Алматыда жер сілкінісіне байланысты төтенше жағдайлар департаментінің брифингі өтті. Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылау және зерттеу ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев афтершоктар қашанға дейін жалғасатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айтуынша, жер асты дүмпуінен кейін Қырғызстан, Қытай аумағында 100-ден аса афтершок тіркелді. Ал алматылықтар бес афтершокты сезді. 

“Қашанға дейін бұл жалғасады деген сұраққа келсек, былтырғы Түркия мен Сириядағы жағдай бойынша бұл күнде болып тұрады. Бірақ бұдан кейін жер қатты сілкінбейді, оның дүмпуі бәсеңдеп жатыр. 100% сенімдімін. Қазір қауіп жоқ”, – деді Сәрсенбаев. 

Спикер Алматы тұрғындары мен қонақтары жер сілкінісін сезгенде не істеу керек екенін біліп жүру үшін ережелермен таныс болуға шақырды. 

Алматыда қуатты жер сілкінісі сезілгені айтылды. ТЖД тағы да жер асты дүмпуінің болу ықтималдылығы төмен екенін айтты.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.