлшық ет, жамылғы тканьдері ақуыздардан құралған. Олар организмде әртүрлі қызмет атқарады, химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б. Ақуыздар азықтың құрамына кіреді. Адам тәулігіне, шамамен, — 100 г ақуыз қабылдауы керек. Азықпен түскен ақуыз әуелі асқазанда, сосын ішектегі ферменттердің әсерінен гидролизденіп, аминқышқылдарына дейін ыдырайды.

Ақуыздар. Ақуыздардың қызметтері.


Ақуыздар жасушада маңызды қызметтер атқарады:
- Құрылымдық – биомембраналар құрамына кіреді;
- Энергетикалық – қуат көзі болып табылады;
- Катализдеуші – жасушаның барлық биохимиялық реакцияларын реттейтін ферменттер болып табылады;
- Сигналдық – жасушаішілік және жасушааралық сигналдарды қабылдауға және өткізуге қатысады;
- Қозғаушы – бұлшықеттердің жиырылуын қамтамасыз етеді;
- Өткізгіштік – арналар мен сорғыштарды қалыптастырып, мембрана арқылы заттардың өткізілуін қамтамасыз етеді:
Ақуыздардың жіктелуі:
1.күрделілік дәрежесіне (қарапайым және күрделі), қарапайым протеиндер тек қана аминқышқылдары қалдықтарынан тұрады, күрделі протеидтер құрамына ақуызды заттардан басқа қосылыстардың қалдықтары кіреді;
2.молекула пішініне (шар тәрізді және жіп тәрізді);
3.кейбір еріткіштерде еру қабілетіне қарай (суда еритіндер, әлсіз түз ерітінділерінде еритіндер - альбуминдер, спиртте еритіндер — проламиндер, сұйытылған қышқыл және сілті ерітінділерінде еритіндер глутелиндер);
4.атқаратын қызметтеріне қарай (мысалы, корға жиналатын ақуыздар, тірек қызметін атқаратын ақуыздар).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет