Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны құру



Дата08.03.2022
өлшемі0.74 Mb.
#171543
Байланысты:
Асқарбек Бейбарыс 3
Асқарбек Бейбарыс, Дип.-Бауыржан-Момышұлы-шағармасы, treatise22711 5, treatise22711 4, Шымшық ана

біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны құру

Орындаған Асқарбек Бейбарыс

2003 жылғы 19 қыркүйекте БеларусьҚазақстанРесей және Украинапрезиденттері Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы Келісімге келіп, оның Тұжырымдамасына қол қойды. Ол Достастық кеңістігінде экономикалық интеграцияның жаңа оңтайлы жолдары мен тәсілдерін қарастырудың нәтижесінде жүзеге асырылды.  

Біртұтас экономикалық кеңістікті (бұдан әрі – БЭК) қалыптастыру туралы келісім 2004 жылғы 20 мамырда заңдық күшіне енді. Президенттердің 2003 жылғы 23 ақпандағы мәлімдемелеріне сәйкес БЭК-ті құру бойынша Жоғары деңгейдегі топ құрылды 

Қол қойылған құжаттар тек экономикалық сипатқа ие. Олар инфрақұрылымдық жүктемені төмендетуге бағытталған. Ал бұл өз кезегінде ортақ кеңістікте тауар өндірушілердің өзара қарым-қатынасын жеңілдетіп, бәсекелестік қабілетін көтереді. Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру туралы келісімде және Тұжырымдамасына енген интеграциялық үлгі әлемдік экономиканың қазіргі заманғы талабына жауап беріп, әлемдік шаруашылықтың ғаламдану үрдісіне енеді.

Жоғары деңгейдегі топтың міндетіне тауарлардың, капиталдың, қызмет көрсетудің және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге және экономиканың әртүрлі саладағы мемлекеттік Заңнамаларын үйлесімдендіруге бағытталған, құжаттарды, тетіктерді және институттарды дайындау кіреді.

Қазіргі уақытта БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің шекаралары арқылы азаматтардың және көлік құралдарының қозғалысын бақылау рәсімін жеңілдету тәртібі туралы келісімнің жобасы Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарына мемлекетішілік келісуден өтуде. Мемлекетішілік рәсімдер аяқталған соң Келісім жобасы белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет