Мамандар қазақстандықтарға тек еңбек шартымен жұмыс істеуге кеңес береді, әйтпесе жалақысыз қалу қаупі бар. Кей жұмыс берушілер көбінесе келісімшарт жасамай, адамды жұмысқа алады да, кейін ақы төлеуден бас тартады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Еңбек инспекциясының өкілі ауызша келісімшарт жарамсыз екенін айтады. Сол үшін келісімшарт керек екен. 

Шымкенттік Ерболат Тұрсынбай қазір менеджер болып жұмыс істейді. Ер адам еңбек шартын жасап, тұрақты жалақысын алып, заңды демалысқа шығады. Ол бұл мәселеге тыңғылықты мән беретінін айтады, өйткені бұған дейін сан соғып қалған. Бірнеше жыл бұрын ол ауызша келісіммен жұмыс істеп, артынша ақысын ала алмай кеткен. 

“Екі жыл бұрын мен даяшы болып жұмыс істедім, олар әдетте келісімшарт жасамайды. Басшылық маған айына 120 мың теңге төлеуге уәде берді, алғашқы екі айында төледі, содан кейін ақша бермей, мені жұмыстан шығарды. Еңбегімнің ақысы төленбей қалды”, – деді Шымкент қаласының тұрғыны Ерболат Тұрсынбай. 

  • Қазақстанда орташа жалақы – 223 792 теңге. Қай мамандықтарға он есе көп төленетіні және сұранысқа ие салалар белгілі болды
  • Қазақстанда қандай мамандарға айына 1 миллион теңгеге жуық жалақы берілетіні белгілі болды

Жалақысыз қалмас үшін еңбек шартын жасау керек дейді еңбек инспекциясы. Онда еңбек жағдайлары, жалақы,

демалыс, қызметкер мен жұмыс берушінің жауапкершілігі белгіленеді. Еңбек шартынсыз қызметкердің жалақысыз қалу қаупі бар. Мамандардың айтуынша, егер сізге ақшаны төлеуге ауызша уәде беріп, бірақ ақшаны алмаған болсаңыз, еңбек инспекциясына хабарласу керек.

“Бұл жағдайда сізге өтініш пен еңбек қатынастарын дәлелдейтін құжаттар немесе материалдар қажет. Яғни өзара есеп айырысу немесе әлеуметтік аударымдардың қандай да бір түрі бар немесе жұмыс беруші қызметкерге берген құжатты көрсетесіз. Мысалы көлік жүргізуші көлікті көрсете алады. Себебі онда жауапкершілік туралы келісім жасалатыны анық”, – деп мәлімдеді Шымкент қалалық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов.

Заңгерлердің айтуынша, еңбек шарты – өзіңізді жосықсыз жұмыс берушіден заңды түрде қорғау мүмкіндігі. Бірақ жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастарын дәлелдеудің тағы бір жолы бар.

“Еңбек кодексінде бұл жағдай қарастырылған. Онда еңбек шарты жұмыс беруші жұмыс істеуге рұқсат етілген сәттен бастап жасалған деп есептеледі. Олар да қандай да бір құқықтық қатынастар болды ма, олар өзара келісті ме, жоқ па, жұмыс беруші оны мекемеге кіргізді ме, бәрі қаралады”, – деді заңгер Сергей Уткин. 

Мұны дәлелдеу қиынға соғатыны рас. Осындай дауды сотта шешуге болады. Бұл жағдайда жұмыс беруші еңбек шартын жасамағаны үшін де, жалақыны төлемегені үшін де жауапты болуы мүмкін. Оған 110 мыңнан жарты миллион теңгеге дейін айыппұл салынады.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.