Танымал журналист, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы бала кезіндегі жер сілкінгенін есіне алып, тың мәліметті бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

23 қаңтар күні Алматыда жер сілкінісі болған еді. 

“Ол кезде кішірекпіз. Жер үйде тұрдық… Жаздың күні есік алдында ойнап жүр едік, бір кезде әжем "шарбаққа сүйеніңдер" деп айқай салды. Өзі отыра қалып жерден орамалына орап топырақ алып жатыр. Сөйтсек жер сілкінісі екен.
Жерден жинаған әлгі топырақпен көрші апа: " 1001 ауруға ем, адам емдеуге болады, жараны жазады, ауырғанды басады" дейтін. Ал біз таңғалдық та қойдық. Сол заманның мифі. Баламыз ғой, бізге жер сілкінісін табиғат ана ашуланып жатыр деп түсіндіретін”, – дейді журналист. 

 

  • Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді

  • Алматыда жер сілкінісі кезінде әйел алты айлық баласын құлатып алған

Сонымен қатар, журналист қоғамды дүрліктірген тосын оқиғаны алдын-ала ескертпеген, дайындықсыз болған жауапты органдарды сынады. 

“Қанша рухани, физикалық тұрғыда мықты болсақ та, осындайда ештеңеге қауқарсыз екенімізді мойындау қиын. Кеше айналдырған бірнеше минуттың ішінде кем-кетігіміз шығып, осал тұсымыз көрініп қалды. Ойланып, қолға алатын дүние көп. Біз мектеп оқығанда төтенше жағдайдың барлық түріне дайындық жүретін. Қызық, қазір балабақша, мектеп ЖОО, әскери бөлімшелерде ондай оқу жаттығулар өтіп, қабырғаларда инструкциялар ілулі тұр ма екен?! Ал өзіңіз ше, балаға бәрін түсіндіресіз бе?!”, – деп сұрады продюсер. 

Желі қолданушылары жарыса пікір білдіріп жатыр. “Осы күнге дейін балаларыма жер сілкінісі туралы айтпағанмын”, “Әжеңіздің әрекеті дұрыс. Ол – шындық. Миф деп айтпаңыз”, “Біздің балалар оқитын мектепте төтенше жағдай жөнінде мәлімет беріледі”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, Алматыда қуатты жер сілкінісі болғанын жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.