Жетісу облысында шенеуніктердің кесірінен бір жасқа дейінгі 7 мың сәби полиомиелитке қарсы екпе ала алмай қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жетісу облысының прокуратурасы таратқан ақпаратқа қарағанда, шенеуніктер вакцинаны дер кезінде сатып алмаған. Сондай-ақ прокурорлар бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуын, вакцинация туралы заңнаманың бұзылуын, жалған вакцинация жағдайларын және басқа да бұзушылықтарды анықтаған.

“А гепатитіне" қарсы препараттың артық мөлшеріне қарамастан, 2023 жылы 135 млн теңгеден астам сомаға қосымша 35 мың вакцина сатып алынған. Заң бойынша вакцинаны сақтау мерзімі 6 айдан аспауы керек”, – делінген ақпаратта.

Мұндай оқиғаларға кінәлі 126 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айыппұлдың жалпы сомасы 8,5 млн теңгені құрағаны айтылады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары мен басқа 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.