Астанада такси жүргізушісі жолаушыны көліктен күшпен түсіріп, жарақат келтірген. Ол 36 мың теңге айыппұл төлеп құтылып кеткен. Мамандар мұндай жағдайда жолаушыларға қалай әрекет ету керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мадина есімді тұрғынның айтуынша, жүргізуші нақты мекен жайды сұрап, бара жатқан жақтың қате екенін жеткізген. Ал бойжеткен навигатор бар екенін айтқан. Сол кезде көлік жүргізушісі жолаушыны апарудан бас тартқан. Кейін тоқтап қызды кұшпен көліктен түсіріп кеткен. Жәбірленуші оқиға орнында полиция шақырған. Алайда полиция шу шығарған жүргізушіні де шақырған. 

“Ол да келді. Тіпті кешірім де сұрамады. Ол маған тіпті өзіне обал жоқ деген көзқараспен қарады. Мен онымен сөйлескім келмей, тыныш отырдым. Ал ол болса “көліктен түспеген өзі кінәлі” дейді. Болды бұдан басқа ақталатын себеп айтпады”, – деді Мадина. 

Мадина сараптамадан бас тартқанына өкінетінін айтады. Себебі сол күні алған денесіндегі көгерген жарақаттар біраз күн ауырған. 

Ал сот болса көлік жүргізушісіне жәбірленушіге өтемақысыз 36 мың теңгеге айыппұл салған. 

“Олардан шағымдар түсіп тұрады. Жүргізушілермен мұндай жұмыстарды ешкім жүргізбейді. Бұл жерде жауапкершілікті де жүргізушілер мойынына алмайды”, – деді  Республикалық такси қызметі ассоциациясының төрағасы Медет Құрманов.

  • Алматыда ер адам такси жүргізушілерін алдаудың жаңа жолын ойлап тапқан

  • "Күніне тас тиеген 200 жүк көлігі өтеді": Түркістан облысының тұрғындары Араб шейхтарына наразылығын білдірді

Тұтынушылардың құқығын қорғаушылар заңға түбегейлі өзгеріс керек екенін растайды. Себебі олардың денсаулығы мен жағдайын ешкім бақылап жатқан жоқ.

“Мәселен әр жүргізуші клиенттеріне барған кезде күн сайын медициналық сараптамадан өткен болуы шарт. Бірақ бізде мұны ешкім орындамайды. Мұны тек такси бюролары ғана жасап жатады. Міндетті түрде көлік пен ж.ргізушінің жағдайы тексеріліп тұруы шарт”, – деді  Тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша ассоциацияның маманы Тұрсын Жағапаров. 

Полицейлер болса такси жүргізшілері тарапынан қысым болған жағдайда бәрін телефонға түсіріп алуға кеңес береді. 

“Даудың барлығын видеоға түсіріп алған дұрыс. Бұл алдағы уақытта заңбұзушыны жауапқа тартуда да өте ыңғайлы болады. Әрине қоғамдық жерлерде бізде камералар бар. Алайда олар дыбыс жазбайды. Сондықтан телефонға түсірілсе кім кімге не айтқаны, жағдайдың қалай болғаны түсініктірек болады”, – деді Есіл ауданының учаскелік инспекторы Әмір Зекен. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.