Бүкіләлемді түйсікті сезініп, танудың ғаламдық ақиқат сарасы көркем сана. Көркем сарасы шетсіз шексіз басталуы мен соңы, төбесі мен түбі жоқ ғарыштың ғалам жаратылысы туралы әсіреәфсаналық (мифтік) көркем көзқарас



жүктеу 460.57 Kb.
бет2/8
Дата15.09.2017
өлшемі460.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Мықан ағашы


(Бәйтерек)

Қазақта саламдық уақыт пен кеңістіктің арасындағы мәңгілік тұтқасы («ось мира» «мировой столы», «мировая гора»)болып саналатын нысаналы белгі – бәйтерек. Ол ежелгі аңыздар мен қиссаларда, ертегілерде Мықан ағашы деп аталады.



Көркем ойлау жүйесі еркіндіктен айрылып, әдеби тіл кезеңдік өзгерістерге ұшырап, басылымға идеологиялық қысым күшейген тұста «Мықан ағашы» дегенді ақтық ілінетін «әулие ағаш» деп түсініп, оны бәйтерекке өзгерткен. Мықан ағашы – жасыл өмірдің белгісі, уақыт пен кеңістіктің шекарасы. Есте жоқ ескі заманнан бастап күні бүгінге дейінгі тұспаларға жүгінген, Асан қайғы мен Ертістік болса да мықан ағашын тапқаннан кейін сапарын тоқтатады. өйткені Мықан ағашы – осы дәнилік уақыттың түпкі өлшемі. Яғни тірі адамның жолы Мықан ағашына жетумен аяқталады. Мәңгілік жасыл өмірден артық тіршіліктің рахатын іздеу мүмкін емес. Жол тұйықталады. Одан әрі кеңістік басталады. Ол кеңістіктің ішіне іліінген адам қайтпайды. Сондықтан да қандай да бір оқиға болмасын, осы Мықан ағашының түбінде шешімін табады. Оқиғаның жағымды жағымсыз өрбуіне байланысты Мықан ағашының аты да өзгеріп, «Шоқ бәйтерек» («Қозы Көрпеш – Баян сұлу»), «Жалғыз қурай («Қыз Жібек»), («Ертөстік»), боп соған орай « міндер» де өзгеріп отырады. Бұл әлемдік әсіреәфсаналарға ортақ және заңды көркемдік құрлым. «Мықан ағашына» дейіні дәуір ертегі дәуірімен не бүгінгі дәуірмен алмаса береді, оған ешқандай саналы шек, саналы себеп, саналы тосқауыл қойылмайды. Барлығында түйсіктің аңсары шешеді. Сондықтан да ерте дүниедегі ертедегі «ерте, заманнан арғысын (уақыттан) бүгінгі не ертеңгі кеңістікке емін-еркін ауыса бересіз. Ғарыштың әсіреәфсанаға шек жүрмейді. Жаратылыстың өзі де, жаратушы да, жаратылушы да киелі құдіретке ие. Бәйтеректің Мықан ағашының бойында осы үш құдіретте бар. Ол кейде – жаратылыстың өзі, кейде жаратқан иемнің баламасы, кейде жай киелі ағаш. Оның қай қасиеті күшті, оған күмән жүрмейді. Мысалы Мықан ағашының ғаламдық уақыт пен кеңістік арасындағы өлшемі «Ертөстік» ертегісінде өте жақсы ашылған. Ондағы Мықан ағашы – кешенінің, бүгіннің, ертеңнің өлшемі. Бәйтеректің басына шыққан Ертөстік бір қарағанда өткен өмірдің көшін көреді.


Жарты Ертөстік


Есіктің алдында бір топ бәйтерек бар емен түбі біреу, басы екеу. Соған әкесі таңетең шықса – түсте түседі, түсте шықса – кешке түседі. Ертөстікке шығуға рұқсат берілмейді. Бір күні бала өзі ойлап-ойлап жүріп ақыры ағаштың басына шығады. Қараса алыстағы сағым ішінде бір көш керуен келеді. Алдыңғы лекте өңкей ұл мен қыздар қаз-қатар тізіліп ән салып, өлең айтып ойын-сауық құрып келеді. Оның артынан екінші лекте кілең жие жігіттер мен келіншектер думандатып барады. Үшінші соңғы лекте қарттар мен әжелер әндетіп өтеді. Мынау таңғажайып таң-тамашаға қараған жарты Ертөстік мынау сиқырлы әлемнің сырын сұрағанда әкесі: «Ой, балам сенің көргенің өтіп бара жатқан дүниенің сағымы. Оған тірі адам түгіл өлген адам да жетпейді» -дейді. Мұндағы «Өтпелі дүниенің сағымы»- әлемдік әсіреәфсаналардағы қат дүниенің (антимирдің) белгісі көшпелілердің көркем санасындағы «көшпелі дүние», «өтпелі дүние» деп аталатын «сағым дүние». О «сағым дүние» үшін кеңістіктің өзі алмағайып және өтімді құбылыс. Ол жаратушы мен жаратылушының санасында елшелеген абсолютті үлгі. Себебі: ол «өтіп бара жатқан дүниенің гүлі сағымы, оған тірі түгілі өлі де қосылмайды» (Ертегелер 4 том, 1989,67-68 беттер).

«Ерте, ерте, ерте де» өмір сүрген Ертөстіктің өзінен бұрынғы неше ықылымда өткен «сағым дүниемен» Ертөстікті байланыстырып тұрған кіндік - Мықан ағашы. Әсіреәфсаналық сана бойынша Ертөстіктің өзі алмағайып кеңістік пен уақыттың жігінде дүниеге келген, әсіреәфсаналық тектің «себебі» (первородство) бар. Өйткені Ертөстіктің кәрі ата-анасының тамырын «шаңырақтық күлдіреушіне керулі тұрған кербиенің төстігі» нәр беріп, өмір мәйітін көреді. Жас тіршілік силайды. Яғни шаңырақ (бақан) нен ақ шеңгел жаратушылық қасиетке ие. Ғайыптық - әсіреәфсаналық көркем сананың басты ұйтқысы. Ертегідегі емеуірін бойынша Аспан Тәңір аясындағы шексіз кеңістіктің шаңырақ (бақан) арқылы киеленіп, төстік уақыттың (өмірлік) сипат алады. Мәңгілік бес бірліктің –Аспан-Жер-От (қазан)-Су-Мықан ағашы (шаңырақ, бақан, жиде, шеңгел) құдіретімен тіршіліктің (Ертөстіктің). Кіндігі байланады. Ол «сағым дүние» көрсететін «түбі біреу, басы екеу» шоқ бәйтеректің түбінде дүниеге келеді. Сол дүниемен байланысты іздеген атасы да қасиетті. Күніне екі мәрте «Өтпелі дүниенің ұл – қыз (рождение) жігіт – келіншек, түлеу (возрождение), шал-кемпір (сөну) ықылымын көз алдынан өткізіп, заманаларды келмеске ұзатып салып отырады. Сол «көшпелі сағым дүниені» қуып жетпек болған Ертөстіктің арманының орындалуы тәңірге уәтін емес. Ол дүниені «уақытытң зымыраны» – Шалқұйрық та (қой мойынды құлашолақта), самұрық та жолаяқ та қуып жете алмайды. Екі дүниеге де (жер үсті де, жер асты да) Ертөстік бәйтерек арқылы «саяхат» шегеді. Бәйтеректің құдіреті мен жер үстіне шығады. Ол жер бетіне: «ақ боз атқа мінген ақсақалды шал» болып оралады. Сол кезде Кенжекей нысана еткен «құба інген боталап, беліндегі торғын белбеу орамал тарқатылып, жазылып сала береді» де, «Ертөстік жас жігіт, Кенжекей – бесті ат қалпына келеді» (Сонда 30-бет). Мұның басты себебі Кенжекейдің де тегі «киелі». Оның сырғасы сегіз апайынан бөлек «шаңырақты тіреп тұрған бақанға ілінген», яғни, «сегіз қызы бар бөлек те Кенжекейі бір бөлек». Шалқұйрық Кенжекейге берілген «уақыт еншісі, өмір жасауы. Қыздық қызық дәурені, сағым дүниедегі» «жігіт-келіншек көші». Сол дәуренге іліккен Ертөстік одан бұрынғы ықылым дәуіріндегі қызықты қуып жеткісі келеді». Бірақ оған дәрменсіз. Тумыс дүние (перевородство) мына өмірде, «құба інгеннің құрсағында жатыр. Оны Кенжекей уақыттың белбеуімен буып тастаған. Демек, дүниенің жаратылыс тегі ана құрсағындабулығып жатыр. Ол апта күшімен бусанбақ... Күнжекейдің белбеуінің тарқатылуымен әсіреәфсаналық бірықылым (туу, өну, өлу, қайта түлеу) аяқталып, жаңа ықылым басталады. «Ертөстік» ертегісінің үш нұсқасына бір-бірін толықтыра отырып, әлемдік сана, әлемдік көркем сана, әлемдік көркем көзқарас түйсіктерін қамтитын эпионалық әсіреәфсана (миф) деңгейіне көтерілген. Бұл ертегіде жер мен аспанның, жер үсті мен жер асты дүниесінің, ықылымнан бұрынғы «көшпелі дүниенің» кіндігін байлаған Мықан ағашының өзі де үшеу. «Есік алдындағы шоқ бәйтерек (сағым дүние), жер астындағы бәйтерек, жер бетіндегі жасаратын бәйтерек. Мұның өзі үш дүниедегі фәни мен бақидың, кеңістік пен уақыттың белгісі болып табылады. Ал, «Ертөстіктегі» эпикалық мифтік сана мен түйсіктің шексіздігі сондай, осы үш дүниенің өзі бір ықылымның (эпоха) – мифологиялық ғарыштың уақыттың аясында қарастырылады. Сондықтан да ондағы әсірелеуде асқақ асқан поэзиялық сыйпатқа ие. Ал осындай шалқар шабытты түйсікті паққа жетелеген ақиқат шындық -Ертөстіктің: ұл – қыз, жігіт - келіншек, шал – кемпір боп қатар-қатар тізіліп, думандатып кетіп бара жатқан «көш-керуенді» - өтіп бара жатқан «дүниенің гүлі – соған дүниені» қуып жете алмайтындығын мойындауы. Осыдан барып «көшпелі дүние», «өтпелі дүие», Жерұйық, жидесі – байсын туралы заманаушылық әфсаналар туындаған. Тіпті көшпелі дүниені жерге қалдырып, қолға түсіріп, қойынға жатқызып, ұрпақ та сүйгізіп қояды. Бұл әсіреәфсананың түйсіксіз көркем санадан ажырап, түйсік тудырған көркем қиялдың ақиқат арманының «сана гүлі». Мықан ағашының бір сарыны көк, сары, қызыл шыбыққа жанын жасырған сиқырлы кемпірмен қыздар туралы айтылатын «уақытсыз ажал» атты ертегінде бар. Бірақ ондағы ақиқаттың мифтік түйсіктен іргесі ажыратылған, яғни, химиялық сипат басым.
Оқиға себепкері
Ертегілер. 2-том.

«Күн астындағы Күнекей»

Қазақ көркем ойының маржаны «Күн астындағы Күнекей» ертегісінде де бәйтерек те оқиғаға «басты себепкерлік» міндет атқарады. Жетіп балаға айдаладағы бәйтерек кездесәіп, оны сусындатады. Саясындағы алтын және күміс суы бар қос құдыққа бала алтын тақтың қос қанатын малып, алтын және күміс қанатты тақты ханға силайды. Сондай-ақ жер астындағы алтын ағашты табады. Бұл екі ағаш та адамды мұратқа жеткізеді – Мықан ағашының міндетін атқарады. Бәйтеректің мұндай «себепкерлігі» «Жылан қабытты жігіт» ертегісінде де бар. «Онда сүйген жігітін іздеп, темір қалпағы теңгедей, темір таяғы тебендей» болған. Нұрсұлу жапан түзде үлкен бәйтеректі саялап, соның басына шығып арманының орындалуына септігі тиер ақ отауды көреді.

...



Каталог: repository -> history -> артурли
артурли -> Тұрсын Құдакелдіұлы ЖҰртбай, Жоба жетекшісі, филология ғылымдарының докторы
history -> Жүректің қылын тербеген
history -> Жетпіс жыл жұртын сүйіндірген сұлу сөЗ
history -> Т±рсын Ж±ртбай
history -> Файл: Абай жолы «Абай жолына» 70 жыл
артурли -> Ұмытылған мемлекеттің жылнамасы
артурли -> Өмір ішінен өлім, Өлім ішінен өмір іздеген жанкештілер
артурли -> Біртұтас алаш идеясы және шығыс түркістан ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
артурли -> Скифтер қай тілде сөйледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет