Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6B01503 "Информатика" Пән циклы атауы және коды



бет6/19
Дата23.06.2022
өлшемі0.55 Mb.
#174703
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Syllabus Академ жазу Akzada

Бекіту сұрақтары:

  1. Гипотеза дегеніміз не?

  2. Гипотезаның қандай түрлері бар?

  3. Ғылыми гипотеза дегеніміз не?

  4. Жұмыс гипотезасы деп нені айтамыз?

Әдебиет:
1. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым. Алматы. Экономика, 2018 – 120бет Kazneb.kz
2. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым: шағын эссе мен шағын зерттеу жұмыстарын жазу. Алматы. Экономика, 2019 – 164бет Kazneb.kz.
3. Динаева Б.Б. Академиялық жазылым және оқылым. Алматы: Эпиграф, 2017ж. WebИРБИС
4. Мубараков А.М., Байғожанова А.М. Білім беру саласындағы педагогикалық зерттеулер жүргізудің әдіснамалық негіздері. Қарағанды: Ақнұр 2018ж https://aknurpress.kz/reader/web/1711

9.1.10. Тақырыбы: Мәліметтерге талдау жасау.


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Мәліметтерді жинақтау жолдары

  2. Мәліметтерді сипатау

  3. Факторлық талдау.

Дәріс тезисі:
Зерттеу жұмысына байланысты жинаған мәліметтер жазба жұмысында оқырманға түсінікті етіп жеткізілуі қажет. Мәліметтер сауалнама және сұхбат алу, құжаттар мен статистикалық мәліметтерге зерттеу жасау сияқты жолдармен жиналады. Сауалнама немесе сұхбат және басқа да статистикалық мәліметтер жазба жұмысында талдау арқылы беріледі. Оқырманға түсінікті болу үшін талданған мәліметтерді түрлі графикалармен, шеңберлермен және кестелермен беруге болады. Бұл арнайы компьютер бағдарламалары арқылы жасалынуы мүмкін. Ондай бағдарламалар түріне Exel, SPSS, STATA, Greti, SPAD және тағыда басқа бағдарламаларды жатқызуға болады.
Мәліметтерді талдау барысында әр түрлі кескіндерді қолдану күрделі ақпараттарды, яғни құбылыстарды, үдерісті анық түсінікті етіп жекізуге көмекттеседі. Сонымен қатар, кескіндер мәліметтегі маңызды ақпаратты айқындауға септігін тигізеді. Кескіндердің бірнеше түрі бар, олар: графикалар мен кестелер, техникалық диаграммалар, суреттер және т.б.
Кескіндерді қолданбай тұрып, олардың қолдану мақсатын, қолдану барысында қалай мәліметтерді тиімді жеткізу жолдарын ескеру керек. Кескіндер жасап болған соң байқалған не жеткізілуі тиіс негізгі ақпараттарды сипаттап беру керек. Бұл әдетте нәтижелерді сипаттау бөлімінде жазылады.
Мәліметтерді сипаттау барысында ең алдымен негізгі ақпаратқа, тұжырымға көңіл бөлген жөн. Алдайттын және сипаттайын негізгі мәлімет туралы сенімді болу қажетт, яғни графикадағы сипатталған басты ақпараттар анықталып алынуы тиіс. Қолданылған кескінді дұрыс сипатталғандығын мынадай қарапайым сұрақтарды қою арқылы тексеруге болады: Мәлімет не туралы? – Негізгі өзгерістер қандай? Мәселен ауа райын сипаттайтын кесте болса, қай кезде тым жоғарыланып немесе өте төмен болып кеткен? – Бағыты қандай?
Негізінен басты өзгерісті немесе құбылысты тауып алып, соған ұқсас өзге құбылыстарды қоса сипаттау қажет. Дегенмен, талдау барысында мына жайттарды ескерген дұрыс: - Көп ақпаратты берудің қажеті жоқ; - Графикада берілген барлық құбылысты, яғни ақпаратты сипаттап немесе талдап беру қажет емес; - Графиканы сипаттау барысында басынан аяғына дейін, яғни солдан оңға қарай сипаттау міндетті емес.
Факторлық талдау. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында жұмыс тақырыбы мен зерттеу сұрағына байланысты факторлық талдау, яғни факторлық анализ жасауға тура келеді. Мұндай зерттеу белгілі бір көрсеткіштің («у» деп ттаңбаланып, «тәуелді көрсеткіш» деп аталады) нәтижесіне қандайда бір көрсеткіштердің («х» деп таңбаланып, «тәуелсіз көрсеткіш» деп аталады, бұл бірнешеу болуы мүмкін) әсерін анықтау мақсатында жасалады. Факторлық талдау жасау кез келген зертттеушіге белгілі бір үдеріске әсер етуші жайттарды анықттап беруге ықпал етеді.
Компьютерлік бағдарламаларды қолданып тталдау жасау барысында көрсеткіштер атауы мен сауалнама жауаптары кодталуы мүмкін. «Кодталу» дегеніміз - көрсеткіштер атауы мен сауалнама жауаптарын бағдарламаға енгізіп, талдау жасауға ыңғайлы болу үшін қысқартылып немесе сандар түрінде таңбалануы мүмкін. Сондықтан, көрсеткіштер атауын түсінікті етіп жазып, сипаттап беру қажет.
Факорлық талдау бір факторлы немесе көп факторлы болуы мүмкін. Бір факторлы талдау екі көрсеткіштің арасындағы өзара байланысты анықтауға негізделеді. Мысалы, «Алматы қаласы ауасының ластынуы Алматыдағы көліктер санының артуымен байланысты ма?» деген сұраққа жауап беру үшін осы екі көрсеткіш арасындағы байланыс қана тексеріледі. Егер бір тәуелді көрсеткішке екі немесе одан да көп тәуелсіз көрсеткіштердің өзара байланысының қаншалықы әсері бар екенін анықтау үшін жасалатын болса, мұндай талдау көп факторлық алдау деп аталады.
Факторлық талдаудың нәтижелерін кестелер мен графикаларды қолдана отырып жазба жұмысында сипаттама беру қажет. Талдау нәижесінде тәуелді көрсеткішке тәуелсіз көрсеткіштердің оң немесе теріс әсері түсінікті етіп талданып жазылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет