Бизнес-жоспар



бет7/19
Дата13.01.2022
өлшемі1.14 Mb.
#61305
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

4.2 Ғимарат пен нысандар


Кондитерлік цех көлемі 70-80 шаршы метр болатын жалдамалы тұрғын емес жайда орналастырылады деп жоспарлануда. Жалдамалы жай кемінде бөлінген 3 бөлмеден: кондитерлік цех сақтау қоймасы және сауда залынан тұруы керек.
Кондитерлік цех

Кондитерлік цех бөлімдерін жоспарлағанда технологиялық үдеріске сәйкес келетіндей етіп жоспарлау қажет, себебі шикізат пен дайын өнімдердің ағымы бір-біріне қарама-қайшы кездесіп қалмауы керек, сондықтан да цех келесі бөлмелерді қамтуы керек:





  • қамыр илейтін бөлме – бұл бөлмеде қамыр иленеді және жартылай фабрикаттар дайындалады.

  • қамырды турайтын, бөлетін бөлме – қамырды бөліп, кондитерлік өнімдердің формасын дайындайтын бөлме.

  • пісіретін бөлме – наубайханалық шкафтарда кондитерлік өнімдерді пісіретін бөлме.

  • дайын өнімдерді суытатын бөлме

  • Тара, ыдыс жуатын бөлме

Кондитерлік цехта желдету жүйесі болуы қажет.
Қорларды сақтайтын қойма

Бұл қойма құрғақ өнімдерді (ұн, қант, крахмал) сақтау үшін арналған. Мұнда орташа 15°С температура сақталуы қажет және ауаның ылғалдылығы 60 – 65 % құрауы тиіс. Сонымен қатар, осында тоңазытқыш камера орналасатын болады.


Сауда залы

Сауда залы орташа есеппен 20 шаршы метр алаңда орналасуы қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет