Жаңадан тағайындалған премьер-министр Олжас Бектенов МӘМС жүйесіне талдау жүргізуді сұрап, ондағы қаражаттың тиімсіз пайдаланылып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

"МӘМС жүйесін қайта қарау керек деп санаймын. Қаражат осылай тиімсіз пайдаланылып жатқан кезде оны қыржыландыруды арттыру ойға қонымсыз. Сала толық цифрландыру мен ашықтықты талап етеді", – деді премьер-министр.

Сонымен қатар вице-премьер Роман Склярға барлық ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың иелерімен келіссөз жүргізу тапсырылды.

"Олар жақын арада өндірісті қайта құру бойынша нақты жоспар ұсынуы керек”— деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ ол өнеркәсіп алыптары қазақстандық тауар, жұмыс пен қызметтерді сатып алуды арттыруы тиіс екеніне назар аударды. Құрылыс компаниялары да тексеріледі.

"Барлық сметаларда қазақстандық құрылыс материалдары болуы тиіс. Бұнымен қоса материалдар мен жұмыстардың құны жоғарылатып көрсетілмеген бе соны анықтап, сметалық құжаттамаға тексеру жүргізіңіз. Жасыратыны жоқ, сметаларда баға асыра сілтенеді. Тәртіп орнату керек", — деді Олжас Бектенов.

Бұнымен қатар үкімет басшысы өнеркәсіптік кәсіпорындарды энергиямен қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Тоқаев медициналық сақтандыру жүйесін сынға алған еді. Қордың президент пен парламенттің сынынан кейін әлеуметтік медициналық сақтандыру саласына бірқатар жаңалық енгізілетінін хабарлады. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.