Көкшетауда түнгі клубқа келуші әйелдер арасында төбелес болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Көкшетау қаласының полиция департаментіне медицина қызметкерлерінен ауруханаға түрлі жарақатпен 27 жастағы қыздың жеткізілгені туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жәбірленушінің жергілікті клубта төбелес кезінде жарақат алғанын анықтады.

Бұл факт бойынша полицейлер қыздардың бірі би билеп жатқанда, екіншісін абайсызда итеріп жібергенін анықтады. Бір-біріне балағат сөздер айтқан екі қыз төбелесіп қалған.

“Бұзақылық фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 31 жастағы әйелді анықтады. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.   


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.