Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6B01503 "Информатика" Пән циклы атауы және коды



бет5/19
Дата23.06.2022
өлшемі0.55 Mb.
#174703
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Syllabus Академ жазу Akzada

Бекіту сұрақтары:
1.Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері дегеніміз не?
2.Бақылау әдісі, оның түрлері, жүргізілуреті қандай?
3.Эксперимент дегеніміз не, оның міндеті, мақсаты, түрлері?
4.Эксперименттік бағдарлама құрлымы қандай?
5. Эксперименттің негізгі сатыларын сипаттаңыз.
Әдебиет:
1. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым. Алматы. Экономика, 2018 – 120бет Kazneb.kz
2. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым: шағын эссе мен шағын зерттеу жұмыстарын жазу. Алматы. Экономика, 2019 – 164бет Kazneb.kz.
3. Динаева Б.Б. Академиялық жазылым және оқылым. Алматы: Эпиграф, 2017ж. WebИРБИС
4. Мубараков А.М., Байғожанова А.М. Білім беру саласындағы педагогикалық зерттеулер жүргізудің әдіснамалық негіздері. Қарағанды: Ақнұр 2018ж https://aknurpress.kz/reader/web/1711

9.1.9.Тақырыбы: Гипотеза және оны құру.


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Гипотеза туралы түсінік

  2. Гипотеза құру жолдары.

  3. Гипотеза түрлері.

Дәріс тезисі:
Гипотеза теориясы толығымен шығармашылық теориясына кіреді және оның бөлігі болып табылады. Гипотезаның мағанасы, мәні жағынан шығармашылық ойлаудың формасы ретінде көптеген жаратылыстанушылыр, философтар және логиктер талқылады. Сонымен қатар, гипотеза проблемасын ашуға бағытталған жұмыстарда бірқатар кемшіліктер болды. Олар гипотезаны шығармашылық теориясынан тыс қарастырып, дәстүрлі және диалектикалық логиканың кейбір маңызды байланыстарын көрсете алмады. Гипотеза шығармашылық ойлаудың формасы ретінде формальды логиканың категориясы емес, диалектикалық логиканың категориясы екенін елемеді. Кейбір авторлар формальды логиканың контекстінде гипотезаның диалектикасын ашуға тырысты. Осыларды есепке ала отырып, біз басты назарды айтылғандарға жаңа көзқараспен қарауға бұрамыз.
Гипотеза (гректің – негіз, жорамал) - дегеніміз қайшылықты проблемаларды қалай шешу туралы жорамал. Осы тұрғыдан, шығармашылық ізденістің формасы. Шығармашылық жаңа заттарды, жүйелерді немесе әрекеттің жаңа тәсілін шығарумен сипатталады. Ендеше, гипотеза проблемалардың қайшылығын шешетін заттардың, жүйелердің құрылымы мен қасиеті туралы жорамал немесе шешетін іс-әрекеттің тәсілі туралы жорамал деуге болады.
Формальды логикада гипотезаға қандай да құбылыстың себебі туралы жорамал деп анықтама беруі гипотезаның ролін тарылтып, оның танымдық функциясының бір бөлігін ғана қамтиды. Оның қолдану аумағын шектейді. Мәдениет тарихы көрсеткендей, гипотезалар тек құбылыстардың себебін ғана емес, сонымен қатар, олардың мәнін, құрылымын, формаларын, сандық және сапалық айқындылығын түсіндіру үшін ұсынылады. Зерттеудің – ізденістің пәні бола алатындардың барлығы – гипотезаның пәні болады; ғылыми танымның былайша айтқанда, ғылыми теорияның пәні бола алатындардың барлығы ғылыми гипотезаның пәні болады [1].
Гипотеза – бұл дүние туралы және оны қайта өңдеудің жолдары туралы білімдердің даму формасы, пайда болатын қайшылықтарды шешудің және шығармашылық ізденістің айрықша формасы. Таным дамуындағы гипотезаның функциясын түсіну үшін таным үрдісінде гипотезаға жүгіну аса қажет болғанда, таным қозғалысы гипотеза ұсынбаса мүмкін болмай қалған кезеңін анықтау өте маңызды. Бұл кезең проблеманың, проблемалық ахуалдың шыққан кезеңі болып табылады. 
Жаратылыстанудың даму формасы гипотеза. Дамудың бастапқы пункті гипотеза: бұл дамудың мүмкіндігі аз гипотезадан мүмкіндігі жоғары гипотезаға жүретінін білдіреді. Ғылым гипотезалармен дамиды делік, алайда, ғылымды ұзақ уақыт бойы оқып үйреніп, гипотезаны бірде-бір кездестірмеуге болады. «Адам – ғылым» қатынасы әртүрлі болады. Оның екі аспектісін бөліп қарастырайық. Біріншісі, тұтынушылық аспекті. Мұнда адам ғылым нәтижелерін әртүрлі практикалық мақсаттарын шешу үшін қолданады. Қазіргі кезде адам білімді оқу орындарында тәлім-тәрбие алу кезінде алады. Педагогтар пайдалы мақсатты көздеп, ғылымнан алынған нәтижелерді, білімнен алынған жүйелерді (ұғымдар, принциптер, заңдар) үйретуге тырысады. Олардың ақиқаттығын, практикалық іс-әрекетте оларды қолдану мүмкіндігін шамасы келгенше көрсетеді. Олар көбіне ғылымдардың құбылыстардың мәнін тануда кездестірген күрделі қайшылықтарды ашпайды. Жаңалықтардың ашылу тарихын айтуға уақыттары жоқ, көбіне қажет етпейді. Сондықтан, мысалы, педагогтар кейбір пәндерді білім алушылар-ға оқытқанда «гипотеза», «проблема» деген ұғымдарды бірде-бір қолданбайды. Бұл аспектіде ізденіс, зерттеу мәселелерін қарастырмай, тек ғылымның жетістектерін, нәтижелерді оқытады. 
«Адам – ғылым» қатынасындағы екінші аспект ізденіс аспектісі жаңа заңдылықтарды іздеумен, бірінші мәннен екіншісіне, одан үшіншісіне осылай жоғарылай ене беруге, жаңа білім алумен ерекшеленеді. Бұл аспект зерттеуші, жаңа білімдерді шығарушы аспект болып табылады. Ғылым, әсіресе, жаратылыстану ғылымы әрқайсысы жекелеген проблемаларды шешетін, мыңдаған зерттеушілермен жүзеге асатын тынымсыз ізденістердің барысында дамиды. Барлық адамзаттың ортақ ісі болған әлемді тану жеке ғалымдармен және ұжымдармен жүзеге асады.
Таным үрдісінде көптеген сұрақтарға жауаптар фактілерді бекіту формасында алынуы мүмкін. Гипотезалар құру басқа танымдық жағдайлармен байланысты болмақ. Онда адам тікелей сезімдік қабылдауға, бақылауға болмайтын, құбылыстың үстінен көрінбейтін заңдар мен мәндерді ашуға ұмтылады. «Гипотеза қажет, өйткені, біздің сезім мүшелеріміздің «көру алаңы» аяқталғанда, ойлау ары қарай енудің жалғыз құралы болып қалады, ал, гипотеза - ол жақта не болатынын болжайтын жалғыз тәсіл» [2]. Быков В.В. былай жазады: «Ғалымдар гипотеза ұсынбай немесе теорияның гипотетикалық сөйлемі негізіндегі тұжырымдамасыз зерттеуде бірде-бір қадам жасай алмаған болар еді» [3]. Ғылыми гипотеза, идея және концепциялар ұсыну танымдық іс-әрекеттің орталық кезеңі болып табылады.
Шығармашылық тарихын, жалпы мәдениет даму тарихын зерттеулер гипотезаны тек ғылыми ойлауда, жаратылыстану ғылымдары дамуында ғана колданылмай, қоғамдық ғылымдар дамуында, техника дамуында, мәдениеттің кез келген саласы дамуында колданылғанын көрсетеді. Әрине, ғылымдаға гипотеза формасы жағынан техникадағы гипотезадан, өнердегі және шахматтағы гипотезадан айырмашылығы бар. Алайда, олардың көрініс ерекшелі шығармашылық ойлаудың формасы ретінде гипотезаның әмбебаптығы туралы қорытындыны теріске шығармайды.
Гипотеза шығармашылық ойлаудың формасы ретінде ертеректе тек формальды логика курсында қарастырылатын. Мұндай дәстүр тарихи қалыптасқан еді. Ұзақ уақыт бойы ( ХУІІІ ғ.дейін) формальды логика ойлаудың заңдары мен формалары туралы ғылым болып есептелді. Формальды логикада индуктивті және дедуктивті пайымдауды талдау, қорытынды білімді құрастыру ережесін талдау орталық орын алды. Мұнда гипотеза зерттеушілердің назарынан тыс қалды. Алайда, индукция да, дедукция да жаңа білімдердің шығуын, оларды алу жолдарын шеше алмады. Логиканың мұндай шектеулігін бірінші болып көрген экспериментальды жаратылыстанудың негізін қалаушы, ағылшын философы Ф.Бэкон болды. «Қазіргі қолда бар логика ғылымдағы жаңалық ашу үшін пайдасыз болып қалды» [4]. Формальды логиканың жаңа білімді алу жолында әлсіз екендігін аса ірі жаратылыстану ғылымдары – Н.Бор, В. Гейзенберг, М.Борн т.б. өкінішпен айтып өтті. Формальды логика белгілі типтегі мәселелерді толық шешудің жақсы құралы бола тұра, ғылыми шығармашылық үрдісінің өзін, жаңа ұғымдардың шығуын түсіндіруге келгенде шарасыз болып қалатын көрінеді. Осы позицияны қолдай отырып, П.В. Копнин ойлау қозғалысының жаңа нәтижеге жету үрдісін оқып үйрену қажет деп ой түйіндеді. [5]. Қазіргі уақытта шығармашылық ізденістің айрықша формасын, заңдылықтарын ашу қажеттілік ретінде сезілуде. Барлық жаңа нәрселер, сонымен бірге жаңа білімдер шығармашылық үрдісінде шығады. Оның проблемаларын шешу гипотеза ұсынудан басталады. Гипотеза – шығармашылық ойлау формасы, оның заңдары мен формалары диалектикалық логика арқылы ашылады. Диалектикалық логика формальды логиканың кемшіліктері мен шектеуліктерін жойып, жаңа білімдердің тууы мен дамуы логикасына айналды. Диалектикалық логика шығармашылық логикасы ретінде гипотезаны шығармашылық ойлаудың логикасы, оның үрдісінде қоғамды пайда болған қайшылықтар ашылып, проблемаларды шешу, іздеу жүзеге асады деп түсіндіреді. Ізденіс гипотеза қоюдан басталады. Ол шығармашылық үрдісінде айқын көрінеді.
Енді гипотезаның ерекшелігін, оның шешім іздестірудегі ролін тереңірек түсіну үшін оның түрлеріне тоқталып өтейік.Олар: жорамал, жұмыс гипотезасы және ғылыми гипотеза.
Шындық дүниеге проблемалық қайшылық білдіріп тұрған фактілірді, проблемалық ахуалды талдай отырып, зерттеуші шындықтың заңдары мен қасиеттері жайлы білімге сүйеніп, проблеманы шешудің принципі, идеясы туралы алғашқы жорамалды айтады. Жорамал ұсына отырып ары қарай зерттеушіні проблеманы шешудің идеясын, принципін, тәсілін іздестіру қызықтырады. Көбіне зерттеуші бұл принципті көре алмайды, алайда, ізденісті бастау керек, гипотеза құрудан басқа тәсіл болмайды. Сондықтан, алғашқы жорамал, шындығында, шешім принципін ашуға ие бола алмайды. Ол түсіндіруге тиіс фактілерді, проблемалық ахуалдарды талдауды бастау үшін жасалынады. Енді бұдан соң, белгілі дәрежеде негізделген және ұсынылған жорамал жұмыс гипотезасы ретінде қарастырылады.
Жұмыс гипотезасы уақытша жорамал ретінде зерттеуге ұйымдастырылған, мақсатқа ұмтылыстық сипат беру үшін ұсынылады. Ең бастысы қызметтік роль атқарады. Жұмыс гипотезасы шешім принципін ашуға ие бола алмайды, ол проблемалық ахуалды бағыттау үшін құрал табу мақсатын көздейді. Ол бақылау нәтижелерін, фактілерді топтастыруға мүмкіндік береді. Ол - іздестіру қаруы, проблема шешімін іздеу үшін бастапқы мәліметтерді логикалық өңдеу құралы. 
Ал, сот-тергеу істерінде жеке фактілерді түсіндіруде немесе үлкен қылмыстық істер жиынтығын тергеуде фактілерді әртүрлі түсіндіретін бірнеше гипотезаларды жиі ұсынады. Оларды болжамдар деп атайды. Болжамды тексеру барысында жаңа фактілерді жұмылдырады. Мысалы, жеке күмәнді адамның қылмысы айғақталса, онда кейбір болжамнан бас тартуға тура келеді. Яғни, болжамды тергеу ісі бағыттап отырады. Тергеуші енді фактілердің расталуына немесе терістелуіне байланысты жаңа фактілерді іздеп, оны саралайды. Бір болжамды теріске шығару жаңа, біршама негізделген болжамды ұсынуға жағдай жасайды. Қылмысты ашуды тездету үшін, дұрысында, барлық ұсынылған болжамдар тергеледі.
Ғылыми гипотезаның жұмыс гипотезасынан айырмашылығы, енді ол проблеманы шешуге, бұрын түсіндірілмеген құбылыстардың мәнін, себебін, олардың шығу және даму заңдылықтарын түсіндіруге иелік етеді және ол туралы ашық айтады. Оған негіздеудің жоғары сипаты тән, тексерілген фактілерге сүйенеді және шындық дүниенің бұрынғы қалыптасқан заңдылықтарын ескереді. Жорамалдан ғылыми гипотеза өзінің пәнімен ғана емес, ондағы білім мазмұнының негізделу сипатымен және деңгейімен ерекшеленеді . Ғылыми білім (теория) өзінің анық-қанығымен, жүйелігімен, қалыптасқан білімдермен логикалық байланысымен, логикалық қарапайымдылығымен сипатталады. Гипотеза ғылыми білімдер жүйесіне кіреді, ғылымның маңызды, айрықша элементі болып табылады. Ғылыми гипотезаның жорамалдан немесе жұмыс гипотезасынан және бір айырмашылығы, гипотезаның ғылымдылығының шарты ретінде шығып, бірқатар талаптарды қанағаттандыруы тиіс. 
Сонымен, қорыта айтқанда, гипотезаның түрлері: жорамал, жұмыс гипотезасы, ғылыми гипотеза оның даму кезеңдері болып табылады. Жорамал жұмыс және ғылыми гипотезаның қалыптасу элементі және даму кезі деуге болады. Ал, жұмыс гипотезасы негіздеу өлшеміне байланысты ғылыми гипотезаға айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет