Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6B01503 "Информатика" Пән циклы атауы және коды



бет9/19
Дата23.06.2022
өлшемі0.55 Mb.
#174703
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
Syllabus Академ жазу Akzada

Бекіту сұрақтары:

  1. Параграф дегеніміз не?

  2. Параграф неше сөйлемнен құралуы мүмкін?

  3. Парагарафтың құрылымы қандай?

  4. Параграфтың негізгі қызметі қандай?

  5. Өз праграфыңызды тексеру үшін қандай сұрақтар қоюға болады?

Әдебиет:
1. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым. Алматы. Экономика, 2018 – 120бет Kazneb.kz
2. Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым: шағын эссе мен шағын зерттеу жұмыстарын жазу. Алматы. Экономика, 2019 – 164бет Kazneb.kz.
3. Динаева Б.Б. Академиялық жазылым және оқылым. Алматы: Эпиграф, 2017ж. WebИРБИС
4. Мубараков А.М., Байғожанова А.М. Білім беру саласындағы педагогикалық зерттеулер жүргізудің әдіснамалық негіздері. Қарағанды: Ақнұр 2018ж https://aknurpress.kz/reader/web/1711

9.1.13.Тақырыбы: Зерттеу жұмысының негізгі бөлімі.


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Негізгі бөлім құрылымы.

  2. Негізгі бөлімді жазу қағидалары.

Дәріс тезисі:
Кіріспе бөлімнен кейін эссенің тақырыбын талқылайтын, оның зерттеу сұрағына жауап беретін, негізгі тұжырымдар жазылатын – негізгі бөлім. Негізгі бөлім эссенің негізі болғандықтан көлемі жағынан барлық эссенің 80% қамтуы мүмкін. Негізгі бөлімді жазу үшін талқыланып, талданатын тұжырымдарды жоспарлап және оны жүйелеп алу қажет. Ол үшін мынадай қарапайым жайттарды жүзеге асыруға тура келеді: 1. Зерттеу тақырыбына байланысты материалдарды жинақтау; 2. Материалдар ішінен тақырыпқа байланысты мағлұматтарды жазып алу немесе белгілеп қою. 3. Табылған материалдарды тақырыпша бойынша топтастыру; 4. Топтастырылған тақырыпшаларға қарай шағын жоспар құру. Негізінен шағын эссенің жоспарының құрылымын былай беруге болады:
І Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
А. Бірінші параграфта қозғалатын тұжырым.
В. Екінші параграфа қозғалатын тұжырым.
ІІІ. Қорытынды.
Кейде эссе шағын болатын болса, екі түрлі мәселе немесе тұжырым бір параграфтың құрамында талқылануы мүмкін. Эссе көлеміне қарай әрбір мәселені жеке-жеке кеңінен талқылауға болады. Негізгі бөлім параграфтардан тұрады және әрбір параграф тақырыпқа байланысты жекелеген ойларды қамтиды. Негізгі бөлімді жазу үдерісі мынадай болуы мүмкін:

  1. Негізгі бөлімде қарастырылатын мәселені жоспарлап алғаннан кейін параграфтар жазуға кірісі. Параграфты алдыңғы параграфпен байланысттыруды ұмытпау.

  2. Сөйлемдердің қандайда мазмұнда болатының ойланып отыру. Идеяны келесі сөйлемдерде дамытып отыруы тиіс.

  3. Аяқталған сөйлемді оқып отыру. Ол граммаикалық стильдік қателердің болмауына үлкен әсер етеді.

  4. Негізгі бөлімді оқып, жоспарымен сәйкес келуін ексеру. Бұл тақырыптан кейін ауытқымай, жоспарға сай жұмыс жасалып жатқандығын тексеруге мүмкіндік береді.

  5. Басқа адамға оқытып, талқылату. Ол жұмыстың қателіктері және қаншалықты түсінікті, қызықты екені туралы айтып бере алады.

Негізгі бөлімнің негізгі мақстатты – зерттеу сұрағына жауап беру үшін талданатын мәселеге, тұжырымға жан-жақты талқылау жасау. Талқылауда екі немесе одан да көп тұжырымды тиімді немесе тиімсіз тұрғыда талқылауға болады. Талқылаудың негізі ретінде бір тұжырым ғана алынып, оқырманға сол тұжырымның тиімді және дұрыс екені дәлелденуі мүмкін. Академиялық жазылымда берілген барлық пікірлер дәлелденуі қажет.
Тұжырым – көзқарас және сенім.
Түсіндіру – автор не себепті сенеді.
Автордың дәлелі – көзқарасты дәлелдейтін фактілер, мәліметтер.
Дәйегі – дәлілдер тұжырымды қаншалықты нақтылайды.
Жалпы тұжырымды берудің мынадай екі жолы бар:

  1. Таразыланған көзқарас.

  2. Сендіру.

Негізгі бөлімді жазудың ең басты талабы сыни тұрғыда өзге авторлардың пікірлері мен
осы жұмыстың зерттеу нәтижесін талқылау және дәйектеу. Жазылым барысында ең негізгі ескеретін жайттың бірі автордың өз пікірін бере білуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет