Білімдіден шыќќан сµз



жүктеу 33.87 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі33.87 Kb.
түріСабақ

Павлодар облысы

Лебяжі ауданы

Потанин жалпы орта білім беретін мектебі

Тарих және география пәнінің мұғалімі

Елеусизова Нуркамал Мухтархановна

Батыс Қазақстан экономикалық ауданы

Сабақтың тақырыбы: Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Сабақтың мақсаты: білімділік: Батыс Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық - географиялық жағдайы, табиғат ресурстары, халқы туралы білімдерінің негізінде, ауданның өнеркәсібі мен шаруашылығының маманданған салалары туралы түсіндіру.
дамытушылық: Оқушылардың экономикалық ауданға дұрыс сипаттама беруді, шаруашылығына дұрыс баға беруге, қосымша деректерді, оқулықтағы сурет, сызба - схема, кестелерді атлас, картаны пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. тәрбиелік: оқушыларды патриоттық, экологиялық, туған ел байлығын қорғап қадірлей білуге тәрбиелеу. Ұжымдық, жұптық жұмыс арқылы ұйымшылдықпен шығармашылық ізденіске баулу.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі:


Сынып оқушыларын Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларының суреттерін таңдату арқылы сыныпты 4 топқа бөлеміз, әр топ өзінің топ басшысын сайлайды. Топқа бағалау парағы үлестіріледі, топ басшысы бағалау парағына оқушының аты - жөнін жазады, бағалап отырады.

Үй тапсырмасын тексеру. Тест сынағын өткізу. (3мин). Кейін тақтадағы тест жауабының кілтімен бірін - бірі тексеріп, бағалайды.


1. Батыс Қазақстан шектеспейтін аймақ?
а) Шығыс
в) Солтүстік
с) Оңтүстік
д ) Орталық
е) барлығы
2. Батыс Қазақстанның халқы көп облыс?
а). Батыс Қазақстан
в) Ақтөбе
с) Атырау
д) Маңғыстау
е) барлығы
3. Батыс Қазақстан. қандай пайдалы қазбаларға бай?
а) мұнай - газ, хром - никель
в) көмір, мыс, маргенец
с) полиметаллдар
д) темір кені
е) аллюминий
4. Доссор, Мақат, Прорва кенорындары кездесетін облыс?
а) Батыс Қазақстан
в) Атырау
с) Маңғыстау
д) Ақтөбе
е) ешқайсысында кездеспейді
5. Қаражамбас, Қаламқас кенорындары кездесетін облыс?
а) Атырау
в) Батыс Қазақстан
с) Ақтөбе
д) Маңғыстау
е) ешқайсысында кездеспейді
Тест жауаптары, бағалау критерийі интерактивтік тақтада көрсетіледі.
1 – а, 2 – в, 3 – а, 4 – в, 5 - д
Бағалау 5+ “5” 4+ “4” 3+ “3”
Жаңа сабақты меңгеру. Қызығушылықты ояту кезеңі. ( Орал, Ақтөбе, Атырау; Ақтау қалаларының негізгі маманданған салалары мен өнеркәсіп тораптарының орталықтары туралы слайд, презентация түрінде көрсетіледі). Кластер стратегиясын қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын оята отырып тақырыпты ашу.
1. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының табиғат жағдайы шаруашылықтың қандай түрін дамытуға қолайлы?
2. Аудан қандай кен орындарына бай? 3. Батыс Қазақстан экономикалық ауданы өнеркәсіптің қандай салаларына маманданған? 4. Қай облыста мұнай көп өндіріледі.
? Мағынаны тану кезеңі. « ДЖИКСО» әдісімен әрбір топқа мәтіндер үлестіріледі, топ басшылары өз тобына түсіндіріп болғаннан кейін, келесі топқа түсіндіреді.
1- топ.Батыс Қазақстан ауданының өнеркәсібі, маманданған салалары
2 – топ. Ауыл шаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсіптері
3 –топ. Темір жол, құбыр, автомобиль, өзен, теңіз, әуе көліктері.
4- топ. Қалалары негізгі маманданған өнеркәсіп салалары, даму проблемасы және болашағы, экологиясы.
Соңында әрбір топ өз тақырыбын топта талқылап алып, топтан 1 оқушы шығып қорғайды.

Қорғау тәртібі:


1. Уақытқа бағыну (әр топ 3 - 4 мин)
2. Жаңашыл болу
3. Проблемалық жағдайына тоқталу
4. Қазақстанның экономикасына қосар үлесін дәлелдеу.
(ірі қалаларына сипаттама беру үшін статистикалық мәліметтер, күнделікті газет - журналдан, интернеттен алынған соңғы деректер пайдаланылу керек)
Топтық практикалық жұмыс. 1 топтың тапсырмасы: Оқулықтың (233 бет, 135 – суретті) пайдаланып, мына сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Халықтың көбі қай салада жұмыс істейді?
2. Қай облыста адамдар ауыл шаруашылығында көбірек жұмыс жасайды? Карта мен атластан табыңдар.
2 топтың тапсырмасы: Батыс Қазақстанның пайдалы қазбаларының кенорындарын карта мен оқулықты пайдаланып ( 148 - сурет) табыңыздар.
Қай облыстарда кездесетінін анықтаңдар. 3 топ тапсырмасы: Батыс Қазақстандағы ең ірі облысты анықтап,(оқулықтың 272 бет, 148 - суретті ) пайдаланып, картадан өнер кәсіпорындарын көрсетіңдер. 4 топтың тапсырмасы: 16 - кестені зер сала отырып анықтаңдар.
1. теңіз көлігімен қандай жүк түрі тасымалданады?
2. жүктің қайсы түрінің тасымалдау көлемі көбейген?
Топтық практикалық жұмысты әрбір топта талдап орындайды да, топтан 1 немесе 2 оқушыдан шығып қорғайды.

ІІ. Ой толғаныс кезеңі.


Қорытынды тест.
1. Батыс Қазақстанның маманданған салалары?
а) мұнай мен газ өндіру
в) түсті металлургия
с) электр энергетикасы
д) машина жасау
е) химия
2. Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы қосымша сала
а) көмір
в) мұнай газ химиясы
с) тоқыма
д) машина жасау
е) балық өңдеу
3. Рентген аспабын шығаратын қала?
а) Ақтөбе
в) Атырау
с) Ақтау
д) Орал
е) Жаңажол
4. Мал шаруашылығы салаларының арасында біршама дамығаны
а) қой мен марал шаруашылығы
в) қой мен ірі қара шаруашылығы
с) құс пен шошқа шаруашылығы
д) түйе және жылқы шаруашылығы
е) құс және жылқы шаруашылығы
5. Хром мен никель өндіретін облыс
а) Атырау
в) Ақтау
с) Орал
д) Ақтөбе
е) барлығы
Тест жауаптары
1 – а, 2 – д, 3 – а, 4 – в, 5 – д.
Бағалау:
5+ “5” 4+ “4” 3+ “3” 2+ “2”
Топ басшылары бағалау парағын мұғалімге тапсырады.
Бағалау парағы:

Сабақты қорытындылау. Рефлексия. Сабаққа белсенді қатынасқандары үшін, оқушыларыма алғысымды айтамын. Оқушыларды бағалау.


Үйге тапсырма:§ 28 оқу. Кескін картаға Батыс Қазақстан ауданының өнеркәсіп орындарын түсіру.
Каталог: uploads -> konspekt -> geografiya
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Қ
geografiya -> Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы
geografiya -> Сынып: 7 Күні: Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар географиясы Мақсат-міндеттер: Білімділік мақсаты
geografiya -> Сабақтың мақсаты : Оқушылардың өзен және оның бөліктері, өзендердің қоректенуі, шаруашылықта пайдаланылуы туралы түсінік беру
geografiya -> Сыныбы 10 кїні Та›ырыбы
geografiya -> Сабақтың тақырыбы: Ресейдің экономикалық-географиялық жағдайы. Сабақтың мақсаты: а Білімділігі
geografiya -> Муханбетжанова Кулшат Рысбековна Еңбек өтілі 5 жыл Мамандығы География пәні мұғалімі Деңгейі ІІІ деңгей Орта мерзімді сабақ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет