Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: «Үй жануарлары және оның пайдасы»



жүктеу 74.53 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі74.53 Kb.

4 «Ертөстік» ортаңғы тобында ұйымдастырылған қалалық оқу қызметінің



технологиялық картасы
Тәрбиеші: Ниязбаева Алима Мұстафақызы

Білім беру саласы: _______Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:_______Тіл дамыту

Тақырыбы: ______«Үй жануарлары және оның пайдасы»

Мақсаты:

Білімділігі:Балаларды үй жануарларымен таныстырып, дұрыс атай білуге және қалай

дыбыстайтынын, қай жануардың дыбысы екенін танып білуге үйрету.

Дамытушылығы: Үй жануарларына байланысты тақпақ, сұрақ – жауап арқылы тіл

байлықтарын дамыту. Өз ойларын толық айтуға, байланыстырып

сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелігі: Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге, олардың бізге тигізер

пайдасын айту, күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, дидактикалық ойындар,

слайдпен жұмыс.

Керекті құралдар: Слайд, үй жануарларының және төлдерінің суреттері.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қорғаушы

-Балалар бүгінгі біздің оқу қызметімізге көптеген қонақтар келіп отыр екен. Олай болса алдымен қонақтармен амандасып алайық.


-Балалар бізге Әли мен Айя теледидар арқылы көңілді әуен жіберіпті.
-Назар аударайып, тыңдайық.

-Шаттық шеңберінде тұрып, көңілді әуенмен қонақтармен үш тілде амандасады амандасады.

-Балалар теледидардағы видеоға назар аударады.



Іздену- ұйымдастырушы

-Ән не туралы екен?

-Иә, дұрыс айтасыңдар.

Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай айтамыз?

-Үй жануарларының төлдері туралы бізге Әли мен Айя айтып берді.

-Ал енді, осы үй жануарларының төлдерін бәріміз бірге айтайықшы.

-Түйенің төлін қалай атаймыз?

-Ал сиырдың төлін қалай айтамыз?

-Қойдың төлін қалай айтамыз?

-Ешкінің төлін қалай атаймыз?

-Жылқының төлін қалай айтамыз?

-Жарайсыңдар өте жақсы.




-Слайдтан көрсетілген суреттерге назар аударады.

-Түйе – верблюд – сamal

-Cиыр – корова – cow

-Жылқы –лошадь – horse

-Қой –баран – sheep

-Ешкі – коза - goft


-Үй жануарлары деп айтамыз.
-Бота.

-Бұзау.


-Қозы.

-Лақ.


-Құлын.




-Ал осы жануарлар қалай дыбыстайды білесіңдер ме?


-Д/ойын: «Ненің даусы?»

-Шарты: Қазір экраннан үй жануарларының дауыстары шығады. Соны ажыратып айтуларың керек.

-Өте жақсы балалар.

-Ал, енді үй жануарлары туралы білетін тақпақтарымызды айтайық.

-Ендеше төлдер туралы білетін тақпақтарымызды айтайықшы.

-Жарайсыңдар өте жақсы, төлдер туралы жақсы тақпақтар білесіңдер екен.

-Балалар бізге қонақтар келе жатырған сияқты, бұлар кімдер болды екен?

-Әли, Айя: Саламатсыңдар ма, балалар!
-Айя: Балалар сендерге біздің жіберген көңілді әуеніміз ұнады ма?

-Онда не туралы айтылған екен?


-Әли: Олай болса, мен сендерге осы жануарлар туралы жұмбақтар жасырамын.
-Әрине Әли мен Айя біздің балалар жұмбақты жақсы шешеді.

-Иә, білеміз.


-Экраннан естілген үй жануарларының дауыстарын ажыратып айтады.

-Маң, маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан.

Екі өркешін сом басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

-Ешкі қойды бастаған,

Қойды артына тастаған.

Ешкі деген жануар,

Сауса сүті бұлақтай.

-Түйе маған шұбат береді,

Шұбат маған қуат береді.

-Қорасында маңыраған,

Қозымен жамыраған.

Қозысынан айырылса,

Қоймай ұзақ маңыраған.


-Кіп - кішкене момақан,

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді апам қозым деп,

Қошақаным өзім деп.

-Құлыншағым құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

-Шөре - шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секектеме деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

-Айналайын ботам,

Қандай күлте жотаң.

Табандарың жалпақ,

Теріп жейсің жантақ.


-Әли мен Айя.
-Балалар амандасады.

-Иә,ұнады.


-Үй жануарлары мен төлдері туралы айтылған.
-Жұмбақтарды шешеді.







-Айя: Жануарлардың дыбысталғанын қалай атайды білесіңдер ме?

-Әли: Ал, сендер үй жануарлар туралы тиым сөздер білесіңдерме?
-Балалар шаршаған шығарсыңдар бәріміз бірге сергіп алайық. Әли мен Айя сендерде бізбен бірге сергіп алыңдар.

-Балалар біздерге тағыда қонақтар келе жатырған сияқты?

-Олар кімдер болды екен?
-Әли: Олар біздің ата мен әже ғой.

(Ата мен әже амандасады)



-Ата: Балалар сендер не туралы айтып жатырсыңдар?

-Ата: Сендер үй жануарларының пайдасын білесіңдер ме?

-Енді сендер үй жануарлары туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
-Әже: Міне балалар мен сендерге арнайы сол үй жануарларынан алынатын табиғи сүт, сүттен жасалатын айран, құрт, ірімшік алып келдім. Табиғи заттарда көптеген дәрумендер болады. Сондықтан, табиғи заттарды көп жеуіміз керек.
-Рахмет әже. Қазір балалар топқа барғасын бәріміз әже алып келген табиғи дәмдерден ауыз тиеміз.

-Жылқы – кісінейді.

Сиыр – мөңірейді.

Қой мен ешкі – маңырайды.

Түйе – боздайды.
-Тиым сөздер айтады.
-Көңілді әуенмен теледидар арқылы Әли мен Айяға қосылып видео арқылы сергіту жаттығуын орындайды.
-Балалар қонақтармен амандасады.

-Үй жануарлары туралы айтып жатырмыз.

-Иә, білеміз.
-Қой – төрт түліктің ішіндегі аса жуасы, момыны. Аяғымызға киетін байпағымыз, еденге төселетін киіздер бәрі де осы қойдың жүнінен жасалады. Және де қойдың етін тағам ретінде пайдаланамыз.

-Ешкі - түбіті, терісі өте мықты болады. Ертеректе ешкінің терісінен сусын құятын мес жасаған, сүті мен еті өте пайдалы.

-Сиыр – сиырдың сүтінен жасалатын ұлттық тағамдар өте көп. Олар құрт, ірімшік, май, айран, қаймақ, сүзбе, сиырдың еті өте дәмді болады.

-Жылқы – жылқы мінсе көлік сойса ет. Оның еті өте дәмді, ал сүтінен жасалған қымызы адамға пайдалы емдік қасиеті бар.

-Түйе – түйені ертеректе көшіп-қонған кезде үстіне жүк артып көлік ретінде пайдаланған. Түйе сүтінен адамға пайдалы, емдік қасиеті бар шұбат жасалынады.
-Мақал-мәтелдер айтады.




-Балалар сендер үйде күнде сүт, айран ішесіңдер ма?


-Дұрыс күнде сүт, айран ішсеңдер әже айтқандай денсаулыққа пайдасы көп.
Әли: Айя екеумізге әжеміз күнде сүт береді сондықтан біз ешқашан ауырмаймыз.
-Бұлар үй жануарлары болғандықтан, біз оларға қамқор болуымыз керек. Жем, шөп, су беріп, жылы қорада бағамыз

-Балалар осы сүттер зауыттарда өңделіп, әртүрлі ыдыстарға құйлып, дүкендерде сатылады. Біздің күнделікті ішіп жүрген айранымыз, ірімшік, құртымыз, иогуртымыз әртүрлі дәмдеуіштер мен бояулар қосылып осы сүттен жасалған.


-Енді тақтаға назар аударайық.

-Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

-Ал, енді осыларды орыс және ағылшын тілінде айтып беріңдер.
(Ата, әже, Әли мен Айя қощтасып кетеді).


-Иә ішеміз.

-Балалар да күнде таңертеңгілік сүт ішетіндерін айтады.

-Балалар дүкеннен сатып алынған сүт, айран иогурт т.б. сүт өнімдерімен танысады.

-Сүт – молоко – milk

-Қаймақ – сметана – sour cream

-Май – мало – butter
-Балалар қонақтармен қоштасады.





-Ал енді балалар, қорытындылай келе мен сендердің әрқайсыңызға жеке тапсырма беремін.

-Алдарыңдағы ақ қағазда үй жануарлары берілген. Солардың жанындағы бос тұрған тор көздерге, алдарыңда тұрған суреттердің арасынан төлдерін тауып, енелерінің жанына жапсырамыз.

-Балалар біз не туралы айттық?

-Сендерге оқу қызметі ұнадыма?

-Бізге қонаққа кімдер келді?

-Мадақтау.

-Ендеше келіп отырған қонақтармен қоштасайық.

-Қонақтармен үш тілде қоштасады.



-Экранға назар аударады.

-Балалар берілген тапсырманы орындайды.


-Үй жануарлары мен пайдасы туралы.

-Иә ұнады.

-Әли мен Айя келді.

-Ата мен әже келді.


-Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Бүгінгі келген қонаққа,

Сау болыңыз! - деп айтамыз.




Күтілетін нәтиже:

Білді : Үй жануарлары мен төлдерін, олардың тіршілік ету ерекшеліктерін.

Игерді: Үй жануарлары қолға үйренген жануарлардың түрлері екенін. Олардың пайдасын.

Меңгеру: Үй жануарларын күтіп-баптауды, оларға қамқорлық жасай білуді.



.

Ниязбаева Алима Мустафаевна
№ 4 «Ертөстік» балабақшасының тәрбиешісі

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет