Бүкіләлемді түйсікті сезініп, танудың ғаламдық ақиқат сарасы көркем сана. Көркем сарасы шетсіз шексіз басталуы мен соңы, төбесі мен түбі жоқ ғарыштың ғалам жаратылысы туралы әсіреәфсаналық (мифтік) көркем көзқарас



жүктеу 460.57 Kb.
бет6/8
Дата15.09.2017
өлшемі460.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Көшпелі дүние


«Көшпелі дүние» деген дүние туралы «Еділ – Жайық» пен «Сарымерген» ертегісінде шынайы өмірлік оқиға деңгейіне жеткізіп, сендіре баяндалады. «Түпкі жеті қыпшақ Еділ – Жайық деген ағайынды адам бопты. Мерген бір күні «Құлан суаттың басына кеп түнеп жатса түнде бұлақтың арғы бетіне бір ел келіп қонып жатады. «Малы ылғи құлан. Уық, кереге, шаңырақ – бәрі алтын мен күміс. Киіз орнына ұстағаны – ылғи жібек пен торғын. Қазақтары алтыннан, тоқпақтары – күмістен желі арқаны жібектен. Шатырлатып құланның қидығын байлап жатыр» екен (Мәшһүр – Жүсіп, шығ.5-том,48-бет). Есі шыққан қу жарғақ Жайық аңқиып қарап тұрғанда бір келіншек сылаң етіп жетіп келіп: «Жезде амансыз ба?»-деп шатырға ертіп барады. «Ай десе – аузы бар, күн десе - көзі бар, бір қасық сумен жұтып қойғандай сұлу қызды оң жағына отырғызады». Жайықты қымыздатады. Қыздырады. Қызығына қандырады. «Көрген дәурені – бар өміріне татырлық дәурен болды». Осынау таңғажайыптың өзінен маужырай бастаған қу жарғақ Жайыққа қыз:

  • Ұйықтай көрмеңіз. Бір күнгі ұйқыға менің татымағаным ба? Осы түн ұйықтамаңыз. Сонда осы тігулі шатыр, саулығы төлік, мына отырған мен – басыбайлы Сіздікі боламын. Егер ұйықтап кетсеңіз: Сіз - маған, мен – сізге жоқ боламы. Жарық дүние екеуімізге арам болады. Мен анау елде ешкімге тие алмаймын. Байы өлген қатындай бетім жаралы, басым қаралы күйінде қаламын. Бұл жүргендер «көшпелі дүние» – деген дүние. Жан көрінсе, көрінбеген бойымен көрінбей кеше береді. Егер жазатайым өздерік бір жан көріп қалса, өстіп сылап-сипап, жалынып-жалпайып бір қыз беріп құтылып кетеді. Сен бұрын көріп қалдың. Сол себептен жалпақтап жатыр. Өзіңізді де мені де аяңыз – дейді жалынып. Уағда бергенімен қымыз бен қыздың буы масайтып, ұйықтап қалады. Ояна келсе арқасындағы төсенішпен, атын арқандаған жібек арқан мен алтын қазық қана қалыпты. Өкінеді. Бір жыл «құлан суатын» күзетеді. Жыл толғанда құланға мінген қара киемді әйел кеп: «Міне Жайық балаң!»-деп шүмегі алтын, түбегі күміс бесіктегі баланы тастап кетіпті. Баланың атын Құлан қойыпты, Құлан қыпшақ содан тарапты-мыс (Мәшһүр-Жүсіп, сонда, 48-49 беттер).

Мұндағы суат - өзен, өтпелі өмір. Сағым - көшпелі өмір. Алтын қазық пен жібек арқан – Жайықты осы дүниеде ұстап тұрған өмі ржібі, яғни, дымын құртқан ынтызар да ынтық, бірақ қолына түспейтін Құртқа ол «Жарық дүние»-көрген түс сияқты. Ол бір үзілсе өмір сәулесі қайта жалғанбайды. Сондықтан да қалғып кетуге болмайды. Ұйықтап қалсаң - өлгенің. Ал бұл жолы «қу жарғақ Жайықты» астындағы бөстегі (жердің беті), жібек арқан мен алтын қазық «көшпелі дүниемен» бірге мәңгілікке жібермей, оны фәниде алып қалды. Яғни, көшпелі дүние – кеңістік, фәни дүние – уақыт: Жайықты өмірге алтын қазыққа байлаған «жалғанның жібек жібі» ұстап қалды. Ал суат - өтіп жатқан өмір. Қыз бір түнгі қызық.
31.12.05.

Мәңгілік өмір иесі Мықан ағашы мен «көшпелі дүние» нәлсафасы оқымысты, «дүниенің сырын ғылым арқылы білген» (Абай) Мәшһүр Жүсіпті де ұзақ толғандырса керек. Тура осы «көшпелі дүние» философиясына «сарыбас мерген» мен «ұйқының әлегі» (сарыбастың екінші бір әңгімесі) атты хиқаятында қайыра оралып, жаңа оқиға арқылы дамытады. Сарыбас мергеннің тек аңшыға тән тартымқы да «шын» әңгімесін тыңдап отырып, «зариф» атты жұмбақ аң мен қоса өзін аңдыған үш жезтырнақты өлтіреді. Ең соңғысы шешесі екен. Ол жаралы күйінде бір белгісіз және шетсіз де шексіз бір үңгірге кіріп, соның түбінде бүк түсіп жатады. Сөйтсе, бұл бүкір қазақ, армандап іздеп Асан қайғыны қияли еткен Жерұйық екен!


1.01.06.

  • Құдай жаратқан асыл қазына осы үңгірде түгел. Мұның бәрін қопарамын деме, өзің көтергенше алып кет. «Жерұйық» - деген осы. Енді қайта айналсаң саған бұл дүние жоқ! – дейді де жезтырнақтың аруанасы жантәсілім етеді.

2.01.06.


Әдетте, қазақ ертегілерінің денінде мұндай алып үңгірдің түбінен алтын сандық (қазына), сандықтың үстінде алтын жемісті, күміс бұтақты мәңгілік ағаш – Мықан ағашы қондырулы тұратын. Дүниенің алтын сандығы үстінде отырып не бір қолмен оның тұтқасынан бір қолмен ағаштың күміс бұтағынан ұстап тұрып, көзін жұмып тұрып, өзінің көңілі қалаған жеріні әлгі қазыналы дүниені көшіре қоятын. Кеңістікке емін-еркін ауысады. Кейде өз еліне, кейде жапандағы бұлақтың басына кейде бақшаның ішіне жаңағы алтын жемісті күміс бұтақты ағашты көшіре қияды, оны астындағы тұғыры, міндетті түрде, алтын сандық болады.Күміс мүйізді, күміс тұяқты бұғы не өліп алтын табақты тынбай билеп тұрады. Әрине, бұлбұл да сайрайды. Кеңістік аңсаған қыр қазағы үшін - алтын сандық көшпелі дүниенің нысаны. Оның үстінде күмістен күптелген, алтынмен апталған мәңгілік өмір иесі – Мықан ағашы тұрғандықтан да қазына көшпейді, орнында тұрады. Билеп тұрған күміс мүйізді, күміс тұяқты бұғы не елік – шыр айналған уақыттың белгісі. Ол тоқтаса ертегі де ақталмақ. Сол үшін де арман иесі Жерұйықты аңсап күн астындағы Күнекейді іздеп шығады. Ал сайраған бұлбұл - өтпелі өмір қызығы. Ол «Қозы Көрпеш – Баян сұлудағы» Бозторғай сияқты адамның шыбын жанының кейпінде мәңгілік бәйтеректің бұтағынан бұтағына қонып шырылдап жүреді. Бәйтеректің саясында ғана ол тірі. Ағаштың аясынан алыстап кетсе-ақ оның үні өшпен, өмірдің мәңгілік күлі үзілмек. Қазақтың мәңгілік күй туралы аңыз – жырдың ішінде (міндетті түрде) бозторғайдың шырылдап жүруі де сол дүние салтанаты.

Сарыбас мерген де қу жарғақ Жайық сияқты Жерұйыққа жетіп тұрып, «көшпелі дүниеден» көз жазып қалады. «Көргендерінің өзі арман болды. Жұрт аңыз қылысты: «Бұ да бір көшпелі дүние екен». «Көшпелі дүние» – деген бір жерде тоқтап тұрмайды. Бүгін көрсең ертең жоқ деуші еді»-десті. Қу жарғақ Жарықтың да, Сарыбас мергеннің де айырылып қалғаны, олар көрген бұлақтың басы мен үңгірдің түбінде не бәйтерек, не күміс бұлақты ағаш – Мықан ағашы жоқ. Демек, ол екеуі көрген өмір – айнымалы, тұрақсыз, елес дүние, нағыз мәңгілік өмір емес. Өйткені, «көшпелі өмірді» нақты өмірге байлайтын уақыт – тамыр жоқ, Мықан ағашы жоқ. Сондықтан да жиделі байсын да (Мықан ағашы деп те түсінуіңізге болады). Жерұйық та – арманмен ұштасқан алыс кеңістік әлемі. «Көшпелі дүниедегі жалғанның жарық сәулесінің арам» екеніне оқымысты Мәшһүр Жүсіптің өзі де:

«Құлақ естігенді көз көрмек. Талай Жерұйық болғандар қайда кетті? Көшпелі дүние екені өтірік пе? Опасыз жалған екені өтірік пе? деп (сонда, 6 т., 52б.) өкінеді.

Шындығын да ұлы даланы мекен еткен көшпелілердің мәңгілік аңсарының өзі – осы Мықан ағашының саясындағы өшүкен? Жиделі байсын үй Жерұйықты мекен еткен «Мәңгілік ел» емес пе еді?! Сол ойсоқты аңсарды «мәңгілік аңсарға» ұластырып, Бәйтеректің басына шығып, етеңгі заманның елесін көрген. Ертөстіктің керуен-көшінің ішінен өздерін іздеген. Демек, көшпелілердің көңілінің өзі бастауы, тұрақтауы, тосылуы жоқ мәңгілік қозғалыстағы шексіз әлеммен шектесіп жатыр. Отырықшылықтың өзі ол үшін тоспалы су сияқты тұйық, қоршауда қалғандық, денесін топ басып, сал тартқан сияқты көрінбек. Олар саялайтын мәңгілік тұрақ - Мықан ағашының саяси жиделі байсын.

Одан басқа нүктеге қазақтың көзі де, көңілі де тоқтамайды. Тек топырақ қана жалғанған жанарыңды жасыра алады. Қазақтың қатты көңілі қалған қарақшыға: «құм құйылсын көзіңе» – деп қарғайтыны да сондықтан.

Көзіңе құм құйылған адам Мықан ағашын да көре алмайды. Уақыт та, кеңістік те ол үшін мәңгі жабық. Демек, өмір иесі емес, отаусыз кеткен бір пенде боп мәңгілік ұмтылмақ. Ал көшпелілер әлемі үшін бұл ең тұйық та қапалы тылсым. Оның жаны о дүниеде де кеңістікте еркін ұшып жүруі тиіс. Тым құрығанда бақи ғұмырдың өзінде де Мықан ағашының саясында «бозторғай боп шырылдап» жүргісі келеді. «Шыбын жан қайда барып тұрақтайсың» (Кенен) деп аманатына да қосады.


... 10

«Көшпелі дүние» 3.01.06. 2

Зады, «өтпелі дүние», «жалған дүние», «көшпелі дүние», «фани – жалған» деген ұғымдар ғаламдық кеңістіктер ауысып, жарық дүниеге өзгеріс енген есте жоқ екі заманда, топан су қаптаған тұста да адамның санасында сақталып қалса. Сол оқымысты әулие Мәшһүр Жүсіп қағазға түсірген «Нұқ пайғамбар мен бір кемпір» атты «аңыз әңгімеде» кеңістік пен уақыттың орынында өзгермей қатып қалғаны туралы әфсана бар. Дүниені топан суы басатыны ғайыптан мазлұм болып, Нұқ пайғамбар кемесін жасай бастайды. Бір кемпір жиырма жалғыз сиырының сүтін нұққа әкеп беріп, су тасығанда сиыры мен өзін кемесіне отырғызуды өтінеді. Топан су басталғанда пайғамбар кемпірде ұмытып кетеді. Жер жаһанды алты ай, он күн бойы топан суы басып жатып, кері қайтады. Құрғақшылық орнайды. Сонда әлгі кемпір жерге оралған Нұқ пайғамбардың алдынан шығып:



  • Шырағым, су тасығанда мені менің жалғыз сиырымды кемеңе отырғыза көр, – деп тағы да сүтін әкеп тұр дейді: Сөйтсе, «ықыласы зор жүрегі шын» кемпір байғұс «шырын сауып, қатығын ұйытып болған соң ұйықтап қалыпты. Сол арада топан суы қаптап, қайта құрғаққа айналып үлгеріпті. Яғни, жер-жаһан, адамзат, сана ауысып кеткен. Тек мейірімді шаһатты жан иесі кемпірге тиісілі уақытта кеңістікте өзгермеген бір Алланың шапағаты мен сиыры екеуі аман-есен қалған олар үшін заманалардың өзі «бір ұйқының» қана мерзімі. Демек, «мәңгілік өмір сарыны сахабалар мен әнбиелердің де санасына сәуле түсірген. Әрине, мұның балығын салыстырмалы шартты уақыт пен кеңістік мистикалық мифтік сарын деп бағалауға болар. Бірақ сол екеуінің ортасындағы өмір шындық. Оны жоққа шығара алмайсыз. Өмір өлсе, яғни, кемпір мен оның сиыры топан судан тірі қалмаса, онда аңызда әфсана да, көркем қиял да жоқ. Көркем қиялдан ажыраған өмір - өліммен тең. Тек ойсыздық басталады. Ал ойсызды, санасыздық, соқыр ----------- жарық дүниенің емес бақидың, мәңгілік қараңғылықтың еншісі.

Ондай топас, тылсым, сәулесіз бақиға біздің құштарлығымыз жоқ, құлқымызда аумайды. Ол аңсарлыарманнан жиделі байсыннан Мықан ағашының саясынан тыс аят сүресі. Жаратқанның не тағы қарысқанның еншісі. Біздің ынтынымызды сулатар сусын мәңгілік өмір аңсары.
....

31.01.06.



Мықан ағашының үлгісі.
Сол «Мәңгілік өмірдің» саясы Мықан ағашының бейнесі қандай? Қандай қасиеттерге ие, қандай құдіреттен тұл? Топан судың қаптағанда Нұқтың кемесі болған «Қазығұртта қалған кеме» сол Мықан ағашынан жасалған емес пе екен? Діни әфсаналар мен уағыздардағы алтын ағаш әлемдік бәйтерек Құддыстағы қасиетті қабырға мен пайғамбар құжырасы солардың санадағы саңылауы ма? Дүниені топан судан сақтап тұрғаны уақыт пен кеңістікті, бір ғаламдық дүние мен екінші ғаламның дүниені, өмір мен өлімді бөліп тұрған Құддыстағы тығын – Мықан ағашынан жасалған жоқ па екен осыф? Неге әлем жұрты арғы атасын бәйтеректің бұтағынан еменнің тамырынан, ағаштың қабығынан жаратып, таратады? Бейіштегі Хауа ананың өзі алма ағашының жемісіне күпті болды. Ол жеміс өмір жемісі ме? Тірі мен өлі заттың нышаны ма? Ол ағашта бір қасиет болмаса, оның нәріне өмір тіршілігі мен талшығын кім дарытып қойған? Ол ағаш тамырын қайдан алған? Егер жерден нәр тартса, тіршілік силамаса керек-ті. Өйткені топырақ - иесі адамзат атаулының санасында өлімнің ныспасы болып саналады. Сауал көп, жауап тартымды емес. Жалпы осы Мықан ағашының үлгісі қандай?


Каталог: repository -> history -> артурли
артурли -> Тұрсын Құдакелдіұлы ЖҰртбай, Жоба жетекшісі, филология ғылымдарының докторы
history -> Жүректің қылын тербеген
history -> Жетпіс жыл жұртын сүйіндірген сұлу сөЗ
history -> Т±рсын Ж±ртбай
history -> Файл: Абай жолы «Абай жолына» 70 жыл
артурли -> Ұмытылған мемлекеттің жылнамасы
артурли -> Өмір ішінен өлім, Өлім ішінен өмір іздеген жанкештілер
артурли -> Біртұтас алаш идеясы және шығыс түркістан ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
артурли -> Скифтер қай тілде сөйледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет