Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6B01503 "Информатика" Пән циклы атауы және коды



бет8/19
Дата23.06.2022
өлшемі0.55 Mb.
#174703
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
Syllabus Академ жазу Akzada

Бекіту сұрақтары:

  1. Зерттеу бөлімі бойынша кіріспе бөлімін жазу

  2. Зерттеу бөлімі бойынша кіріспе бөліміне қойылатын талаптар

Әдебиет:
1. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым. Алматы. Экономика, 2018 – 120бет Kazneb.kz
2. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым: шағын эссе мен шағын зерттеу жұмыстарын жазу. Алматы. Экономика, 2019 – 164бет Kazneb.kz.
3. Динаева Б.Б. Академиялық жазылым және оқылым. Алматы: Эпиграф, 2017ж. WebИРБИС
4. Мубараков А.М., Байғожанова А.М. Білім беру саласындағы педагогикалық зерттеулер жүргізудің әдіснамалық негіздері. Қарағанды: Ақнұр 2018ж https://aknurpress.kz/reader/web/1711

9.1.12. Тақырыбы: Параграф және оның құрылымы.


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Параграфтың жазылу жолдары.

  2. Праграф құрылымы.

  3. Парграф жазу талапары.

Дәріс тезисі:
Параграф белгілі бір тақырыптағы ойды білдіретін бірнеше сөйлемдердің жиынтығы. Әдетте, академиялық жазылымда параграф бес және он сөйлемнен құралуы мүмкін, бірақ бұл міндетті емес. Сондықтан, талқыланатын тақырыбына байланысты параграф кейде бұдан көп немесе аз болып келеді. Параграф азат жолдан басталады.
Параграфтың жазу жолдары:

  • Параграфта айтылатын мәселемен таныстыру;

  • Мәселені ашу;

  • Түсіндіру;

  • Қортындылау.

Параграф жазу барысында оның құрлымына ерекшк назар аудару қжет. Параграф құрлымының негізін сақтау мәтінді, яғни ондағы ақпаратты барынша тез түсінуге мүмкіндік жасап қоймай, жазылым үдерісінің жүйелі жүзеге асуына ықпал етеді.
Параграф негізінен мынадай құрылымнан тұрады;
Негізгі сөйлем - негізгі ойды білдіріп, параграф басында келеді. Себебі бұл сөйлем осы бөлімнің басты идеясын білдіреді.
Көмекші сөйлемдер - негізгі сөйлемде берілген ойды түсіндіріп, талдау жасайды. Параграфтың тақырыбы жөнінде мысалдар мен мәліметтер береді.
Қорытынды сөйлем - параграфтың соңында жазылады. Бұл сөйлем негізгі ойды қайталау немесе параграф жөніндегі автордың қорытынды ойы ретінде берілуі мүмкін.
Әрбір параграф негізгі бір ойдың төңірегіне топтастырылуы қажет. Яғни, параграф негізгі бір ойды ғана білдіріп, барлық сөйлемдер сол ойды ашу, қолдау, дәлелдеу үшін қызмет етуі тиіс. Эссе жазу барысында параграфтар негізгі мәтіннің беретін ойын білдіру үшін құрыла отырып, автордың тұжырымдарын беруге бағытталады. Әрбір параграфта тұжырымды қолдау немесе жоққа шығару үшін оқыған материалдарға сілтеме беру қажет немесе қорытынды жасап отыру қажет. Мәтіннің сәтті жазылуы оның параграфтарының құрылымына тікелей байланысты. Сол себепті, параграфты жазу тиянақтылық пен ұқытылықты талап етеді. Параграфты бастамас бұрын параграфтың не жөнінде жазылатыны туралы нақты білу қажет. Негізгі тақырып бойынша басты тұжырымды білмей параграфты жазу мүмкін емес. Параграф жақсы жазылу үшін мынадай қарапайым сұрақтардың жауабын білген жөн:

  • Параграфтың беретін ұсынысы қандай болмақ? Егер параграф ұсыныс берілуі үшін жазылатын болса, мәселен «Мамандық таңдау. Қандай мамандық таңдауға болады? Неліктен?» немесе «Мұнайдың арзандауына әсер ететін факторлар» бұл пікірлерді жазбас бұрын, ұсыныс жөнінде мұқият ойланып алу қажет және тақырыптан ауытқымау жағын естен шығармау керек.

  • Параграфтың негізгі идеясы мен проблемасы қандай? Тақырыптың зерттеу сұрағы туралы ойлану немесе осы тақырыпқа қатысты негізгі идеялар мен мәселелер жөнінде қарастыру қажет. Параграфта негізгі тақырыпқа қатысты қысқаша түрде жауап берілуі тиіс.

  • Оқырманы кім? Кім үшін жазылды? Жазба жұмысының негізгі оқырманы кім екені жөнінде оәлану қажет. Олардың негізгі мамандығы, білімі қандай екені ескерілуі тиіс. Олар бұл тақырып жөнінде біле ме немесе қосымша түсіндіруді қажет ете ме деген мәселе ұмытылмауы тиіс.

Егер парграф үлкен эссенің бір бөлігі болды деп есептелсе, эссенің жоспары жазылатын параграфтың тұжырымын анықтауға үлкен септігін тигізеді.
Тұтас бір мәтіндегі параграфтар өзара байланысып, жүйелі логикалық оймен жазылуы тиіс. Параграфты алдыңғы жазылған жайтты қайта жазудан бастамау қажет. Оның бірінші сөйлемі оқырманның назарын тың жайтқа аударып, автор ойының қалай өрбіп жатқанын аңғартуы тиіс.
Жұмыс жазылып болған соң әрбір параграфтың алғашқы сөйлемін оқып, өзге сөйлемдерді оқымай-ақ эссе құрлымын, ондағы ойдың жүйелі түрде берілгенін байқауға болатынына көз жеткізу керек. Тұжырымдардың берілу реті мағыналықжағынан сәйкес келетіні және ойдың шашыраңқы емес екені, пікірлердің қайталанбайтындығына назар аудару қажет. Бұл мәселеге қанағаттарлық жауап ала алмаған жағдайда, параграфты қайта жазуға тура келеді.
Параграфты жүйелі жазу:
Әркім өз жазу стиліне қарай параграфты құруы мүмкін, дегнмен параграфты жазу барысында мынадай басты ережелерді сақтаған жөн:

  1. Параграфтың негізгі ойы мен тұжырымы болуы тиіс.

  2. Параграфтың алғашқы сөйлемі ондағы ойды немесе тұжырымды қолдайтын нақты ақпарат беруі тиіс.

  3. Алғашқы сөйлемнен кейін негізгі ойды немесе тұжырымды қолдайтын сөйлемдер жазылады. Яғни, тақырыпқа байланысты әдеьиеттерден алынған дәлелдер, аргументтер, статистикалық мәліметтер, фактілер, тұжырымдар, зерттеулер, және т.б. берілуі мүмкін. Егер идеяны қолдайтын дәлелдемелер табылмаса, ондай тұжарамды жазбаған дұрыс. Себебі идеялар қашанда дәлелдеуді қажет етеді, ал дәлелдерге сілтеме жасалынуы қажет.

  4. Үнемі мәліметтердің қалай дәлелденіп тұрғаны жөнінде ойлану керек.

  5. Параграфтың соңында жалпы тұжырымның немесе ойдың маңызды екенін көрсетіп, келесі параграфта баяндалатын тұжырымға бағдар берілуі тиіс.

  6. Оқырман параграфтың бірінші және соңғы сөйлемін оқу арқылы автордың ойы немесе тұжырымын түсіне алуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет