Ұйымдастыру, ізденуші кезең
|
-Ал ендеше ,балалар бір ойын ойнайық
-Мен осы балабақшаға кележаткан кезде көкөністермен жемістерді шашып алдым.
-Сендер маған көмектесесіндер ме?
-Осы шашылған көкөністер мен жемістерді екі бөлек себетке теріп салу керек.
-Жарайсыңдар балалар.
-Балалар, қарандаршы, менің қолымда қандай жеміс?
-Балалар алманың дәмі қандай?
-Пияздың дәмі қандай екен?
-Балалар мен бір көкөністі қолымда тығып ұстап тұрмын, ол қандай көкөніс?
-Оның түсі қандай?
-Оның пішіні қандай екен?
-Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табу керексіңдер.
Еті семіз, жұғы жоқ,
Терісі қалың, жүні жоқ.
-Дұрыс « Шалқан » ертегісін естеріңе түсіріндерші, оған қандай кейіпкерлер қатысты?
-Жер ырыстың кіндігі – демекші. Шал нені егеді?
-Дұрыс, шалқан егеді.
-Кәнекей, бұл ертегіні көрсетіп берейікші,кім шал болады?
Бір күні шал бақшада шалқан тұқымын жерге егеді, ол өсіп, өніп үлкен болады. Шал тартып-тартып тарта алмайды. Шал кемпірін шақырады , тартып-тартып тарта алмайды. Кемпір немере қызын шақырады, тартып тартып тарта алмайды. Немере қыз бала күшігін шақырады, тартып тартып тарта алмайды. Күшік мысықты шақырады, тартып тартып тарта алмайды. Мысық тышқанды шақырады, тартып-тартып тартып алады. Барлығы бірігіп тартқан кезде шалқанды жерден тартып алады.
Тірек сызба арқылы көрсетіп кету:
- Балалар, шалқан қандай болып өсті?
-Шал еккен кезде ол қандай болды?
-Шалқанның түсі қандай екен?
-Оның геометриялық пішіні қандай?
-Шалқанды неше адам тартып алып шықты?
-Ал , шалқан нешеу?
-Дұрыс, балалар бізге қонаққа келген апаларымыз да, осы шалқанның дәмін татқысы келеді.
-Апайларға шалқанды жасап береміз бе?
-Қазір орындарымызға отырып жұмыс жасаймыз. Бірақ бұның алдында саусақтарымызды жаттықтырып алайық.
Сергіту сәті:
Бас бармағым, атам менің,
Балан уйрек, әжем менің,
Ортан терек, әкем менің,
Шұлдыр шүмек анам менің,
Кішкентай бөбек бұл мен.
Ермексазды реттелімі бойынша тірексызба арқылы көрсетіп кету:
-Балалар, ең алдымен үлкен бөліктен кішкене бөлікті үзіп аламыз. Содан кейін оны алақан арасына салып, домалатамыз. Мінекей, дөңгелек пайда болды. Енді оның жапырағын жасайық.
- Ол қандай түсті?
- Дұрыс, жасыл түсті.
- Ендеше, шұжық тәрізді жасаймыз да, оны саусақ арқылы жалпақ қылдырамыз.
- Апайларымыз қуанып қалатын болды!
- Менің балаларым қандай әдемі шалқандар мүсіндеп берді, өте жақсы орындадыңдар! Рахмет, балалар!
|
.
-иә
-көкөністер пен жемістерді теріп екі себетке салып қойды
-Алма
-Тәтті
-Ащы
-Дұрыс, шалқан
-Сары
-Дөңгелек
-Шалқан
-Шал, кемпір, қыз, күшік, мысық, тышқан.
-Шалқан егеді
-Үлкен.
-Кішкентай
-Сары түсті
-Дөңгелек
-Көп.
-Біреу
.
Бас бармағым, атам менің,
Балан уйрек, әжем менің,
Ортан терек, әкем менің,
Шұлдыр шүмек анам менің,
Кішкентай бөбек бұл мен.
-Жасыл
|
Сабақты бекіту:
|
-Біз қандай ертегіні көрсеттік?
-Еккен кезде шалқан қандай болды?
-Балалар, шалқан не арқылы өсті?
-Шалқанды кім екті?
-Ол қандай болып өсті?
-Шалқанды тартып алуға кімдер көмектесті?
-Ал , шалқан нешеу?
-Тартып алған адамдар нешеу?
-Шалқанның түсі қандай екен?
-Оның геометриялық пішіні қандай?
-Кәнекей кім еңбек туралы мақал-мәтелдер біледі?
-Барлығы ауыз бірлік арқылы, бір-біріне көмектесіп шалқанды жерден тартып алды.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл – деп бекер айтпаған екен.
|
-Шалқан ертегісін
-Кішкентай
-Күту арқылы, күннің жылуы арқылы
-Ата
-Үлкен
-Шал, кемпір, қыз, күшік, мысық, тышқан
-Біреу.
-Көп
-Сары түсті.
-Дөңгелек
- Еңбек етсең -емерсің
Ерінбесең- жеңерсің
-« Сіз » деген әдеп,
« Біз » деген көмек
|