Білім беру саласы: Әлеуметтік орта



жүктеу 47.58 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі47.58 Kb.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған іс әрекет: Өзін- өзі тану

Тақырыбы: «Достық неден басталады»

Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру,достарға деген мейірімді қарым қатынасқа үйрету,достаса білуге үйрету,достықты қадірлей білуге үйрету.

Көрнекіліктер: «Өзін -өзі» тану» әлемінің картасы, дәптер, хрестоматия,жүрекше, себетше

.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивацялық қозғаушы

Іздену- ұйымдастырушы



Сәлеметсіздерме балалар. Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Шаттық шеңбері

Тосын сәт:

Есік қағылады, достық әлемінен балаларға сеетке салынған тапсырмалар беріп жібереді. Себеттің ішінен әдемі етіп қиылған жүрекшелер таратылып беріледі.Тәрбиеші ортаға тілек ағашын орнатады. Балалар достарына шын жүректен жақсы тілектерін айтып,жүрекшелерін достық ағашына бекітеді.

Әңгімелеу

Балаларға достық тақырыбына арналған суреттерді әңгімелеу.

Балалар бұл суреттегі достар қандай?

Достық дегеніміз адамның арасындағы сыйластық,Достар бір- бірін жақсы түсінеді,бірге жүргенді ұнатады. Топтағы барлық балалар бір- бірлеріңмен доссыңдар.

Дәйек сөз

«Достық асыл қасиет»деген халық даналығын сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.



  • Достық бір біріне деген сүйіспеншіліктен, мейірімділіктен, көмектесуден туындайды, сондықтан да достықты адам бойындағы асыл қасиетке теңеген.

Ойнайық та- ойлайық..

Балалар слайдпен тапсырмалар орындайды.

1-тапсырма

Ойын: Ерекшеліктерін тап

Мақсаты: Балалардың қызығушылын арттырып, суреттегі айырмашықты ажырату.


2- тапсырма

Балалар кім достық туралы таппақтар біледі.

3- тапсырма

Шеңбермен айналып ойнап жүрген алала біраз заттарын түсіріп алыпты,соларды табуға көмектес.
Ойын: « Менің досым»

Балалар,сендерді ойын ойнауға шақырамын. Мен бір балаға доп лақтырамын да, «Сенің досың қандай»? деп сұраймын, ол маған допты қайтып лақтырып, өз досының қандай екенін айтып береді.

Дәптермен жұмыс

Балалар барлығымыздың да достарымыз бар. Олар әдемі, сүйкімді, қайырымды. Өз достарыңызды естеріңе түсіріп, суретін салып көріңіздер.


Сергіту сәті
(Өлең мазмұнына сай- қимыл қозғалыс жасалады.)

Қорытындылау


Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Достарымызға үнемі жақсы, жылы сөздер

айту керектігін үйрендік. Достықты тек сөздер арқылы емес, жақсы істер арқылы тануға болады. Достар әрқашан бір -біріне көмектеседі. Достарыңыз ұзақ тұрақты болу үшін бір біріңе көмектесіп,адал болуларың керек. Сонда ғана достарың берік болады. Балалар,бүгінгі іс -әрекетке өте жақсы қатыстыңдар.


Жүректен жүрекке
Балалар қол ұстасып шеңберге тұрып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын кең ашқан

Тілегіміз әділдік

Ашық болсын кең аспан

Қайырлы таң

Қайырлы күн баршаға

Кош келдіңіз біздің бақшаға


1-бала

Дос алтыннанда қымбат.

2-бала

Достығымыз берік болсын.



3-бала

Мен адал, сенімді,жақсы

доспын.

4-бала


Достарымыз көп болсын

5-бала


Достығымыз ешқашан үзілмесін.

Балалар сурет бойынша әңгімелейді.


Тату,қамқор,адал достар.

Көйлегі, аяқ киімі, кекілі,қасы, білезігі,сақинасы.

6-бала

Ән саламыз күнде біз,



Шаттық толы іргеміз.

Біз мәңгілік достармыз,

Біз әркашан біргеміз
7-бала

Достыққа толы жүректер,

Орындала берсін тілектер

Достық оты жалынды,

Жылытсын бәрің,бәріңді
8-бала

Жүректен шыққан жылы сөз

Жүрекке барып жетеді

Жылы сөзден дос жүрегі

Мейірімге толып кетеді

Машина, доп, сөмке, сағат,

сырға.
9-бала

Менің досым алдамайды

10-бала

Менің досым ренжітпейді



11-бала

Менің досым бірге ойнайды

12-бала

Менің досым мейірімді



13-бала

Менің досым әдемі


Балалар суреттерін салады.

Орнымыздан тұрамыз.

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз солға бір

Бұрыламыз оңға бір

Біз мейірімді баламыз

Біздер тату боламыз

Кел, балалар күлейік

Күліп өмір сүрейік

Күлкі көңіл ашады

Күліп өмір сүрейік



Күтілетін нәтиже.



  1. Болуы керек: «Достық» ұғымын түсіну

  2. Білуі керек: Өздігінен жұмыс жасай білуі.

  3. Баланың қолынан келуі: Іс әрекетпен оның нәтжесі арасындағы қатынастытүсіне білу.











Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет