«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы №8 бұйрығы (2018. 17. 04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



жүктеу 343.9 Kb.
бет1/2
Дата19.11.2018
өлшемі343.9 Kb.
  1   2

Источник: ИС Параграф WWW http:///online.zakon.kz
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығы


(2018.17.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.11.11. № 639 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.11.11. № 639 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары бекітілсін.

2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Қалабаев Н.Б.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

4. «Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы № 542 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 қыркүйекте № 2477 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2003 жылғы, № 31-36, 870-құжатпен, Заң газетінде 2005 жылғы 2 қыркүйектегі № 160-161 (894-895) сандарында жарияланған, «Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы № 542 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 252 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 3633 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылғы шілдеде, № 31-36, 870-құжатпен жарияланған, «Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы № 542 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 тамыздағы № 543 бұйрығымен, мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3795 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылғы қазанда, № 19, 163-құжатпен жарияланған, «Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы № 542 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 6 ақпандағы № 58 бұйрығымен, мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4093 тіркелген, Заң газетінде 2006 жылғы 10 наурыздағы № 42-43 (1022-023) сандарында жарияланған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К. Шәмшидиноваға жүктелсін.

 

 



Министр

Ж. Түймебаев

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.29.06. № 405 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2017.16.03. № 125 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы 10 қаңтардағы

8 бұйрығымен



бекітілген

 

 



Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған жеке тұлғалардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім туралы құжаттарын тану және нострификациялау тәртібін айқындайды.

Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) білім туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) бiлiм алған адамдарға берiлген құжаттардың баламалылығын анықтау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм;

2) білім туралы құжаттарды тану - шетелдік білім беру біліктілігінің маңызын уәкілетті органның ресми растауы.

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау жеке адамдарға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ сенімхат негізінде алушының мүддесін білдіретін адамдарға көрсетіледі.

2. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау Қазақстан Республикасының аумағында заңды күші бар білім туралы құжаттарды тану және баламалылығын анықтау мәселелері бойынша халықаралық шарттарға (бұдан әрі - өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттар), «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) және осы Қағидаларға сәйкес реттеледі.

3. «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» көрсетілетін мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - көрсетілетін мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.17.04. № 161 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Тану және нострификациялау рәсiмiн жүргізу үшін білім туралы құжаттарды қабылдау және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ережесінің 16-тармақ 13) тармақшасына сәйкес білім туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.

6. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау және тиісті куәліктерді беру көрсетілетін қызметті алушының немесе сенімхаты негізінде алушының мүддесін білдіретін адамның өтініші бойынша жүзеге асырылады.

 

 



1-тарау. Білім туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау тәртібі

 

1-параграф. Бiлiм туралы құжаттарды тану тәртiбi



 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.17.04. № 161 бұйрығымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Бiлiм туралы құжаттарды тану туралы өтініш берілген жағдайда Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттар ұсынылады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;

2) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтарылып беріледі) және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) мүше-мемлекетте берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмелерін және нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады, мұндай құжаттарды заңдастыру немесе апостильдендіру талап етілмейді.

Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.

3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты.

Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге және тиісті түрде расталған).

Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқаны теңестіру үшін);

4) төлем туралы түбіртек.

Сараптау комиссия құзыреті шеңберінде білім туралы құжаттың Қағидалардың 12 - тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтінін анықтаған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы қосымша білім алғанын растайтын құжаттарды, оның ішінде практикалық дағдыларын және мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін (егер мамандық бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі 5 жылдан асқан жағдайда) ұсынады. Аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері олардың нотариалды куәландырылған аудармасымен, оның ішінде мөрдің аудармасымен (егер құжат толығымен шет тілінде болса) бірге ұсынады.

8. Өтiнiштер халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі базасында (бұдан әрі - ХҚО ЫАЖ) тiркеледi.

9. Заңдастырылған немесе апостелденген білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

Егерде білім туралы құжат заңдастырылмаған немес апостелденбеген болса мұндай өтінішті қарау мерзімі білім туралы құжаттың берілгендігі туралы деректердің және шетелдік білім беру ұйымының білім беру қызметін іске асыруға құқығы барының расталуын алу уақытын ескере отырып 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.

Мерзім Орталыққа көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін жеткізу уақытын есептемей осы Қағиданың 7 тармағында көрсетілген барлық құжаттарды тапсырған уақыттан бастап есептеледі.

Егерде білім туралы құжаттың берілу деректерін және шетелдік білім беру ұйымының білім беру қызметін іске асыруға құқығы барын растау туралы алғашқы сұранысқа жауап болмаған жағдайда қайта сұраныс жолданып білім туралы құжаттарды тану туралы өтініштерді қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күнге ұзартылады.

10. Көрсетілетін қызметті алушы өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттар (келісімдер) қолдану аясына жататын білім туралы құжатты ұсынған жағдайда Орталық 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қайтару себебін көрсете отырып еркін түрдегі ескертпе-хат жолдайды және ұсынылған құжаттарын қайтарады.

11. Білім туралы шетелдік құжатты тану үшін сараптамалық бағалау жүргізіледі.

Білім туралы құжаттқа сараптамалық бағалауды уәкілетті органмен келісе отырып Орталық директорының бұйрығымен бекітілетін Отралықтың ішкі сараптау комиссиясы жүзеге асырады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.17.04. № 161 бұйрығымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



12. Сараптамалық бағалаудың мәні мен мазмұны:

1) егер білім туралы құжат заңдастырылмаған, апостильденбеген болса білім туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау;

2) білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының оны беру кезеңінде сәйкесінше білім беру қызметімен айналысуға құқығы бар екенін анықтау;

3) білім деңгейін және (немесе) біліктілігін бағалау;

4) оқу кезеңдерін бағалау;

5) оқу мерзімдері мен нысанын бағалау;

6) білім туралы құжаттың иесіне құжатты берген мемлекетте берілетін академиялық және/немесе кәсіби құқықтарының Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік үлгідегі тиісті білім туралы құжаттарға және (немесе) біліктілікке берілетін құқықтарымен теңдігін анықтау;

7) қосымша білімінің бар болуын анықтау (егерде білім деңгейлерінде, оқу кезеңдерінде, оқу мерзімдері мен нысанында едәуір айырмашылық анықталған жағдайда);

8) практикалық дағдылары мен мамандық бойынша жұмыс тәжірибесінің бар болуын анықтау (егерде білім деңгейінде, оқу кезеңдерінде, оқу мерзімдері мен нысанында едәуір айырмашылық анықталған жағдайда) болып табылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.17.04. № 161 бұйрығымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



13. Егер сараптамалық бағалау барысында білім деңгейлерінде, оқу кезеңдерінде, оқу мерзімдері мен нысанында едәуір айырмашылық анықталған жағдайда қосымша оқып білім алғанын растайтын құжаттар, оның ішінде мамандық бойынша 5 жылдан астам практикалық жұмыс тәжірибесінің бар болуы білім туралы құжаттың иегеріне айырмашылықтың орнын толтырады.

Білім туралы құжатқа өткізілген сараптамалық қорытынды нәтижесі бойынша Орталық уәкілетті органға келесі ұсыныстардың біреуін енгізеді:

- білім туралы құжатты тиісті деңгейлері/дәрежелері және дайындық бағыттары (мамандық, біліктілік, кәсіп) бойынша еңбек қызметін жүзеге асыру ұсынысымен тану туралы;

- білім туралы құжатты төменгі деңгейлері/дәрежелері бойынша еңбек қызметін іске асыру ұсынысымен тану туралы;

- білім туралы құжатты оқуды одан әрі жалғастыру ұсынысымен тану туралы.

14. Уәкілетті органның бiлiм туралы құжатты тану туралы шешiмнiң негiзiнде Орталық осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес білім туралы құжатты тану туралы куәлiк ресімделеді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.17.04. № 161 бұйрығымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15. Тану туралы куәлік Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша үшінші тұлғаға беріледі.

16. Егер:



1) білім туралы құжаттың берілгендігі туралы деректің расталмауы немесе білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының білім беру қызметімен айналысуға құқығының болмауы;

2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі ретінде танымаған елдің білім туралы құжатын немесе құжатты берген елдің білім саласындағы уәкілетті органымен танылмаған білім беру ұйымы берген білім туралы құжатты ұсынған жағдайда;

3) шетелдік білім беру бағдарламасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы жалпыға міндеті білім беру стандарттарының (бұдан әрі - ҚР МЖБС) бірде-бір білім беру деңгейіне және (немесе) дайындық бағытына (мамандық, кәсіп) жатқызу мүмкін болмаса;

4) білім туралы құжаттың берілу дерегін және білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының оны беру кезеңінде сәйкесінше білім беру қызметімен айналасуға құқығы бар екенін анықтау бойынша қайта жолданған сұранысқа жауап болмаған жағдайларда тану бойынша теріс шешім шығарылады.

Білім туралы құжатты тану бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда Орталық теріс шешім шығару туралы ескертпені мемлекеттік корпорацияға жолдайды немесе көрсетілетін қызметті алушыға немесе нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде үшінші тұлғаға береді.

17. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне және (немесе) оның қызметкерлерінің, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), сонымен қатар Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) оның қызметкерлеріне шағымдана алады.



 

 

2-параграф. Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау тәртiбi



 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.17.04. № 161 бұйрығымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18. Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініш берілген жағдайда Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттар ұсынылады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;

2) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтарылып беріледі) және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) мүше-мемлекетте берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмелерін және нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады, мұндай құжаттарды заңдастыру немесе апостильдендіру талап етілмейді.

Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.

3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты.

Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге және тиісті түрде расталған).

Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқаны теңестіру үшін);

4) төлем туралы түбіртек.

Сараптау комиссия құзыреті шеңберінде білім туралы құжаттың Қағидалардың 12 - тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтінін анықтаған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы қосымша білім алғанын растайтын құжаттарды, оның ішінде практикалық дағдыларын және мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін (егер мамандық бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі 5 жылдан асқан жағдайда) ұсынады. Аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері олардың нотариалды куәландырылған аудармасымен, оның ішінде мөрдің аудармасымен (егер құжат толығымен шет тілінде болса) бірге ұсынады.

19. Өтiнiштер ХҚО ЫАЖ тiркеледi.

20. Заңдастырылған немесе апостелденген білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

Егерде білім туралы құжат заңдастырылмаған немес апостелденбеген болса мұндай өтінішті қарау мерзімі білім туралы құжаттың берілгендігі туралы деректердің және шетелдік білім беру ұйымының білім беру қызметін іске асыруға құқығы барының расталуын алу уақытын ескере отырып 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.

Мерзім Орталыққа көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін жеткізу уақытын есептемей осы Қағиданың 18-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды тапсырған уақыттан бастап есептеледі.

Егерде білім туралы құжаттың берілу деректерін және шетелдік білім беру ұйымының білім беру қызметін іске асыруға құқығы барын растау туралы алғашқы сұранысқа жауап болмаған жағдайда қайта сұраныс жолданып білім туралы құжаттарды тану туралы өтініштерді қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күнге ұзартылады.

21. Көрсетілетін қызметті алушы өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттар (келісімдер) қолдану аясына жататын білім туралы құжатты ұсынған жағдайда Орталық 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қайтару себебін көрсете отырып еркін түрдегі ескерту-хат жолдайды және ұсынылған құжаттарын қайтарады.

22. Нострификациялау рәсімі:

1) егерде білім туралы құжат заңдастырылмаған немесе апстелденбеген болмаса білім туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау;

2) білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының оны беру кезеңінде сәйкесінше білім беру қызметімен айналысуға құқығы бар екенін анықтау;

3) шетелдік білім туралы құжаттың ҚР МЖБС сәйкес деңгейлеріне баламалығын (сәйкестігін) анықтау кезеңдерінен тұрады.

23. Шетелдік білім туралы құжаттардың ҚР МЖБС-ға баламалылығын (сәйкестігін) анықтауды қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мамандарын жұмылдыра отырып Орталық іске асырады.

24. Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттар бойынша сараптамалық қорытынды мынадай өлшемдердің қаралуы негізінде қабылданады:

1) оқу мерзiмi;

2) оқытылған пәндер тiзбесi.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.17.04. № 161 бұйрығымен 25-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



25. Техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттар бойынша сараптамалық қорытынды мынадай өлшемдердің қаралуы негізінде қабылданады:

1) оқу мерзiмi;

2) оқылған курстар, пәндер, сабақбар тiзбесi және көлемі;

3) практиканың бар болуы (бар болған жағдайда);

4) қорытынды аттестаттаудың бар болуы және оның деңгейі (бар болған жағдайда);

5) оқу бітіргендегі біліктілік жұмысының бар болуы (бар болған жағдайда);

6) оқу нысаны;

7) қосымша білімінің бар болуы (егерде оқу нысаны мен мерзімінде, оқылған курстар, пәндер, сабақтар тізбесі мен көлемінде едәуір айырмашылық анықталған жағдайда);

8) практикалық дағдылары мен мамандық бойынша жұмыс тәжірибесінің бар болуы (егерде оқу нысаны мен мерзімінде, оқылған курстар, пәндер, сабақтар тізбесі мен көлемінде едәуір айырмашылық анықталған жағдайда).

Алынған білім мен тәжірибе оқу жоспарлары мен оқу әдістемелеріндегі ықтимал айырмашылықтарды тану арқылы қорытынды дайындық тұрғысынан бағаланады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.17.04. № 161 бұйрығымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



26. Егер сараптамалық бағалау барысында оқылған базалық және бейінді курстар, пәндер, сабақбар тiзбесi және көлемінде, оқу мерзімдері мен нысанында едәуір айырмашылық анықталған жағдайда қосымша оқып білім алғанын растайтын құжаттар, оның ішінде мамандық бойынша 5 жылдан астам практикалық жұмыс тәжірибесінің бар болуы білім туралы құжаттың иегеріне айырмашылықтың орнын толтырады.

27. Егер шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжатта көрсетілген біліктілік Қазақстан Республикасының білім деңгейі бойынша дайындық бағыттары мен мамандықтары жіктеуішінде болмаған жағдайда білім мазмұнына сәйкес жүргізілетін жақын мамандықтар анықталады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.17.04. № 161 бұйрығымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

28. Білім туралы құжаттың баламалығын анықтау бойынша өткізілген сараптамалық қорытынды нәтижесі бойынша Орталық уәкілетті органға келесі ұсыныстардың біреуін енгізеді:

- білім туралы құжатты тиісті деңгейлері/дәрежелері және дайындық бағыттары (мамандық, біліктілік, кәсіп) бойынша еңбек қызметін жүзеге асыру ұсынысымен нострификациялау туралы;

- білім туралы құжатты төменгі деңгейлері/дәрежелері бойынша еңбек қызметін іске асыру ұсынысымен нострификациялау туралы;

- білім туралы құжатты оқуды одан әрі жалғастыру ұсынысымен нострификациялау туралы.

29. Уәкілетті органның білім туралы құжатты нострификациялау туралы шешімнің негізінде Орталық осы Қағидаларға 2, 3, 4, 5 және 6 - қосымшаларға сәйкес тиісті куәлік ресімдейді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.17.04. № 161 бұйрығымен 30-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

30. Нострификациялау туралы куәлік Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша үшінші тұлғаға беріледі.

31. Егер:



1) білім туралы құжаттың берілгендігі туралы деректің анықталмаған;

2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі ретінде танымаған елдің білім туралы құжатын немесе құжатты берген елдің білім саласындағы уәкілетті органымен танылмаған білім беру ұйымы берген білім туралы құжатты ұсынған;

3) шетелдік білім беру бағдарламасының ҚР МЖБС сәйкес қабылданған бірде-бір білім беру деңгейіне және (немесе) дайындық бағытына (мамандық, кәсіп) жатқызу мүмкін болмаған;

4) білім туралы құжаттың берілу дерегін және білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының оны беру кезеңінде сәйкесінше білім беру қызметімен айналасуға құқығы бар екенін анықтау бойынша қайта жолданған сұранысқа жауап болмаған жағдайларды нострификациялау бойынша теріс шешім шығаруға негіз бола алады.

Білім туралы құжатты тану бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда Орталық теріс шешім шығару туралы ескертпені мемлекеттік корпорацияға жолдайды немесе көрсетілетін қызметті алушыға немесе нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде үшінші тұлғаға береді.

32. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне және (немесе) оның қызметкерлерінің, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), сонымен қатар Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) оның қызметкерлеріне шағымдана алады.

 

 

3 тарау. Тану немесе нострификациялау туралы куәліктің телнұсқасын беру тәртібі



 

33. Егер өтініш берушінің тегі, аты әкесінің атын (бар болған жағдайда) өзгерген және бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәлiгiн жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда, тану және нострификациялау туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрi - телнұсқа) берiледi.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.17.04. № 161 бұйрығымен 34-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



34. Көрсетілетін қызметті алушы телнұсқа алу үшін Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттар ұсынады:

1) осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша телнұсқаны беру туралы өтініш;

2) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты;

Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);

3) Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқаны теңестіру үшін)

4) төлем туралы түбіртек.

35. Берілген куәлік бланкісінің оң жақ жоғары бұрышына «Дубликат» деген жазу жазылады.

36. Білім туралы құжатты тану және нострификациялау туралы қуәліктің телнұсқасын беру туралы өтінішті қарау мерзімі осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап өтінішті Орталыққа және көрсетілетін қызметтің нәтижесін мемлекеттік корпорацияға жеткізу уақытын есептемеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

 

Білім туралы құжаттарды



тану және нострификациялау

қағидаларына 1-қосымша

 

нысан

                                       

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

минситрлігі Білім және ғылым саласындағы

бақылау комитеті

________________________________________

(Аты, тегі, әкесінің аты (бар болса))

________________________________________

________________________________________

Азаматтығы:_____________________________

________________________________________

Жеке басын растайтын құжаты (паспорт/жеке

куәлік):________________________________

________________________________________

(нөмері, сериясы, күні және кім бергені)

________________________________________

Тұрғылықты мекен-жайы:__________________

________________________________________

(мемлекет, облыс, қала, аудан, көше атауы,

_________________________________________

үй және пәтер нөмрі)

Байланыс________________________________

________________________________________

(ұялы, жұмыс/үй телефондары, электронды

пошта адресі)

________________________________________

________________________________________

Жұмыс немесе оқу орны:_________________

________________________________________

 

 



Каталог: download -> 039
download -> Бақылау күндері: 3-28 қазан – жоо-ның үздік оқытушысы – 2016 байқауының факультетішілік кезеңін өткізу. 31 қазан
download -> Қазақстанның ежелгі тарихы
download -> Конкурсқа 23-31 шілдеге дейін; Студенттер қатарына 28 тамызға дейін
download -> Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым
download -> Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ Атырау облысы бойынша филиалына арналған
download -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты АҚпараттық хат павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
download -> Хабарландыру
039 -> Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет