Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6B01503 "Информатика" Пән циклы атауы және коды



бет7/19
Дата23.06.2022
өлшемі0.55 Mb.
#174703
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
Syllabus Академ жазу Akzada

Бекіту сұрақтары:

  1. Бір факторлы талдау дегеніміз не?

  2. Көп факторлы талдау дегеніміз не? Мысал келтір.

  3. Мәліметті талдау барысында нелікен маңызды ақпаратты сипаттауымыз керек?

  4. Кестелер мен графикалардан маңызды ақпараттарды қалай көруге болады?

Әдебиет:
1. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым. Алматы. Экономика, 2018 – 120бет Kazneb.kz
2. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым: шағын эссе мен шағын зерттеу жұмыстарын жазу. Алматы. Экономика, 2019 – 164бет Kazneb.kz.
3. Динаева Б.Б. Академиялық жазылым және оқылым. Алматы: Эпиграф, 2017ж. WebИРБИС
4. Мубараков А.М., Байғожанова А.М. Білім беру саласындағы педагогикалық зерттеулер жүргізудің әдіснамалық негіздері. Қарағанды: Ақнұр 2018ж https://aknurpress.kz/reader/web/1711

9.1.11. Тақырыбы: Зерттеу бөлімі бойынша кіріспе бөлімін жазу.


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Зерттеу бөлімі бойынша кіріспе бөлімін жазу

Дәріс тезисі:
Кіріспе жазба жұмысының ең көп оқылатын бөлімі. Кіріспе зерттеу жұмысының бірінші бөлімі болғандықтан оған қойылатын талаптар да жоғары. Сондықан, кейде кейбір студенттер үшін кіріспе бөлімді жазу біршама қиындықтар тудыруы мүмкін. Жақсы жазылған кіріспе қашанда зерттеу жұмысының тақырыбымен және зерттеу сұрағымен таныстырып, оқырманның жұмысты оқып шығуға деген қызығушылығын оятады. Кіріспе ақырыпқа қатысты жалпы мәселеден, жазба жұмысының нақты қарастыратын шағын, жекелеген мәселесіне қарай оқырман ойын жетелеуге бағытталады. Тақырып жөніндегі осы кезге дейінгі көтерілген жайттарға шолу жасай отырып, зерттелуге тиіс сұрақ пен гипоезаға тоқталады және зерттеу мәселесіне байланысты қолданылатын зертеу әдісімен таныстырады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысының құрылымы сипатталып, жоспары беріледі. Неліктен кіріспені жазу қиындық тудыру мүмкін? Біріншіден, ешқашан қызығушылықты оятуға екінші рет мүмкіндік берілмейді. Жазба жұмысының параграфы, авттордың тұжырымы мен стилі және жалпы жазу мәнері сияқты ерекшеліктері оқырманның алғашқы қызығушылығын туындаттуы мүмкін. Екіншіден, кіріспеде жазылған жалықтыратын және қажетсіз ақпараттар оқырманды мәтінді оқу туралы құлшынысын жоғалуына септігін тигізеді.
Кіріспе мәтінінің негізі жоспары болып табылады. Кіріспе оқырманға беретттін бірақ мәліметті қамтиды. Кіріспе бөлімде мәтіннің тақырыбы, неліктен оның маңызды екені туралы және талқылаудың жоспары жөнінде жазылады. Көптеген академиялық пәндерде кіріспе бөлімде негізгі дәйек етіп алынған тұжырымның негіздемесін беруді алап етеді. Сонымен қатар, кіріспе дәйектеме реінде қарастырылып отырған тұжырымдардың параграфтарда берілуі мен ұйымдастырылуы жөнінде мәліметтерге қысқаша тоқалып өтуі тиіс.
Кіріспеде қамтылуы иіс негізгі мағлұматар:

  • Зерттеу жұмысының мақсаты;

  • Зерттеу сұрағы

  • Тақырыптарға байланысты еңбектерге шолу;

  • Негізгі кездесетін терминдерге шолу жасау және оқырманға түсініксіз болатын болса, оларға анықтама беру.

  • Мақала құрылымына сипатама беру.

Негізінен кіріспенің соңында жұмыстың негізгі тұжырымы мен қорытындысы және жалпы жұмыстың құрылымы жөнінде қысқаша мәлімет беріледі. Жақсы жазылған кіріспе тың жайтты көтеріп, қызығушылықты арттырады, ттақырыптан тыс жайтты қозғамай, тек зерттеу сұрағын талқылауға бағытталады.
Кіріспені жазу барысында мына кеңестерді есте сақаған жөн: Кейбір студенттер үшін кіріспені соңында жазған тиімді. Себебі, жазылым барысында ттүрлі ойлар туындап, олар эссе құрылымы мен кіріспенің жазылуына әсер етуі мүмкін.
Кіріспе көлемі жазылатын эссе көлеміне тікелей байланысты. Егер жиырма беттен тұратын ғылыми жұмыс жазылса, екі бет кіріспе жазылуы мүмкін. Сондықтан да, кіріспені көлемді түрде жазуға болмайды. Егер кіріспеде тақырып жөніндегі әдебиеттерге кеңнен тоқталу қажет болса, оны әдебиеттерге шолу бөлімінде жазуға болады.
Мүмкіндігінше ой анық болуы керек. Талқыланатын тақырып алғашқы сөйлемнен – ақ білінуі қажет. Ойды немесе тақырыпты алыстан қозғау жиі кездесетін қателік. Жоғарыда айтып өткендей кіріспе жазба жұмысының ең жиі оқылатын бөлімі, сондықтан бұл бөлім мүмкіндігінше жинақы, әрі жүйелі болуы тиіс. Автор ойын кіріспеде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет