Батыс Қазақстан облысының Ветелки ауылында жасөспірімдердің қауіпті ойынының соңы қайғылы оқиғаға алып келді. Көлік  тізгініне отырған кәмелетке толмаған азамат ескі көлік капотын өз көлігіне тросс арқылы жалғап, қызды қар үстінде алып сырғанатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • Атырауда полицейлер мұз астына құлап кеткен қызды құтқарып қалды
  • Қарағандылық көше тазалаушы айына 20 мың теңге жалақы алатынын айтып шағымданды

“5 қаңтар күні сағат 23:41-де полицияға 17 жастағы қыздың ауруханаға жеткізілгені, ол есін жимай қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. Полицейлер қыз бен оның достары көлікке ескі капотты жалғап, үстіне мініп сырғанағанын анықтады. Сырғанап бара жатқан кезінде қыз газ тірегіне соғылған”, – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от PoliceWestKZ (@policebqo)

Қыз ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Ол есін жимастан қайтыс болған.

Сондай-ақ полицейлер Орал қалалық ішкі істер бөліміне екі көліктің жеткізілгенін хабарлады. Олар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе қаласы маңындағы Қызылжар ауылында топтық төбелес болып, екі жасөспірім мерт болғанын жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.