Синоптиктер 8-10 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Болжамға сәйкес, Қазақстанда атлантикалық циклонға байланысты атмосфералық фронттардың әсерін сезілмек. Еліміздің көп бөлігінде күн бұлттанып, жел соғады.

“Қазақстанның солтүстігінде желдің екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с күшейеді. Жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік аймақтарда қалың қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін. Сонымен қатар циклон әсерінен ауа температурасы уақытша жылынады. Алайда ауа температурасы күрт төмендейді”, – делінген хабарламады.

Еліміздің батысы мен солтүстік-батысында 10 ақпанға қарай ауа температурасы түнде 12-20 градус аязға дейін төмендейді. Республиканың қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.