Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6B01503 "Информатика" Пән циклы атауы және коды



бет2/19
Дата23.06.2022
өлшемі0.55 Mb.
#174703
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Syllabus Академ жазу Akzada

Курс

Семестр

Дәріс

Практика/
семинар

Зертханалық



ОСӨЖ



СӨЖ



Бақылау формасы

3

6

20

20




20

60

жазбаша



3. МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ





Тақырыптар атауы

Сағат саны

Аптаға сәйкес орындалу мерзімі

I

1-модуль Академиялық жазылым және оның ерекшелігі

Дәріс







1.1 Кіріспе. Пән мақсаты мен міндеті. Академиялық жазу және мәтін

2

1-ші апта

1.2. Дәріс және конспектілеу. Цитаталар.

2

2-ші апта

1.3. Ғылыми жұмыстарды дайындау. Дереккөздер, сілтемелер, әдебиеттер.

2

3-ші апта

1.4. Эссе және дайындау реті

2

4-ші апта

1.5. Реферат және дайындау

2

5-ші апта

1.6. Плагиаттық және одан сақтану жолдары

1

6-ші апта

1.7. Зерттеу жұмысының тақырыптарын анықтау.

1

7-ші апта

1.8. Зерттеу әдісі

1

8-ші апта

Практикалық (семинар) сабақтар







    1. Академиялық мәтін құрылымы

2

1-ші апта

    1. Мәтінді аяқтау және редакциялау

2

2-ші апта

    1. Зерттеу тақырыптарын таңдау және мәселені анықтау.

2

3-ші апта

    1. Тақырып бойынша ақпарат жинақтау.

2

4-ші апта

    1. Ғылыми зерттеу жобасы жазу

2

5-ші апта

    1. Ғылыми зерттеу әдістерін анықттау.

1

6-ші апта

    1. Зерттеу тақырыбын баяндап, қорытындылау.

1

7-ші апта

    1. Курстық, дипломдық жұмыстар – талаптары мен міндеттері.

1

8-шы апта

1 модуль бойынша барлығы

26




1 модуль бойынша бақылау түрі

жазбаша




1-модуль Зерттеу әдістері мен нәтижелері

Дәріс







2.1. Гипотеза және оны құру

1

9-шы апта

2.2. Мәліметтерге талдау жасау.

1

10-шы апта

2.3. Зерттеу жұмысы бойынша кіріспе бөлімін жазу.

1

11-ші апта

2.4. Параграф және оның құрылымы

1

12-ші апта

2.5. Зерттеу жұмысының негізгі бөлімі

1

13-ші апта

2.6. Зерттеу жұмысын қорытындылау

1

14-ші апта

2.7. Түйіндеме және оны жазу жолдары

1

15-ші апта

Практикалық (семинар) сабақтар







2.1 Ғылыми зерттеу жұмыстар стиліне қойылатын талаптар

1

9-шы апта

2.2. Эссе жазу және оның талаптары

1

10-шы апта

2.3. Эссенің негізгі бөлімі

1

11-ші апта

2.4. Ғылыми мақала

1

12-ші апта

2.5. Оқылым арқылы сыни ойлау

1

13-ші апта

2.6. Библиографиямен жұмыс

1

14-ші апта

2.7. Программалық өнім сипаттамасын дайындау

1

15-ші апта




1Імодуль бойынша барлығы

14







1І модуль бойынша бақылау түрі

жазбаша




БАРЛЫҒЫ

40




4. ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ: Жалпы академиялық жазу талаптарына сәйкес студенттерге ғылыми-зерттеу жұмыстарының мәтінін дайындауды меңгерту.


5. ПӘН БОЙЫНША ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР: a) Жалпы академиялық жазу талаптары мен ерекшеліктерімен танысады, зерттеу жүргізу негіздерін және ғылыми жұмыстарды дайындауды, жазба жұмысының жоспарын алдын ала жазуды, соңғы мәтін нұсқасын тексеруді және түзетуді біледі.
b) Тақырыпқа сәйкес эссе, реферат, мақала жазуды және курстық, допломдық жұмыс мәтінін жазуды, түзетуді үйренеді.
c) Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жазба жұмыстарын дайындаудың негізгі әдістерін, библиографиямен жұмыс істеу, ғылыми мақала, аннотация жазу тәсілдерін меңгереді.


6. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
(бакалавриат деңгейі бойынша)

Блум таксоно-миясы деңгейлері

Білу және түсіну

Қолдану

Талдау

Синтез

Бағалау

Оқыту нәтижелері (ОН)
(МББ-ғы пәнге сәйкес ОН көрсетілуі керек)

зерттеу жүргізу негіздерін және ғылыми жұмыстарды дайындауды, жазба жұмысының жоспарын жазуды, мәтін нұсқасын тексеруді және түзетуді біледі.

Кәсіби қызметінде ҒЗЖ дайындауда академиялық жазу тәсілдерін қолданады.

Ғылыми еңбектерді талдайды және бағыттарына сәйкес жіктейді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жазба жұмыстарын дайындайды, аннотация, ғылыми мақала, жазады.



Ғылыми-зерттеу жұмыстарына рецензия, эксперттік қорытынды жазады.

7.ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:
Оқу сабақтарында (дәріс, семинар, зертханалық сабақтар) қолданылатын әдіс-тәсілдер (мысалы интерактивті дискуссия, тренинг, ақпараттық-білім беру ресурстары және т.б.) және оқу процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеудің ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялары немесе бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған техникалық талаптар көрсетілуі тиіс, мысалы виртуалды зертханалар, ZOOM, YouTube және т.б. ).

8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:





ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы

Тапсырма түрі

Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты)

Берілген мерзімі

Қабылдау мерзімі

1

Аңдатпа.

Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу

1 апта



2 апта



2

Ғылыми монография.

Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу

3 апта



4 апта

3

Пікір.

Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу

5 апта

6 апта

4

Конспект.

Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу

7 апта



8апта

5

Реферат.

Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу

9 апта



10 апта

6

Курстық жұмыс.

Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу

11 апта



12 апта

7

Диплом жұмысы.

Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу

13 апта



14-15 апта

СӨЖ тапсырмалары

1

Эссе жазуға қойылатын талаптар.

Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу

1 апта



2 апта

2

Магистрлік диссертация.

Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу

3 апта



4 апта

3

Докторлық диссертация.

Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу

5 апта



6 апта

4

Ғылым анықтамалары.

Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу

7 апта



8 апта

5

Зерттеу тақырыбын таңдау және мәселені анықтау.

Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу

9 апта



10 апта

6

Зерттеу жұмысының жазылуы мен рәсімделу тәртібі.

Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу

11 апта



12 апта

7

Ғылыми мәтіннің басты жанрлары.

Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу

13 апта



14 апта

8

Картотекамен жұмыс.

Берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік жазу

14 апта



15 апта

9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1 Дәрістер
9.1.1. Тақырыбы: Кіріспе. Пән мақсаты мен міндеті. Академиялық жазу және мәтін
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Академиялық мәтін.

  2. Академиялық жазылым ерекшелігі.

Дәріс тезисі:
Кезкелген оқырман қалауына қарай әртүрлі жанрдағы мәтіндерді оқиды. Мәтіндердің түрлерін шартты түрде академиялық және академиялық емес деп екіге бөлуге болады. Бірінші түріне рефераттар, баяндамалар, ғылыми мақалалар, оқулықтар, ғылыми пікірлер, авторефераттар, диссертациялар, ғылыми жобалар, және тт.б. жақызуға болады. Осы бағытта жазылған жұмысардың өз мақсатына және зертеу әдісіне қарай құрылымдары мен жазылу жүйесі әр түрлі болады.
Академиялық мәтін белгілі бір тақырыпты түсіндіруге бағыталған күрделі құрылымда жазылады. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс ғылыми мәлімет беруге бағытталады. Академиялық бағытта жазба жұмысын жазу барысында ақпарат түсінікті және мағыналы болу үшін белгілі бір құрылымды сақтаған жөн. Академиялық бағытта жазылған мәтіннің мынадай ерекшеліктері болады: күрделі, формалды, нақты объективті, шектеулі және жауапкершілікі. Мәтіннің жазылуының басты талабы – нақты және түсініктті тілмен жазылуы.
Күрделі. Жазба тілі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексикалық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады.
Формалды. Академиялық жазылым барысында әр түрлі қысқарған сөздер мен диалект, жаргон және т.б. сияқты аузекі сөйлеу барысында кездесеін сөздерді қолдануға болмайды.
Нақты. Академиялық жазылымда ақпаратты қолдану барысында нақты мәлімет беруге тырысыңыз.
Объективті. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс субъекивті пікір ұстанбауы тиіс. Жұмыстың мақсаты тек ғылыми негіздерге ғана сүйену арқылы тұжырым жасау болып табылады.
Шектеулі. Академиялық мәттін тақырыпқа байланысты мәселені ғана қамтуы тиіс. Тақырыптан ауытқу немесе зерттеу сұрағынан тыс ақпараттарды беру немесе жазу оқырман қызығушылығының жоғалуы мен жұмыс сапасының төмендеуіне алып келеді.
Жауапкершілік. Автор қашанда өз жұмысы үшін жауапты.
Академиялық жазылымның ерекшелігі: 1. Объективті түрде жазылады. 2. Ғылыми стильде жазылады. 3. Жүйелі құрылыммен жазылады. Сілттемелерді жиі қолданады.
Академиялық жазылымының мақсаты ғылыми тұрғыда жазылым әрекетіне дағдыландыру, демек ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарын және т.б. ғылыми бағытта жазылатын еңбектерді жазуға үйретеді.
Бекіту сұрақтары:

  1. Академиялық жазылымның ауызекі сөйлеуден ерекшелігі қандай?

  2. Академиялық мәтін дегеніміз не?

  3. Академиялық бағыттағы мәтіндерге не жатады?

Әдебиет:
1. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым. Алматы. Экономика, 2018 – 120бет Kazneb.kz
2. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым: шағын эссе мен шағын зерттеу жұмыстарын жазу. Алматы. Экономика, 2019 – 164бет Kazneb.kz.
3. Динаева Б.Б. Академиялық жазылым және оқылым. Алматы: Эпиграф, 2017ж. WebИРБИС
4. Мубараков А.М., Байғожанова А.М. Білім беру саласындағы педагогикалық зерттеулер жүргізудің әдіснамалық негіздері. Қарағанды: Ақнұр 2018ж https://aknurpress.kz/reader/web/1711

9.1.2.Тақырыбы: Дәріс және конспектілеу. Цитаталар.


Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. «Дәріс» түсінігі. Дәріс түрлері
2. Дәріс конспектілері
3. Дәйексөздер
4. Дәрісті жобалау


Дәріс тезисі
Енді кең таралған жанрлардың бірі дәріс. Студенттік өмірді дәріске қатыспай-ақ елестету мүмкін емес. Студент өзінің оқу уақытын дәріс сабағында өткізеді. Дәрісте жетекші қатысушы - оқытушы, ғылыми біліктілігі бар белгілі бір ғылым саласының маманы.
. Дәріс - логикалық тұрғыдан нақты құрылымдалған, ғылыми нақты тақырып бойынша оқу материалын ұсыну. Онда жетекші, алдын-ала ойластырылған жоспар бойынша тақырыптың толық бейнесін береді, студенттердің назарын негізгі ғылыми категорияларға бағыттайды (түйінді сөздер-ұғымдар), проблемаларды, талқылау нүктелерін оқшаулайды. Дәріс - бұл есте қаларлық ақпарат көзі, сондықтан оны қысқаша сипаттаған дұрыс.

  • Жоғары оқу орнындағы дәріс – оқытудың дидактикалық циклінің басты негізі. Оның мақсаты – студенттердің оқу материалын қабылдауларын қалыптастыру болып табылады. Заманауи жоғары мектептер үшін дәріс өте өзекті. «Дәріс» латынның «lection» - оқу сөзінен шыққан. Дәріс ежелгі Грецияда пайда болып, көне Римде және орта ғасырларда өз жалғасын тапты.

Дәріске қатысу және талқылау барысында оқытушы мен оның әріптестерінің арасында дәрістің сапасын бағалау қажеттілігі туындайды. Бұл сапаларға: мазмұн, әдіс, студенттердің жұмысына жетекшілік, дәрістің нәтижелігі кіреді. Аталмыш сапалардың әрқайсысына тоқталып өтейік:

  • Дәрістің мазмұны дегеніміз дәрістің ғылымилығы, ғылымның қазіргі даму деңгейіне сәйкестігі, дүниетанушылық жағы, әдістемелік мәселелердің болуы, олардың дұрыс баяндалуы.

  • Дәріс оқу әдістемесі бұл дәрістің нақты құрылымы және мазмұндау логикасы. Жоспардың болуы, оған сүйеніп отыру.

  • Дәріске қатысты әдебиеттерді беру. Жаңа терминдер мен ұғымдарды түсіндіру. Дәлелдік пен дәйектілік. Студенттердің жұмысына жетекшілік студенттерден конспектілеуді талап ету және оның орындалуын бақылау. Оларды жазу әдісіне үйрету.

  • Дәрістің нәтижелігі дегеніміз дәрістің ақпараттық құндылығы, тәрбиелік аспектісі, ең бастысы дидактикалық мақсаттарға қол жеткізу. Білім беру жүйесінің дамуы, оны ізгілендіру (гуманизация), жеке адамға бағыттау үрдісі, студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру мәселелік дәріс, екеу аралық дәріс, визуалды дәріс, пресс-конференция дәрісі сияқты жаңа дәріс формаларының пайда болуына түрткі болды.

  • Мәселелік дәріс жөнінде оқытудың белсенді әдістерімен байланысты айтатын боламыз. Ал қазір оның мазмұндық және процессуалдық сипаттамасына тоқталамыз. Дайын ақпарат айтылып, түсіндірілетін ақпараттық дәріске қарағанда мәселелік дәрісте жаңа білім «ашуға» тиісті беймәлім ақпарат ретінде алға тартылады. Оқытушының міндеті – мәселелік жағдаят тудыра отырып, студенттерді мәселенің шешімін табуға жетелеу болып табылады. Бұл үшін жаңа теориялық материал мәселелік міндет түрінде беріледі. Мәселені оқытушымен бірлесе отырып шешу барысында студенттер жаңа қажетті білім алады.

  • Екеу ара дәріс бұл дәрістің түрі екі оқытушының диалогіндегі материалды мазмұндаудың жалғасы мен дамуы болып табылады. Бұл жерде теориялық және практикалық мәселелерді екі маман талқылайды. Мұндай дәрістің төмендегідей артықшылықтары бар:

  • студенттердің бойындағы білімді өзектендіреді;

  • мәселелік жағдаяттар туындатады, дәлелдемелік жүйелер ашады;

  • екі дереккөз қорының болуы әртүрлі көзқарастарды салыстыруға, таңдау жасауға, қандай да біреуіне қосылуға, өз көзқарасын айтуға мәжбүрлейді;

  • педагогтің кәсібилігі көрінеді, оның тұлғасы тереңірек ашыла түседі.

  • Пресс-конференция дәрісі. Бұл дәрісте оқытушы тақырыпты айтқаннан кейін студенттерден аталмыш тақырып жөнінде сұрақтарын қағазға түсіріп берулерін сұрайды. Екі-үш минуттың ішінде студенттер өздерін барынша қызықтырған сұрақтарын құрастырып, оқытушыға береді. Үш-бес минуттың ішінде сұрақтар іріктеліп, олардың мазмұны бойынша дәріс басталады. Дәріс сұрақтарға жауап ретінде емес, керісінше біртұтас мәтін ретінде баяндалады, мазмұндау кезінде сұрақтардың жауаптары да ашылып жатады.

Конспект - бұл тақырыптың қысқаша жазылған мазмұны, ол дайындық кезінде қажетті ақпаратты жадында қалпына келтіруге мүмкіндік береді, мысалы үйге тапсырма, тест және емтихан.
Дәйексөз:

  • Дұрыс әрекет – жүректен шығып,сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық.

  • Ешкімге әділетсіз іс-әрекетпен немесе жақсылық жасау мүмкіндігін құр жіберіп залал келтірме, жақсылық жасау- сенің парызың. (Б.Франклин)

  • Егер біреу сенің қарсыласыңа тіл тигізуге немесе оған шабуыл жасауға тырысса, өз қарсыласыңды өз өміріңмен (қиянат жасамау) қорға. (М.Ганди)

  • Адамдар бүгін жасаған игі ісіңізді, ертең ұмытып кетеді – бәрібір игі іс жасауды жалғастырыңыз. 

Бекіту сұрақтары:

  1. Оқылым әрекетін жүзеге асыру үшін қойлатын талаптар.

  2. Дәйексөз дегеніміз не?

  3. Конспект дегеніміз не?

  4. Әдебиет:

1. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым. Алматы. Экономика, 2018 – 120бет Kazneb.kz
2. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым: шағын эссе мен шағын зерттеу жұмыстарын жазу. Алматы. Экономика, 2019 – 164бет Kazneb.kz.
3. Динаева Б.Б. Академиялық жазылым және оқылым. Алматы: Эпиграф, 2017ж. WebИРБИС
4. Мубараков А.М., Байғожанова А.М. Білім беру саласындағы педагогикалық зерттеулер жүргізудің әдіснамалық негіздері. Қарағанды: Ақнұр 2018ж https://aknurpress.kz/reader/web/1711

9.1.3.Тақырыбы: Ғылыми жұмыстарды дайындау. Дереккөздер, сілтемелер, әдебиеттер.


Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Ғылыми жұмыс құрылымы жән оған қойылатын талаптар

  2. Дереккөздерді анықтау

  3. Сілтемелерді рәсімдеу

  4. Электронды ресурстарды рәсімдеу

  5. Әдебиеттерді қолдану және рәсімдеу

Дәріс тезисі
Жоғары оқу орындарында студенттерді ғылыми-педагогикалық зерттеушілік қызметке даярлау, шын мәнінде әлеуметтік-педагогикалық мәселеге айналып отыр.
Ғылым обьективті ақиқатқа жетуге бағытталған:

  1. заңдылықтарды бейнелеуге бағытталған;

  2. алдын ала болжауға арналған;

  3. жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы нысаны;

  4. ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған білім негіздері;

  5. негізгі қағидалар мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер;

  6. табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми қағидаларға негізделген жүйесі;

  7. табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға бағытталған.

Студенттердің ғылыми жұмыстарының негізгі нәтижелері ғылыми конференцияларда, бдаяндамалар, курстық және дипломдық жұмыстар, мерзімді басылымдарда, ғылыми еңбектер жинақтарында мақалалар түрінде беріледі.
Ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптар.
Ғылыми жұмыстар келесі жалпы талаптарға сәйкес болу керек:

  • өзекті болу және қойылған тапсырманы орындау;

  • ғылыми зерттеу элементтерінен құралу;

  • материалдардың нақты құрылымы мен орналасу тізбегі болу;

  • әр түрлі қазіргі заманғы математикалық, ақпараттық, бағдарламалық және тағы басқа CASE-құралдармен орындалу;

  • жасалған бағдарламалық ұйымдастырылу сипаттамасымен листингісі түрінде алынған нәтижелерді дәлелдеу.

Ғылыми жұмыстың әр тарауы тарау бойынша зерттеу нәтижесі жасалған жалпы қорытындымен аяқталуы тиіс. Ғылыми жұмыс жазғанда формальді-логикалық сипаттау әдісі мен фактілердің объективті констатациясы бар мазмұндаманың ғылыми мәнері қолданылу керек. Мазмұнды сипаттама құрылымдық және үрдістік сызбалар, диаграммалар, алгоритм сызбалары, математикалық модельдер түріндегі систематехникалық шешімдермен көрсетілу керек.
Жазу тілі кәсіби сауатты, талдау 3- жақта болу керек.
Бекіту сұрақтары

  1. Ғылыми стиль дегеніміз не?

  2. Ғылыми стиль жанрларын атаңыз

  3. Зерттеу жұмысының қандай түрлерін білесіз?

  4. Оқу-ғылыми стильге қандай жанрлар жатады?

  5. «Академиялық мәтін» ұғымына анықтама беріңіз

  6. Ғылыми мәтін неден тұрады?

Әдебиет:
1. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым. Алматы. Экономика, 2018 – 120бет Kazneb.kz
2. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым: шағын эссе мен шағын зерттеу жұмыстарын жазу. Алматы. Экономика, 2019 – 164бет Kazneb.kz.
3. Динаева Б.Б. Академиялық жазылым және оқылым. Алматы: Эпиграф, 2017ж. WebИРБИС
4. Мубараков А.М., Байғожанова А.М. Білім беру саласындағы педагогикалық зерттеулер жүргізудің әдіснамалық негіздері. Қарағанды: Ақнұр 2018ж https://aknurpress.kz/reader/web/1711

9.1.4.Тақырыбы: Эссе және дайындау реті


Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Эссе және дайындау реті

  2. Эссе стилі

Дәріс тезисі:
Эссе – прозалық әдеби жанр. Француз тілінен аударғанда «очерк» немесе «нобай» деген мағынаны білдіреді. Эссе автордың дара әсерін, белгілі бір мәселеге қатысты көзқарасын көрсетеді. Ол белгілі бір сұраққа толық жауап бермейді, тек сол мәсеге қатысты өз ойын немесе әсерін көрсетеді.
Эссе жазу кезінде логика, ойды дәйектеу мен ақпаратты сауатты жеткізу қабілеті жақсы дамиды. Баяндау стилі көбіне сөйлеуге бағытталған.
Эссенің сипатты ерекшеліктері: Эссені дұрыс жазу үшін, алдымен оны басқа жанрлардан ажырататын ерекшеліктерді ескеру қажет.
Эссенің негізгі белгілері:

  • Мәселені қамтитын және оқырманның ойлануына ықпал ететін белгілі бір қысқа тақырыптың болуы.

  • Субъективті авторлық ұстаным. Эссені ерекшелейтін нәрсе – онда қандай да бір мәселеге тоқталған автордың көзқарасы, оның әлемге деген қатынасы, сөйлеуі мен ойы болады.

  • Сөйлеу стилінде жазылады. Эсседе күрделі тұжырымдар мен тым ұзақ сөйлемдер болмауы керек. Оқырманмен байланыс орнату үшін еркін стильді ұстану маңызды. Сонымен қатар, эссені іші сленгке толған сапасыз мәтінге айналдырып, артық кетудің қажеті жоқ. Мәтінге – әртүрлі интонация қолданылған қысқа, қарапайым және түсінікті сөйлемдер жақсы эмоционалдық өң береді.

  • Мәселеге толық талданым жасау. Жеке көзқарасты нақты деректерге сүйене отырып көрсетіп, дәлел келтіру керек.

  • Салыстырмалы түрде қысқа болғаны жөн. Қанша бет болатынына қатысты ешқандай шектеулер жоқ, бірақ эссе шағындығымен ерекшеленеді.

  • Құрылысы еркін болады. Эссе – қандай да бір нақты шеңбердің аясында жазылмайды. Мәтіннің құрылысы мәселеге әртүрлі жағынан қарауға тырысатын автордың логикасына бағынады.

  • Көзқарасты жеткізу логикасы. Еркін құрылысқа қарамастан, эсседе ішкі тұтастық, пікірін білдіретін авторлық мәлімдемелердің дәйектілігі болуы керек.

Осылайша, эссе баяндаудың ерекше стилімен ерекшеленеді, оның мақсаты оқырманның ойлануына түрткі болу. Эсседе автор өзінің көзқарасына көндірмейді, ол өз ойы арқылы оқырманды ойландырып, мәселені талқылауға шақырады.
Эссе қалай жазылады?
Эссені дұрыс жазу – жанрдың ерекшеліктерін түсінуге байланысты. Жазудың негізгі принциптері мен ұсыныстарын ұстанып жазса, эссе қызықты болады.


Бекіту сұрақтары:

  1. Эссе жұмысының түрлері қандай?

  2. Эссе дайындау реті.

Әдебиет:
1. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым. Алматы. Экономика, 2018 – 120бет Kazneb.kz
2. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым: шағын эссе мен шағын зерттеу жұмыстарын жазу. Алматы. Экономика, 2019 – 164бет Kazneb.kz.
3. Динаева Б.Б. Академиялық жазылым және оқылым. Алматы: Эпиграф, 2017ж. WebИРБИС
4. Мубараков А.М., Байғожанова А.М. Білім беру саласындағы педагогикалық зерттеулер жүргізудің әдіснамалық негіздері. Қарағанды: Ақнұр 2018ж https://aknurpress.kz/reader/web/1711

9.1.5. Тақырыбы: Реферат және дайындау


Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Рефераттың құрылысы

Дәріс тезисі:
Реферат (латынша referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарында жасалатын баяндамалар да, ғылым кандидаты немесе докторанты дәрежесін алу үшін диссертация қорғаушының авторефераты да Рефератқа жатады.
Рефераттың құрылысы
Кіріспеде әдетте курс жұмысына (бітіру жұмысына) өзек, тақырып болып отырған мәселенің әдебиеттегі орны, егер ол жекелеген бір туынды болса, авторының шығармашылығы (өмір жолы емес) жайлы қысқаша шолу жасала келе, тақырыптың маңыздылығы, оны қалай қарастыратыны, яғни студенттің алдына қойған мақсат-міндеті байыпталады.
Негізгі тарауда кіріспеде тұжырымдалған мақсат-міндетке сәйкес негізгі мәселелер қарастырылады. Яғни, негізгі зерттелінетін мәселенің ғылыми талдау мен зерттеу жұмыстарына баса назар аударылады.
Бекіту сұрақтары:

  1. Рефератқа қойылатын талаптар?

Әдебиет:
1. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым. Алматы. Экономика, 2018 – 120бет Kazneb.kz
2. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым: шағын эссе мен шағын зерттеу жұмыстарын жазу. Алматы. Экономика, 2019 – 164бет Kazneb.kz.
3. Динаева Б.Б. Академиялық жазылым және оқылым. Алматы: Эпиграф, 2017ж. WebИРБИС
4. Мубараков А.М., Байғожанова А.М. Білім беру саласындағы педагогикалық зерттеулер жүргізудің әдіснамалық негіздері. Қарағанды: Ақнұр 2018ж https://aknurpress.kz/reader/web/1711

9.1.6. Тақырыбы: Плагиаттық және одан сақтану жолдары.


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Плагиатық ұғымына түсініктеме.

  2. Плагиаттықтан сақтану жолдары.

  3. Төл сөз және төлеу сөздің мәні.

Дәріс тезисі:
Компьютер сауаттылығымен қатар, ғаламтордың дамуы адами белсендiлiктiң әртүрлi салаларында плагиаттың енуiне мүмкiндiк туғызады: плагиат бiлiмде өткiр мәселе болып, өнеркәсiп және ғылыми қоғамдастықта да өршіп тұр. Плагиат (лат. plaqіo – ұрлау, ұрлық) – басқа aвтордың әдеби немесе ғылыми туындысын иемдену, шығарма үзінділерін өз еңбегінде авторын көрсетпей пайдалану.
Бөтен шығарманы немесе оның бір бөлігін түпнұсқасын атамай, өз атынан жариялағанда, із жасыру үшін түрлі әдістер қолдану да кездеседі. Мысалы, мәтінге кейбір өзгертулер енгізу, басқа сөзбен алмастыру, т.б. Мұндай өзгертулер көп болса, плагиатты дәлелдеу оңайға түспейді, арнайы салыстырып тексеруді қажет етеді. Плагиаттық жасап, басқа біреудің шығармасын иемденіп, еңбегін пайдаланған адам авторлық құқықты бұзғаны үшін заң алдында жауапқа тартылады.
Авторлық ұрлық мүмкiн – құқықтық заңнаманы және патент заңнамасын бұзу болсын тиісті сапада заңдық жауапкершiлiкке әкеп соқтыруы ықтимал. Басқа жағынан, плагиат мына салаларда жиірек болып келеді. Мысалы, зияткерлiк меншiктiң өнімдерінің қандай да болмасын түрінде, математикада және басқа iргелi ғылыми пәндерде кездесіп жатады.
Ең жиi ұрлық бөтен шығарманы өз есiмімен жариялауда байқалады немесе бөтен идеяларды, сондай-ақ бөтен шығармалардың фрагменттерiн жөн-жобасыз алып, оның пайдаланған көзін көрсетпеу. Ұрлықтың белгiсi авторлықты иемденуi болып табылады. Өйткенi пайдаланудың дұрыс емес жарияланымы, көшіруі т.б. шығармалар авторлық құқықпен қорғалатын, өзі ұрлық емес болып көрiнедi, оны ұрлық емес, авторлық құқыққа жасалған қарақшылық деп көрсетсек болады. Авторлық құқыққа жасалған қарақшылық интеллектуалдық еңбектiң нәтижелерiн заңсыз пайдаланудан ұрлыққа айналып және авторлықтың жариялайтын бетiмен иемдену.
Зерттеу материалдарын сараптай келе, тәуелдiлiктің түр-түрімен және қолдану саласына қарай, плагиатты шартты түрде төртке бөліп, әрқайсысының зерттеу обьектісін беруге болады:
Бірінші, кәсiби – кәсiби мақсаттардағы интеллектуалдық, шығармашылық, кәсiби жетiстiктерiн (абырой, табыс, марапат, мойындаушылық және оған ұқсас) иемденудi ескередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет