Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне шыға алмаған “Барыс” хоккей клубының 7 ойыншысы өте қомақты қаржы алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/barys_official

Құрлықтық хоккей лигасында ең нашар көрсеткіш көрсеткен “Барыс” клубының ең көп ақша алатын 7 ойыншысында 2024/2025 жыл аралағына келісімшарттары бар. Осы жетеудің ішіндегі ең қымбаты, әрі қомақты қаржы алатыны канадалық қақпашы Энди Паскуале. 34 жастағы қақпашы бір маусымға 65 млн рубль, яғни 320 миллион теңгедей алады. Одан кейін белорусиялық қорғаушы Кристиан Хенкель 35 миллион рубль (173 миллион теңге) алса, қалғаны қазақстандық ойыншыларға тиеслі. Шабуылшы Кирилл Савицкий 24 миллион рубль (118 миллион) теңге, қорғаушы Әділ Бектаев 11 миллион рубль (54 миллион теңге) алады. Сондай-ақ қорғаушы Эмиль Нургалиев пен  Тамирлан Гайтамиров 9-8 миллион рубльден алса, 25 жастағы шабуылшы Батырлан Муратов бір маусымға 6 миллион рубль (29 миллион теңге) ақша алады.

Айта кетейік,  “Барыс” хоккей клубы екі маусым қатарынан плей-офф кезеңіне шыға алмады. Сондай-ақ команда 12 ойын қатарынан жеңіліп, антирекорд орнатқан.   


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.