Бүкіләлемді түйсікті сезініп, танудың ғаламдық ақиқат сарасы көркем сана. Көркем сарасы шетсіз шексіз басталуы мен соңы, төбесі мен түбі жоқ ғарыштың ғалам жаратылысы туралы әсіреәфсаналық (мифтік) көркем көзқарас



жүктеу 460.57 Kb.
бет3/8
Дата15.09.2017
өлшемі460.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Мықан ағашы


(тірліктің белгісі)
Дәл осындай құбылыс «Тазша бала» мен «қырық өтірік» хикаясынан да нышан танытады. Құраққа сырың, сыраққа ина шанышқан тазша бала жеті қат аспанның ар жағындағы құлындаған диені де, жеті ықылым самандағы оқиғаны да, жеті ықылымнан кейінгі келешекті де көреді. Құрық пен сырықты түйсік иесі өзінің санасында қалайда Мықан ағашымен теңдестіріп тұр. Әйтпесе, жапырақсыз сидаң сырық ондай қасиетке ие болмақ емес. Оқиға өтірік болғандықтан да жапарақсы құрық пен сырық жорта алынған. әлемдік әсіреәфсанадағы Мықан ағашына ортақ үш сыпаттың бірі өлі тіршілік иесінің панасы, өлім мен өмірдің арпалысы шешілерін майдан, ебепке себеп болатын оқиға алаңы. Алып бәйтеректің басы тіршілік ұясы. Оған самұрық құс (бақыт құсы) жұмыртқа салған. Тамыры ажал апаны, айдаһар мекендеген. Діңі - өмір өзегі, оны адам саялайды. Адам айдаһарды өлтіріп, тіршілікті арашалап қалады. Оқиғаға себепкер боп, жан иесін паналайтып тұрған, - Мықан ағашы. Қасиет пен киелі болмаса самұрық (бақыт құсы) оның басына ұя салмас еді. Егерде әсіреәфсаналық кейіпкер қу ағашқа жолықса, онда ол ақырзаманның (топан суының, апаттың ажалдың) белгісі. Ол арада міндетті түрде ажалдың тірі аруағы – жүреді. Көркем түйсік пен көркем санаға, көркем көзқарасқа байланысты ебептің себебімен «қозы көрпеш» «Баян сұлу» жырындағы шоқтерген сияқты қу ағаш жасарып, жайқалып бұтағында бозторғай сайрап, Мықан ағашына айналып кетуі әбден мүмкін. «Мәңгілік өмір ағашының» түрі де, түбін де, тұқымы да (эпоха), дәуірі де, кеңістігі мен уақыты да, міндеті де ғайыптан ауыса беруі мифтің туындының басты ерекшелігі мен шартының бірі. Ауыспалы мағынасы ғана емеуірінмен тұспалданады, түйсікпен ғана түйсінедіріледі яғни ым мен емеуіріннің «тәңірлік жыры» өлгеніміз осы. Бұған ырым, салт, наным үстемелеп қосылғанда оның ықпалы бақсының дуасынан артық жадылайды.
Мәшһүр Жүсіптің жазбасындағы «Сайын батыр» жырында Мықан ағашы – бәйтерек өмір мен өлімнің арасындағы аял бесігі. Жапан түзде жаралы қалған. Ер Сайын жалғыз бәйтеректің түбінде жатқандықтан да бойынан жаны кетпей тірлік белгісін сақтап қалады. Яғни фәни мен бақидың арасындағы тәсілім күй кешеді. Қырық жігіт ауылға келгенде сүйген жары Аюбике «екі етегін түріп, жауыны толы қара шашы жайыңқы, бедерленген бес тырнақ қызыл қанға малыныңқы» (әйел өзін тұл қалғанын білдіру үшін бетін тырнаған – Т.Ж.Қ көрінгендігін айтып, енесін ертіп Ер Сайынды іздеуге шығады. Нысанасы төбе басындағы жалғыз ағаш. Ағаш тірліктің белгісі, ағаш көрінсе – Ер Сайынның жаны шықпағаны. Аюбикенің бар үсіті сол ағаш. «Бір күндері болғанда, Ай мен күнге таласқан қара төбе көрінеді. Сол төбені көргенде сұлудың көңілі бөлініп енесіне:

  • Әй, міскін болған енем-ай,

Қара төбе қасында,

Бәйтерек тұр басында.

Ала құла сауысқан,

Қан көргендей болады

Мен тұсынан озамын

Неге қарап тұрамын, -

деп озан барып, аюдың өтінен алған ақ дәрімен емдеп, су басында құмары қанғанша ойнайды». (Мәшһүр – Жүсіп шығармалары, 5-том, 255-бет).

Бұл арада Мықан ағашының аты аталмағанымен де көркем түйсік иесінің сана саңлауына сәуле түсіріп тұрғаны анық. Өйкені «бәйтерек» деген сөздің өзі сондай әсерге бөлейді. Бәйтерек - әсіреәфсанарлық көркем жүйенің тұрақты нысаналық тетігі (компоненті). Жасыл ағаш өмір, қураған ағаш қу тамыр - өлім символы. «Қыз Жібек» жырындағы Бекежан тасаланып келген жалғыз түп қураған қурай да ажалдың белгісі.

Әлемдік әсіреәфсана жүйесінде мұны тылсым әлемнің («нижний мир») қатарына жатқызады. Өлімнің белгісі -қулаған тамыр, қу тамыр, қу ағаш. Тіршіліктің солған тамырына ағаштың өзегі есептелетін одан ғана нәр береді. Сонда ғана тіршілік жапырағы көгереді, яғни өлген жан тіріледі. Оның да өз өлшемі мен кеңістігі, уақыты бар.
...


Мықан ағашы


(Өмір бесігі)

Оның өлшемі қазақтығы тал бесік пен жер бесік деген ұғым бар. осындағы тал бесік – Мықан ағашнан жасалған өмір бесігінің бейнелі белгісі. Әдетте жас өмірдің иесін тербететін ағаш та жас ағаш – жас тал, жас қайың, үйеңкі, ырғай болып келеді. Ал өмірге көрінген ағаш қу ағаш, томар, қарағай ретінде суреттеледі. Мысалы Ер Сайын Ойыл мен Сейіл даласында қырық жігітпен қоштасып тұрып:

А, қырық жігіт аманат,

Маған бола өлмеңіз.

Сендер бейнет көрмеңіз

Менің үшін өлмеңіз

Қарағайдан табытым,

Бекем қылып салыңыз, -

деп өсиет айтады. Ер Сайын өлмегендіктен де елге қырық жігіт «қарағай табытсыз» барады. Яғни, Ер Сайынның тал бесігі – Мықан ағашы қурамаған. Қырық жігіт: «Қарағайдан табынын бекем қылып сайлатқанын, қарап мінген қара атты көз алдында байлатқанын» естіген Аюбике іздеуге аттанады. Қарағай табыт оған Бәйтерек боп кезігеді. Сонда Ер Сайынның тірі екенін біліп енесінен оза шабады.
...

Мықан ағашы


Мәңгілік немесе өміршең тіршіліктің нысанасы болған Мықан ағашы – кейде емен, кейде бәйтерек, кейде жалғыз ағаш не шоқ терек түрінде нышан береді. сондықтан да ондай жерді саялаған жан иесіне өлім жоқ. Ағашты сиялаған не соның түбінде кездескен батырдың аты да өмірлі. әкесі Ер Көкшенің кегін қүүға шыққан Ер Қосай өзіне лайық ат таба алмағанда сенімді құла Жәпенбай:

Орайқақтың басында,

Ай маңдайлы алаша ат.

Күн маңдайлы құлаша ат,

Салпаң құлақ сарғылша ат.

Еменнің ең түбінде, мінсең де сол жарар, - дейді (Мәшһүр – Жүсіп, шығарған 5-том, 269-бет). Еменді, яғни, Мықан ағашын саялаған сарғылша аттың сауыры да өмірлік қасиетке ие. Оның «бауырының астында жайдың талы бар», шөлдегенде жан ойнатып, нөсер жаудыртып, сусындарын қандырады. Жауға шабарда: «сауырының ортасында екі бәйтерек орнатады» (сонда, 273 – бет). Эеті күн, жеті түн соғысып, әбден шаршағанда Ер Қосай сары аттың бауырына еніп, әлденіп алады, яғни, өмірлік күш силайды. Діни қиссаларды мұны Әбілһаят ағашы дейді. Сол сары ат ұңғысынан үзілген найза ішінде қалып, тәсіліп боп кеткен Ер Қосайдың мұрнына өлген кісінің өтін құйып тірілтіп алады. Сары атқа мұндай тіршілік қуатын силап отырған құдірет – емен боп, қос бәйтерек боп суреттелген Мықан ағашының қасиеті. Өйткені Мықан ағашы бар жерде - өмір бар да, өлімге орын жоқ. Осы өмір мен өлімнің арасындағы уақыт кеңістіктің жігін бөліп тұрады. Егер жеті күн, жеті түн соғысып, өзі жаралы күйінде сары аттың сауырына аударылып бара жатқан (ат сауырына түсу - өлімнің белгісі – Т.Ж.) Ер Қосайды сары ат бауырындағы қос бәйтерекке қондырып тірілтіп алады. Сөйтіп, Қосайдың өмірлік уақытын ұзартып, бақилың кеңістіктіңесігін ашқызбайды.


...


Каталог: repository -> history -> артурли
артурли -> Тұрсын Құдакелдіұлы ЖҰртбай, Жоба жетекшісі, филология ғылымдарының докторы
history -> Жүректің қылын тербеген
history -> Жетпіс жыл жұртын сүйіндірген сұлу сөЗ
history -> Т±рсын Ж±ртбай
history -> Файл: Абай жолы «Абай жолына» 70 жыл
артурли -> Ұмытылған мемлекеттің жылнамасы
артурли -> Өмір ішінен өлім, Өлім ішінен өмір іздеген жанкештілер
артурли -> Біртұтас алаш идеясы және шығыс түркістан ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
артурли -> Скифтер қай тілде сөйледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет