Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдіктінің ұсталған сәті түсірілген видео жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Күдікті Нұрболат Дәкебаев Қарағандыдағы полиция бөліміне жеткізілді.

“Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам Қарқаралы ауданының қыстақтарының бірінде, облыс орталығынан 200 шақырым жерде ұсталды”, – делінген полиция хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жығып, қашып кеткен ер адамның ұсталғаны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.