«Білім беру жүйесінің инновациялық бағыттары мен даму перспективалары» атты ғылыми жинағына өтініш



Дата11.04.2019
өлшемі29 Kb.
#93530
түріСабақ

Дәстүрлі ши тоқу өнерінің гобелен өнерімен сабақтастығы

Ши тоқу өнері сонау ерте заманнан бері қазақ халқының төл өнері болып келеді. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетін өтеп келеді. Қазіргі таңда да өз мәнін жоғалтқан жоқ.

Гобелен көркем шығармашылық туындысы жатады. Пайда болуы ХХ ғасырдан басталған. Бірақ аз ғана уақыттың ішінде бүкіл дүние жүзіне тарап, әлемдік өнерге айналды.

Байырғы қазақ халқының дәстүрлі ши тоқу өнері ерте кезде дамығанымен, әлемдік өнер көшіне жаңадан қосылып келеді.

Ұлттың дәстүрлі ши тоқу өнері гобелен өнерімен тоғысып, гобелен өнерінің ерекше бір түріне айналды.

Ши тоқу өнері көшпелі және жартылай отырықшылықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазіргі уақытта да кеңінен пайдаланып келеді.

Гобелен өнері Франция, Италия, Испания, Германия елдерінде жақсы дамыған. Кейінірек ол Прибалтика, Кавказ, Ресейде кең өріс алды. Гобелен көркем шығармашылық туындыға жатады. Гобелен өнерінің қазақ қол өнеріне қадам басуы 1970 жылдардан басталады.

Ши – астық тұқымдасына жататын өсімдік. Биіктігі 50-250 см , сабағы көк, тік өседі. Маусым, шілде айында гүлдейді. Сабағынан ши тоқылады. Ши бұйымдары сырт көрінісіне қарай : ақ ши, ораулы ши, шым ши деп үш топқа бөлінеді. Қазақ халқы арасында осы түрлерінің әрқайсысы орны- орнымен қолданылады. Қабығынан тазартылған ақ шиді көбіне құрт, ірімшік т. б . жаю үшін қолданған. Түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһазы болған. Ал оның бойы тұтас оралмай әр жерінен оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атаған. Шым шидің кейде «жез ши» деп те атаған.

Шым ши тоқу қазақтың қол өнер саласында ерекше бір түрі. Өрнектеп ши тоқуда халық шеберлерінің көркемдік талғамы өзінің табиғилығымен көзе түседі. Шым ши тоқу өнерінде көбінесе геометриялық фигуралардағы төртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш, көпбұрыш т.б. оюлар қолданылады. Олар шым шидің бетін тұтас сәндеуге арналған . Қолөнер саласында басқа да түрлері сияқты ши тоқуды үйрететін арнаулы орын болмаған. Тек ұрпақтан- ұрпаққа дәстүр бойынша дамыған. Қазақтың өрнекті шым шиі , ең алдымен өзінің сәндік қызметімен ерекшеленеді.

Қазақ шеберлері өрнектеп ши тоқуда дәстүрлі тәжірибесі мол шеберлер табиғи таланты мен өнерпаздық дарындылығының арқасында алуан түрлі композициялы өрнек туындыларын жасай білген.

Гобелен өнері ХХ ғасырда Батыс Еуропада пайда болған. Гобелен- қабырғаға ілінетін кілем, картина немесе өрнекті сурет орнына, сондай-ақ терезе перде т.б. үшін пайдаланылатын сәндік көркем бұйым. Гобелен тоқуда кендір жіп, теңіз шөптері және жүннен иірілген жіп пайдаланылған.

Гобелен көркем шығармашылық туынды. Сондықтан гобелен өнерінің сәндік – қолданбалы өнерде алатын орны ерекше.

Прибалтика елдері гобелен тоқуда композициялық суретті толқын тәріздес бедерлесе, Ресей суретшілері гобеленді тықыр кілем үлгісімен тоқып, сюжеттік суреттермен бедерлеген .

Гобелен өнерінің қазақ қол өнеріне қадам басуы , қарқындап дамуы 1970 жылдардан тақырыптық, терең философиялық мазмұнды, көркем туындылардың алғашқы бастамасы қалыптасты. Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыттың ішінде жаңа сипатқа ие болды, гобелен өнерімен тоғысты.

Бұл өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан Қазақстан суретшілері ретінде Қ.Тыныбеков, Б. Зәурібекова, Сәуле және Әлібай Бапановтарды атауға болады.

Қазақ қолөнеріндегі тоқымашылықты дамытуда Сәуле мен Әлібай Бапановтардың қолтаңбасы ерекше. Ерлі зайыпты суретшілердің шимен жасаған гобелендері композициялық құрылымымен , ұлттық тақырыптағы мазмұнға сай орындалу шеберлігі мен көптеген шет елдерге танылған. Бапановтардың дала шиінің сабағына оюлап түр салып, одан шым ши жасауы халықтық дәстүрлі тоқыма өнерін шеберлікпен қайта жетілдіріп заман талабына сай үйлестіре білді.

Осындай аз ғана уақыт ішінде ұлттық ши тоқу өнері жаңа сипатқа ие болып, гобелен өнерімен тоғысқанын байқауға болады.

Қорыта айтар болсақ, гобелен өнері аз ғана уақыт ішінде әлемдік деңгейдегі өнер, көркем шығармашылық туындыға айналған.



Ал қазақтың ши тоқу өнері ғасырлар бойы тұрмыс пен шаруашылық қызметін өтеп қазіргі таңда гобелен өнерінің ерекше бір түріне айналған көркем шығармашылық туындыға жатады. Шым ши тоқу өнері классикалық гобелен тоқу өнері мен сабақтастып, әлемдік көркем өнердің біріне айналғанын көреміз .

Шым ши дәстүрлі қазақ өнерінің әлемдік өнерге қосқан өзіндік үлесі.
Каталог: uploads -> konspekt -> biologiya
biologiya -> Сабаќтыњ таќырыбы
biologiya -> Эволюциялық ілім
biologiya -> Сабақтың тақырыбы: §28. Өзгергіштік түрлері Сабақтың мақсаты
biologiya -> Сабақ мақсаты : Оқушыларға «Отан» ұғымын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері
biologiya -> Сабақ №1. Тақырыбы: Кіріспе
biologiya -> Сабаќтыњ технологиялыќ картасы № к‰нi
biologiya -> Тақырыбы: «Адамгершілік – асыл қасиет»
biologiya -> Сабақтың тақырыбы: Құстарды топқа бөлу
biologiya -> Сабақ тақырыбы: Өсімдіктердің тыныс алуы (6 сынып) Пән: биология Пән мұғалімі: Косанова Айжан Умиткалиевна


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет